Болашақ бастауыш білім беру мазмұны


Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлімБолашақ бастауыш білім беру мазмұныБолашақ бастауыш сынып мұғалімінің статусыБолашақ бастауыш сынып оқушыларының портретіБастауыш білім беру жүйесіндегі жаңашылдық
- Қорытынды
2. Негізгі бөлім
2. 1. Болашақ бастауыш білім беру мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халық аралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу», - делінген.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі кемшіліктері:
Білім мазмұны: мұғалім оқушыға дайын ( өңделген( ақпаратты береді; оқушыны пәндер бойынша білім, білік пен дағдыны жай меңгеруге бағыттайды.
Оқу үрдісіндегі қарым- қатынас: мұғалім мен оқушының арасында субьективті - обьективті қарым-қатынастың басым болуы, мұғалім мен оқулықты оқу ақпаратының көзі ретінде қабылдауда оқушы рөлінің енжарлығы;
Оқу нәтижелері: оқушы қызметінің репродуктивті деңгейі; оқушылардың пәндерден білім, білік және дағдыларын бағалаудағы қалыптасқан саны.
Бұл кемшіліктерді жою үшін білім беру жүйесін жаңалау керек. Білім беру жаңалаудың шарттары төмендегі суреттен көруге болады:
Сурет 1 - Білім беру жүйесі
Жаңа идеяларға бағындырылған міндеттер
- оқу, жазуға үйрету, оқу іс- әрекеті тәсілдерін үйрету;
- ойын логикаға сай жеткізу, себер -салдар байланысын айқындау.
Рухани - адамгершілік тәрбие мен байланысты міндеттер күшейтілді.
- балада адамгершілік негіздерін қалыптастыру, оның ең жақсы қасиеттерін дамыту;
Жаңа міндеттер айқындалды
- ақпатар іздеу, талдау, интерпретациялау дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту.
Сурет - 2. Жобадағы жаңалықтар
« Бастауыш білім берудің болашағы» жобасы Қазақстанды жоғары дамыған 30 елдің қатарына қосылуына септігін тигізетін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда айрықша роль атқарады. Оның бізге бүгін берерінен, болашақта берері көп.
Қазақстан қазіргі таңда өзінің дамуындағы жауапты кезеңге аяқ басып отырған мемлекет. Осы аталмыш бағдарлама осы үрдістің ең маңызды кезеңдерініңбірі болып табылады.
ХХІ ғасырда Қазақстанды бәсекеге лайықты, қуатты әрі гүлденген мемлекетке айналдыру үшін жастардың бойында, соның ішінде осы бастауыш білім беру жүйесімен оқығандардың жігерінде құлшыныс пен күш молдығында деуге болады.
Ұлыбритания - білім беру жүйесі аса жоғары, ағарту ісі ерте замандардан бері қалыптасып келген әлемдегі дамыған елдердің бірі. Ұлыбританияда бастауыш білім беру 5 жастан басталады және білім беретін мектептердің типтері өте көп. Көбінесе оқушылар мектеп жанынан ашылған пансиондарда жатып білім алады. Мектеп типіне байланысты онда оқй жасы да әр түрлі болып келеді. Мәселен Junior Schools- да бастауышбілім жасы 7-13 жас аралығында, ал Primary Schools- да бастауыш сыныпта - 4-11 жас аралығындағы оқушылар оқиды. Кей мектептерде ұл балалар ғана оқыса, кейбіреуінде тек қыздар оқиды. Мұнда оқушыларды қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай бағыттап оқытады. Осы тәжірибені өз мемлекетімізде деқолдануға болады. Ол үшін мектептерге еркіндік беру керек, яғни, әр мектеп өз оқу жоспары мен бағдарламаларын өзі құрып, сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік берілсе дұрыс болар еді.
Түрдегі білім беру мекемелегінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы -ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы « Білім туралы» заңының 8- бабында « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілергешығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқанындай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқу үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұчтау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәгін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермеліқоғамдағы жаңа формациямұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқаншығармашыл тұлға құзіреті. Жаңа формациямұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасып, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі рефлекцияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және т. б. құзыреттіліктердің жоғры деңгеімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындалып отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz