Білім берудегі жаңашыл және ақпараттық технологиялар


Білім берудегі жаңашыл және ақпараттық технологиялар
Қазіргі заманғы оқу үрдісін ұйымдастыруда интерактивтік нысандарды қолдану, тапсырманы орындау тәсілі мен жетістік деңгейін таңдау құқығын ұсыну, білім берудің мазмұнын қайта қарастыру оқушылардың белсенділігін арттырып отыр. Білімді игеру үрдісін қайта құруға бағытталған бұл өзгерістер жеке тұлғаны дамыту құралына айналған. Әлемдік педагогиканың барлық жақсы әдістерін бойына жинаған инновациялық технологиялардың бірі - «Step by Step» технологиясы болып табылады. Бұл технологияның басты мақсаты -әлемде ұқсастығы жоқ ерекше әдістемені қолдану арқылы білім берудегі адамгершілік пен демократия үрдістерін қолдау және дамыту болып табылады.
Активизация учащихся благодаря использованию интерактивных форм организации учебного процесса, предоставление права выбора уровня достижений и способа выполнения задания, дифференция содержания образования- все эти направления перестройки процесса усвоения знаний становятся и средствами развития личности. Однйой из таких инновационных технологий, сочетающих в себе все лучшие традиции мировой педагогики, является технология «Step by Step» основная цель - поддерживать и развивать процессы гуманизации и демократизации в образованиййи посредством использования оригинальной методики, не имеющейй аналогов в мире.
Using of interactive equipments, choosing the degree of the results and the way of doing “the tasks develops” activity in learning. Differentiation of the structure of education becomes the aid of developing of pupils’ personality. The pedagogical technology “Step by step” includes all the best world pedagogical methods. The main aim of this technology is to support and develop the process of humanization and democracy in the educational system.
Заманауи оқытудың тиімділігі оқытушы мен оқушының шығармашылық жұмысына, оқушылардың өз қабілеті мен жүйелі түрде ойлауын қалыптастыруға, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, оқытуды өмірмен және еңбектенуге үйретумен байланыстыруға, оқушылардың еңбек өндірісін олардың оқудан тыс іс-әркетімен байланыстыруға негізделген.
Біздің мектептерімізде қолданылатын сыныптық-сабақтық кемшіліктерден құр қалмағаны бәрімізге белгілі. Солардың бірі негізінен оқушының жеке танымдық қабілетін ұйымдастыру, оқу үрдісінде бұл тиісінше ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға қажетті жағдайды жасай алмайды. Осыған байланысты оқытуды ұйымдастырудың белсенді ұжымдық түрін енгізудің, қолжетімді, түсінікті оқытудың қағидасын сақтау барысында қиындықты пайдалану деңгейінің тиімділігін қамтамасыз ету, бір сыныпта жұмиыс жүргізетін қытушылар ұжымы мен әрбір оқытушы оқушылардың жеке ерекшеліктерін мұқият зерделеуінің маңыздылығын айқындайды.
К. Д. Ушинский сабақта «мүмкіндігінше балалардың өздігімен еңбектенуін, ал оқытушының осы еңбекке қажетті материалдар беріп, жетекшілік етуін, талап еткен.
Заманауи сатыда тәрбиелеуге де оқытуға сәйкес көңіл бөлінеді. Оқытудың мағынасы өзгерді, білім берудің мақсаты жеке тұлғаны дамыту. Білімді игерту мақсат ретінде қабылданбайды, жеке тұлғаны дамытуға қажетті жетекші құрал болып отыр.
Оқу үрдісін ұйымдастыруда интерактивтік нысандарды қолдану, тапсырманы орындау тәсілі мен жетістік деңгейін таңдау құқығын ұсыну, білім берудің мазмұнын қайта қарастыру оқушылардың белсенділігін арттырып отыр. Білімді игеру үрдісін қайта құруға бағытталған бұл өзгерістер жеке тұлғаны дамыту құралына айналуда.
Оқушылардың күнделікті өмірі мен болашағына қатысы бар саналы түрде таңдау жасауды жүзеге асыру бостандығы, балалардың өзін-өзі сыйлауына және олардың бойында тәуелсіздік сезімін тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда демократияоқыту құралы болып табылатын инновациялық технологиялар өте көп. Әлемдік педагогиканың барлық жақсы әдістерін бойына жинаған инновациялық технологиялардың бірі - «Step by Step» технологиясы болып табылады. Бұл технологияның басты мақсаты -әлемде ұқсастығы жоқ ерекше әдістемені қолдану арқылы білім берудегі адамгершілік пен демократия үрдістерін қолдау және дамыту.
“Step by Step” технологиясы біздің ұлттық бағдарламамызды жоққа шығармайды, баланы жеке тұлға ретінде дамытуды және отбасын оқу үрдісіне тартуды қамтамасыз ете отырып, жаңа заман талаптарына жауап береді. Ұлттық бағдарламаны жаңаша демократиялық жолмен байыта түседі. Технологияның ғажайып ерекшелігі-оқыту-тәрбие беру үрдісінде демократиялық қағидаларды қолдану. Бұл балалардың өзгеріске бейім әлемге деген көзқарасын, таңдау бостандығын, тең құқығын, шешім қабылдаудағы белсенділігін, идентичность и эмпатию қалыптастыруға мүмкіндік береді. [1]
«Step by Step» технологиясы
«Step by Step» (бұдан әрі «SbS» ) технологиясы төменгі сынып оқушыларының ойлау қабілетінің иілгіштігін дамыту үшін жағдай жасайды. Сондай-ақ, оқушыға қолайлы ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді; күші мен білімін жұмсау саласында оқушыға таңдау бостандығын ұсынады, білім беру ортасын әртүрлі жаңа заттармен және қызықтыруды оятатын заттармен байытады; балалардың оқыту орталықтарындағы жұмысын, оқу тапсырмаларын шешуде түрлі нұсқаларды іздестіруді қамтамасыз етеді; заттар мен қоршаған әлем құбылыстарын терең зерделеу үйретеді; ортақ әрекетке деген жоғары деңгейдегі ықыласы мен ерекше ойларын жеткізе білуін көтермелеуге жағдай жасайды.
Осы бағдарламаның аясында оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілі балалардың оқыту орталықтарындағы (ғылым, математика, құрастыру, оқу, тіл, өнер және драмалау орталықтары) жұмысы болып табылады.
Әрбір оқу орталығы тиісті материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, әртүрлі тақырыптағы кітаптармен, өлшеу приборларымен, дамыту ойындарымен, айқын көрнекілік материалдарымен, табиғи материалдармен, балалардың қолынан шыққан заттармен жабдықталған.
Оқушыларға орталықта ұсынылған орталықтардың кез-келгені мен тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі берілген. Бұл - орталық жұмысы үшін іріктеп алынған материалдардың барлығының сабақ өткізер алдында оқытушының алдына қойған тапсырмасын шешуге бағытталып ұйымдастырылғанының арқасында мүмкін болып отыр.
«SbS» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін оқытушылар балалардың зерттеуге деген, мәселені ұжыммен шешу және белсенді диалог құруға деген қызығушылығын оятады. Бағдарлама аясында оқу істестігін (серіктестігін) сәтті ұйымдастыруға ерекше әлеуметтік орта жағдай жасайды.
Еңбекті осылайша ұйымдастыру барысында әр оқушының жұмысы оның жеке қабілетіне сәйкес құрылады. Балалар оқытушымен және бір-бірімен «жаңа қатынасқа» түсе отыра, біртіндеп оқу әрекетінің субъектісіне айналады, әрі еңбасты машық - өзбетімен оқу машығына ие болады. Кіші топтарда, жұп болып жұмыс істеу балалық ұжымның оқу мотивациясының қалыптасуына және кез келген пән саласының оқу тапсырмасын өздігімен қабылдауына үлкен ықпалын тигізеді.
Оқу істестігінің (серіктестігінің) әдістері мен тәсілдерінің негізінде ортақ әрекетпен іздену бар.
«SbS» технологиясының философиясы
Білім берудің ең бірінші міндеті-демократиялық қағидаларды дамыту, балалардың демократиялық қоғам өміріне қатыса білу тілегін тәрбиелеу. Біздің оқушыларымыз болашақта демократиялық қоғамның белсенді азаматтары болу үшін демократия қағидалары «Шаг за шагом» бағдарламасымен біте қайнасып кеткен.
Біз балаларды өзіне жауапкершілік алуға, ойлауға, шешім қабылдауға үйретеміз, сұрақ қою мен пікірталас көтермеленіп отырады. Бағдарлама өзара сыйластық, адалдық, махаббат пен адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге жағдай жасайды. Үлкендер осы қаситетерден тұрып, балаларға үлгі болуы тиіс.
Оқыту қағидасы - жеке жол табу. Бағдарлама балалардың белсенділік орталықтарындағы жұмысын қарастырады, онда балалар өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып білімді өздері алады. Бағдарлама кері байланыс моделін ұсынады, бұл қоғамда болып жатқан өзгерістерге жауап қайтару сияқты. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім беруге өзгеріс енгізу күннен күнге қажет болып отыр.
Бұрын білім беру білім нәрі құйылатын фабрика ретінде қарастырылды. Оқытушы сыныпта ақпарат беретін жалғыз бастау көзі ретінде, ал балалар осы ақпаратты қабылдайтын бастаудың жалғасы болатын. Барлық оқу бағдарламасы ақпарат бірліктеріне бөлінетін. Бұл модель баланың сол ақпаратқа деген әрекет ескермеген, бала осы ақпаратты есте сақтауы және қабылдауы тиіс роботтың рөлін атқарды, ал ақпарат ағыны күннен-күнге өсе берді.
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттарда «SbS» бағдарламасын жасаушылар білім берудің ескі моделі жұмыс істемейді, ал олар ұсынып отырған моделде бала робот емес деген тұжырымға келді. «SbS» бағдарламасының авторлары ең басты орынға оқытудың жаңа моделін әзірлеуді қояды. Бұл жолда балаларға ақпаратты қабылдау және оны бүгінгі күнмен байланыстыра білу машығын үйрету қажет. Бағдарлама балаларға олардың өзара байланысқан қоғамда, әлемде өмір сүретіндерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұнда білім беруді фабрикамен емес, суретшінің қыл қаламымен салыстыру керек.
Оқытудың жаңа моделі бойынша әрбір балаға өз ойын айту мүмкіндігі беріледі, енді оқытушы емес, баланың өзі бақылау тәжірибесінен алынған ақпаратымен бөлісе алады. Тәжірибеде бетпе-бет кездеспеген нәрсесін, бала ешқашан түсінбейді. Барлық жаңа нәрсе баланың өмірлік тәжірибесіне негізделуі және ескі мен жаңаның арасында байланыстырушы көпір болуы тиіс.
«SbS» бағдарламасын жасаушылар баланың бойындағы бар жақсыны жүзеге асыру үшін АҚШ пен Қазақстан әдістемесіндегі ең жақсы үздік әдістерді алмақшы. Баланың шығармашылық бастамасы мен жеке басына құрметпен қарау керек. «Басқа заманда туған баланы, өзіңнің білгеніңмен ғана шектеме». (еврей халық мақалы)
«SbS» технологиясының мақсаты
Бұл бағдарлама білім беруді қайта қалыптастыру болып табылады. Ол балаға (арналған) бағытталған.
Педагогтардың алдына келесідей негізгі төрт мақсатты қояды:
- Өмір бойы оқумен айналысатын балаларды дамыту.
- Өзара сыйластық пен демократиялық қағидалардан құралған оқыту ортасын қалыптастыру.
- Оқытудың үздіксіздігін және тәжірибемен байланысын қамтамасыз ету.
- Демократиялық қоғам өміріне белсенді қатысу үшін барлық оқушылардың академиялық, көркемдік, эстетикалық және тәжірибелік машыққа ие болатына кепілдік беру.
Осы мақсаттарға жету үшін, балалардың бойында келесі қасиеттерді дамыту керек:
- Мұқият тыңдау, өз ойын жинақтай білу, белсенділік, өз тілегімен тыңдау қабілетін дамыту. Бала тек оқытушыны тыңдап қана қоймауы керек, кез келген адамды тыңдай білу керек, бұл ақпарат өте қажет болуы мүмкін.
- Балаларды өзі білетін ақпаратты басқаға жеткізе білуге үйрету маңызды; Басқалар оны түсінгендей өз ойын дұрыс қалыптастырып айта білуі керек.
- Жақсы ұйымдастырушы болуға; шешім қабылдай білуге, өзіне жауапкершілік алуға үйрету;
- Басқа балаларды өзінің серіктесі ретінде қабылдай білуді, жолдасын тыңдай білуге үйрету;
- Бір-бірін қорғай білуге, бір-бірімен дос, жолдас болуға үйрету.
Оқытушы осы қабілеттерді баланың бойында дамыту үшін оған қажетті ортаны жасай білуге керек. Баланың жалпы іс-әрекетке оңай қатысуы және белсенді болуы үшін жайғдай жасауы керек. Жұмысты бастар алдында бізге не қажет, жұмыс соңында қандай нәтижеге қол жеткізу қажеттігін білу өте маңызды. Оқытушы нәтижесінде балалардан нені талап ететінін білуі керек.
Мұнда қарым-қатынас жасай білуі, мейірімділігі, сенімділік білдіру деңгейі өте маңызды. Оқушы оқытушы тарапынан өзіне сенім білдірілетін, қажетті нәтижеге жете алатынын білуі керек. Тиісті нәтижеге қол жеткізгенде балалардың ойлай білуі өте маңызды. Ойлай білу үрдісін іс-әрекетімен қоса білу, өзінің тәжірибесімен байланыстыра білу, кездескен мәселелерді өздігімен шеше білу -бұл маңызды қасиеттер «SbS» бағдарламасында тәрбиеленеді.
«SbS» технологиясының қағидалары (принципы)
- Оқушы оқыту орталығының басты тұлғасы, ол қызығуына сәйкес немен айналысатын өзі таңдайды.
- Оқытушы- оқулық, баланы неге және қалай оқыту керектігін оқулықты жазған адам емес, оқытушы жақсы біледі.
- Балалар оқытушымен бірге нұсқаулық құрастырады, түсініқсіз жағдайда оқушы оны оқытушыдан сұрамайды, нұсқаулықтан өзі тауып алады.
- Оқытушы мен оқушының мүдделері сәйкес болу керек.
- Баланың өзім үйрене аламын деген сенімі болу керек.
Сыныпты ұйымдастыру, дизайны, жабдықтары. Сынып оқытушыға емес, балаларға арналған. Сондықтан балаға жайлы болу керек, ол өзінің жұмыс орны екенін сезінуі керек. Баланың ойлау қабілеті дамитын, жұмыс істей алатын, жан-жақты дамитын ортаны жасау қажет. Осы мақсатта ең жақсысы орталықтар, онда балалар өздері танып біле алады.
Орталықтарды дұрыс орналастыру жағын да ойластыру керек. Үстел ойындарына, кітап оқуға, сурет салуға арналған орындары жабдықтау қажет.
Мысалы: кітап оқу ортасында - балалар кітаптары жиналады; хат жазу ортасында - қарындаштар, қағаздар, сөздіктер болады; өнер ортасында - қағаздар, бояулар, түсті қарындаштар; математика ортасында санау материалдары жинағы, анықтамалар; ғылым ортасында - энциклопедиялар, түтікшелер, гербарийлер, өлшеу приборлары сияқты зерттеу жұмыстарына қажетті заттар орын алады.
Орталықтарда жұмыс істеуге қолайлы болу үшін сыныптағыларға арналған арнайы белгі беру тәртібін ойластыру қажет. Белгі беру кез-келген түрде, бірақ тұрақты түрде қолданылса, балалар тәртіпке үйренеді.
Мысалы: жұмыстың аяқтауына 5 минут уақыт қалғанда оқытушы өзінің жұмыс орнын жинақтау керек деген белгі береді, бұдан кейін балалар басқа ортада жұмыс жасауға ауысады. Сыныпта міндетті түрде балалардың қолдарынан шыққан заттарды ( қолөнер, суреттер т. б. ) жинап қоятын орын жабдықталуы тиіс. Сыныпта тәртіп сақтау ережесін іліп қою қажет. Бұл ережелерді оқытушы мен оқушылар сынып жиналысында бірге ойластырады. Ақпарат жоғарыдан, яғни оқытушыдан емес, төменнен, яғни оқушылардан болу керек. Егер ережені балалар өздері құрастырса, сақталуын мұқият қадағалайды. Ережелерді балалармен үнемі еске түсіріп отыру қажет.
Оқытушы бұйрық бермейді, керісінше өзін ұстау таңдауын баланың өзіне береді. Оқытушы шарт қоймайды, балалар өздері таңдайды. Егер оқушымен тәртіп бұзылса, оқытушы жолдасының тәртібін бағалап, тиісінше қорытынды шығару мүмкіндігін балалардың өзіне береді. Оқытушы «тынышталыңдар» дегеннің орнына «өтінемін, басқаларды тыңдандар» дегенді айтады. Бұл сыныптың бір-біріне сыйластығын тәрбиелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz