Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
Курстық жұмысқа
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы: «Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау»
5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Муратов Т. М
Жетекші
техн. ғыл. канд., Phd доктор,
сеньор -лектор
Түкібай А. А
«»2017 ж.
Норма бақылаушы
магистр, лектор
Садвакасов Е. Е
«»2017 ж.
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздгі кафедрасы
Курстық жұмысқа
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы: «Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау»
Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
Баға
диапазоны
1 Орындалмады
Сабақтарда себепсіз болмау
Білім алушы Т. А. Ә. Муратов Т. М
Мамандық шифры 5В073100
Оқытушы Т. А. Ә. Түкібай А. А
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Муратов Тлеухатамин Мухтарулы
Жұмыс тақырыбы: Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «___» 2017ж.
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі) : Тұрғын үй ғимараттары мен мекемелердегі шуды оқшаулау конструкциялық материалдар түрлері. Шуды оқшаулау әдістері.
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1) 2 Справочник проектировщика. Защита от шума / Под ред. Е. Я. Юдина. М. : Стройиздат, 1974, 425 с
2) Иванов Н. И., Никифиров А. С. Основы виброакустики. СПб. : Политехника, 2000 - 482 б.
3) 5 Омаров С. С. Инженерная акустика. Алматы: КазГАСА, 2002. 157б.
Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі Қ. М. Қасенов
Жұмыс (жоба) жетекшісі А. А. Түкібай
Тапсырманы орындауға алған білім алушы Т. М. Муратов
Күні «»2017 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде көптеген өндіріс орындарында, тұрғын үй жайларында көп мөлшердегі шу байқалады. Бұндай шу көзі орталықтарда құжаттар бойынша шудың әсерін бәсеңдетуге байланысты шараларға талаптар қойылады, бұндай талаптарға арналған арнайы жасалған құрылыс материалдары жасалған.
Шудың адам ағзасына қолайсыз әсері жақсы зерттелген. Әлемдік практикада жиналған тәжірибе шуды орталық жүйке жүйесі мен жүрек-тамыр жүйелеріндегі бірқатар зақымдаулар себебі болатынын көрсетеді. Жалпы биологиялық тітіркендіргіш бола отырып, шу - бас, ми қабығының қызметінің тонусы өзгерісіне себепкер болып, орталық жүйке жүйке зақым әкеледі Қатты шудың тұрақты басқа да зиянды зардаптарға - құлақтағы шу, бас айналуы, бас ауруы, тез шаршауға әкеп соқтырады. Шу адамның еңбек етуіне және демалуына кедергі болып, еңбек өнімділігін азайтады.
Қазақстан Республикасының экономикасы жұмыскерлерге кері әсер ететін жоғарғы өнімді шу бөлетін техника, машина және құрал-жабдықтарды пайдаланумен сипатталады. Осы себептен еңбек қорғаудың көкейкесті мәселелерінің бірі шумен байланысты сұрақтарды шешу болып табылады. Қазіргі кезде өндірістік ортаның шуы мәселесі экономиканың кез-келген саласында алғышартты қолайсыз факторларының бірі болады.
Мекеменің жоғарғы тиімділігі жұмыскерлердің өндірістік потенциалын максималды пайдалануына тәуелді. Осыған байланысты жұмыскерлердің денсаулығын нығайту және олардың кәсіби белсенділігі кезеңін арттырудың маңызы зор, бұл тек гуманистік сипаттағы ойлар ғана емес, экономикалық тиімділікпен анықталады. Техниканың дамуы, машиналардың қуаты мен өнімділігінің тұрақты артуымен, олардың жұмыс бөліктерінің жылдамдығының көбеюімен байланысты. Осы себептен өндірістік мекемелердің жұмыс орындарындағы шу жылына 1-3 дБ артып, көп жағдайда шекті деңгейлерден жоғары болады. Сондықтан шумен күресу мәселесі машина жасауда, металлургия өндірісінде, құрылыста, көлікте және энергетикада барлық мамандық инженерлерінің кездестіретін үлкен ғылыми мәселе болып табылады.
Өндірістік шулармен күресті оның пайда болу көзінде төмендету мүмкіндіктерінен бастау қажет. Соққылы негізді шудың басты көзі - өндірістік құрал-жабдықтар екені белгілі. Құрал-жабдықтардың ішінде соққылы шудың пайда болуы кезінде, құрал-жабдықтары материалы алғашқы дыбыс оқшаулайтын дыбысты жұтушы және оқшаулаушы, шуды төмендетуге себепкер болатын кедергі. Бөлшектердің соғылуы кезінде шу пайда болуда материалдардың бәсеңдету қасиеттері маңызды орын алады.
Курсытық жұмыстың мақсаты - ауадағы шуды оқшаулау әдістерімен және конструкциялы материалдармен шудан қорғану жодарымен танысу.
1 Дыбыс изоляциясы, дыбыс сіңіру
Құрылыс акустикасы - жалпы акустика ғылымының ғимараттар мен ғимараттардың қоршау құрылымдарын сыртқы, әрі ішкі орталардың шуының оқшаулау және оны барынша азайту мәселелерімен айналысатын саласы, ғимарат ішіндегі шуды бәсеңдету үшін оны дыбыс жұтқыш материяалдармен қаптайды. Ірі қоғамдық орындар тұрғын үйлер және елді мекендердегі құрылыстарды жобалағанда барынша шуды азайту шаралары ескеріледі. Кәсіпорындардағы өндірістік шумен ғимараттардың инженерлік құрал-жабдықтарының шумен күресуде шу көздерін оқшаулау, шу өткізбейтін бөлмелер жасау, т. б шаралар қарастырылады [1] .
Архитектуралы - жобаламбалы әдіс негізделген:
- Акустикалы сигнал көзін рационалды түрде орналастыру;
- Бөлменің акустикалық өңделуі, бөлмеде барынша анық сөздің естілуі;
- Ғимараттың конструкциясымен жобалануы талапқа сай шешу;
- Дыбыс изоляциясы;
- Дыбысты шығармау, дыбысты сіңіру;
- Дыбысты беру;
Дыбыс изоляциясы - тосқауылды жолдар арқылы дыбыс энергиясының төмендету, дыбыс энергиясын тарату жолындағы изоляциялайтын кедергілер ретінде қабырғалар арнайы кожуктар, кабельдер т. б [1] .
Дыбысты сіңіру - берілген акустикалық энергияны әлсірету, дыбысты сіңіру коэффицентімен сипатталады. Дыбысты сіңіру конструкцияларына бөлме қабырғаларының дыбыс сіңіргіш облицовкалары, жеке дыбыс сіңіргіштер, акустикалық экрандардың дыбыс сіңіргіш облицовкалары, камералары глушителдердегі дыбыс сіңіргіш кожухтар.
Шуды өшіргіштер ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінде таралатын шуды төмендетуге арналған.
Қорғау әдістері шу шығатын көздерде шуды төмендетуші және шуды оның таралу жолында төмендетуші болып бөлінеді. Шу шығатын көзде азайту оның белсенділігін ауалы орта (ауалы дыбыс) немесе конструкция элементтері (структуралы дыбыс) арқылы орындалады [2] .
Изорирленген бөлмелерден шығатын дыбыс қуатын азайту үшін, қабырғаларын, есіктерін жобалағанда қажетті дыбыс изоляциясын қамтамасыз ететін материалдар мен конструкцияларды қолдану қажет, дыбыс сіңіргіш облицовкаларды құру, бөлме арқылы өтетін трубопроводтардың сыртын вибро изоляциялайтын қабаттармен қаптау, ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінде шуды өшіргіштер қолдану қажет.
Қабырғаларды дыбысизоляциялау дыбыс сіңіргіш материалдардан көп қабатты конструкциялар құру негізінде (киіз, гипсобетон, гипсоволокно) орындалады. Дыбысқа тосқауыл болатын конструкцияларға оларда болатын тесіктер көп ықпал етеді. Қорғалатын бөлмелердегі осал жерлері - терезелер мен есіктер. Есіктердің дыбыс изоляциясын арттыратын негізгі бағытқа тамбурлы системаны ұйымдастыру жатады. Тамбурдың ішкі қабырғаларын дыбысты сіңіргіш материалдармен облицовкалау (қаптау) қажет.
Ғимараттардың акустикалық жабдықтануында келесі мәселелерді шешу керек үй ішідегі шудың дәрежесін төмендету және құрылыс конструкцияларындан өтетін дыбысты әлсірету. Ол үшін үйдің төбесіне бірен саран қабырғаларға бекітілетін дыбыс изоляциялық материалдар қолдану керек. Бұл мәселені шешу үшін екі түрлі дыбыспен айналамыз. Ол аулалық және құрылымдық дыбыс (Көбінесе соққы дыбысы) [2] .
Конструкциялыдан өтетін дыбыстарды тоқтату үшін олардың үздіксіздігін ажырату керек. Дыбыстың таралуын тоқтататын амалдың бірі - қорғаудың элементтерін ажырату. Ол үшін дыбыс изоляциялық материалдардан жасалған серпімді төсеу салу керек. Серпімді төсеулер бір жағынан құрылымдық дыбысты өткізбейіді. Акустикалық материалдар мен бұйымдар келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
- Пайдалану кезеңінде акустикалық қасиеттерін сақтап қалу;
- Жеткілікті механикалық беріктілік және ұзақ уақыт қолданылу қасиеттеріне ие болу;
- Отқа төзімділік;
- Уландырғыш заттармен жағымсыздық иіс шығармау;
- Биологиялық және ылғалға төзімділік.
Ауа шуларын басатын және үйлердің акустикалық сипаттарын реттеуге және сөндіруге арналған дыбыс изоляциялық материалдар жоғары дыбыс изоляциялық дыбыс сіңіру қабілеттеріне иелену керек. Оларды дыбыс сіңіру коэфицентімен бағалайды (1-кесте) .
Дыбыс изоляциялық материалдардың қасиеттерін материалдың жүктеме кезіндегі салыстырма қысылумен бағалауға болады немесе материалдың сызықтық деформациясымен:
(1. 1)
- материалдың жүктелмей тұрғандағы қалыңдығы
- жүктелген материалдың қалыңдығы.
1 - кесте - Акустикалық материалдардың дыбыс сіңіргіш коэфиценті
Бұл кестедегі мәліметтер акустикалық интерферометр немесе реверберациялық камералардан алынған [2] .
1. 1 Металл кедергілердің акустикалық қасиеттері
Жоғарғы өнімді машиналардың енгізілуімен олардың энергия сыйымдылығы артады, жұмыс жылдамдықтары жоғарылайды. Соққылы, механикалық және аэродинамикалық шулардың сипаттамасында, бөлек топ ретінде соққылы негіздегі шу қарастырылады, ол өндірістің көптеген салаларында басым болып және зиянды деп есептеледі.
Өндірістік мекемелердегі соққылы негіздегі шу көздері қалыптау құрал - жабдықтары, қағымды торлар және бұйымдарды кесу мен тазартуға пайдаланылатын қол машиналары болады. Жұмыс орындарында тазарту барабандарының қағымды торларының маңында шу 108-110 дБА, энергия максимумы 250-8000 Гц болады. Ұсталық цехтарда шу көздері соғу-қалыптау құрал-жабдықтары мен кесу автоматтары арқылы жүзеге асады. Жонғыш, сыдыру, сүргілеу станоктарының механикалық шуының деңгейі 93-105дБ құрайды. Импульсті шу тасымалдау кезінде дайындамаларды лақтыруда, пневматикалық престер жұмысында, сығылған ауа лақтырыстарында байқалады. Ұста, пресстегіш, кесуші, секциялық пеш операторы жұмыс орындарында шу деңгейі 113-115 дБА. Бөлшектер беттерінен механикалық әдістер гидро, құм, бытыралы, ылғалды ажарлау және әрлеу жүргізуде тазарту барабандарында ағынды тазарту камераларын пайдалану орташа және жоғарғы жиілікті 84-92 дБА шу пайда болуына әкеледі. Құрал-саймандық және механикалық цехтарда металдарды станокпен өңдеуде (жонғыш, фрезерлі, бұрғылау) кең жолақты 85-95 дБА шу пайда болады. Негізгі көздері станок жетектері, беріліс қораптары, резонаторлар және құрсаулы берілістер [3] .
Механикалық пресс бөлетін шудың негізгі көзі - оның тұғырығы мен тегершігі болып табылады. Бұл дірілдің негізгі себебі - престің қозғалмалы бөліктерінің соққысы, ол қисық тісті - бұлғақты және эксцентрикті механизм қозғалысында пайда болады. Қалыптың дайындамамен өзара әсері де соққылы түрде болады. Қалыптау кезінде шу деңгейі 4-10 дБ едәуір артады [4] .
Шудың адам ағзасына қолайсыз әсері жақсы зерттелген. Әлемдік практикада жиналған тәжірибе шуды орталық жүйке жүйесі мен жүрек-тамыр жүйелеріндегі бірқатар зақымдаулар себебі болатынын көрсетеді. Жалпы биологиялық тітіркендіргіш бола отырып, шу - бас, ми қабығының қызметінің тонусы өзгерісіне себепкер болып, орталық жүйке жүйесіне зақым әкеледі. Интенсивті шудың нәтижесі кәсіби тереңдікке әкеледі, оның пайда болуы мен даму жылдамдығы жұмыс түрі, өтілі, адамның жасы мен әсерету уақытына байланысты. Қатты шудың тұрақты басқа да зиянды зардаптарға - құлақтағы шу, бас айналуы, бас ауруы, тез шаршауға әкеп соқтырады. Шу адамның еңбек етуіне және демалуына кедергі болып, еңбек өнімділігін азайтады. Өндірістік шулармен күресті оның пайда болу көзінде төмендету мүмкіндіктерінен бастау қажет. Соққылы негізді шудың басты көзі - өндірістік құрал-жабдықтар екені белгілі. Құрал-жабдықтардың ішінде соққылы шудың пайда болуы кезінде, құрал-жабдықтары материалы алғашқы дыбыс оқшаулайтын дыбысты жұтушы және оқшаулаушы, шуды төмендетуге себепкер болатын кедергі. Бөлшектердің соғылуы кезінде шу пайда болуда материалдардың бәсеңдету қасиеттері маңызды орын алады [3] .
Шу көзінен пайда болатын дыбыс алаңын дифракция, оқшаулау және шашырату жолымен өзгертуге болады. Дыбыс оқшаулаушы конструкциялардың акустикалық әсері негізінен дыбыс толқындарын шашыратуға негізделген, сондықтан дыбыс оқшаулау үшін тығыз, қатты және ауыр тербелістер пайда болуына қарсы жеткілікті инерциясы бар материалдар пайдаланылады. Дыбыс оқшаулаушы материалдар мен конструкциялардың негізгі мінездемесі дыбыс жұту коэффициенті, оның шамасы дыбыстың жиілігі мен түсу бұрышына, материалдардың қалыңдығы, тығыздығы мен құрылымына байланысты. Төменгі жиілік аймағында дыбыс жұтуды арттыру мақсатында қабатты қалыңдатады. Дыбыстың оқшаулануы және жұтылуы үрдістерін сараптау үшін оның кедергілер арқылы өту механизмін білу қажет, бұл кедергілердің акустикалық қасиеттерін олардың конструктивті шешімдерін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл ішкі үйкеліске кететін энергия шығыны жоғары материалдар мен конструкцияларды дайындаумен; жеңіл қабатты беттік конструкцияларды орындаумен; жоғарғы дыбыс оқшаулау қасиеті бар конструкцияларды жасаумен; кедергілік конструкциялардың кеңістіктік ара байланысын өзгертумен; дыбыс оқшаулауды жеңіл кедергілер өлшемдерін өзгертіп, дыбыс оқшаулау конструкцияларының орналасу әдістерін өзгертумен жүзеге асады. Қазіргі кезде өндірісте шуды оқшаулау әдістері оны таралу жолында төмендету әдісі ретінде қабылданады және осы мақсатта дыбыс оқшаулаушы қоршаулар (дыбыс камералары, шусыз басқару кабиналары, қаптамалар), дыбыс оқшаулау кедергілері (акустикалық экрандар, өлшеулер, кедергілер) және дыбыс оқшаулаушы төсеу материалдары пайдаланылады [4] .
Дыбыс оқшаулау мақсатында бірқабатты металл конструкциялар кеңінен пайдаланылады. Бір қабатты конструкция дегеніміз бірнеше өзара қатты байланысқан қабаттары бар конструкция. Ауа шуының жоғарғы дыбыс оқшаулауын қамтамасыз ету үшін конструкция арқылы түсетін энергияның жүз мыңнан бір бөлігінен артық энергия өтпеуі тиіс. Дыбыс өтуіне негізгі әсер ететін иілімді толқындар. Олар конструкция қалыңдығы, қарастырылатын жиіліктегі иілімді толқынның 1/6 бөлігінен кіші болғанда пайда болады. Бұл аралықта иілімді толқынның ұзындығы, конструкцияның сызықты өлшемдерінен кіші, сондықтан бір қабатты конструкция моделі ретінде шексіз ұзындықты, жұқа пластина пайдаланылады.
Дыбыс толқындары бір ортадан екінші ортаға өтуде екі орта шекарасында шағылады, бұл аймақта олардың механикалық қасиеттері күрт өзгереді. Толқынның ауадан металға және кері өтуі кезінде энергияның басым бөлігі шағылып, аздаған энергия үлесі келесі ортаға өтеді. Бір ортадан екінші ортаға өтуі кезінде акустикалық кедергінің өзгерісі pс көп болған сайын, екі орта шекарасында шағылатын дыбыс толқыны энергиясы артады. Жазық толқынының екі орта бөлінісінің жазық шекарасы арқылы түсуі кезінде өтетін және түсетін толқынның үлесі келесі формула бойынша анықталады [5] :
Δ (1. 2)
бұл жерде, - ауадағы акустикалық кедергі; - жұтқыштың акустикалық кедергісі.
Өтетін толқынның амплитудасы келесі формула бойынша анықталады:
(1. 3)
Егер түйісетін металдардың тығыздығы жəне дыбыс жылдамдығы бір болса, энергия шығыны болмайды . Ал егер акустикалық кедергілер тең болмаса энергия өзгерісі басқаша жүреді. Мысалы, энергия шашырауы фаза шығынысыз өтеді, ал болса, шағылған толқын кері фазаға ие болады.
2 Шуды оқшаулау бөгеттері
Дыбысты оқшаулау құралдары шу көзі орналасқан жердегі шу көзін сыртқы орта немесе ғимараттан оқшаулауға арналған. Бұл шудың таралу жолында герметикалық бөгеттерді құрумен жүзеге асырылады.
Дыбысты оқшаулағыш құралдарға дыбысты оқшаулағыш қоршаулар, бүркеніштер (кожухи), кабиналар, акустикалық экрандар, жақтаулар жатады.
Дыбысты оқшаулағыш қоршаулар бірқабатты және көпқабатты тегіс жазық қоршаулар, тесіктері мен саңылаулары бар қоршаулар түрінде жасалулары мүмкін [6] .
Қоршаудың дыбыс оқшаулағыш тиімділігі оған түсетін дыбыс қуатының көп бөлігін шағылыстыру арқылы қол жеткізіледі. Дыбыс оқшаулағыштың бірқабатты қоршаулардың массасынан тәуелді болуының азын-аулық мәні бар. Қоршаудың массасын екі еселеу дыбыс оқшаулағыштықты тек 5-6 дБ ғана жоғарылатады. Дыбыс оқшаулағыштықты арттырудың тиімді тәсілі - көпқабатты қоршауларды қолдану.
Кең таралған көпқабатты қоршаулар болып: контур бойынша қатаң байланысы жоқ екілік қоршаулар мен контур бойынша қатаң байланысы бар «сэндвич» типті екілік қоршаулар, иірілмелі қабаттармен қапталған тақталар. Шудан қорғанудың аса тиімді құралы болып дыбыс оқшаулағыш бүркеніш табылады.
Құрастырылуына қарай бүркеніштер алмалы-салмалы, жиналмалы, қарайтын әйнектері, ашылатын есіктері, коммуникацияларды енгізу үшін тетіктері бар болулары мүмкін. Бүркеніштер үшін ең таралған материалдар болып болат және дюралюминий табылады [6] .
Дыбысоқшаулағыш бүкеніштердің аса тиімді жұмысы үшін оның ішкі қабырғасын 50 мм қалыңдығынан кем емес дыбысжұтқыш материалдармен қаптайды.
Бүркеніштер серпімді төсеніштерде орнатылады. Бүркеніш қабырғаларының оқшаулағыш қондырғымен немесе оның іргетасымен қатаң байланысқа жол берілмеуі тиіс.
Бүркеніштің жоғары дыбысоқшаулағыш тиімділігіне саңылаулар мен тесіктердің болмауы жағдайында ғана қол жеткізіледі. Егер қондырғыға тесік қажет болса (ауаны циркуляциялау үшін, коммуникация өтуі үшін) олар саңылаулық бәсеңдеткіштермен жабдықталған болулары тиіс.
Акустикалық экран шудан қорғаныс құралы ретінде рұқсат етілген шу деңгейінің азын-аулақ ауытқуы кезінде қолданылады. Мысалы, акустикалық өңделмеген ғимараттағы экранның көмегімен шудың төмендеуі 2-3 дБ құрайды.
Экрандар 1, 5-2 мм қалыңдықты алюминий немесе болат беттерінен жасалады. Беттердің екі жағы 50 мм кем емес дыбысжұтқыш материалдармен қапталады.
Шудың таралу жолында төмендету құрылыс-акустикалық іс-шаралар жүргізу арқылы алынады. Шудың таралу жолында төмендету әдістері келесіні қолдану арқылы жүреді: былғарылар, экрандар, бақылау кабиналары (дистанционды бақылау кезінде), ғимараттар арасындағы дыбысоқшаулағыш қалқаншалар, дыбыс жұтқыш қаптырмалар, шу жұтқыштар және тағы басқа.
1-сурет - Шудан және вибрациядан оның таралу жолында қорғанудың жалпы қондырғыларының сұлбасы
1 - шу көзі; 2 - шу көзінің виброоқшаулағыштары (дыбыс вибрациясынан ең жақын қорғану әдісі) ; 3 - дыбысоқшаулағыш былғар, 4 - акустикалық экран; 5, 7 - дыбысоқшаулағыш кабина және оның сәйкесті виброоқшаулағыштары (бақылау көзінде шуды төмендету құралы) ; 6 - бақылау көзі. Қарастылған бірнеше түрлі шудан қорғану құралдары (шу көзінде пайда болған шуды төмендетуге арналғанынан басқалары) оңай қарапайым принциптерге негізделген дыбыс жұту (дыбыс вибрациясынан), осы екі принциптердің қиыстыру немесе кескіні.
Дыбысоқшаулағыш - шексіз қалың оқшаулағыш шектен дыбыс кескініне негізделген ауадағы шудан қорғану әдісі (2-сурет) [6] .
2-сурет -Дыбысоқшаулау
1 - шу көзі; 2 - шексіз қалың дыбысоқшаулағыш қабат
2. 1 Бірқабатты бөгеттермен оқшаулау
Бір қабатты бөгеттер - бірдей қалыңдықты біртекті материалдан тұратын конструкцияны атайды. Акустикалық бір қабатты бөгеттің көлемі бойынша тығыздығы мен серпімділігі біркелкі таралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz