Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері


Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы
Түркістан 2015
Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Педагогикалық ғылымдар»
кафедрасының меңгерушісі
«___»2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық
үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері
5В010300 - «Педагогика-психология» мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., доцент:
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді[1] .
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі.
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И. Кант, Э. Торндайк, И. П. Павлов, К. Роджерс, А. Маслоу Л. Е. Личко т. б. ғалымдар.
Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.
Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері» деп анықтадық.
Дипломдық зерттеу мақсаты - мінез-құлық үйлеспеушілігі факторларын, себептерін анықтау, диагностикалау әдістерін жүйеге келтіру.
Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланды :
- мінез-құлық формалары мен оларға әсерін тигізетін факторларды анықтау;
- мінез-құлық үйлеспеушілігі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйеге келтіру;
- мінез-құлық ауытқуларын диагностиклау әдіс-тәсілдерін анықтау;
- мектеп оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми еңбектерді талдау, мінез-құлық ерекшеліктерін талдау және психодиагностикалық әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, мазасыздану деңгейін анықтау тестерін, акцентуация түрлерін анықтау тестерімен зерттеу жүргізу.
Жинақталған материалдардың логикасына қарай отырып диплом жұмысының құрылысын анықтадық. Ол кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының көкейкесті мәселені зерттеуге бағытталғандығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталған.
«Мінез-құлық және оның негізгі көрсеткіштері» - деп аталатын бірінші бөлімінде мінез-құлықтың негізгі көрсеткіштері және олардың көрініс беру ерекшеліктерін түсіндіретін теориялық қағидалар талданып, мінез-құлықтардағы ауытқулар деген не екені көрсетілген. Оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге сипаттама берілген.
«Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деген екінші тарауда оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, балалардың мазасыздану деңгейін және акцентуациясын зерттеу нәтижелері берілген.
Қорытындыда зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен балалар мінезіндегі үйлеспеушіліктер байқалғанда оларға психологиялық қызмет көрсету жолдары анықталған.
1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. 1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі
Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді[2] .
Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л. Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т. Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П. Ф. Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті[3] .
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі[4] . :
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық) ;
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т. с. с) ;
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе жағымсыз жағдайларға негізделеді. Сыртқы және ішкі мотивациялардың мінез-құлыққа және психикалық процестерге әсерін кесте бойынша қысқаша көрсетуге болады. Ол келесі №1 кестеде бейнеленген[5] . :
№1 Кесте. Мотивация түрлері
Мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін Выготский Л. С. келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді:
1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция:
Түрлері: а) . Сыртқы (экстрапсихикалық)
б) Ішкі (интрапсихикалық) :
в) спонтанды түрі
г) еркін түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)
2. Мінез-құлықтың жоғары формасы
Түрлері: 1. Әлеулеттік
2. Даралық.
3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы
Түрлері: 1. Әлеулеттік (интерпсихикалық) :
а) примитивті
б) жоғары
2. Даралық:
а) примитивті
б) жоғары
4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық)
5. Эледаентарлы психофизиологиялық функция.
Жоғары психикалық функцияның құрылымы
1. Мәселе және мақсат
2. Белгі - психологиялық қару ретінде:
Түрлері: а) сыртқы
б) ішкі
3. Мағынасы :
Түрлері: 1 Сөздердің мағынасы:
а) заттық қарау (денотативті мағынасы)
б) сигнификативті мағынасы (сонымен қатар түсінік)
в) ішкі формасы (этималогиялық мағынасы)
г) мазмүны
2. Қабылдаудағы заттық мағына.
3. Заттың функционалды мағынасы
4. Жағдайдың мағынасы немесе
4. Байланыстылық (сайланыстыру іс-әрекеті) :
Түрлері: 1. Затты шығару және қолдану
2. Белгілердің шығару және қолдану
5. Психологиялық функционалды жүйе:
Қасиеттері: 1 . Жоғарылылықпен төменділіктің бірлігі
2. Функционалды аралық байланыс.
6. Сананың құрылылы
Түрлері: 1. Жүйелілік
2. Мағыналылық[6] .
Л. С. Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез құлықтың форлалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады: Жоғарғы психикалық функция мінез-құлықтын өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады. Л. С. Выготский «жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтын жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп атап көрсетеді.
Бірінші - мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгеру мен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.
Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті зиын, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процестері; осы аталғандарды балалардың мінез құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз. (Выготский Л. С. ) .
Жалпы, Л. С. Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады:
1. Кең мағынада - мінез-құлықтын жоғарғы форлалары.
2. Тар мағынада - арнайы психикалық функция.
Л. С. Выготский «баланың далуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л. С. Выготский жоғары психикалық функцюларга дәл анықтала берлеген, ол - «дәл анықтама ғылыми білімнің басталасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықталаларлен шектелелін» - дейді. Содан соң, бұл мәселелерді ЛР. Лурьа шешуге тырысты. Ол Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция - бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы. АР. Лурия берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшелінеді. Мінез-құлықтын жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлықтын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануында. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтын жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтын жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді[7] . :
а) жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.
б) символикалық іс-әрекет.
в) өзіндік жоғары психикалық функция.
г) жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция)
Л. С. Выготский мінез-құлықтын негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп айтады. Выготскийдің концепциясын талдау негізінде құлықтын форо/иаояары, функциясының жіктелу схемасы:
№ 2 кесте. Мінез-құлық формалары мен фукциялары
Л. С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К. Бюлердің (инстинкт, интелект) теориясын жатқызады.
Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықпен әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарлауінен сипатталады, үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады[8] .
1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.
2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологияық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарылылығымен, сонымен қатар психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарырылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапозоның негіздейді.
3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында. Құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.
Сонымен қатар ауытқып бара жатқан мінез-құлықтын негізі болып табылатын үш кілті бар:
1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектік кезенде де негізгі әрекет болып қала беред. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуга құмарлық күлкілі болып табылады. Сөйтіп олар қатарластарымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.
2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп, жеткіншектік кезенде ойын бірінші орынға шығады.
3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді-жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы[10] .
Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дасмуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның қарым - қатынасты ойындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:
1. Бұл жақындасудын төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кезденгі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес.
Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.
2. Жақындасу және қашу мотивациялары арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен аралысқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан кашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске экелуі мүмкін. Мұндай мотивтің себебі баланың биологиялық ерекшеліктерімен қатар тәрбие шартына да байланысты.
3. Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі беңтаныс, ал қарым-қатынастағы шектеуді сезбейді қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән[11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz