Қазақтың ұлы ханы Қасым хан Жәнібекұлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қасым хан

Қасым хан: Қасым хан
Қасым хан:
Қасым хан:
:
:
Қазақ ханы
Қасым хан:
Қасым хан: 1511 - 1518
Қасым хан: Ізашары:
Бұрындық хан
Қасым хан: Ізбасары:
Момыш хан
Қасым хан:
Қасым хан: Дүниеге келуі:
1445 жыл
Қасым хан: Қайтыс болуы:
1518 жылСарайшық
Қасым хан: Жерленді:
Сарайшық
Қасым хан: Әкесі:
Әз-Жәнібек хан
Қасым хан: Анасы:
Жаған-бегім
Қасым хан: Балалары:
Момыш хан, Хақ-Назар хан

Қасым хан Жәнібекұлы(1445-1518) -қазақтыңұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығыныңнегізін қалаушылардың бірі -Әз-Жәнібек ханныңортаншы баласы. ШешесіЖаған-бегімШайбани әулетінің атақты ханыМұхаммед ШайбанидіңінісіМахмұд сұлтанныңшешесінің туған сіңілісі. [1]

Мазмұны:

Мазмұны

1 Өмірбаяны2 Орнауы3 Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:4 Қасым ханның қасқа жолы5 Қосымша6 Иранда Қасым хан туралы қолжазба7 Жерленуі8 Тағы қараңыз9 Дереккөздер

Өмірбаяны

Қасым хан (шамамен 1445 - 1521 жылдары) - Қазақ хандығының ханы (1511 - 1521), Жәнібек ханныңұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың70 - 90жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ , қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан жәнеЖәнібек ханныңбасқа да ұлдарыСығанақ, Сауран, Отырар, Сайрамтүбінде бірнеше ретШайбани ханәскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр , үлкен күшке ие болғанМұхаммед Шайбани хан1506 - 10жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық ханШайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшінБұрындық ханнаналыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болсаСамарқанжаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 - 13жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 - 13жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзіТаразжаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым ханТашкенткежорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханыСұлтан Сайд ханелшілікпен келеді. Оның мақсаты - ТашкенттегіСүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд ханмақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 - 21жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекараЕділгедейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста - Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды

Орнауы

Орналасқан жері

Бұрындық ханСамарқанғакетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығыҚасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы жағалауларына дейін, оңтүстік- дейін, оңтүстік- бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік- менБалқашөзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыстаЖайықөзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Әлихан Бөкейхановкезінде былай деп жазыпты:

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.

Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.

Қасым ханның қасқа жолы

«Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

Қасым ханның билігі тұсындаКерей, кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді; Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді; Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты; Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қосымша

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғыжеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс». Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады». Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады». Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек». Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'». Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа - аруана, тайлаққа - атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Н. Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы»1995жыл

Иранда Қасым хан туралы қолжазба

ТегерандағыҚажы Хусейн Малеккітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие»(Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы -Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасынаМир Мулайим Бекдеген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазбаСефевидтер әулетінің(XVI-XVIII ғасыр) тарихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба - 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы наста‘лиқ үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке («Раузат ас-сафа», «Тарих-и алам арайи Аббаси», «Хабиб ас-сийар») сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым хандыДешті Қыпшақтың«ханы» кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады. Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан менШахи бектіңарасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды. Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді. Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралыЧ. Стори«Персидская литература»каталогында атап көрсеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, «Тарих-и Сафавие» деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандары жайлы
Қасым хан (1511-1518 ж. ж. билік құрған)
Қасым ханның қасқа жолы
Қасым хандығы
Хандар
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz