Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні



КІРІСПЕ
1 Географиялық ақпараттық талдау жүйесі «Қауіпсіздік»
2 Электр қауіпсіздігі
2.1 Электр қондырғылары
2.2 Өрт. «Диспетчер» ақпараттық бағдарламасының жұмыс шартымен танысу
3 Төтенше жағдай салдарын жою және ескерту бойынша қызметін ақпараттық қолдауға арналған геоақпараттық жүйе
3.1 Жерді қашықтықтан зондтау
3.2 Жерді қашықтықтан зондтау әдісінің қолдану аясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекеттің алдында тұрған ең бір маңызды мәселенің бірі – ол халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сонымен бірге жалпы ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Осы шарттарды шешу үшін, ең алдымен мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің масштабы мен уақытын және де табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) пайда болу көздерінің зақымдаушы факторларының әсеріне объектілердің тұрақтылығы, сонымен бірге апаттық-құтқару жұмыстарын және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қолданылуы мүмкін күштер мен құрамалары туралы және басқа мәліметтер туралы – ақпарат қажет. Осындай ақпараттар негізінде біріккен мемлекеттік басқару жүйесінің (БЖ) органдары мен төтенше жағдайды жою мен алдын-алу жүйелері, төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғау жоспарларын жасайды, ТЖ әсеріне халықты дайындайды, ТЖ салдарын бағалайды және болжамдар жасайды, ТЖ –дың алдын-алуға, сонымен бірге өндірістердің қызмет ету тұрақтылығын арттыруға бағытталған, ғылыми-техникалық және мақсатқа сай бағдарламалар жасайды, ТЖ салдарын жоюға арналған материалдық және қаржылық қор жасайды.
1 Скворцов, А.В. Геоинформационные системы в дорожном строительстве: справочная энциклопедия дорожника (СЭД). Т. VI. / А.В. Скворцов, П.И. Поспелов, В.Н. Бойков, С.П. Крысин. – М. : ФГУП "ИНФОРММАВТОДОР", 2006.
2 Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 1 : учеб. Пособие для студ. Вузов
Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.
3 Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 2: учеб. пособие для студ. вузов
4 Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. – М.: Издательский центр "Академия", 2004.
5 Майкл де Мерс. Географические информационные системы / Майкл де Мерс. – М. : Дата+, 2000.
6 Введение в Arc Info версии 7.1.1. – М. : ГИСпроект, 1998.
7 Введение в ArcView GIS. Рязань : РИНФО, 1999.
8 Настройка ArcView с помощью языка Avenue. – Рязань : РИНФО, 1996.
9 Берлянт, А.М. Геоинформатика: наука, технология, учебная дисциплина
10 А.М. Берлянт // Вестник Моск. ун-та. – 1992. – № 2. – С. 16 – 23.
11 КеАҚ 38944979– 09–2015. Мәтінді жыне сызбалық материалдардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар. – Алматы, 2015.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

Курстық жұмысқа
Түсініктемелік жазба

Тақырыбы: Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні

5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және
қоршаған ортаны қорғау

Орындаған: Армияұлы.Нұрбақыт

Жетекші техн.ғыл.канд., доцент

____________Батесова.Ф.Қ
_____________2017 ж.

Норма бақылаушы
магистр, лектор
____________Садвакасов.Е.Е.
_____________2017 ж.

Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

Курстық жұмыс
Түсініктемелік жазба

Тақырыбы: Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні

Курстық жұмыстың орындалуын бағалау

Жұмыстардың орындалу сапасы
Баға
диапазоны
Алынған
1 Орындалмады
Сабақтарда себепсіз болмау
0%

2 Білім алушының орындауы және белсенділігі
0-50%

3 Жұмысты рәсімдеу
0-20%

4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі
0-5%

5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі
0-5%

6 Курстық жұмысты қорғау
0-20%

Жалпы
0-100%

Білім алушы Т.А.Ә. Армияұлы
Нұрбақыт.
Мамандық шифры 5В073100
Оқытушы Т.А.Ә. Батесова.Ф.Қ


Алматы 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА

Білім алушы Армияұлы Нұрбақыт
Жұмыс тақырыбы: Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 17 сәуір 2017ж
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі)
Географиялық ақпараттық талдау жүйесі (ГАТЖ) Қауіпсіздік. Электр қауіпсіздігі. Жерді қашықтықтан зондтау әдісі
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1 Скворцов, А.В. Геоинформационные системы в дорожном строительстве: справочная энциклопедия дорожника (СЭД). Т. VI. А.В. Скворцов, П.И. Поспелов, В.Н. Бойков, С.П. Крысин. - М. : ФГУП "ИНФОРММАВТОДОР", 2006.
2 Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 1 : учеб. Пособие для студ. Вузов Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. - М.: Издательский центр Академия, 2004.
3 Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 2: учеб. пособие для студ. вузов

Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ

Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері
Ескерту
Географиялық ақпараттық талдау жүйесі (ГАТЖ) Қауіпсіздік
10.03.2017

Жоқ
Электр қауіпсіздігі
20.03.2017
Жоқ
Жерді қашықтықтан зондтау әдісі
01.04.2017
Жоқ

Кафедра меңгерушісі _______________________Қасенов.Қ.М.

Жұмыс жетекшісі Батесова.Ф.Қ

Тапсырманы орындауға алған білім алушы_________________Армияұлы.Н

Күні ___________________2017 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
1
Географиялық ақпараттық талдау жүйесі Қауіпсіздік
8
2
Электр қауіпсіздігі
9
2.1
Электр қондырғылары
13
2.2
Өрт. Диспетчер ақпараттық бағдарламасының жұмыс шартымен танысу
16
3
Төтенше жағдай салдарын жою және ескерту бойынша қызметін ақпараттық қолдауға арналған геоақпараттық жүйе
18
3.1
Жерді қашықтықтан зондтау
19
3.2
Жерді қашықтықтан зондтау әдісінің қолдану аясы
20

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
26

КІРІСПЕ

Мемлекеттің алдында тұрған ең бір маңызды мәселенің бірі - ол халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сонымен бірге жалпы ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Осы шарттарды шешу үшін, ең алдымен мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің масштабы мен уақытын және де табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) пайда болу көздерінің зақымдаушы факторларының әсеріне объектілердің тұрақтылығы, сонымен бірге апаттық-құтқару жұмыстарын және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қолданылуы мүмкін күштер мен құрамалары туралы және басқа мәліметтер туралы - ақпарат қажет. Осындай ақпараттар негізінде біріккен мемлекеттік басқару жүйесінің (БЖ) органдары мен төтенше жағдайды жою мен алдын-алу жүйелері, төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғау жоспарларын жасайды, ТЖ әсеріне халықты дайындайды, ТЖ салдарын бағалайды және болжамдар жасайды, ТЖ - дың алдын-алуға, сонымен бірге өндірістердің қызмет ету тұрақтылығын арттыруға бағытталған, ғылыми-техникалық және мақсатқа сай бағдарламалар жасайды, ТЖ салдарын жоюға арналған материалдық және қаржылық қор жасайды.
Ақпаратпен қамтамасыз ету шарттарын шешкеннен кейін ТЖД (төтенше жағдай департаменті) шешім қабылдай отырып, ақпараттық ағынға толық өңдеу жүргізеді: ақпарат жинау, мәліметтерді талдау және бір жүйеге келтіру, есептік шарттарды шешу, ақпаратты сақтауды ұйымдастыру, ақпаратты қажетті күйінде және форматта беру. Мұнда сонымен қатар ескере кету керек, қабылданған шешімнің тиімділігі ақпаратпен қамтамасыз ету (АҚ) дұрыстығы мен шапшаңдығына, басқа сөзбен айтқанда басқару органдарының (БО) ақпараттық, есептік және аналитикалық талдау жасаулар қабілеттіліктеріне байланысты болады.
Қазіргі таңда Төтенше жағдай Министрілігінің басқару органдары ақпараттық қамтамасыз ету шарттарын үш жолмен шешуде: жеке компьютерді (ЖК) қолданбай, арнайы бағдарламасыз, жеке компьютерді қолдана отырып және арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерді қолдана отырып. Ақпараттық шарттарды шешу үшін, дәстүрлі базадағы мәліметтерді басқару жүйесін (БМБЖ) қолданылады, мұнда есептік шарттар өндірістік немесе өздері құрған бағдарламалық өнімдерді (БӨ) қолдану арқылы шешіледі.
ТЖД БО шешім қабылдауындағы АҚ шарттарын шешудің барлық дәстүрлі әдістерінің бір қатар жетіспеушіліктері бар. Оларға жататындары: ақпаратты өңдеу мен алмастыру жылдамдығының төмендігі; оны сақтау мен ұжымдық өңдеу кезіндегі қиындықтар; картаға жағдайды қолмен енгізу; тематикалық картаны құру мен шығарудағы қиындықтар; жағдайдың көрсеткіштерін есептеу мен оны объективті бағалауға арналған кеңістіктік талдау жүргізудің автоматтандырылған құралдарының жоқтығы және тағы басқа. Мұндағы басты кемшілігі, кеңістіктік құрамдарды ескере отырып, аналитикалық талдау жасау мүмкіндігінің жоқтығы.
1 Географиялық ақпараттық талдау жүйесі Қауіпсіздік

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғауға бағытталған, ақпаратпен қамтамасыз етудегі шешім қабылдаудың тиміділігін арттыру үшін Географиялық Ақпаратты- Аналитикалық Талдау Жүйесі қолданылады (ГАТЖ) (1-сурет).

1-сурет - Қауіпсіздік Географиялық ақпаратты-талдау жүйесінің құрылымы

ГАТЖ- бұл стандарттты геоақпараттық жүйелер (ГАЖ). ГАЖ-дың басты шарты- арнайы есептік шешімдерді, ТЖД басқару органдарының қабылданған шешімдерін қолдау мақсатында, ақпараттық және талдау шарттарын шешуге арналған. Келешекте жүйе келесі шарттарды шешуді қамтамасыз етуі қажет:
oo картографиялық карталарды түзету мен құруды;
oo электронды күйінде мәліметтерді жинауды, өңдеуді және сақтауды;
oo мәліметтерді жоғары жылдамдықпен өңдеуді;
oo жүйені дамыту мүмкіндігін;
oo мәліметтерді ұжымдық талдауды;
oo қолданушының жұмыс істеудегі қарапайымдығы мен қолайлы болуын;
oo сызба, сурет және видиоақпараттармен жұмыс істеуді;
oo әртүрлі географиялық координаталар жүйесін таба білуді;
oo векторлық және сызбалық үлгілердің, АБЖ (ақпараттандырылған бағдарламалар жүйесі) мәліметтеріне қолдау жасауды;
oo тораптар мен маршруттарға өңдеу жасауды;
oo картаны принтерден шығаруды;
oo сыртқы автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (ААЖ) мәліметтерін қолдану;
oo қашықтан зерттеу мәліметтерін (ҚЗМ) пайдалануды;
oo пайдаланудағы есептік үлгілерді қолдауды;
oo пайдалану үлгісін қабылдау мен жасау мүмкіндігін;
oo атрибуттық және кеңістіктік сұраныстарға өңдеу жасауды;
oo ГАЖ толық талдау жүргізуді;
ГАЖ - талдауларының нәтижелерін әртүрлі форматта ұсынуды;
oo үш өлшемдегі үлгі жасауды (3D);
oo үш өлшемді беттерді талдау және құруды.
oo Осы қойылған шарттарды шешу үшін ГАТЖ құру кезінде келесі жұмыстар орындалады:
oo ГАТЖ құруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және нарықтағы бәсекелестікті талдау;
oo ТЖМ басқару органдары (БО) арналған ГАТЖ жасау жобасының ғылыми- әдістемелік негізін құру;
oo ГАТЖ мәліметтер базасының физикалық және концептуалдық үлгісін жасау;
oo ГАТЖ құрамдарының есептік үлгілерінің концепсиясын жасау;
oo ТЖМ БО шарттарын шешуге арналған ГАТЖ қабылдаудың мақсатқа сай екендігі мен эксперименталды зерттеу мүмкіндіктерін қарастыру;
oo ТЖМ БО жергілікті деңгейде шешім қабылдауына қажетті БҚ шарттарын шешу үшін, ГАТЖ тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.
ҚР экономикасы саласы мен субъектілерінде ГАЖ БҚ пайдалануды талдау нәтижесінде ESRI фирмасының бағдарламалық өнімдер құрамына кіретін, ArcInfo бағдарламасы пайдаланылуда. ArcInfo, MapInfo, GeoDraw, AutoCAD Map Панорама сияқты бағдарламаларды пайдаланудан қарағанда ArcInfo бағдарламасының базасы сапалы екендігі анықталды.
ГАТЖ шешетін шарттарынан, оны құрудың БҚ құрамы анықталды
(2-сурет).

2-сурет - ГАТЖ жобасының бағдарламалық қамтамасыз етудің логистикалық сызбасы

2 Электр қауіпсіздігі

Электр, барлық халық шаруашылығында, тұрмыста, өнірісте қолданылады. Сондықтан электр қауіпсіздігі мәселесіне, үлкен мән беру керек. Электр қауіпсіздігі - ұйымдық және техникалық шаралар мен жүйесі, зиянды және электр тоғының қауіпті әсерінен, электр доғасынан, электор магнитті алаңнан және тұрақты электр тоғынан қорғауды қаматамасыз ету құралы.
МЕСТ 12.1.004-ке сәйкес электр өнімдерінің өрт қауіпсіздігі шартын мына шарттан анықтайды:

QП = QПР· QПЗ · QНЗ · QВ = 10-6,

Мұндағы QПР - өнімнің құрамды бөлігінде сипатты өрт қауіпті режимнің пайда болу мүмкіндігі (ҚТ пайда болуы, қызып кетуі, ауыспалы кедергінің артуы ),1жыл;
QПЗ - өрт қауіптілігі диапозоны мәнінде сипатты электротехникалық көрсеткіштерінің мәні жатыр (ауыспалы кедергінің тоғы) соның мүмкіндігі;
QНЗ - қорғаныс аппаратының жұмыс істемей қалу мүмкіндігі (электр жетегі);
QВ - жанғыш материалмен критакалық температураға және оның тұтануына жету мүмкіндігі .
Өрттің пайда болу болуының нақты мүмкіндігі туралы алынған мәліметтер қалыпты шамасымен салыстырылады (жылына, есептеуде бір өнімге10-6). Өнім өрт қауіпті емес, егер өрттің нақты немесе есептік ( жаңа өнімдер үшін) мүмкіндігі нормативтерден аспаса.
Электр қондырғылардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштері, электр қондырғыларды пайдалану мен жөндеу бойынша бұйрық түрінде, нормативті құжаттарға енгізіледі (мемлекеттік стандарттар, ведомаствалық нормалар мен ережелер, техникалық құжаттар).
Электр қондырғыларын пайдалану кезінде, өрттің пайда болу қауіптілігі электрлік тораптарда, машинада және аппаратта, жанатын тұйықтың, ауа оттегісінің және тұтану көзінің (электр тоғы) (немесе басқа тотықтырғыштың) бар болуы. Көбіне оқшаулау материалдары жанады, мақта- қағазды және жібек мата, резеңке, лакомата, қағаз, картон, полистирол, полиэтилен, поливинилхлорид, трасфарматор майы [1].
Өрттің пайда болу себебі электрлік өнімдердің авариялық жұмыс режимінде болуы мүмкін: қысқа тұйықталу, өткізгіштердің машинаның, аппараттың қызып кетуі; ұшқын мен электр доғасы; үлкен ауыспалы кедергі, ЭДС индуктирлейтін магниттік ағындардың өзгеру нәтижесінде, массивті металл бөлшектерінде пайда болған құйынды тоғы (бұл индуктирленген тоқтар бөлшек сияқты қалыңдықтарда қысқа тұйықталады).
Электр қондырғыларды орнату ( ЭОЕ) ережесі жаңадан салынатын және қайта салынатын электр қондырғыларда 500 кВ - қа дейін таралады. ЭЕО - ның жеке талаптарын, жұмыс істеп тұрған қондырғылар үшін қабылдауға болады, егер бұл электр қондырғыны жеңілдетеді. ЭЕО қайта жасалатын электр қондырғыларының бөлігіне таралады. ЭЕО жоспарлы - ескерту және профилактикалық сынақты, электр қондырғылары, сонымен бірге сиситематикалық білім беру мен қызмет ететін қызметкерлерді тексеруді пайдалану шартын міндетті түрде жүргізу есебінде жасалған.

2.1 Электр қондырғылары

Электр қауіпсіздігі (ЭҚ) шарты бойынша ЭҚ 1 кВ-қа дейінгі және ЭҚ 1 кВ жоғары деп бөлінеді (кернеудің мәні бойынша).
Ашық және сыртқы ЭҚ деп, атмосфералық әсерден қорғалған ғимараттағы электр қондырғыларын айтады. Шатырлы қорғалған торлы қоршаулармен қорғалған ЭҚ сыртқы сияқты қарайды.
Жабық және ішкі ЭҚ деп ғимараттарды немесе қоршалғандарды айтады, мысалы ЭҚ орналасқан ғимараттың торлы бөлігі, оған тек мамандандырылған қызметкерлер ғана кіре алады.
Сонымен қатар климаттық ортасына байланысты ғимараттар келесілерге бөлінеді: құрғақ(қалыпты)(ылғалдылығы 60%-ке дейін), ылғалды (ылғалдылығы 60-75%), дымқыл(ылғалдылығы 75%-тен көп), өте дымқыл (ылғалдылығы 100%-ке жуық), ыстық(температурасы +35°С-дан көп),химиялық активті органикалық ортамен шаң ғимарат.
Қабылдаған ЭҚ электр жабдықтары мен материалдары, бекітілген, орнатылған тәртіпте ТУ немесе МЕСТ талаптарына сәйкес болу керек.
Конструкция, орындаулар, орнату әдісі мен қабылданған машиналар, аппараттар және басқа электр жабдықтары, сонымен бірге кабельдер және жетектерді оқшаулау класы, ЭЕО басқаруына сәйкес талаптар мен қоршаған орта шарттары, электр қондырғылар немесе тораптар көрсеткіштеріне сәйкес болу керек.
Қабылданған ЭҚ электр жабдықтары, кабельдер, жетектер, өзінің нормалған, кепілдендірілген және есептік сипаттамасымен, ЭҚ берілген жұмыс шартына сәйкес болуы керек [2].
Электр жабдықтары мен солармен байланысты конструкциялар әсерлерден немесе қоршаған орта әсерінің қатнасында тұрақты болу керек.
Құрылыстық және санитарлық- техникалық ЭҚ бөлігі (ғимарат конструкциясы және оның элементі, жылу беру, желдету, сумен жабдықтау) құрылыстық норма мен ережелерге (СНмЕ) сәйкес орындалуы керек.
ЭҚ - да жинау мен қалдықтары алып бастау қарастырылуы керек: химиялық заттар, май, қалдық техникалық және тағы да басқа. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қазіргі талаптарға сәйкес, көрсетілген қалдықтарының, су қоймаларына, жауын- шашын суын айдау жүйесіне, арықтар, сонымен бірге осы қалдықтарға арналған территорияларға түсу мүмкіндігін жою керек.
ЭҚ - да олардың жеке элементтеріне жататын бөліктерді жылдам тану мүмкіндігін қамтамасыз еті керек (қарапайымдылық және схеманың көркемділігі, электр жабдықты орналастыруға жататын, қол таңбалар, белгілеулер, түстері).
Тұрғын, жалпы және басқа ғимараттарда тоқ жүргізетін бөліктерде жабу мен шектеу үшін қызмет ететін қондырғылар бірыңғай болуы керек; өндірістік ғимараттар мен электр ғимараттарында, осы қондырғылар бірыңғай торлы немесе тесікті болып жіберіледі. Қоршағыш және жабдықты қондырғылар кілті мен аспаптың көмегімен ғана алуға немесе алуға болатындай етіліп орындалуы керек.
Өткізгіштер мен кабельдерді механикалық зақымдаудан қорғау үшін арналған қондырғылар, мүмкіндігі бойынша машиналары, аппараттары және аспаптары енгізілуі керек.
Май толтырғыш аппараттар мен кабельдердегі бар ЭҚ өрт және жарылыс қауіпсіздігі, сонымен бірге титуммен, лакпен, сіңдірілген және жабық маймен. Электр қондырғылар, ЭЕҚ басқаруына сәйкес келтірілген талаптардың орындалуымен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген ЭҚ пайдалануға берілген кезінде қазіргі жағдайларына сәйкес инвентармен және өртке қарсы құралдармен жабдықтауы керек.
Электр тоғының тірі денеге әсерінің әр жақты немесе өзіндік сипаты бар. Адам организімінен өткен электр тоғының термиялық, электромагниттік, механикалық және биологиялық әсері болады.
Тоқтың термиялық әсері, тоқтың жолында орналасқан, дененің жеке учаскесінде күйіктер туғызады, органды жоғары температураға дейін қыздырады және олардың мәнді функционалды бұзылуын тудырады. Тоқтың электормагниттік әсері органикалық сұйықтардың ыдырауымен, сонымен бірге қанның және оның физика- химиялық құрамының бұзылуымен сипатталынады. Тоқтың механикалық әсері, қабатталуға, электор динамикалық тиімділік нәтижесінде организм клеткасының айрылуына әкеліп соғады, сонымен бірге әп-сәтте жарылыс тәрізді будың, клеткалы сұйықтар мен қанда пайда болуы. Тоқтың биологиялық әсері организмнің тірі клеткаларының қозуына және тітіркенуіне, сонымен бірге ішкі биологиялық үдірістердің бұзылуына алып келеді.
Электро жарақаттарды жалпы және жергілікті деп шартты бөледі. Жалпыға жататындары тоқтың соғуы, ол кезде әртүрлі бұлшық еттің топтарының қозу үдірісінде тырысады, дем алуы тоқтайды және жүрек тоқтайды. Жүректің тоқтауы, жүрек бұлшық еттерінің жеке талшықтарының бірден қысқаруымен - фибирляциямен байланысты жергілікті жарақаттарға ,күю, терінің күюі, механикалық зақымдалу, металлмен күю, электор офтальмия. Терінің металлдануы электр доғасының әсерімен металлды балқыту кезінде, металлдың кішкентай бөлігінің теріге енуімен байланысты.
Электр тоғымен зақымдалудың нәтижесі көп факторларға байланысты: ток күші және организм арқылы оның өту уақыты, тоқтың сипаты (ауыспалы немесе тұрақты), адам денесіндегі ток жолы, ауыспалы ток кезінде - тербеліс жиілігінде.
Адам организмі арқылы өткен тоқ, зардап шегуші жақындаған кедергіге және адам денесіне кіретін қосынды элекрт кедергісіне байланысты. Соңғысының шамасы құрғақ теріде және жүз мың Ом зақымдалуы жоқ қарастырушы тері қабатының, негізгі кедергісмен анықталады. Егер осы шарттар терінің қалпына келтірмесе, онда оның кедергісі 1 кОм - ға дейін түседі. Жоғары кернеуде және тері арқылы бірнеше уақыт тоқ өткенде, терініңкедергісі одан ары түседі, ол ауыр тоқпен зақымдалуға соқтырады. Адам денесінің ішкі кедергісі бірнеше Омнан аспайды және маңызды роль атқармайды. Электр тогының әсеріне, адам кедергісіне денсаулығы мен адамның психологиясының жағдайы әсер етеді [3].
Дені сау емес, аштық, мас болу, эмоционалды қозу, шаршау кедергісінің түсуіне әкеліп соғады. Тоқтың түрі мен күшіне байланысты адамға тоқ әсерінің сипаты 1 - кестеде келтірілген.

1-кесте - Адамға тоқтың әсер ету сипаты (қолға - аяққа тоқтың жолы 220В)

Ток, мА
Ауыспалытоқ, 50 Гц
Тұрақтытоқ
0,6...1,5
Алғашқы сезіну, саусақтардың сәл дірілдеуі
Ешқандайәсеріжоқ
2,0...2,5
Алғашқыаурудысезу
Солсияқты
5,0...7,0
Қолдағыалғашқытырысудыңбасталуы
Солқылдау, қызудысезу
8,0...10,0
Қолдағытырысу, бірақэлекторводттантатыпалуғаболады
Қызудыңкүшеюінсезу
20,0...25,0
Өте қатты тырысу және аурудың күшеюі, тоқтың жібермеуі, дем алудың қиындауы
Қолдың тырысуы,дем алудың қиындауы
50,0...80,0
Демалудыңтоқтапқалуы
Солсияқты
90,0...100,0
2-3 сағат тоқтың әсерінен жүректің фибирляцияға ұшырауы, дем алудың қиындауы
Тоқ ұзақ уақыт өткен кездегі дем алудың қиындауы
300,0
Солсияқты аз уақытта
2-3 сағат тоқтың әсерінен жүректің фибирляцияға ұшырауы, дем алудың қиындауы

Рұқсат етілген тоқ, ол адам өздігінен электр тізбегінен ажыратылуы. Оның шамасы адам денесі арқылы өткен тоқтың жылдамдығына байланысты: әсердің ұзақтығы 10 с-тан көп болса - 2 мА, 10 с кезінде және одан аз болса - 6 мА.. Зардап шегуші өздігінен тоқ жүретін бөліктен ажырай алмайтын болса, ол жібермейтін тоқ деп аталады.
Ауыспалы тоқ, тұрақтыға қарағанда қауіпті, бірақ жоғары кернеулі (500 В жоғары) тұрақты тоқ қауіпті. Адам денесінен тоқ өтуінің мүмкін жолағы (басы- қолы, басы - аяғы, қолы- қолы, аяғы - қолы, басы - аяғы), өте қауіптісі, ол бас миының, жүрегі мен өкпесінің зақымдалуы (қолы- аяғы). Қолайсыз микроклимат (жоғары температура, ылғалдылық) тоқпен зақымдалу қауіптілігін арттырады, сол ылғал тері қаптамаларының (тер) кедергісін төмендетеді.
Гигеналық нормалау кезінде, адам денесі арқылы өтетін (қолы-қолы, қолы - аяғы), тоқпен зақымдалудың шекті рұқсат етілген кедергісі, өндірістік және тұрмыстық электр жабдықтарының қалыпты жұмысы кезінде, тұрақты және ауыспалы тоқтың жиілігі 50 және 400 Гц.

2.2 Диспетчер ақпараттық бағдарламасының жұмыс шартымен танысу

Өрт - адам өміріне және денсаулығына зиян келтіретін, сонымен бірге мемлекетке материалдық шығын жасайтын, басқарылмайтын, жану үрідісі.
Өрттердің пайда болу себептері:
oo өндірістік жабдықтар мен электрлік құрылғыларды пайдалану ережесін сақтамау;
oo материалдар мен заттардың өздігінен жануы;
oo газдық разрядтар;
oo жағулар;
oo газдық плитаны дұрыс пайдаланбау;
oo күн сәулесінің әртүрлі оптикалық жүйелер арқылы әсер етуі.
Осы мақсатта жасалған Диспетчер ақпараттық бағдарламасы жүйелі торапта жұмыс істейді.
Диспетчер бағдарламасы өртке қарсы қызметтің диспетчерінің жұмысын автоматтандыруға және дер кезінде жылдам ақпарат беруге, арналған. Ол бағдарлама келесі қызметтерді атқарады:
oo горнизондағы (өрт бөлімшесіндегі) құралдар мен күштер туралы толық кез-келген уақытта ақпарат бере алады;
oo объекті туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
oo хабар түсе салысымен кез-келген орынға жылдам жетуге көмектеседі;
oo шығу қолайлылығын қамтамасыз етеді;
oo кез-келген кіріс және шығыс хабарламаларды тіркеуге мүмкіндік береді.
Шығуды дәл және толық жүзеге асыру, өрт бөлімшесіндегі кұштер мен құралдар туралы ақпаратты толық алуға, шығу кестесін дұрыс құруға мүмкіндік береді.
Күштер мен құралдар бойынша мәліметтің толықтығы келесілермен қамтамасыз етіледі:
oo есептеудегі техниканың түрі мен саны көрсетілген қатардағы жазбаны күн сайын қабылдауды және әрбір өрт бөлімшесіндегі резевте тұрған техниканы, сонымен бірге жеке құрамның мүмкіндігі мен санын қамтамасыз етеді;
oo күштер мен құралдардың барлық ауысуын толық тіркеуді қамтамасыз етеді.
Шығу кестелері, бір жағынан объекті мен звеноны, екінші жағынан күштер мен құралдарды байланыстырады. Маршрутқа шығу кезінде жанған объектіге жақын маңдағы өрт бөлімшесін, объектіге дейінгі қашықтықты және жету уақытын анықтайды.

3 ТЖ салдарын жою және ескерту бойынша қызметін ақпараттық қолдауға арналған геоақпараттық жүйе

Қазақстан территориясында Төтенше жағдайлардың 80% кездеседі. Осы төтенше жағдайлардың алдын-алу, халықты және территорияны қорғау мақсатында көптеген елімізде шаралар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар әсіресе жер сілкінісі, орман өрттері, қар көшкіні, сел және сондай-ақ техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, елімізге көптеген материалдық шығындар мен адам шығынын әкелуде. Осы төтенше жағдайлардың алды-алу шаралары ретінде, ГАЖ ақпараттық жүйесін пайдалану, ТЖ мамандары мен басқарушы органдардың жұмыстарын жеңілдетіп, дер кезінде ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, біздің елімізден басқа шет елдерде және Ресейде көптеп қолданылып келеді.
Компьютер ТЖД барлық деңгейлеріндегі жетекшілер мен мамандар және жұмысшылар үшін күнделікті құрылғыларға айналды. Осы құралдарды пайдалану қазіргі не бұрынғы офицерлердің пайда болған өндірістік тапсырмаларды шешу мен шешімдер қабылдау кезінде аймақ туралы картогарфиялық ұсыныс ақпараттарын алуда күнделікті жұмыс кезінде олар электрондық карталарға жүгінеді [4].
Осыған байланысты, ТЖ кезінде ГАЖ заманға сай позициясымен моделдеу әдісіне жекелегенде, ақпараттың өңделуіне кешенді ыңғайды анықтайтын интеграциялы ақпаратты жүйе болып табылады.
Моделдің синтезінің процесінде моделдеудің автоматтандыру құралының кешенімен жобалаушылардың диалогты әрекеттестігінің жағдайындағы мәліметтердің базасының ақпаратты ресурстарды пайдаланады. ГАЖ моделдеу технологиясы келесі принциптерді пайдаланады:
oo Бірыңғай интеграциялы ақпараттың негізін қолдану және құру (моделдері);
oo Кешенді моделдеуді пайдалану; сандық моделдің интерактивті әрекеттестігі;
oo Математикалық моделдердің негізінде шешім қабылдау және ақпаратты өңдеу сатысында шешім қабылдау;
oo Моделдің талдануы және автоматты процедура синтезі үшін бірыңғай ақпаратты базаны пайдалану;
oo Көп нұсқалы жобалаудың жүргізілуі және үйлесімділік әдісін пайдалана отырып жобаның кешенді бағалауын жүргізу;
oo Жақсы дамыған ақпараттық ресурстардың болуы, ұйымдық-әдістемелік материалдардың мәліметтер банкі, тіркемелі бағдарламаның пакеттері, ақпараттық және математикалық моделдердің түріне кіреді;
oo Салалық ерекшелікке түзету қарапайымдылығы, қолданудың нақты аймағына әлсіз тәуелділікке байланысты, ақпараттық ресурстарды ұйымдастырудың максималды инварианттылығын қамтамасыз ету;
oo Арнайы ақпаратты-анықтамалық жүйелерді құру және одан тұтынушы сияқты және моделдеу пакетін жүйелі қолдау бойынша маман сияқты әрекеттестік ұйымын құрады.
ГАЖ моделдеу кезінде келесі бағдарламалы-технологиялық блокты бөлуге болады:
oo мәліметтер ұсынылған және үлгілерді қайта қалыптастыру операциялары;
oo жобалық қайта қалыптасу;
oo геометриялық талдау;
oo операцияны көмкеру;
oo функционалды - моделдегіш операциялар.
Форматтарды қайта қалыптастыру операциялары және ұсынылған мәліметтер әрбір ГАЖ кезінде болады, қашықтықты зондтау мәліметтерін өңдеу жүйесінде және САПР, соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы сақтандыру . Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Басқарудағы құжатпен қамтудағы ақпаратты қорғау тәсілдері (Жетісу ауданы әкімшілігіннің құжатпен қамтудағы ақпаратты қорғау тәсілдері)
Локальды мәліметтер қорлары
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Тактикалық басқаруға арналған ақпараттар
Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақпараттық жүйенің архитектурасы
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
Сондыктан саясат субъектісі
Пәндер