Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

№ 1. Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы

Жоспары: 1. Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе

2. Бейнелеу өнері түрлерінің әр алуан ұғымдардың мән-мағынасы

Мақсаты: Студенттерге бейнелеу өнері рухани-мәдени сананың, эстетикалық көзқарастың, философиялық танымның шығу көзі жәнe көрініс обьектісі екендігі жайлы түсінік беру.

Мәтіні (қысқаша) :

Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғағындағы форма мен образдың көріну сипатын ашу. Кеңістік - біз үшін геобиологиялық, әлеуметтік, рухани және мәдени орта. Уақыт -тарихи кезең. Өнер-рухани-мәдени сананың, эстетикалық көзқарастың, философиялық танымның шығу көзі жәнe көрініс обьектісі. Сондықтан, оның құндылықтарының бағалануы, оған айтылатын сыни көзқарасқа, әлеуметтік сұраныс талап-тілектерге, қоғамдық не жеке даралық позицияға байланысты айқындалады. Онымен қоғамның рухани-мәдени жетістіктері де байланысты. Ол суретшінің көркемдік іс-әрекетіне де тікелей әсерін тигізеді. Сонда көркемөнер ізденіс тәжірибелері мен көркем образды түйсіну мүмкіндіктеріне рухани, мәдени, тарихи, табиғи, психологиялық және әлеуметтік алғышарттар рухани тұғыр қызметін атқарады. Сонымен бірге бейнелеу өнері-индивидуальді өнер. Образды сомдау және оны қабылдау барысында суреткердің немесе көрерменнің рухани-мәдени болмысы, көркем-эстетикалық, философиялық көзқарасы, мәдени деңгейі, табиғи дарыны жетекші орынға шығады.

Өнер тарихы дегеніміз адамзат тарихы. Адамзат ес жиғаннан бері өнермен бірге жасасып келеді. Өнер адамның дүниеге, болмысқа деген наным-сенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әсемдік пен сезімдердің қайнар көзі болды. Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден бір негізгі белгі болып табылады. Өнер адамды тұрпайы дөрекіліктен сезімталдыққа, сүйіспеншілікке баулып оны жоғары парасаттылық биігіне көтереді. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиеледі. Өнер арқылы адам сұлулық пен дөрекіліктің ара жігін айыра білді, осыдан барып адамда эстетикалық талғам қалыптасты. Адам өнерді тудырса, өнер адамды әсемдікке, салиқалы ойлылыққа, мәдениетке жетеледі.

Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен қалыптасуына зор гуманитарлық қалыптасуына әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасын тәрбиеленеді, әсемдікке деген сезімі қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды. Өнердің адамға моральдық яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де роль зор. Өнер шығармалары-бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толық та нақты тарихы. Оны қайта жазуға, боямалауға, өзгертуге болмайды. Өнер түрлері өте көп, олардың арасындағы шекара да икемді және жылжымалы болып келеді.

Әлем картинасы толық көлемде олардың қайсыбір жекелеген түрі арқылы берілмейді. Сондықтан да суретші оларды механикалық түрде біріктіре отырып емес, тұлғаға көпжақты эмоционалды әсер етуге қабілетті өнерді синтездеп, ерекше қосынды жасай отырып, әр түрлі өнер түрлерінің мәнерлеу құралдарын пайдаланады.

Бейнелеу өнерінің түрлері әр алуан ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді. Олар мыналар:

Анималистер деп бірыңғай аңдарды бейнелейтін суретшілерді айтады. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

Витраж- терезеге салынған сурет. Ол француздың «vitre» (терезе әйнегі) деген сөзінен шыққан. Витраж өнердің ең көне түрі. Ортағасырларда салынған соборлардың барлығы дерлік витраждарымен ерекшеленеді.

Графика-сурет салу өнері. Гректің «grapho» (жазамын, суретке саламын) деген сөзінен шыққан.

Живопись ең бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен қайта өрлеу дәуірінде де, Ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген. Живопись станоктік және монументтік деп екіге бөлінеді. Мольбертке н/е керілген кенепке салынған шығармалар «станоктік» живопись деп аталады. Ал, «монументтік»живописке үйлердің ішкі н/е сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығармалар жатады.

Колорит суреттерде әр алуан боялардың белгілі бір үйлесім табуы. Колорист суретші әр бояудың жеке өзіне, оның басқа бояулармен үйлесіміне ерекше мән береді.

Композиция - латынның «compositio» ойлап шығару, құрастыру деген сөзінен шыққан. Суретші өз шығармасында айтпақ ойы анық әрі әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін адамдар мен оларды қоршаған нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі.

Миниатюра - ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер. Суреттердің көлемі шағын болса да, суретші ондағы ең бір елеусіз нәрселердің өзін мүлт жібермей, тәптіштеп көрсетеді.

Мозайка - ең ежелгі өнердің бірі. Ол асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.

Мүсін-ең ежелгі өнерлердің бірі. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «sculpere»-қашау деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі-бояулар, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық мүсіндейді. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған шығармасының мінез құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады.

Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды бейнелейтін картиналар жатады. Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды.

Пейзаж - өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Адамдар әу бастан табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек ХҮІІ ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адамның рухани және материалдық өмірінде бейнелеу өнерінің алатын орны
  2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
  3. Бейнелеу өнерінің эмоциялы - мазмұндық мәнініњ көркемдік тілін құрушы бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдері
  4. Анималистер бірыңғай аңдарды бейнелейтін суретшілер
  5. Витраж- терезеге салынған сурет.
  6. Графика-сурет салу өнері.
  7. Живопись ең бір ежелгі өнер
  8. Композиция - латынның «compositio» ойлап шығару, құрастыру деген сөзінен шыққан.
  9. Миниатюра - ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер.
  10. Мозайка - ең ежелгі өнердің бірі.
  11. Мүсін-ең ежелгі өнерлердің бірі.
  12. Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
  13. Пейзаж табиғат көріністерін бейнелейтін жанр

№ 2. Лекция сабағының тақырыбы: Ежелгі кезеңдегі палеолит, мезолит және неолит өнері

Жоспары:

1. Ежелгі өнердің бастапқы нышандары

2. Полеолит, мезолит және неолит өнері

Мақсаты: Студенттерге өнердің бастапқы нышандары жайлы, пластикалық өнердің пайда болуы жөніндегі теориялық түсініктер беру

Мәтіні (қысқаша) :

1. Өнердің бастапқы нышандары

Ежелгі дүние - тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.

Біздің заманымыздан бұрынғы 4 - 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б. з. б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды.

Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 - 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті.

Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.

Бізге белгісіздеу, бұлыңғырлау көрінетін мұнан ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Адамның арғы тегі болып табылатын неондертальдарда сезімдік түйсік пен ойлау қабілетінің қылаң беруі, оларды өмірге қажетті қарабайыр алғашқы еңбек құралдарын жасауға, түйсікпен еңбек етуге талпындырды. Бірақ олардың ойлау қабілеті мен сезімдік қасиеттерінің әлі толық жетілмеген кезі еді. Адамның өзін-өзі тежеу, көпшілік болып ұйымшылдыққа топтасуы әлі қалыптаса қоймаған. Көбінесе адамдар жалғыз-жарым өмір сүрді. Сондықтан болар, олардың қолданған құралдары мыңдаған жылдар бойы өзгере қоймады.

Тек кейінірек, өмірге қауіп төндіретін жыртқыш аңдарға қарсы тұру үшін, күн көрістің қамымен топтасып, қауымдасып өмір сүретін болды. Осыдан бастап алғашқы қауымдық құрылыс өмірге келді. Адамның сана-сезімі өсіп, тұжырымды да байыпты әрекеттерге барды. Өнерлі ой туындады. Егер бұрын адамдар табиғи заттарды еш өңдеусіз пайдаланса, енді оны өздерінің ыңғайына қарай қажетінше өзгертіп, өңдеп алып отырды. Бұл өнерлікке деген бастаманың алғашқы нышаны еді. Өйткені қандай зат болмасын, оның табиғи күйін саналы пайымдау арқылы өзінше өзгерту адамнан белгілі бір салиқалы ой-тұжырымды, шеберлікті қажет етеді. Ал шеберлік жүрген жерде әрдәйім өнерлі ой толғанысы пайда болады. Осыдан барып өмірге табиғи қалпындағы емес, адам қолымен өзгертіліп өңдеуден өткен, бойында өнер нышаны бар зат туындайды. Көбінесе осындай туындылар өнердің туып қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Өнерлі ой толғаныстың арқасында адамның еңбекке деген қызығушылығы мен ынтасы арта түсті, рухани сезім қажеттілігінің байи түсуіне үлкен әсер етті. Сонымен қоса адамның алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде рухани игіліктерді тез меңгеріп кетуіне, әлемнің тылсым сырына құштарлана түсуіне, айнала қоршаған табиғи құбылыстарды зерттеп-зерделей білуіне үлкен септігін тигізді.

2. Полеолит, мезолит және неолит өнері

Тас дәуірінің алғашқы кезеңі полеолит заманында, адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып қана қоймай, оны ары қарай дамытты. Алғашқы айқұш-ұйқыш ретсіз сызық белгілерден бастап, сан түрлі аңдардың, тіпті адамдардың нобайына дейін бейнелейтін дәрежеге көтерілді. Палеолит дәуіріндегі өнердің бір топ үлгісі Испанияның атақты Альтамира үңгірінен табылды. Үңгірде ертедегі адамдар салған көптеген аңдардың негізінен қодастың, жылқының, қабанның әр түрлі қимыл-қозғалыстағы кейіптері шеберлікпен кескінделген. Адамдар өздерімен күнделікті кездесіп жүрген жабайы аңдарды жете зерттегені сондай олардың ерекше қасиеттерін, жүріс-тұрысын өзгеріс үстіндегі қас-қағым сәттік кейпін дөп басып, айнытпай бере білген. Түрлі-түсті табиғи бояулармен салынған бұл суреттер өзінің шынайылығымен, аңдардың дене бітімінің пропорциялық дәлділігімен бейнелеген. Сондай суреттің бірі- Альтамира үңгіріндегі қодастың кескіні. Мұнда аң бейнесі ширыққан қимыл-қозғалысты, әсем ырғақты сызық толқындарымен жоғары профессионалдық деңгейде салынған. Палеолит адамдары осындай шебер суретші бола тұра композициялық құрылымға келгенде қарабайыр, ретсіз шашырандылыққа ұрынған. Өйткені олардың санасында белгілі бір заңдылыққа негізделген ережемен бейнелеу, айнала кеңістіктің кескінделген аңдармен байланысын беру қолданылмаған, бар ниеті тіршіліктегі ең басты қарсыласы жабайы аңдардың болмыс-бітімін, мінез даралығын тереңірек білу болатын. Сондықтан да олардың суретін аса бір зейінділікпен шұқшия зерттеп, кескіндеуді шебер меңгере білген.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдарының өнерін зерттеу барысында олардың шығармаларынан тек аңдарға баса көңіл бөлу қатты байқалады, сол себептен де болар тасқа таңбаланған суреттерден адам кескіні өте сирек кездеседі. Кездескен суреттердің ішінде, әсіресе мүсін кейіптері көп кездеседі. Сондай мүсіннің бірі «Костенки венерасы». Мүсінде ертедегі адам жалпылама қарабайыр сомдалып, ешқандай дене мүшелерін анық көрсетпей, абстрактілі түрде бейнеленген. Ал екінші бір мүсін «Савиньяно венерасы» мүсіншесінде әйел бейнесі, оның әйелге тән нәзіктеу дене бітімі, қимыл-қозғалысы әсерлі сомдалуы, «Костенки венерасы» мүсінінен ерекшеленіп тұр. Бірақ шыншыл бейнелеуге жақындағанымен, шарттылық нышаны мұнда да сезіледі. Оны мүсіншенің басы мен аяқ-қолдарының сомдалуынан байқауға болады. Сонымен қатар палеолит әйел мүсіндерінің сомдау ерекшеліктеріне ойлана, тереңдей үңілер болсақ олардың белгілі бір діни наным бойынша немесе табыну символы ретінде жасалған. Сол кезеңдегі мүсіндердің дені- әйел кейіптері, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыста белді қоғам басқарушысы әйелдер болды деген негіз бар. Екінші бір негіз- әйел қоғамның басқарушысы ғана емес, сонымен бірге ошақ басының қамқоршысы, ұрпақ жаюшы ретінде көрініс береді, оны сол артықшылықтары адам табынарлықтай құдай кейпіне дейін көтерген. Сол себептен де олардың бет-әлпетін бейнелеуге суретшілердің дәрменсіздік танытып, батылы бармаған.

Палеолит дәуірінің аяққы кезеңі мен неолит дәуірінде жартас суреттері кең етек жайды. Бұындары тек жабайы хайуанаттарды ғана бейнелеп келсе, енді белгілі бір кіші-гірім тақырыптарға құрылған адамдар мен аңның қарым- қатынасын көрсететін суреттер пайда бола бастады. Суреттер бұрынғыдай тәптіштелініп, оның табиғи қалпында салынбай, тәсімді түрде бейнелеу өмірге келді. Бұл әдіс адамға айналадағы күнделікті құбылысты, қоғамдық қақтығыстарды қарапайым тәсімдік әдіспен тез бейнелеп отыруға құлшындырды.

Жан-жануарлардың, адамның тәсімдік абстракциялы бейнелері адамзатқа ой салып, оның қиял-ғажайып сана-сезімін өсіріп, жаңадан тың бейнелер тудыруға, пиктограммалық жазудың (әр түрлі нышандармен (суреттермен) бейнелеп ойды жеткізу) пайда болуына үлкен әсерін тигізді.

Осындай өнердің пайда болуы арқасында адам ауқымды ойлауға икемделініп, өмірді саналылықпен тұжырымдауға барынша батыл бет бұрды. Бұрынғыдай көргенін бұлжытпай көшіре салмай, терең ойлы философиялық тұрғыда кескіндеу кең құлаш жайды. Соның арқасында өнерлі сана-сезім философиялық оймен байтылып, түйіні қиын өнер белгі тәсімді немесе ою-өрнекті бейнелеу пайда болды.

Егер бұрынғы (палеолит дәуірі өнерінде) адамдар қалдырған өнер белгілерінде олардың айтар ойын бір көргенде тез табатын болсақ, кейінгі неолит дәуірі өнерінің алдында біраз ойланып-толғануға тура келеді. Осы кезеңдегі суреттер өзінің тақырыбының сан алуандылығымен адам назарын өзіне аударады. Жартасқа таңбаланған кейбір суреттерде сол заманның қоғамдық құрылысын, тайпа аралық алапат соғыстарын тамашалауға, сол арқылы тарих тереңіне байыпты үңіліп, көз алдыңа елестетуге болады.

Осындай қарапайым да тәсімдік стилизациялы бейнелеу өнерінің өркендеуіне үлкен серпіліс туғызды. Өнерге деген ойдың ұшталуына септігін тигізіп, қолдың ырғақты иірім-сызықтарына деген икемділігін тез қалыптастырды. Тәсімдік суреттерден туындаған ою-өрнек нақышты өнердің дамуына жол ашты. Түрлі тәсімді суреттер нақты белгіге, одан пиктограммалық әріптерге айналды. Осы кезеңде өнер үш-төрт салаға бөлініп, өзіндік бет-бейнесін қалыптастырды. Алғаш рет саз балшықтан қыш кеселер жасалып, олардың жиектері, қабырғалары түрлі белгілермен (нүкте, сызық, т. б. ) өрнектермен көркемделетін болды. Енді өнер тек қызықтайтын жартастағы сурет қана емес, адам қажетіне жарайтын заттардың әсемдік әрін беретін қажеттілікке айналды.

Таяу уақытқа дейін алғашқы қауымдық өнердегі бейнелеу формаларының эволюциясына қарама-қарсы екі көзқарас болып келді: бірінші көзқарас бойынша оның бастапқы қайнар бұлағы үңгірлердегі натуралистік кескіндеме мен мүсін деп есептелінсе, екінші көзқарас бойынша -палеолиттік өнерде кең орын алған схемалық таңбалар, геометриялық шартты формалар деп саналды. Палеолиттік үңгірлердің қабырғаларындағы нағыз ежелгі суреттердің қатарына натуралистік суреттерді де-адам қолының дымқыл саз балшыққа түсірілген таңбаларын және тағы да сол саз балшыққа қолмен жөн-жосықсыз сызғылап түсірген айқыш-ұйқыш ирек сызықтарды - «макарондар» мен «меандрлерге» жатқызуға болады, бұл суреттер осы дәуірде салынған. Нағыз ежелгі мүсіндемелердің бірі-франциядан табылған әйелдің кеуде мүсінінің фрагменті қарапайым-реалистік стильде жасалып, қысқа-қысқа қатарласқан штрихтардан тұратын схемалық өрнектермен әшекейленген. Палеолиттік әйел бейнелерінің бәріне дерлік ортақ форма белгілерін дененің жеке мүшелерін бет әлпеті мен аяқ табандарының жоқтығы, бұл арада таза стильдік ортақтық айқын байқалады. Бүкіл палеолиттік мүсін тас пен сүйектен жасала тұрса да, бұл мәнерге ұқсас мәнерді тек Мексиканың архайкалық саз балшық мүсінінен ғана кездестіруге болады. Бұдан жиырма бес мың жылдан астам уақыт бұрын сөнген ошақтағы оттың орнынан, тас, сүйек құралдардың арасынан, адамзат мәдениетінің тарихында бірінші рет керамикалық бұйымдар табылды, олардың ішінде палеолиттік «венералар» стилінде жасалған әйел бейнелері де бар. Палеолиттік әйел бейнелерінің басым көпшілігінің өзіндік ерекшелігі жоқ, мұнда нақтылы бір натураны қаз-қалпында бейнелеуде емес, ошақ басының қамқоршысы, ұрпақ жаюшы ана-әйелдің жиынтық образын жасауда болған. Палеолиттік аңшылар адамның бет-жүзін барлық детальдарымен шебер бейнелеп қана қоймай, сонымен бірге оған едәуір даралық сипат та бере білген. Мысалы; мамонттың сүйегінен ойып жасалған еркек адамның басы: онда сопақтау келген бет пішін, мұрынның, екі көздің, ауыздың өзіне тән формалары айқын көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
Кіші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиелеу
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері
Ислам діні және Қазақстан мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz