Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
КІРІСПЕ 6
1 Төтенше жағдай кезіндегі геоақпараттық жүйелер 8
1.1 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарумен байланысты проблемалық.бағдарлау мәселелерін шешу 10
2 ГАЖ.дың қолданбалы бағдарламалық негізі 14
2.1 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарудың ақпараттық технологиясының тағайындалуы 16
2.2 Апаттық қауіпті химиялық объектілердегі төтенше жағдайларды ақпараттық қамтамасыз ету 17
3 Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігін басқаруда ақпараттық технологиясын қолдану 20
3.1 Мәліметтер базасын құру. Басқару процестерін модельдеу 20
3.2 Алынған қорытындылар сараптамасы
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев. «Инновациялық» деген сөз — латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан — жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. «Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды. Ақпараттық технология Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
1 Щербаков Ю.С. Информационные технологии в управлении безопасностью жизнедеятельности.- Учебное пособие.- Новосибирск: Сибирская Государственная Геодезическая Академия, 2009.-97б.
2 Соколов Э.М., Панарин В.М. Воронцова Н.В. Информационные технологии в безопасности жизнедеятельности: Учебник для вузов.- М.: Издательство Машиностроение, 2006.- 238б.
3 Дмитриев В.И. Прикладная теория информации. -М.: Высшая школа, 1989г.-156б.
4 Левин И.Н. ПК для пользователей. -Киев: Диалектика, 2000.-19б.
5 Майкл де Мерс. Географические информационные системы. - М.: 2005.-86б.
6 Журкин И. Г., Шайтура С. В. Геоинформационные системы. - Москва: Кудиц-пресс, 2008. - 272б.
7 Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 1 : учеб. Пособие для студ. Вузов Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.-49-112б
8 Русак О.М Безопасность и охрана труда. С.-П.,2001ж.-96б

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздікгі кафедрасы
Курстық жұмысқа
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы: Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Муратов Т.М
Жетекші
техн.ғыл.канд., доцент
____________Ф.Қ.Батесова
_____________2017 ж.
Норма бақылаушы
магистр,лектор
____________Садвакасов Е.Е
_____________2017 ж.
Алматы 2017

Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
Жұмыстардың орындалу сапасы
Баға
Диапазоны
Алынған
1 Орындалмады
Сабақтарда себепсіз болмау
0%
2 Білім алушының орындауы және белсенділігі
0-50%
3 Жұмысты рәсімдеу
0-20%
4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі
0-5%
5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі
0-5%
6 Курстық жұмысты қорғау
0-20%
Жалпы
0-100%
Білім алушы Т.А.Ә. Муратов Т.М
Мамандық шифры 5В073100
Оқытушы Т.А.Ә. Батесова Ф.Қ.

Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Муратов Тлеухатамин Мухтарулы
Жұмыс тақырыбы: Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі ___ ___________2017ж.
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі): Өмір тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы қолданылатын ақпараттық технологиялар.ГАЖ ды төтенше жағдай кезінде қолдану.Химиялық қауіпсіздікті басқару.Мәліметтер базасын құру мен төтенше жағдай кезінде қолданылатын бағдарламалар.
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1) Щербаков Ю.С. Информационные технологии в управлении безопасностью жизнедеятельности.- Учебное пособие.- Новосибирск: Сибирская Государственная Геодезическая Академия, 2009.-97б.
2) Соколов Э.М., Панарин В.М. Воронцова Н.В. Информационные технологии в безопасности жизнедеятельности: Учебник для вузов.- М.: Издательство Машиностроение, 2006.- 238б.
3) Дмитриев В.И. Прикладная теория информации. -М.: Высшая школа, 1989г.-156б.
Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері
Ескерту
Төтенше жағдайлардың түрлерімен танысу. Геоақпараттық жүйенің негізгі міндеттері мен мақсаты.
22.02.2017
Жоқ
Апаттық қауіпті химиялық объектілердегі ТЖ - ды ақпараттық қамтамасыз ету. Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігін басқаруда ақпараттық технологиясын қолдану мен мәлеметер базасын құру.
29.03.2017
Жоқ
Кафедра меңгерушісі _______________________ Қ.М. Қасенов
Жұмыс (жоба) жетекшісі ____________________ Ф.Қ. Батесова
Тапсырманы орындауға алған білім алушы_____________ Т.М.Муратов
Күні ___________________2017 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
6
1
Төтенше жағдай кезіндегі геоақпараттық жүйелер
8
1.1
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарумен байланысты проблемалық-бағдарлау мәселелерін шешу
10
2
ГАЖ-дың қолданбалы бағдарламалық негізі
14
2.1
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарудың ақпараттық технологиясының тағайындалуы
16
2.2
Апаттық қауіпті химиялық объектілердегі төтенше жағдайларды ақпараттық қамтамасыз ету
17
3
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігін басқаруда ақпараттық технологиясын қолдану
20
3.1
Мәліметтер базасын құру. Басқару процестерін модельдеу
20
3.2
Алынған қорытындылар сараптамасы
26
ҚОРЫТЫНДЫ
30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
31
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет Н. Ә. Назарбаев. Инновациялық деген сөз -- латының novus жаңалық және in енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы Жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан -- жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін -- өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Ақпараттық компьютерлік технологиялар- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды. Ақпараттық технология Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) -- объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз - белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.
Ақпараттық технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.
Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты - өмір тіршілігі сабағында оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алатын, төтнше жағдайды бағалап, сараптайтын бағдарламалардың қалай жұмыс істетіндігін үйрету.
1 Төтенше жағдай кезіндегі геоақпараттық жүйелер
Төтенше жағдайдың, әсіресе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар көптеп орын алады, мысалы жер сілкінісі, су басу, қар басу, сырғыма, опырылма, орман өрттері сияқты төтенше жағдайлар көптеп кездеседі. Осы төтенше жағдайлардан келетін материалдық шығын мен адам шығыны жыл сайын өсіп келеді. Сол себепті төтенше жағдай мамандары шет елдік әріптестері қолданатын, төтенше жағдайларды ақпараттық болжау, модельдеу, космостық түсірілімдер жасау сияқты іс-шараларды қолданады.
Соның ішінде Географиялық Ақпаратты- Аналитикалық Талдау Жүйесі (ГАТЖ) қолданыладу өте ыңғайлы. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғауға бағытталған, ақпаратпен қамтамасыз етудегі шешім қабылдаудың тиміділігін арттыру үшін Географиялық Ақпаратты- Аналитикалық Талдау Жүйесі қолданылады (ГАТЖ) [1].
Мемлекеттің алдында тұрған ең бір маңызды мәселенің бірі- ол халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сонымен бірге жалпы ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Осы шарттарды шешу үшін, ең алдымен мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің масштабы мен уақытын және де табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) пайда болу көздерінің зақымдаушы факторларының әсеріне объектілердің тұрақтылығы, сонымен бірге апаттық-құтқару жұмыстарын және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қолданылуы мүмкін күштер мен құрамалары туралы және басқа мәліметтер туралы- ақпарат қажет. Осындай ақпараттар негізінде біріккен мемлекеттік басқару (БЖ) жүйесінің органдары мен төтенше жағдайды жою мен алдын-алу жүйелері, төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғау жоспарларын жасайды, ТЖ әсеріне халықты дайындайды, ТЖ салдарын бағалайды және болжамдар жасайды, ТЖ - дың алдын-алуға, сонымен бірге өндірістердің қызмет ету тұрақтылығын арттыруға бағытталған, ғылыми-техникалық және мақсатқа сай бағдарламалар жасайды, ТЖ салдарын жоюға арналған материалдық және қаржылық қор жасайды [1].
Ақпаратпен қамтамасыз ету шарттарын шешкеннен кейін ТЖД (төтенше жағдай департаменті) шешім қабылдай отырып, ақпараттық ағынға толық өңдеу жүргізеді: ақпарат жинау, мәліметтерді талдау және бір жүйеге келтіру, есептік шарттарды шешу, ақпаратты сақтауды ұйымдастыру, ақпаратты қажетті күйінде және форматта беру. Мұнда сонымен қатар ескере кету керек, қабылданған шешімнің тиімділігі АҚ (ақпаратпен қамтамасыз ету) дұрыстығы мен шапшаңдығына, басқа сөзбен айтқанда БО (басқару органдарының) ақпараттық, есептік және аналитикалық талдау жасаулар қабілеттіліктеріне байланысты болады.
Адамның өмір сүру ортасында, оның тіршілік ету үрдісінде табиғи, техногендік және антропогендік қауіптіліктер болып тұрады.
Үнемі әсер ететін, кенеттен пайда болатын табиғи қауіптіліктердің түгелдей алдын алу қазіргі уақытқа дейін мүмкін болмады, бірақ ақпараттық қамтамасыздандырудың қазіргі заманғы құралдарын қолдану осы қауіптіліктер әсерінің анық және қауіпті зоналарын анықтауға, оларды еске салуға, минималды материалдық және адам жоғалтумен шектеуге мүмкіндік береді [1].
Техногендік қауіптіліктерді алдын-ала болжауға болады және адамзаттың олардан қорғану тәсілдері мен құралдары да жеткілікті. Жаңа буындағы ақпараттық технологияны қолдану зиянды техногендік факторлардың әсерін толығымен жоюға мүмкіндік жасайды, ал техногендік жарақатқа қауіпті факторлардың әсері, қорғаныс құралдарын қолдану және қауіптілік көздерінің одан әрі жетілуінің есебінен болуы мүмкін қауіп-қатерлер шектеулі.
Антропогендік қауіптіліктер қауіпсіздік мәселелеріне адамның дұрыс көңіл бөлмеуіне, қауіп-қатерге икемділігімен (ыңғайлылығымен), потенциалды қауіптіліктерді ескермеуіне байланысты [1].
Антропогендік қауіптіліктер адамның тәуелділікке бейім қауіпсіздік мәселелеріне назарының аздығымен, потенциалды қауіптіліктерге немқұрайлылығымен шартталады. Антропогендік қауіптіліктердің әсері тұрғындарды және қызметкерді қауіпті өндірістердегі тіршілік қауіпсіздігінің негіздеріне оқытып-үйретудегі ақпараттық технологияларды қолдану есебінен азаюы мүмкін. Адамның қателіктерін толығымен жою мүмкін емес, демек антропогендік қауіптілікті толығымен жою мүмкін емес.
ГАТЖ- бұл стандарттты геоақпараттық жүйелер (ГАЖ). ГАЖ-дың басты шарты- арнайы есептік шешімдерді, ТЖД басқару органдарының қабылданған шешімдерін қолдау мақсатында, ақпараттық және талдау шарттарын шешуге арналған. Келешекте жүйе келесі шарттарды шешуді қамтамасыз етуі қажет [2]:
- картографиялық карталарды түзету мен құруды;
- электронды күйінде мәліметтерді жинауды, өңдеуді және сақтауды;
- мәліметтерді жоғары жылдамдықпен өңдеуді;
- жүйені дамыту мүмкіндігін;
- мәліметтерді ұжымдық талдауды;
- қолданушының жұмыс істеудегі қарапайымдығы мен қолайлы болуын;
- сызба, сурет және видиоақпараттармен жұмыс істеуді;
- әртүрлі географиялық координаталар жүйесін таба білуді;
- векторлық және сызбалық үлгілердің, ақпараттандырылған бағдарламалар жүйесі (АБЖ) мәліметтеріне қолдау жасауды;
- тораптар мен маршруттарға өңдеу жасауды;
- картаны принтерден шығаруды;
- сыртқы автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (ААЖ) мәліметтерін қолдану;
-қашықтан зерттеу мәліметтерін (ҚЗМ) пайдалануды;
-пайдаланудағы есептік үлгілерді қолдауды;
-пайдалану үлгісін қабылдау мен жасау мүмкіндігін;
-атрибуттық және кеңістіктік сұраныстарға өңдеу жасауды;
-ГАЖ толық талдау жүргізуді;
- ГАЖ - талдауларының нәтижелерін әртүрлі форматта ұсынуды;
- үш өлшемдегі үлгі жасауды (3D);
- үш өлшемді беттерді талдау және құруды.
Осы қойылған шарттарды шешу үшін ГАТЖ құру кезінде келесі жұмыстар орындалады:
- ГАТЖ құруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және нарықтағы бәсекелестікті талдау;
- ТЖД басқару органдары (БО) арналған ГАТЖ жасау жобасының ғылыми- әдістемелік негізін құру;
- ГАТЖ мәліметтер базасының физикалық және концептуалдық үлгісін жасау;
- ГАТЖ құрамдарының есептік үлгілерінің концепсиясын жасау;
- ТЖД БО шарттарын шешуге арналған ГАТЖ қабылдаудың мақсатқа сай екендігі мен эксперименталды зерттеу мүмкіндіктерін қарастыру;
- ТЖД БО жергілікті деңгейде шешім қабылдауына қажетті БҚ шарттарын шешу үшін, ГАТЖ тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасау [2].
Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ- дың басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз болып табылады:
oo басқару деңгейінің шешімін қабылдау;
oo қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;
oo қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді жобалау;
oo қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;
oo аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;
oo қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;
Қазақстан Республикасында экономикасы саласы мен субъектілерінде ГАЖ басқару құралдарын пайдалануды талдау нәтижесінде ESRI фирмасының бағдарламалық өнімдер құрамына кіретін, ArcInfo бағдарламасы пайдаланылуда. ArcInfo, MapInfo, GeoDraw, AutoCAD Map Панорама сияқты бағдарламаларды пайдаланудан қарағанда ArcInfo бағдарламасының базасы сапалы екендігі анықталды.
1.1 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарумен байланысты проблемалық-бағдарлау мәселелерін шешу
Функцияланудың бұл кезеңінде ақпараттық технологиялар тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарумен байланысты сұранымдық-анықтамалық сипаттағы мәселелерді шешуі тиіс. Техносферадағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің басты мақсаты - адамды техносферадағы антропогендік, техногендік және табиғи туындайтын жағымсыз әсерлерден қорғау, тіршілік әрекетінің жайлы жағдайын жасау.
Бұл мақсатты жүзеге асыру құралы болып қоғам арқылы техносферадағы физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да жағымсыз әсерлерді рұқсат етілген мәнге дейін төмендетуге бағытталған білім мен біліктілікті жүзеге асыру [1].
Қауіпсіздіктің басты міндеті - қауіптіліктің пайда болу себептері мен көздерінің ескертпелі талдауы, олардың кеңістік пен уақыттағы әсерін бағалау мен болжамдау. Потенциалды қауіптілікті энергиясы бар, химиялық және биологиялық активті құрамдастары бар барлық жүйелер сақтайтындығы белгілі. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі үш негізгі және өзара байланысқан міндеттерді шешеді:
- қауіптіліктерді сәйкестендіру - қауіптіліктерді табу үрдісі мен олардың сипаттамаларын орнату (сапалық, сандық, уақыттық, кеңістіктік және т.б.);
- қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кететін шығындар мен осы шараларды жүзеге асырудан түсетін пайданы салыстыру негізінде қауіптіліктерден қорғану;
- мүмкін болатын, қалдық, шамадан тыс қайталанатын тәуекелділіктерді жою [8].
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқару аумағында проблемалық-бағдарланған және сұранымдық-анықтамалық мәселелер кешенін шешу үшін мәліметтер базасы мен банкін құруды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде білім базасын құруды ескерту қажет [2].
Ақпараттық технологиялар кәсіпорынның немесе ұйымның функциялануының түрлі аумақтарындағы қауіпсіздікті басқарудың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді:
- билік органдары;
- мемлекеттік қызметтер;
- мемлекеттік мекемелер;
- қызмет көрсету ортасы;
- көліктік жүйелер;
- өндірістік кәсіпорындар және т.б..
Өнеркәсіптің немесе ұйымның функциялануының түрлі аумақтары үшін өзінің басым қауіпсіздік түрлері бар, мысалы:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік;
- химиялық қауіпсіздік;
- радиациялық қауіпсіздік;
- экологиялық қауіпсіздік;
- өрт-жарылыс қауіпсіздігі;
- төтенше жағдайдағы қауіпсіздік;
- ақпараттық қауіпсіздік және т.б..
Барлық қауіпсіздік түрлерін шартты түрде үш негізгі топқа біріктіруге болады (1-сурет) [2].
1-сурет - Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің негізгі түрлері
Сұранымдық-анықтамалық мәселелерді шешуде ақпараттық жүйенің мәліметтер базасында заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді ескерген жөн, олардың негізгілері мыналар:
- Адам құқығының жалпы ортақ декларациясы;
- ҚР Конституциясы;
- Еңбек қодексі;
- ҚР мемлекеттік заңдары;
- ҚР президентінің жарлықтары;
- ҚР билігінің жарлықтары;
- ҚР еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің жарлықтары;
- Орындаушы биліктің Мемлекеттік органдарының жарлықтары және т.б..
Аталған заңнамалық актілерден басқа салалық және ведомстволық жағдайлар, нұсқамалар, ұсынымдар, ережелер, нормалар, шарттар, тексеріс, сертификаттау, сараптау, қауіпсіздік аумағында еңбек қызметі мен еңбек қорғаудың және қоршаған табиғи ортаның негізгі түрлерін мағлұмдау жөнінен тізімдер де бар. Өнеркәсіп пен ұйымның салалық және пәндік мамандандырылуы үшін: МЕСТтар, санитарлық нормалар және ережелер - СНжЕ, гигиеналық нормативтер - ГН және т.б. [2].
Экономика мен оның барлық қызмет түрлерінің потенциалды қауіпті объектілері үшін негізгі әрі анықтамалық материал ретінде техносфераның қауіпсіздік шарттары бекітіледі. Техносфераның қауіпсіздік шарттары болып заттар мен өмірлік кеңістіктегі энергия легінің концентрациясына енгізілетін шектеулер табылады, мысалы: ШРК - шекті рұқсат етілген концентрация, ШРД - шекті рұқсат етілген деңгей, ШРШ - шекті рұқсат етілген шығарылым, ШРТ - шекті рұқсат етілген тасталынды және т.б..
Өндірісте қолданылатын зиянды, жарылғыш, улы және токсикалық заттар қатаң регламенттеуді талап етеді. 1994 жылы төтенше жағдайдағы тұрғындар мен аумақты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар мен стихиялық апаттардың әсерін жою жөнінен Министрлік құрылды - ТЖД. Басқаратын ақпараттық технологияларды құруда табиғи, техногендік, биологиялық-әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу ықтималдығы, сондай-ақ жергілікті әскери шиеленістер мен террористтік актілер қарастырылуы қажет.
Орташа және ірі кәсіпорындарда ТЖД-нің аудандық басқармасымен өзара әрекеттесе отыра, табиғи және техногендік сипаттағы авариялар мен апаттардыың әсерін жоюға қатысатын азаматтық қорғаныс күштері құрылған. Жұмыстың оперативті тәртібінде ақпараттық технологиялардың қолданылуы апаттың әрбір түрі мен масштабын жоюға қажетті күштер мен құралдар санын анықтауға мүмкіндік береді. Басқаратын апараттық жүйе жұмыстың автоматты тәртібіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің келесідей түрлерін орындауға мүмкіндік береді [3]:
- экономика объектілеріндегі таңдалған апат түрі бойынша инженерлік есептеме жүргізу (химиялық, биологиялық және т.б..);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерінің қызмет көрсету зоналарын мекен-жай бойынша немесе өнеркәсіп атауы бойынша анықтау (жылумен, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау);
- экономиканың қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қажетті графикалық және семантикалық ақпараты бар потенциалды қауіпті объектілерінің төлқұжаттарын көрсету;
- апаттық жағдайды ТЖД-нде қабылданған шартты белгілер жүйесіне сәйкес ГАЖ құралдарымен бейнелеуді жүзеге асыру;
- электрондық жұмыс картасында орын алған жағдайды ескере отыра төтенше жағдайдың пайда болуының типтік сценарийлерін жасау;
- төтенше жағдай тәртібінде экономика объектісінің жұмысын оперативті кезекші және кезекші офицерге жасалған уақыттың шынайы тәртібінде әрекеттердің біріккен алгоритмі бойынша жүзеге асыру;
- өнекәсіптің өндірістік үрдісінде қолданылған химиялық, жарылғыштық және қауіпті заттар бойынша анықтамалық сипаттағы ақпаратты алу;
- ТЖ жою мен ескертуге арналған тұрақты дайындықтың құралдары мен күштерінің құрамын анықтау;
- нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жасау;
- жұмыстың автоматтандырылған тәртібінде анықтама есептерін, хабарламаны құру;
- қауіпті өндірістік үрдістер туралы мәліметтер базасын құрастырушылардың қатысуынсыз редакциялауды, жаңарту мен толықтыруды жүзеге асыру;
- таралумен байланысты жағдайларды болжамдау мен үлгілеу, мысалы, өрттің, қауіпті заттардың таралуы (хлор, аммиак және т.б..).
Басқару шешімдерін қабылдауды қолдау жүйесін құру:
Шешім қабылдауды қолдау жүйесін құру ақпараттық технологияның техносферада басқару аппараты арқылы қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесімен өзара әрекетіне негізделеді [2].
Интерактивті тәртіпте жасалған шешім қабылдауды қолдау жүйесі негізделген шешім қабылдау үшін мониторинг, талдау, үлгілеу мен болжамдау негізіндегі басқару мәселелерін шешуге қабілетті. Шешім қабылдауды қолдау жүйесі басқарудың әрбір деңгейі үшін немесе өнеркәсіп үшін қол жетімділік деңгейінің шектеуі бар басқарудың біріккен жүйесі ретінде жобалануы мүмкін.
Негізгі құрамдастары болып табылатындар:
- арнайы бағдарламалық құралдар;
- техникалық құралдар;
- математикалық құралдар;
- ақпараттық ресурстар;
- мәліметтер мен білім базасы;
- ақпараттық мәліметтерді ұйымдастыру, сақтау мен пайдалану;
- автоматтандырылған жұмыс орындары мен басқару деңгейлері бойынша дайындалған мамандардың болуы;
- басқару шешімдерінің регламенттілігі мен кезеңдік жүзеге асуы;
- жүйенің басқару қызметтерінің түрлері мен түрлі деңгейлеріне бейімделу қасиеті;
- автоматтандырылған жұмыс орындарының функциялануы негізінде басқарудың деңгейлік үлгілері: стратегиялық деңгейді басқарудың негізгі динамикалық үлгісі, қосымша және көмекші үлгілер;
- басқару шешімдерін қабылдауды қолдаудың барлық жүйесіне арналған біріккен ақараттық кеңістік құру.
ШҚҚЖ - басқару жүйесінің негізгі функциялары орналасқан стандартты бағдарламалық қабықшасы негізінде құрған жөн. Қажет жағдайда бағдарламалық қабықша функциялары ұйымның программисттері қатысатын өңдеуде қосымша модульдермен кеңейтілуі мүмкін [2].
2 ГАЖ-дың қолданбалы бағдарламалық негізі
ГАЖ-дағы ақпараттар барлығы белгілі бір жүйеде жинақталып, ол жүйе негізінде кезең-кезеңімен күрделі өзгерістер нәтижесінде біртіндеп қалыптасады. Яғни, ГАЖ-дың өнімді түрде басқарылуы көптеген қолданбалы бағдарламалардың тиімді тұстарын пайдаланумен жүзеге асады.
Төменде біз карта қүрастыруда ГАЖ-дағы мәліметтерді өңдеу және қолдану процесін атқаратьш қолданбалы бағдарламалар іуралы тоқ- таламыз.
Мәліметтерді өңдеудің жоғары деңгейдегі мүмкіңцігі АгсGiS-те толық каталог түрінде қүрылған ЕSRІ фирмасьшың бағдарламалық өнімі, яғни:
Мәліметтерді карта түрінде жоғары деңгейде бейнелеу
Инструменттер жинағы (кеңістік мәліметтерді өңдеуге арналған құралдар жинағы) [4].
АrcGIS - бүл өзара байланысты АrcМар, АrcCatalog, АrcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бүлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңцеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындыктағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. АrcGIS - ГАЖ қолданушылардьщ үлкен қауымына арналған толык- функционалды, масштабталған күрделі бірнеше кезеңцік жүйесі.
АrcМар - картаны қүрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бүл қосымшада негізгі жүмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтустік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.
АrcМар-та картада 2 қосымшамен жүмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мүңда негізгі картографиялық жүмыстар жасалады.
2) Компоновка негізіңде -- карталарды безендіру, яғнн легенда қүрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі.
АrcCatalog - геомэліметтердің базасын қүрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді қүру, көру, басқару сияқты функцняларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлык мәліметтерін қүрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географнялык мәліметтерді іздеуге, көруге арналган қүраддар, метамәліметтерді күрастыру, көру, басқару, әртүрлі маліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. АrcМар-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі - редакция жасалмайды.
АrcToolbox - мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметгерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақгайтын косымша. АrcМар, ArcCatalog және АrcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog -та картаның кұжатын табамыз да, оны АrcМар-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, АrcМар-та АrcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады [4].
Ал МарInfo 6.0-7.0 версиялары ендігі жерде 8.1.6 Оracle толықтыруларымен жабдыкталған. МарInfo 6.0 версиясы кеңістіктік нысан- дарды оқып және жаза алатын деңгейге жетті. Оracle 8і Spatial Option-ның кеңістіктік артыкшылықтарын сұраныс құру үшін қолданады. 8.1.6 версиясы үшін нысандардың жаңа типіне және форматтарға (dimensions, innerouter regions, node direction және т.б.) қызмет көрсете алады. Жаңа артықшылығы (команда КартаСоздать 3D Карту) кез келген карта үшін үш өлшемді бейне құруға, кеңістіктік қабат құрамында мүмкіндік береді.
MapInfo 6.0 үстелдік геоақпараттық жүйе. Ол төмендегілер үшін арналған:
1. Картаны құру жэне түрлендіру (редакциялау) функцияларын еш кателіксіз орындауға;
2. Картаны визиволизациялау және дизайн, яғни әшекейлеу немесе безендіруге;
3. Тақырыптық карталарды (геоморфологиялық, геологиялык, климаттық т.б.) құру үшін;
4. Графикалық жэне семантикалық ақпараттарға кеңістік және статистикалық анализ жасау үшін;
5. Әрбір нысанның табиғи географиялық құрылым негіздеріне сәйкес геокодтау үшін (геокодирования);
6. Географиялык мәліметтер базасында еркін де ашық мамандандырылған түрде жұмыс істеу үшін;
7. Карталармен есеп берулерді принтер мен плоттерлерге және графикалық файлдарға шығару [4].
МарInfo 6.0-дағы жоба. Жоба - бағдарламада картамен жұмыс істеу кеңістігі деп атасақ болады. Бұл бағдарлама мэзірінің кеңейтілуі (разширение) Wor. Бұл файлда біз өзімізге керекті функцияларды колдану аркылы жұмыс істейміз және осы істеген жұмыстарымызды сақтаймыз. МарInfo 6.0-дағы жоба сызуға қажетті картадан (Мар), таблицалық кестелерден (Вrowzer), сызба графиктерден (Graph) және кампоновкалардан, яғни безендірулерден (Layout) тұрады. Карта бір- бірінің үстіне қойылған бірнеше әртүрлі қабаттардан тұруы мүмкін. Таблица (кесте) бұл DBF форматындағы мәліметтер базасы. Картаның әрбір жекелеген қабатына қабаттың қасиетіне сай өзіне тән мәліметтер базасы бекітілген (өзіне тән мәліметтер базасын басқашаайтқанда, атрибуттық ақпарат дейді). Графиктер (сызбалар) таблицадағы (кестедегі) мэліметтер мәндерінен тұрғызылады және кейін қолдану үшін жобада сақталады. Компоновкалар дегеніміз басып шығаруға дайын карталар түрі [4].
2.1 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарудың ақпараттық технологиясының тағайындалуы
Ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер мен пайдаланушылар алдында тұрған міндеттер мен мәселелерді ескере отыра, ақпараттық технологияны (АТ) құрудың басым бағыттарын анықтауға болады. Әрбір нақты жағдайда бейнелеудің, үлгілеудің және қауіпсіздікті басқарудың өзіндік жеке әдістемесі қажет.
Қауіпсіздікті басқарудың ақпараттық технологиясының негізгі мәні ақпаратты жинау, талдау мен жүйелік өңдеу, сондай-ақ жағдайды үлгілеу, ықтималдық дәрежесі мен уақыт факторына байланысты болжам жасау, қажетті мәліметтерді бейнелеу, шешім қабылдау мен дайындық кезіндегі тиімді пайдаланым бойынша мамандар тобының қызметі деп санауға болады [8].
АЖ басты міндеті деп потенциалды қауіпті объектілер мен қауіпті табиғи құбылыстар жайындағы ақпараттық база құру, сондай-ақ тұрғындар мен қауіпсіздіктің құрылымын тиімді ақпараттандыру әдісін жетілдіру деп білуге болады. Барлық құрылымдарды ГАЖ құралдарымен кешенді түрде қамтамасыз ету үшін келесідей негізгі міндеттерді шешу қажет [3]:
- геоақпараттық қамтамасыздандырылудың жинақталған тәжірибесін талдау, жалпылау, үйрену;
- негізгі түсініктер мен анықтамаларды жасау, түрлі елдердегі құрылымдар мен бөлімшелердің заманауи ақпараттық қамтамасыздандырылуының объективті заңдылықтарын табу мен зерттеу;
- ГАЖ-нің функциялануы мен құрылуының басты принциптерінің жұмыстық тобының (қауіпсіздікті басқару кеңесінің) негізінде қалыптастыру;
- қауіпсіздіктің ақпараттық үлгісін құрудың, сондай-ақ техникалық және бағдарламалық құралдар кешенінің, автоматтандырылған құрылымның технологиясының, жеткілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz