Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы



1. Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы
2. Материалистік диалектика — таным теориясы әрі әдісі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гегель (1770—1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант транеценденталды алғышарттарды — қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және априорлы субъект пен берілген себептілік принципін аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кантпен салыстырғанда Гегель транеценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абеолюттік Идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады. Абеолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің «Рух феноменологиясында» (1807) тусіндіреді. Ол бойынша бұл үдеріс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейіңде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында) және тарих деңгейінде (антик дәуірінен Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абеолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму үдерісі ретінде қарастыруға болады және оның барысыңда иңдивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының «негіздері шайқалады». Сананың өзгерісі үдерісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы еткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абеолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған таным үдерісінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.
1. Д. Кішібеков «Философия тарихы».

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы

Материалистік диалектика‭ —‬таным теориясы‭ ‬әрі әдісі

Пайдаланылған әдебиеттер:

Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы

Гегель‭ (‬1770‭—‬1831‭) ‬Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық‭ ‬тұрғыда танытуға тырысты,‭ ‬сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды,‭ ‬яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды.‭ ‬Егер Кант транеценденталды алғышарттарды‭ —‬қабылдаудың екі формасын,‭ ‬яғни кеңістік пен уақытты,‭ ‬он екі категорияны‭ ‬және априорлы субъект пен берілген себептілік принципін аштым және негіздедім деп ойласа,‭ ‬Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады.‭ ‬Кантпен салыстырғанда Гегель транеценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады,‭ ‬өйткені ол Абеолюттік Идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады.‭ ‬Абеолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің‭ ‬Рух феноменологиясында‭ (‬1807‭) ‬тусіндіреді.‭ ‬Ол бойынша бұл үдеріс екі деңгейде көрінеді:‭ ‬индивидтің санасы деңгейіңде‭ ‬(сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында‭) ‬және тарих деңгейінде‭ (‬антик дәуірінен Наполеон заманына дейін‭)‬.‭ ‬Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді.‭ ‬Абеолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму үдерісі ретінде қарастыруға болады және оның барысыңда иңдивидтің‭ ‬көзқарасы,‭ ‬санасы,‭ ‬тәжірибесі өзгеріп,‭ ‬болмысының‭ ‬негіздері шайқалады‭‬.‭ ‬Сананың өзгерісі үдерісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын,‭ ‬олардың шектеулілігін анықтай отырып,‭ ‬сыни‭ ‬тұрғыда қарастырады.‭ ‬Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы еткелдерді сипаттай отырып,‭ ‬танымды қалай пайда болғаны‭ ‬тұрғысынан баяндайды.‭ ‬Сананың пайда болу жолын анықтай отырып,‭ ‬Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді.‭ ‬Ақиқат‭ ‬өзгермейтін нәрсе емес және абеолюттік біліммен мәңгіге берілмейді,‭ ‬оған таным үдерісінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.
Гегель бойынша адам әлемі олі,‭ ‬дайын,‭ ‬өзгермейтін және абеолюттік заттар жиынтығы емес,‭ ‬әзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады.‭ ‬Адамды қоршаған нәрсенің бәрі‭ —‬өзгертілген әлем,‭ ‬адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.
Гегельдің пікірінше,‭ ‬тарих‭ —‬бұл адамның адам болу,‭ ‬әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы.‭ ‬Бұл оған‭ ‬өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады.‭ ‬Сонымен,‭ ‬тарих адамға қатысты алғанда сыртқы,‭ ‬онан тыс нәрсе емес,‭ ‬нақты тірі адамдар онда өмір сүретін,‭ ‬болатын,‭ ‬ойлайтын,‭ ‬сезінетін нәрсе.‭ ‬Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан,‭ ‬осы алғы-шарт негізінде тарихты зерттеумен айналысады.‭ ‬Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үдерісі сияқты,‭ ‬оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды.‭ ‬Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.
Белгілі бір затқа жасалынған рефлексия дайын,‭ ‬априорлы схемалармен,‭ ‬әдістермен емес,‭ ‬сол заттың өзгерісі нәтижесімен беріледі.‭ ‬Зат жолы барысының өзі рефлексия қозғалысын айқындайды.‭ ‬Рефлексия терістеумен сипатталады,‭ ‬яғни білімнің бұрынғы нүктелерінен кемшіліктерді алып тастауға деген ұмтылыспен ерекшеленеді.‭ ‬Алып тастауды Гегель өмір сүріп отырған көзқарастың кемшілігін жою арқылы позитивтілікті сақтау,‭ ‬одан жоғары көзқарасқа оту деп түсіндіреді.‭ ‬Демек,‭ ‬гегельдік‭ ‬мағынада диалектикалық алып тастау позитивтілікті өзге және одан жоғары сатыда сыни‭ ‬тұрғыда сақтауды білдіреді.‭ ‬Демек,‭ ‬рефлексия үнемі алға бағытталған және неғұрлым жоғары,‭ ‬неғұрлым шынайы негізге үнемі бағдар‭ ‬ұстанады,‭ ‬әрбір әлеуетті шынайы негіздің мәнін ашуға және меңгеруге‭ ‬ұмтылады.‭ ‬Ақиқатты толығымен меңгеруге жете отырып,‭ ‬адам жоғары рационалды танымға ие болады,‭ ‬базистік негіздер мәнін игереді.
Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтар тарихы деп есептесе,‭ ‬Гегель салыстырмалы шындық‭ ‬ұғымын енгізе отырып,‭ ‬ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау жәңе олардың даму үдерісі деп есептеп,‭ ‬ақиқаттың осы түсінігінеіз‭ ‬ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.
Гегельдің ойынша жоғары ақиқатты философия ашады,‭ ‬ойткені ол өзінің жеке даму жолына рефлексия жасай оты-рып,‭ ‬болмыстың шынайы мәніне қол жеткізеді.‭ ‬Ал онерге,‭ ‬дінге және ғылымға келер болсақ,‭ ‬олар бізді ақиқатқа тек қана жа-қындатады.‭ ‬Тек философия,‭ ‬Гегельдің түйіндеуінше,‭ ‬болмыс-тың шынайы картинасын беріп,‭ ‬әлем негізін игереді.‭ ‬Ал әлемнің негізі болмыс пен ойлаудың бірегейлігі болып табылады.‭ ‬Ол‭ ‬Логика ғылымында‭ (‬1812-1814‭) ‬болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашады.‭ ‬Гегель бойынша да-мушы ойлау‭ ‬-‭ ‬мәнділіктің нақты негізі.‭ ‬Ақыл-ой танымының‭ ‬құралы‭ ‬-‭ ‬ұғым.‭ ‬Ұғым қозғалысы қайшылықтар арқылы жү-зеге асады.‭ ‬Қоғам қозгалысы үдерісінің‭ ‬өзі қарапайымнан күрделіге қарай жүріп,‭ ‬абетрактылыдан нақтыдыға,‭ ‬бүтіндікке немесе категориялар жүйесіне шығуымен сипатталады.‭ ‬Білім жүйесін қалыптастыруға септігін тигізетін логика формасы‭ (‬мұнда таным теориясы мен диалектика қосылады‭) ‬диалекти-калық логика болып табылады.‭ ‬Диалектикалық логика,‭ ‬деп түйіндейді Гегель,‭ ‬әлемді қарапайым‭ ‬тұрғыда бақылаудан оның мәнін ғылыми түсінуге дейін көтерілуге мүмкшдік береді.‭ ‬Сонымен,‭ ‬Гегель өзгерістер философиясын ойлап тауып,‭ ‬алғаш рет тарихты диалектикалық секірмелі үдеріс ретінде танытты және ол туралы білім үнемі‭ ‬өзгерістегі нәрселер біткеннен кейінгі ой толғаулар нәтижесінде жинақталады.‭ ‬Даналықтың күні бататын мезгіл‭ ‬жетті.
Көптеген философия тарихшылары‭ ‬К.Марксті‭ ‬де‭ (‬1818‭—) ‬гегельдік философияның жалғастырушысы деп есептейді.‭ ‬Гегель ойлап тапқан диалектикалық үдеріс ретіндегі әлем туралы‭ ‬көзқарасын сақтай отырып,‭ ‬Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес,‭ ‬материалдық өмір дамуын мойындайды.‭ ‬Егер Гегель тарихта мәдени-тарихи факторға баса назар аударса,‭ ‬ал Маркс материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын,‭ ‬қосымша‭ ‬құн‭ ‬құпиясын,‭ ‬тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау механизмін ашуында ғана емес,‭ ‬болектенудің экономикалық формаларын да айқындауында еді.‭ ‬Л.Фейербахтың діни бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып,‭ ‬К.Маркс оны капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады.‭ ‬К.Маркстің пікірінше,‭ ‬капитализм жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық белектену болып табылады.‭ ‬Бөлектенудің‭ ‬бұл формасын тек революциялар мен онан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта‭ ‬құрулар арқылы ғана алып тастауға болады.‭ ‬Нәтижесінде,‭ ‬заттану мен бөлектену алынып тасталынған соң әрбір адам әзін еркін,‭ ‬саналы және шығармашылық қалыпқа айналдырады.‭ ‬Адам езін оз омірқамының субъекті ретінде саналы түрде сезініп,‭ ‬белсенділігі артады,‭ ‬өзін толық көрсетуге қабілеті‭ ‬ұлғаяды.‭ ‬Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда социум және адам‭ ‬рационалды,‭ ‬білімді және рационалды басқарылатын адамға‭ ‬айналады.
Маркстік философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық‭ ‬ұғым ретінде негіздеуінде.‭ ‬Еңбек арқасында және нәтижесінде адамдар ойлауға,‭ ‬тануға қабілетті болады,‭ ‬ал таным үдерісінің‭ ‬өзі белсенді шығармашылыққа айналады.
Маркстің еңбек адам санасы қалыптасуы мен дамуының материалдық негізі деген,‭ ‬сондай-ақ,‭ ‬адамзат қоғамы дамуындағы экономиканың басымдылығы туралы идеялары Ф.Энгельстің‭ (‬1820‭—) ‬Маймылдың адамға айналу‭ ‬үдерісіндегі еңбектің рөлі‭‬,‭ ‬Отбасының,‭ ‬жеке меншіктің және мемлекеттің шығу‭ ‬тегі‭ (‬1884‭) ‬деген еңбектерінде жалғасын тапты.‭ ‬Ф.Энгельс өзінің‭ ‬осы соңғы еңбегінде қоғамдағы отбасы мен әйел статусының меншік формалары мен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында‭ ‬өзгерістерге‭ ‬ұшырағанын дәлелдеуге‭ ‬тырысады.‭ ‬Ф.Энгельс отбасы мен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын,‭ ‬әйелдер эксплуатациясы
Мән өзінің‭ ‬көптеген сыртқы‭ ‬көріністері арқылы‭ ‬байқалады.‭ ‬Сонымен бірге,‭ ‬мәң құбылыстардан көріңіп‭ ‬қана қоймайды,‭ ‬сондай-ақ оларды бүркемелей де алады.‭ ‬Буржуазиялық демократияның‭ ‬мәні дол сондай.‭ ‬Сезімдік‭ ‬таным процесінде біз‭ ‬көп жағдайда құбылыстар‭ ‬жүзінде қандай болса,‭ ‬дөл сондай болып көрінбейтінің‭ ‬байқаймыз.‭ ‬Бұл‭ —‬сырт көрініс,‭ ‬немесе алдамшы көрініс.‭ ‬Бірақ сырт көрініс біздің санамыздың туындысы емес.‭ ‬Ол‭ ‬бақылаудың‭ ‬объективті‭ ‬жағдайларында шын‭ ‬қатынастардың субъектіге өсер етуінің нәтижесіңде туады.‭ ‬Күннің Жерді айналатынын мойындаушылар‭ ‬құбылыстың сырт‭ ‬көрінісін шыңдық деп білді.‭ ‬Капитализм‭ ‬тұсында‭ ‬жұмысшының жалақысы оның барлық сңбегіне толық төленген ақы сияқты көрінеді,‭ ‬ал шындығында оның еңбегінің бір‭ ‬бөлігіне ғана ақы төленеді,‭ ‬қалған бөлігін капиталистер қосымша‭ ‬құн түрінде тегін иемденеді,‭ ‬бұл олардың пайда табуының көзі болып табылады.
Сонымен,‭ ‬белгілі бір оқиғаны‭ ‬дұрыс түсіну,‭ ‬оны‭ ‬дұрыс талдау үшін тікелей бақылау арқылы алынған мәліметтерді сын‭ ‬көзбен тексеру қажет,‭ ‬аддамшы көрініс‭ ‬пен шын көріністі,‭ ‬үстірт пен мәндіні дол айыра білу‭ ‬керек.
Заттардың‭ ‬мәнін ашып‭ ‬көрсету‭ ‬-‭ ‬ғылымның негізгі міндеті:‭ ‬егер‭ ‬мән мен‭ ‬құбылыс бір-біріне тікелей сәйкес келетін болса,‭ ‬-‭ ‬деп жазды К.‭ ‬Маркс,‭ ‬-‭ ‬онда ғылым атаулының керегі болмас еді.‭ ‬Мәнді оның көрінуінің Түрлі формаларын есепке алмайынша және оған талдау жасамайынша ашу мүмкін емес екенін ғылым тарихы дәлелдеді.‭ ‬Сонымен бірге,‭ ‬мәннің‭ „‬негізіне‭"‬,‭ ‬мәніне енбейінше,‭ ‬мән‭ ‬көрінісінің түрлі формаларын дәл түсіну мүмкін емес.

Материалистік диалектика‭ —‬таным теориясы‭ ‬әрі әдісі

Дүниетану деген не,‭ ‬оның негізгі формалары қандай,‭ ‬білмеуден білімге,‭ ‬үстірт білімнен терең білімге‭ ‬өтудің заңдылықтары қандай,‭ ‬ақиқат деген не‭ ‬және оған жетудің жолдары қандай,‭ ‬ақиқаттың критерийі‭ (‬өлшеуіші‭) ‬не‭ —‬бұларды‭ ‬және‭ ‬бұлардан‭ ‬басқа‭ ‬да‭ ‬көптеген‭ ‬философиялық‭ ‬мәселелерді‭ ‬таным‭ ‬теориясы‭ ‬немесе‭ ‬гносеология‭ ‬қарастырады.
Таным теориясының мәселелері философияның‭ ‬тууымен бірге пайда болды.‭ ‬Таным процесінің аталған‭ ‬мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек‭ ‬философтары Демокрит,‭ ‬Платон,‭ ‬Аристотель‭ ‬және‭ ‬басқалар болды.‭ ‬Кейіннен‭ ‬бұл‭ ‬мәселелермен‭ ‬айналысқандар Ф.Бэкон,‭ ‬Р.Декарт,‭ ‬Дж.Локк,‭ ‬Б.Спиноза,‭ ‬ПЛейбниц,‭ ‬И.Кант,‭ ‬Д.Дидро,‭ ‬К.Гельвеций,‭ ‬Г.Гегель,‭ ‬Л.Фейербах,‭ ‬А.И.Герцен және көптеген басқа философтар‭ ‬өз‭ ‬үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның‭ ‬басты мәселелерінің бірінен саналады.‭ ‬Материалистік‭ ‬диалектика табиғи‭ ‬және‭ ‬әлеуметтік шындықты танып‭ ‬білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске‭ ‬шығарушы философиялық ілімдердің қисынсыздығын‭ ‬ашып көрсетеді.‭ ‬Бұл ілімдерді,‭ ‬жалпы алғанда,‭ ‬философиялық‭ ‬(гносеологиялық‭)‬ скептицизм‭ ‬(күмәнданушылық‭) ‬деп атауға болады‭ —‬олар ертеде‭ ‬көбінше осылай аталған еді,‭ ‬ал‭ ‬XIX‭ ‬ғасырдан бері‭ ‬агностищзм‭ ‬деп аталатын болды.
Скептицизмнің идеяларын айтушы сртедегі грек философтары Пиррон,‭ ‬Энесидем,‭ ‬Секст Эмпирик‭ ‬және‭ ‬басқалар өрбір талқыланатын теориялық мәселе‭ ‬бойынша бірін-бірі өзара теріске шығаратын қарама-қарсы пікірлер айтылатынын бетке‭ ‬ұстай отырып,‭ ‬ақиқатқа жету мүмкін емес деген қорытындыға келді.‭ ‬Ертедегі скептиктер сезімдік қабылдау да,‭ ‬логикалық‭ ‬ережелер де заттарды танып білуге мүмкіндік бере‭ ‬алмайды,‭ ‬сондықтан білімнің бәрі бар болғаны сенім ғана‭ ‬деп дәлелдеді.
Жаңа дәуірде бірқатар философтар ертедегі‭ ‬скептиктердің‭ ‬дәлелдемелерін қайта жаңғыртып дамытғы.‭ ‬Солардың ішінен ең аддымен ағылшын философы‭ ‬Д.‭ ‬Юмды және неміс философы И.Кантты атап‭ ‬көрсеткен‭ ‬жен,‭ ‬өйткені олар агностицизмнің негізін салушылар деп‭ ‬есептеледі.‭ ‬Әрбір білім шын мәніне келгенде білместік‭ ‬болып табылады,‭ ‬деді Юм,‭ ‬өйткені адам өз тәжірибесінен‭ ‬әрі аса алмайды.‭ ‬Кантшылдық‭ —‬агностицизмнің келесі бір турі.‭ ‬И.Кант таным процесінің жеке формаларына:‭ ‬сезімге,‭ ‬ойдың‭ ‬ұғым,‭ ‬пікір формаларына,‭ ‬ақыл-парасатқа‭ ‬егжей-тегжейлі талдау жасады.‭ ‬Бұл талдау гносеологияға‭ ‬қосылған үлкен үлес болды.‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Ертедегі грек тарихшылары
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Пәндер