Қазақстан теңгесі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

15 қараша - Ұлттық валюта күні

1993 жылы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта қаржы нарығында айналымға енді. Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Мереке қарсаңында «Ұлттық банк» облыстық филиалының директоры Жұмабай Жандәулетовке жолыққан едік.

ТАРИХ

- Қарашаның 15-інде төл теңгеміз 17-ге толады. Бұл - теңгенің тарихы үшін әжептәуір уақыт. Ұлттық валютаны шығару туралы шешім де, теңгенің дүниеге келуі де оңай болған жоқ. Егемендікті енді ғана алған жас мемлекеттің қаржы жүйесі құрылып бітпеген болатын.

Бұл кез - экономиканың қатты құлдырап кеткен тұсы еді. Кеңес Одағы кезінде басталған инфляция қарқыны үдей түсті. Оны ауыздықтауға шама жетпеді. 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төл валютамызды енгізу туралы тапсырма берді. Ол кезде елімізде ақшаны бастыратын фабрика болған жоқ. Құнды қағаздар түгілі, оқушының дәптеріне дейін Ресейден әкелінді. Ұлттық валютаны әзірлеу, шығару үшін қаражат та тапшы-тын. Ұлттық банктің сол кездегі төрағасы Ғалым Байназаровтың бастамасымен үлкен реформалар жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Біраз тер төгудің нәтижесінде қаржы жиналды, алтын валюта қоры құрылды. Сөйтіп, төл теңгеміз Ұлыбританиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын 400 жылдан астам тарихы бар банкнот фабрикасында басылып шықты. 1993 жылдың мамыр айында теңге елімізге жеткізілді. Жоспарланған іс-шара өте қысқа мерзімде сәтті жүзеге асты. Сол жылы 12 қараша күні Елбасы «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, қарашаның 13-інде теледидар арқылы теңгенің қолданысқа енетінін жария етті. Арада үш күн өткен соң өз валютамыз қаржы нарығында айналымға енді.

Теңгеміз түрлі жағдайды бастан өткерді. Әсіресе, 1994-1996 жылдары теңге қатты құнсызданған болатын. Дәл осы кезде кәсіпорын, фабрикалар жабылып жатты. Жұмыссыздық көбейді. Бюджет қызметкерлері бірнеше ай бойы жалақысын, зейнеткерлер зейнетақысын ала алмады. Дегенмен, осы үш жылдың ішінде теңге қаншама құнсызданғанмен, инфляцияны жеңді. Егер ұлттық валютамыз рубльмен жүргенде қиындықтар тіптен арта түсетін еді. Сондықтан, экономиканы тұрақтандыруда теңгенің ықпалы мықты болды.

Теңге тарихында дизайнын екі рет өзгертті. Бастапқыда тарихи тұлғалардың портреттері берілді. Мұның тәрбиелік, саяси мәні зор болатын. Дегенмен, халықаралық стандартқа сай ұлттық валютаның дизайнын өзгертуге тура келді. Сөйтіп, теңгенің қорғаныс элементтері көбейтілді.

Айта кету керек, ТМД елдерінің арасында біздегі банк жүйесі алда келеді. Біз бірінші болып зейнетақы реформасын енгіздік. Банктердің депозиттерге кепілдік беру ісін де ең алдымен біз қолға алдық. ТМД аумағында өз банкнот фабрикалары бар ел санаулы: Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина. 1995 жылдан бері теңге Алматыдағы Банкнот фабрикасында басылып шығады. Ал темір ақшалар Өскенмендегі Монета сарайында соғылады. Жетістіктердің бәріне, сайып келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз.

«Дағдарыс кезінде де ұлттық валютаға халықтың сенімі жоғары болды»

Елбасы Жолдауында тұтас алғанда республика бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылға 12, 5 пайыздан кем емес, ал 2020 жылға 13, 0 пайыз болуы керектігі нақты айтылған. Жаңа жоғары технологиялық өндірісті іске қосу арқасында біздің облыста 2015 жылы жалпы ішкі өнімдегі өңдеу саласының үлесін 13 пайызға, ал 2020 жылға 15 пайызға дейін өсіру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде біздің өңірдің қарқыны мықты. Бұл жөнінде Елбасы Ақтөбеге сапары кезінде «Индустриялық бағдарламаның дамуы бойынша ең алдыңғы шепте Ақтөбе облысы келе жатыр» деп жоғары баға берген болатын. Стратегиялық маңызы зор үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбенің үлесі көп. Бұдан біздің облыстың мүмкіндігі мол екендігін аңғаруға болады. Экономикамыздың ілгері дамығанының жемісі - біздің өңірде депозит салымшылары көп. Тіпті, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де тұрғындардың жағдайы жақсы болды десек артық айтқандық емес. Халық ұлттық валютаға, банктерге де нық сенімді болды. Мысалы, 2008 жылы жеке тұлғалардан тартылған депозиттер - 257 миллиард теңге болса, 2009 жылы 264, 3 миллиард теңгеге жетті. Қазірде ақшаны өз валютамызбен сақтайтын салымшылардың үлесі - 70 пайызға жуық.

Негізі, қаржыны түрлі валютада сақтаған дұрыс. Себебі, бірінен ұтылсаң, екіншісі толтықтырып тұрады. Және түрлі банктерде сақтаған жөн. Банкротқа ұшырайтын банктер жоқ, бәріне сенім білдіруге болады.

Қынжылтатыны - банктерге қарыз тұрғындар көп. Борышқорлар 2008 жылы 0, 6 пайыз болса, 2009 жылы 2, 4 пайызға жетті. Жылдың басында бұл көрсеткіш - 7, 4 пайыз болған еді, қазір 10 пайыздан асып кетті. Мысалы, банктердің тұрғындардан алашақ ақшасы 155, 6 миллиард теңге болса, соның 15, 8 миллиарды қайтарылмай отыр. Бұлардың ішінде ипотекалық несиелер өте аз. Негізінен, қайтарылмаған қаржының басым бөлігі - бұдан бірнеше жыл бұрын СТН, әлеуметтік жеке код, жеке куәлік және зейнетақы қорларына түскен ақшалардың көрсеткіші арқылы тегін үлестірілгендей болып берілген несиелер.

Банктер қарызды қайтарып алу мақсатында біраз шаруа жасады. Тіпті, нақты бір күндерді белгілеп, сол уақытта несие төлеушілерден өсімақыны алып та тастаған банктер болды. Бірақ нәтиже аз.

Тұрғындар банктерден несие алмастан бұрын қаржыгерлерден кеңес сұрағаны жөн. Және келісім-шарттың әр сөзіне, сөйлеміне мән беріп, мұқият оқуы тиіс. Дегенмен, тұрғындардың барлығы бірдей бұл талапты орындай бермейді. Көпшілік ақша алғанына мәз болып, қол қоя салады. Несиені алған соң барып, кеңесуге келетіндері бар. Содан кейін түсінбеушілік болса, жан-жаққа арызданады. Ал қол қойылған соң, ортақ келісімге келгеннен кейін, банктің көрсеткен ережелерін орындаудан басқа амал жоқ. Сондықтан, несие алмастан бұрын әбден ойланған абзал.

Қосымша дерек:

*** 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

*** 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.

*** Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

*** 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.

*** 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

*** Арада үш күн өткен соң, 15 қарашада тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енді.

*** Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8. 00-де басталып, 20 қарашада сағат 20. 00-де аяқталды.

*** Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.

*** Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4, 75 теңге болып бекітілді.

*** 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.

*** Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

*** Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;

- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;

- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.

*** Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.

*** Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

*** 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.

Қазақстан теңгесі

: Tenge (ағылш. )
Tenge (фр. )
:
:
:
200 теңге (жаңа нұсқа)
5, 10, 20, 50 және 2,000 теңге (ескі нұсқа)
200 теңге (жаңа нұсқа)
5, 10, 20, 50 және 2, 000 теңге (ескі нұсқа)
:
:
: Кодтар және таңбалар
: Кодтар ISO 4217
KZT (398)
: Аббревиатуры
₸ • T • тңг
: Айналым шекарасы
: Эмитент
http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d3/Flag_of_Kazakhstan.svg/22px-Flag_of_Kazakhstan.svg.png Қазақстан
: Туынды және параллельді бірліктер
: Бөлшекті
Тиын ( 1 100 )
: Айналымдағы мәнеттер және банкноталар
: Мәнеттер
1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге
: Банкноталар
200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 тенге
: История
: Еңгізілді
15. 11. 1993
: Бонкноталар және мәнеттер өңдірісі
: Эмиссиялық орталық
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
: Банкнота өңдіруші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ
:

www. bf. kz

: Ақша сарайы
Қазақстан теңге сарайы
:

www. kmd. kz

: Бағамдар ХВҚ, ЕОБ және ҚРҰБ мәліметтері бойынша аутоматты түрде жаңартылып отырады.
:

Теңгенің жаңа нышаны

Қазақстан теңгесі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Жалпы мәліметтер
  • 3 Ұлттық Банктің мұражайы
  • 4 Банкноттар
  • 5 Шақалар
  • 6 Қызықты деректер
  • 7 Ескерткіш банкноттары

Тарихы

Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

  • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
  • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
  • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған) .

Кейіннен айналысқа:

  • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
  • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
  • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
  • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны) ;
  • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
  • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

2001 жылы:

  • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген) ;
  • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) ;
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
  • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) .

2002 жылы:

  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
  • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.

2003 жылы:

  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

2006 жылы:

  • 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 1 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн) .

Жалпы мәліметтер

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/38/KazakhstanP9-5Tenge-1993-donatedhugo_f.jpg/300px-KazakhstanP9-5Tenge-1993-donatedhugo_f.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf4/skins/common/images/magnify-clip.png

1993 жылы басылған 5 теңгелік купюра. СуреттеҚұрманғазы.

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. [1]

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8. 00-де басталып, 20 қарашада сағат 20. 00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4, 75 теңге болып бекітілді.

1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961- 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған.

Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.

Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.

Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-18 қарашада КСРО-ның 1961 - 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/78/T15-gold-av.jpg/200px-T15-gold-av.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf4/skins/common/images/magnify-clip.png

15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг монета, сыртқы жағы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/31/T15-gold-rev.jpg/200px-T15-gold-rev.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf4/skins/common/images/magnify-clip.png

Артқы жағы

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «5 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан.

Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg. » деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан - «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 1 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта - теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 1000 грамм, диаметрі - 100 mm., «proof» сапасымен жасалған. [2]

Ұлттық Банктің мұражайы

Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII - XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.

Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған - «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.

Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.

1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:

  • 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
  • 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
  • 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
  • 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;
  • 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
  • 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн) ;
  • 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн) ;
  • номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;
  • 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
  • 2003 жылғы номиналы 1 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 1 теңгеге дейін.

Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 1, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан экономикалық аймағындағы Атырау облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы
Салық салудың әділдігі
Оңтүстік Қазақстан аймағы
Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын құру және алу қағидалары
Түлкібас ауданы
Қызылорда облысының экономикалық потенциалы
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары
Төлем көзінен салық салынатын табыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz