Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік- эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі



КІРІСПЕ
І Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік.эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1 Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің қалыптастырудағы эстетикалық сезімдер мен талғамдардың орны
1.2. Оқыту.тәрбие үрдісінде оқушылардың адамгершілік.эстетикалық тәрбиесін жүзеге асырылу жағдайы
2. Оқушылардың адамгершілік.эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемелік негізі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік.эстетикалық тәрбиесіндегі қарым.қатынас әрекеттерін анықтау
2.2. Оқу.тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік. эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
П А Й Д А Л А Н Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р Т І З І М І
Қазақстан Республикасының Конституция-сында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін адам құқы мен бостандығын танитындығын демократиялық қоғам мен құқықты мемлекет құруға бекем бен байлағандығын азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Қазір жаңалық кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ол өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайда бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыру/1/.
Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілік, ізеттілік, сыпайлық, еңбек дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, құқықтық кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алу мен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді. Жалпы азаматтың құнды ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты ұлттық тәрбие мен бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білуіне әкеліп соқты. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық ұлттық негізінде білім, тәрбие беру міндетіне сай республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдар және заң қабылданды.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2004
3. Әбілқасымова А.Е. 12 жылдық оқытудың методологиясы. – Астана, 2005
4.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. –А.,1991.
5.Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы,Қазақ университеті, 1989.
6.Айтмамбетова Б., Бозжанова К.,т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке
тәрбиелеудің кейбір мәселелері. –Алматы, 1985.
7.Г.Н.Төлеубекова., Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.-
А., Өнер. 1972.
8.Әбенбаев С.Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.-А., 1999.
9.Әбдіразақов Е.Адамгершілік, имандылық тәрбиесі.-Шымкент 1994.
10.Әбілова З.Этнопедагогика. –А.,1997.
11.Бержанов Қ.Б.,Мусин С. Педагогика тарихы. А.,1971.
12.Бержанов Қ.Тәрбие мен оқытудың бірлігі. –Алматы,1973.
13.Безкаравайный С.,Жұмабаев А.Мектепте өткізілетін тарихи әдеби кештер. –
А.,Мектеп,1968.
14.Дүйсенбинова. Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт. Қазақстан мектебі. 7-
1991.
15.Егембердиев Ж.Мектеп жұмысын жоспарлау. /Методикалық ұсыныстар/. –
А., -Мектеп,1975.
16.Жақыпов А.Өнеге өрісі –А.,Мектеп,1975.
17.Ильина Т.Педагогика, -М.,1984.
18.Қалиев С,Базилов Ж.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы ,1993.
19.Қазақ совет энциклопедиясы. Ғылым 1976-1980.
20.Қалиев С.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздерімен тарихы.
А.,Рауан,1988.
21.Қоянбаев Ж,Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана,1998.
22.Мурзалин С. Рухани байлық –А., /Қазақстан,1998.
23.НұрлановаГ. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-Алматы,
//Қазақстан мектебі,№7.2003.
24.Нысанбаев Ә.,Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік.-А.,Білім,1994.
25.Нұрғалиев Р. Алыптар қайта оралғанда.Қазақ коммунисі журналы.1985.
26.Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. І –том.
27.Педагогическая энциклопедия. М.Просвещение,1966.
28.Симбаев А. Қазақстан мектебінің тарихы. Алматы.,Мектеп,1973.
29Харламов И.Ф. Педагогика.2000.
30.Сабыров Т.С. Ақыл-ой тәрбиесі. –А.,Мектеп,1973.
31.Ушинский К. Адам – тәрбие нысанасы.Таңдамалы шығармалары.Орыс
тілінде,8 т.
32.Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. Нұржанова Ж.-А.,1991.
33.Табылдиев Ә. Халық тағлымы. Алматы.1992. Әдеп әліппесі. Алматы,1997;
Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2001.
34.Жарықпаев Қ.,Табылдиев Ә. !деп және жантану. Алматы,1994.
35.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі. Алматы,2003.
36.Г.Қ.Нұрғалиева., Құқық тәрбиесі., Алматы, 2001-184
37.З.Әбілова “Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру” Алматы 1986
38.С.Ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы 1985
39.К.Қожахметова, С.Ұзақбаева “Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері” Алматы 1993
40.С.Қалиев ХІХ – ғасырдың 1 – ші жаратысындағы қазақ ауыл шаруларының шығармаларындағы қазақ педагогикалық көрінісі. Алматы 1984
41.С.Қалиев, Қ.Жарықбаев “Білім – тәрбиесі” Алматы 1995
6.Бастауыш мектеп 1997 ж № 9-10 – бет
42.Бастауыш мектеп 1998 ж. № 10-11 (21-23) бет
43.Бастауыш мектеп 1997 ж. №7-8 (15 бет)
44.Қазақстан мұғалімі 1990
45.С.А.Ұзақбаева балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі Алматы 1990
46.М.Әлімбаев, Қ.Балыбаев “Қазіргі қазақ балалар позициясының Антологиясы” Алматы “Балауса” 1992
47.Ш.Ахметов “Қазақ совет балалар әдебиеті” 1976
48.Педагогика Қонысбаев Алматы
49.Б.Ыбыраймов “” Ана – тілі 1997 ж
50.Ұлт тағлымы 2000 №9 11 бет
51.Ұлт тағлымы 1999 №3 14-18 бет
52.М.Әлімбаев Қазақ фольклорының эстетикасы Алматы «Рауан» 1991
53.Әлем Альмонох 1- басылым 1990 ж.
54.Қазақ халық әдебиеті 1990 Алматы «Рауан»
55.С.Мұқанов халық мұрасы «Қазақстан» Алматы 1994
56.А.Қамақов Халықтың көркемдік дәстүрлерін бейнелеу өнері арқылы иерудің педагогикалық мәселелері Алматы 1992 53-54 бет
57.Ү. Мелдебекова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. Бастауыш мектеп№3.2000ж.
58. З.Айдарова. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі.№1-2 2002ж.
59. Әбенбаев С. Эстетикалық мәдениет қалыптастыру-зиялы адам тәрбиелеу шарты.\Ізденіс. А.2003.
60. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру.-А.1992.
61.Ұзақбаева С.Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері.-А.,19
62. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары./қаз. мұғалімі 18 ақпан,1994
63.Ұзақбаева.С. Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің тарихнамасы.-А.1995.
64. Ж. Сарқұлова. Әдептілік-әдемілік./бастауыш мектеп №5-62003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Конституция-
сында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі
екендігін адам құқы мен бостандығын танитындығын демократиялық қоғам мен
құқықты мемлекет құруға бекем бен байлағандығын азаматтық татулық пен
ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Қазір жаңалық
кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын және оны
жандандыру, ол өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайда бала тәрбиесінің
мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыру1.

Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілік, ізеттілік,
сыпайлық, еңбек дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, құқықтық кәсіби
және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте
жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік
бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың мұраттар мен дүниежүзілік
рухани бай қазынадан нәр алу мен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі.
Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен
жүргізіліп келді. Жалпы азаматтың құнды ұлттық сана-сезімнің дамуына,
рухани, мәдени байлықты ұлттық тәрбие мен бай мұрасын игеруге көңіл
бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын,
тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білуіне
әкеліп соқты. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық ұлттық негізінде
білім, тәрбие беру міндетіне сай республикамызда ондаған жаңа концепциялар,
тұжырымдар және заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: “үй елімен
қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай
болуы, ұлттық және азаматтық қазыналардан нәр алуы үшін жауапты болды”2.
Осы үйлесімді даму қағидасы тәрбиеге комплексті қарауды талап ететіндігі
туралы ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мамлекеттік
бағдарламасында3. Сондықтан осындай мемлекеттік міндеттерді жүзеге
асыруда педагогикалықь қауымдастықтың қосар үлесі зор екені белгілі.
Тәрбиеге комплексті қарау педагогика ғылымында біршама зерттелген
және оны мектептің оқу-тәрбие процесінде қолдану мәселесі әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз етілгенімен, тәрбие түрлерінің бірін-бірі толықтыру
мүмкіндіктері мен атқаратын тәрбиелілік функцияларын кіріктіре қарастыру
Қазақстанда жеткіліксіз зерттелуде, әрине оқу-тәрбие процесінде қолданысқа
енгізілмеген. Мысалы, тәрбие түрлерін: адамгершілік-эстетикалық, эстетика-
лық-патриоттық, эстетикалық-дене тәрбиесі, экологиялық-адамгершілік, т.б.
дуалистік көзқараста зерттеп,оқу-тәрбие процесіне енгізу қарастырылмаған.
12-жылдық оқыту жүйесінде оқушы мен мұғалім арасында қалыптасуға тиісті
басты қарым-қатынас субъект-субъект негізінде болуы қажеттігіне
байланысты тәрбиеге комплексті қарау қолға алынғаны дұрыс деп табылуда.
20072008 оқу жылынан бастап 12 жылдық оқыту жүйесіне ену бастауыш мектеп
алдына улкен мәселелер тудыруда. Өйткені мектеп оқушыларының тәрбиесі
қоғамдық және азаматтық тәрбие сапаларын қалыптастыруда басты санақ
нүктесі ретінде алынады, яғни тәрбиеге көзқарас пен оның басты бағыттары
мен бағдарларын дұрыс анықтау саясаты шешуші роль атқарады.
Біздің мемлекет от басында қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, ерекше
көңіл бөледі. Адамгершілік мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысында
жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан
заң от басындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің
бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамдар арасындағы қарым-қатынас
жайында, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі.
Сондықтан да тәрбиенің бастауы отбасы болса, негізі бастауыш сыныпта
болатындығы ешкімге құпия емес. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге
мектепте білім нәрін себе отырып, жақсы адамгершілік қасиетке баулап,
сапалы азамат болуға жол сілтеу әр бір ұзстаз міндеті. Сол себептен
бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін
қалыптастырудың жолын қарастыруды арнайы зерттеуді ұйғардық. Әрине біз
зерттеу барысында осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстары мен ғылыми
әдебиеттерге ретроспективті талдау жасап, Н.К.Крупская, С.Макаренко,
В.Сухомлинский, В.Петров, И.Левченколардың секілді Кеңестік педагогтардың
жұмыстарының тиімді тұстарына тоқталамыз. Сол сияқты қазақ халқының
ағартушы-демократтары мен педагог-ғалымдарының оқушы тәрбиесіне
жауапкершілікпен қарау туралы ой-пікірлері мен зерттеу жұмыстарына, ғылыми
еңбектеріне (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердинов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова,
С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, М.Балтабаев, т.б.) сынды сүйенеміз3,4,5,6,7.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік
және эстетикалық тәрбиелері мәселесі бойынша зерттеу жасаған ғалым-
әдіскерлер Р.Төлеубекова, Ә.Қамақ, Р.Дүйсембинова,Т.Қышқашбаев,
Р.Рахымжанова, Ә.Әшірова, К.Карбозовалардың еңбектері де мұқият талданып,
зерттеу мәселесі бойынша ғылыми тұжырым жасауға негіз болды
6,7,11,14,,17. Онда, бастауыш мектеп оқушылары өздерінің психикалық даму
ерекшеліктері бойынша әлі сенсизитивті кезеңде болдатыны, сол себепті
тәрбие жұмыстары бала тәрбиесінде өте әсерлі, сезім деңгейінде қабылдауға
барынша жақын болу қажеттігі көрсетілді, яғни тәрбиелеу процесінің
тиімділігі жеткілікті болады, егер адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық
тәрбиенің комплексті жүргізілсе.
Бүгінгі күні елімізде бастауыш мектептердегі тәрбие жұмыстарын осы
зерттеу тақырыбына сәйкес сраптау барысында барлық мектептерде оқыту-
тәрбие үрдісі жүйелі жүргізіліп жатқанмен де оқушының жеке басының
қасиеттерін ашу, адамгершілік, имандылық, жылы жүрек, сезімтал, адамшыл,
адал азамат тәрбиелеу мәселесі кейінге қалып отырылғаны анықталды.Атап
айтқанда, адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің ортақ
иіндеттерінің айқындалмауы, сол себепті аталған тәрбие түрлерінің
арасындағы логикалық байласныс әлсіз екендігі нақтыланды. Осындай қарама-
қайшылықтың бар екендігі және оны шешу міндетінің өзектілігі бізге зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік- эстетикалық
тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі” деп таңдауға мүмкіндік
берді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эсттикалық
тәрбиесін қалыптастырудың тиімділеудің жолдары мен әдістерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №30 қазақ орта мектебі
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін оқу-
тәрбие жұмысы компексті сипатта ұйымдастырылып, тәрбиелілік функциялары
бір-біріне барынша жақын тәрбие түрлері қатар жүргізілсе, онда оқышлардың
жеке тұлғалық қасиеттері жалпы адамзаттық құндылықтармен барынша толыға
түсер еді. Адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің ортақ мүдделері оқушының
табиғи қабілеттерін ашуда табысты нәтижелерге қол жеткізер еді, яғни
халық дәстүрлерін кеңінен пайдаланып оқушылардың эстетикалық талғамдарының
сапасын арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік көбейер
еді, балалардың бойында отансүйгіштік, табиғақа қамқорлық, сұлулыққа,
әсемдікке бағдарлану, бауырмашылдық, ізгі ниет, кішіпейілдік, инабаттылық
т.б. жалпы жоғары сана, ізгі қасиеттер қалыптасар еді.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық,
психологиялық және ресми құжаттар мен әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау
жасау;
2. Бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде адамгершілік-эстетикалық
тәрбиесінің жүзеге асу жолдары мен әдістеріне талдау жасау.
3. Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында халық тәжірибелері
мен жаңа оқу технологиясының негізінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Зерттеудiң деректi көздерi: Зерттеу тақырыбы бойынша педагогтардың,
философтар мен психологтардың және әлеуметтiк психологтар мен
педагогтардың осы iзденiс бойынша жазған ғылыми жұмыстары, бағдарламалар,
бұйрықтар, нұсқаулар, жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң оқу тәрбие
процесiнiң озық тәжiрибелерi, сонымен бiрге тарихшы әдебиетшiлер
мәдениттанушылардың еңбектерi, проблемаға қатысты диссертациялар және
автордың өзiнiң тәжірибесi ескерiлдi.
Зерттеудiң барысында қолданылған әдiстер: философиялық, педагогикалық-
психологиялық, мәдениет-өнертанушылық әдебиеттерге ғылыми талдау, облыстық
мұғалiмдер бiлімiн жетiлдiру институттарының ғылыми-әдiстемелiк
нұсқауларының оқыту процесiнде пайдаланудағы тәжiрибелерiн жинақтау,
бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесiмен танысып, түсiнiктерiн
анықтау, әңгiмелесу, сұрақ- жауап мақсатымен сауалнама жауаптармен танысу,
“Қазақстан мектебi”, “Бастауыш мектеп” журналдарының күнделiктi
басылымдарындағы мақалаларға шолу жасау, педагогикалық эксперимент жүргiзу,
эксперимент нәтижелерiн қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу негізінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін
қалыптастырудың жолдары мен мүмкіндіктері анықталды. Оқыту-тәрбие үрдісінде
халық дәстүрлерін пайдалану, жаңа оқу технологиясын меңгерту барысында
оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалаудың тиімді әдістері мен жолдары
іріктелді. Адамгершілік тәрбиесін жүргізудің жүйесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі.
Зерттеу барысында пайдаланылған әдістемелік жұмыстардың жүйесін,
сабақтың жоспар-конспектілері мен ойын-жаттығу, тәрбие сағаттарының
жоспарларын бастауыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысында, озық іс-тәжірибелерді
меңгертуде пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеу негізгі үш кезеңде жүргізілді:
1 кезеңде. Педагогикалық, философиялық, психологиялық және ресми
құжаттарға шолу жасалды, талданды. Жұмыстың ғылыми аппараты құрылды.
2 кезеңде. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық
қасиеттерін қалыптастырудың жолдары мен әдістері іріктеліп, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстың мазмұны жасалды.
3 кезеңде. Жұмыс қорытындыланды, бір жүйеге келтірілді, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі құрылды. Жұмыс баспаға даярланды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін
қалыптастырудың педагогикалық негіздері

1.1 Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің қалыптастырудағы эстетикалық
сезімдер мен талғамдардың орны

Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі сол
көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көз қарас,
дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың
сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем
береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады. Баланың санасы ғылымды
меңгерудің нәтижесінде қалыптасу, көзқарасы, сенімі бекиді. Сенім дүниеге
қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі.
Сезім күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілікке, адамгершілік,
өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады.
Мектепте дүниеге көзқарас, дүниетаным оқу-тәрбие барысында
қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер т.б.
дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды
қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнына табиғат пен
қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі
салынған.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы, өнегелі эстетикалық
адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет сабақтарының орны
ерекше. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып
оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәнім-
тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.
Мектептен сыныптан тыс ұйымдастырылған түрлі тәрбие жұмыстары
оқушылардың ғылыми-материалистік дүниетанымын дамытудың қажетті құралы
болып есептеледі. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың қоғамдық
өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың
еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады, қоғамдық
қатынастар тәжірибесін игереді, сенімі мен сезімі дамиды, ерікті меңгереді.
Сонымен дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды негізгі адамды
қоршап тұрған табиғат, әлуметтік орта туралы ғылыми материалистік
білімдердің негізін игеру, талдау жасауға үйрету, дүниетанымдылықты
қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесіне, ақыл-ойдың дамуына ойлау, ақыл-ой күштері жатады.
Ойлау дегеніміз абстракция. Оның бірнеше түрлері бар. Олар: диалектикалық,
логикалық, индуктивті, дедуктивті, техникалық, аморитимдік, теориялық,
абстракциялық, көре білу, хабарлау, жүйелі, шығармашылық т.б. болып
бөлінеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаттары:
- білімді жинақтау, дұрыс пайдалану;
- ойлаудың логикасын қалыптастыру;
- интелектуалды дағдыны қалыптастыру;
- диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.
Білімді жинақтауға оқу барысында шәкірттерді түрлі факті,
терминологияны, белгілерді т.б. сабақ үстінде үйрету. Әрине ол үшін
шәкірттің білімге деген құштарлығы керек. Шәкірт алған білімін талдап,
жіктеп, салыстырып, топтап үйренуі қажет. Ол үшін оларды оқуға, тыңдауға,
өз ойын айтуға үйрету қажет.
Адамгершілік тәрбиесі біртұтастық оқу-тәрбие процесінің негізгі болып
табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.
“Мораль (латыншасы моранис, қазақшасы - әдет-ғұрып) - әлеуметтік
шындықтың эстетикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік,
мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль
дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-
қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-
құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдың сипаты экономикалық және
қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір
таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр
түрлі көзқарас болғандықтан, мүделер де қарама-қарсы болады, әртүрлі
моральдар қатар өмір сүреді”.
Бүгінгі жағдайда бұрыңғы Кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгереді.
Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында еңбекте, тұрмыста, саясатта,
ғылымда, жанұяда, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін,
қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты. Этика – бұл
философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
Этикаға нормативті этика және мораль туралы, оның шығуымен дамуының
туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып
табылатын адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құрмыстағы сан алуан формалары
туралы ілімдер жүйесі. Эстетикалық норма – адамдардың ұқсас қылық-
мінездерін жалпы ерекшеліктері бойынша немесе тиым салу арқылы реттеліп
отыратын адамгершілік қағидалар формасы. “Эстетикалық норма – ешкімнің
жарлығы мен немесе өкімет шешімі мен болмайды, дәстүр қоғамдық пікір
негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс”. Эстетикалық норма жалпы
адамзаттың, таптың сипатта болады. Бұл қоғамдық - экономикалық формацияның
ауысу кезінде ескі эстетикалық норма жаңа эстетикалыө нормамен күреске
түседі. Қаракетшіл моральдын екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін, әрбір
өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстар мен мансапқорлық,
алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, әділетсіздік т.б. тікелей күресіп,
жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.
Гуманистік моралы шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды,
ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты,
қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.
Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам,
серіктестік және қожалық т.б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдың ұраны “У
жесең де руыңмен же”, немесе “Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін”.
Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен және пайда күнемдікпен
сыйыспайды, жалпы халықтың және мүдделерді ұштастырады.
Бүкіл адам баласына әр қоғамда ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық
этиканың нормалары бар. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға
үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның - мінез құлқын, сана-
сезімін рететйді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды
бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау,
сөзге тұрмау, жауыздыққа бару т.б.
Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың ара-қатынасынан
туындайды; адамгершілікке жататын, немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар
арқылы белгіленеді. Біз мұны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі өнегелі саналы идеял деп бөлінеді.
“Өнегелі немесе адамгершілікті сана – адамның қарым-қатынасынан, оның
эмоциялдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас
күнінен бастап, атаананың үлгісінен басталып ағайын туыстың, жора-жолдастың
ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге – адамдардың
бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда
көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілі саналылығы, ерекшеліктерінің
жиынтығы.
Өнегелілік – сезімнен, ұлттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұятты бар
адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашанда өнегелі болуға тырысады, жақсы
адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы
керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі қажет.
Өнегесіздікке жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара
алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін, ар-
ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек, өнегелілікке дағдылану
керек.
“Адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық
сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді
дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал
арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда
мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі
өлең, сурет, әңгімелер пайдаланады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде
этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет дағдылары қалыптасады.
Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік сананылығын (гумманизм,
ұлтжандылық, отан сүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани
байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалық әңгіме, пікір
сайыс, лекция өткізу және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиет кеңінен
пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі
Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін,
белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік
тәрбиесінен басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын,
кішіпейілділігін, ілтипаттылығын, орындағыштығын, жауапкершілігін
қалыптастырады. Әр қоғамда, барлық өмірде, еңбекте, тұрмыста, жанұяда,
тапаралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана сезімін реттеді,
қалыптастырады. Мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, олардың өзара
қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына
байланысты олардың өзгеруін талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:
- шәкірттерді адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
- шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
- республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне, шәкірттердің
берімендік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды
болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерсек жөн, объектіге –
шәкіртке ықпал етушілер бірауызды болғаны керек. Адамгершілік тәрбиесінің
мазмұны тәрбие бағдарламаларында, соның ішінде “Атамекен” де бар.
Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық,
Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады, кеңелді. Ұстаздарды, үлкендерді,
туыстарды, ата-аналарды құрметтеуді еңбектенуге ізеттілік норманы сақтауға
үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге,
түсінісуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі,
жанұядағы, қоғамдағы, қоғамдық орындардағы өзінің мінез-құлқының қандай
болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде
өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиесінің
мазмұны кеңейтіледі. Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін оқыту процесінде
ғылыми материалистік дүниеге көзқарасты қалыптастыруға болады. Адамгершілік
сезімін тәрбиелеу мен гуманизм үшін әдебиет сабағының маңызы зор. Оқу
процесінде адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі – тарих. Ол шәкірттерді
отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Әсіресе қазіргі
кезде қазақ халқының тарихын қайта жазуда, хандарымызбен билерімізді,
шешендерімізбен жырауларымыз тірілтіп дәріптеуде қазақ халқының тарихының
орны бөлек. Жәнібек, Абылай, Кеңесары, сынды хандарымыз Қабанбай, Бөгембай,
Наурызбай, Сәмен, Рысбек, Қойгелді, Райымбектей қолбасшыларының Анрахайдағы
шайқас (ол қазақтың Бородинасы), Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Тарих жас
адамның рухани көк жиегін кеңейтеді, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге
көмектеседі. Күреспен, құрбандықпен және ұрпақтардың батырлығы мен
жасалғандардың бәріне құрмет көрсетуді тудырады, ізгі талап тілектерді
оятады. Тарих пен әдебиеттен басқа пәндер де балаларды адамгершілік
тәрбиеге үйретеді. Әсіресе қазақтың ұлттық педагогикасы, ән-күй т.б. Осы
пәндер арқылы баяндарымызды еңбек сүйгіштікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Оқушылар тек пәндер арқылы емес, басқа сыныптан тыс, үйірме жұмыстарында
болады7,8.
Бала болсын, үлкен болсын, өзін қоршаған табиғатты, әлеуметтік ортаны
неғұрлым жақсы білсе, соған өз тарапынан өзгеріс жасауға соғырлым ынталы,
соғырлым қабілетті. Өйткені, жақсы – білудің соңы ілтипат – құрметке,
әрекетке, жолын табуға ұласуы – адам табиғатына тән, әрі тіршілік
қажеттігі. Жайшылықта көбінің байқай бермейтін, немесе зер салуға уақытымыз
жетпеген жайттарға жазушы назар аударып, биік көркемдік дәрежеде
суреттегенде, эмоциялық – эстетикалық әсер алмау мүмкін емес. Ал
эстетикалық – эмоциялық ықпал оқырман санасында толқыныс тудырғандықтан
оның күнделікті тірлігіне, тіршілік нысанасына тиісінше әсер етеді.
Эстетикалық әсердің сыры мен салмағы болатыны сондықтан. Ал көркемдік
шындықтың жоғары деңгейде болуы эстетикалық әсердің қуаттылығына себепкер.
Әрбір елдің рухани-творчесволық күш-қуатының көрінуіне, ғылыми
потенциалының қажыр қайратын еселеуге қолайлы жағдай жасауға талпыну –
жалпы адамзат үшін тарихи қажеттілік. Әр ел өзінше бір қуат, өзінше бір
әлем, өзіндік бір мүмкіндік.
Эстетикалық тәрбие-рухани дүниемізді байытуға, көркемдік таным
көкжиегін, сол арқылы ойлау өрісін кеңейтуге қажетті алғышарттардың бірі.
Адамның эстетикалық тәрбиені бойына сіңіруі оның түйсігін ұштап, болмыс -
әлем сырын жете сезініп, терең қабылдауына, қиялының қанаттануына қалай да
әсер етпек. Мұның өзі оның бойында бұйлығып, табиғатында тыныстап жатқан
тың қасиет – күштердің, оянуының рухани дамуы мен кемелденуінің кепілі. Бұл
үшін эстетикалық дайындық пен тәрбиенің неғұрлым ертерек әрі дұрыс бағытта
жүргізілгені тиімді. Ал адам танымын, санасын бір-ақ күнде қалыптастыру
немесе бір дәлелмен өзгерте салу – жүзеге аспайтын шаруа. Сондықтан да
балаларды балғын күнінен тәрбиелеу, өмірге, жалпы табиғатқа деген құрметі
мен құштарлығын арттыру – балалар әдебиетіне қойылар биік талаптардыңбірі.
Бүгінгі балалар заман жетістіктерін молынан пайдаланып отыр. Олар әлемнің
ең қиыр түкпіріндегі елдердің өмірі мен өнерін, тыныс-тіршілігін, ғылым мен
техниканың, жан-жануарлар өмірінің таңғажайыптарын бұқаралық үгіт-насихат
құралдары арқылы көріп білуде. Мұндай жағдайда әдебиет еріксіз сол
құралдармен бәсекеге түседі. Оның себебі екеуі де ортақ мақсат –
оқырмандарға әсер ету, эстетикалық-этикалық тәрбие беруді көздегенімен сыр-
сипаты мен саласы жағынан ерекшеленеді. Мерзімді басылымдар мен радио,
теледидар материалдарына ең алдымен ұшқырлық, публицистикалық серпін тән,
елгезектік басым болса, шынайы әдебиет туындысына асықпай бажайлап,
зердеден өткізу қасиеті етене. Алдыңғысының игі мақсаты кейде мәліметтер
тасқыны салдарынан көмескіленіп қалатыны, оқырман мен көрерменді әрі-сәрі
етіп, өзіндік белгілі бір рухани топырағынан ажыратып, әлтек-тәлтек
бастырып жіберуі де ықтимал, ал кейінгісі керісінше рухани нығайтуға,
нысанадан ауытқымауға бейім. Қаласақ та, қаламасақ та, бүгінде күллі дүние
жүзіндегі ең озық зерттеулердің тоқайласар тұсы осы. Ғылыми техникалық
өрлеу экологиялық тепе-теңдікті, үйлесімдікті бұзбай тұрған кезеңге дейінгі
шығармаларды айта шолсақ, табиғаттың сұлулығына тамсанып, саны мадақтаған,
жан-жануарларды қолға үйретіп, аңдарды аулауда тапқырлық пен жүректілік
танытқан адамдарды бейнелеу басым екенін байқаймыз. Ал бүгінде сол тамсану
мен жырлаумен бірге табиғаттың тағдырына, жердің тіршілігіне алаңдау, осы
тұрғыдан суреттеу, табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятуға деген талап
көбірек көрінуде. Бұл бағытта шығармалар екі түрлі принципті басшылыққа
алады. Біріншісі – табиғатқа қамқорлық жасау, тозып бара жатқан жерді
сақтауға ұмтылдыру, үндеу. Мәселен С.Жұбатыровтың Жасыл сағым повесінің
кейіпкері Нұраш аранын ашып анталаған аңызақтан туған жерін арашалағысы
келіп, бас қатырады. Ойлап-ойлап, іздене жүріп тапқан амалы – шөлейт өлкені
жасыл желекке бөлеу. Басқаларға бұл ойын айтуға ұлыған ол жалғыз өзі іске
кіріскенімен нәтижеге жете алмайды. Бірақ кейін Ләйлә, Айдар, Жолтай сияқты
достары қол ұшын беріп, қауымдасып, игі ниетті жүзеге асыруға кіріспекші
болады. Шығарма осынау игі идеяның аяқсыз қалмайтынына, балалардың алған
бетінен қайтпай табысқа жететіне сендіреді.
Екінші принцип – табиғаттың өзін жанды организм, өз заңдылығы, өз
тіршілігі бар әлем екенін, адам сияқты оның да өзіндік өмір сүруге хақысы
барын кестелеу. Бұл жерде біз натуралистік шығармаларды айтып отырған
жоқпыз. Таза әдеби шығармалар табиғат әлемін, көркемдік логикасы арқылы
таразылайды. Әрбір ұлттың әдебиеті өзінің өнегелі өміршең дәстүрлері мен
қасиеттерін дамыту арқылы әлемдік рухани дамуға хал-қауірынша үлес қоса
алады. Ал әдебиеттің жан-жақты дамуына оның өзін-өзі тануы айрықша игі
ықпал етеді. Ал классикалық шығармадан алатын әсеріміз рухани әлеміміздегі
қайталанбас өзіндік эстетикалық құбылыс ретінде санамызда қалған.
Адамгершілік тәрбиесі — адамды сыйлау, адамға жақсылық жасау, кісілік
дәстүрлерді жеке тұлғаның бойына сіңіру, оған инабатты, иманды, көпшіл
болуды үйрету т.б. адамдық, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру әрекеті.
"Адамның күні адаммен", "қошқар болар қозының мандай жағы дөң келер, адам
болар жігіттің арқа-басы кең келер", "баланы жастан..." деп халық
адамгершілік төрбиесінің педагогикалық-психологиялық негіздерін айқын
көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесінің тарихи, таптық, діндік, өркениеттік мән-
мағынасы бола тұра, ол — үнемі озық үлгілермен дамып, адам баласын мәдениет
шыңына бастап келе жатқан өркендеп бара жатқан тәрбие тағылымы, адамның
адамдығының кредосы.
Адамгершіліктің негіздері: кісілік (гумандық), ерлік, табандылық,
мақсатшылық, ұлтгық намысты қорғау, қоғамшылдық, азаматтық борышты сезіну,
құқықтық нормаларды іске асыру, отансүйгіштік т.б. адамгершілік тәрбиесінің
нәтижелері болып табылады.
Кісілік рәсімдер: имандылық — ізеттілікті, сыйласымды, жақсылыққа
сенуді, тек жақсылық жасауға бейімделуді; салауаттылық — таза жүруді,
есіріктен аулақ болуды, ар-ұятгы қастерлеуді, оғаш қылық көрсетпеуді;
қайырымдылық-адамға, айналасына жақсылық жасауды, көмек көрсетуді адам
баласына мейірімді болуды, табиғатты қорғауды; перзенттік парыз — Отанға,
ата-анаға қызмет етуді, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеуді, Отанын
сүюді, адамдарды ардақтауды; әдептілік — ізетті, инабатты, қайырымды,
мейірімді болуды, әрқашан әдеп сақтауды, әдеппен сөйлеуді, жақсы
мінезділікті; өнерпаздық — өнерді сүйе білуді, өнер үйренуді, өнер
адамдарын ардақтауды; ататекті қастерлеу — ататекті сыйлауды, ата
дәстүрлерін жалғастыруды, бүкіл адамзаттың адамгершілік қасиеттерін
қабылдап, қастерлей білуді; бірлікшілдік — дос, жолдас, туыс, ұжым бірлігін
сақтауды, ұлттық (халықтық) бірлікті қастерлеуді; қазақи қонақжайлылық —
кез келген адам баласын күтіп, оған жағдай жасауды, сыбаға беру, қонақ кәде
жасауды, аш-арыққа кемек көрсетуді; ар-намыстылық — ар, ұят, намыс
сезімдерін қалыптастыруды, ұлттық және адами намысты қорғай білуді, алға
талпыну ісін қолдауды көздейді.
Адамгершілік тәрбиесі саяси-әлеумсттік жағдайдағы құқықтық нормалардың
бұзылмауын мақсат тұтады, ұлттық сананың дамып қалыптасуына себін тигізеді,
әділетсіздікке қарсы күресе білуді үйретеді.
Адамгершілік қасиет жеке тұлғаның бойына игі іс-әрекеттер, әдет-
ғұрыптар, әдептілік нормалары, салт-дәстүрлер мен салт-сана арқылы
қалыптасады. Жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін, оларға игі
іс-әрекеттерді үйрету, елін сүйген ерлердің кісілік (гумандық), адам-
гершілік іс-әрексттерін үлгі тұту тәсілдері қоданылады. (Мысалы, Әл-
Фарабидің, Абайдың адамгершілік қасиеттері мен өнегелері т.б. ұлы
адамдардың ұлылық өмірлері мен, тарихи тәлімдік еңбектері — адамгершілік
тәрбиесінің басты құралы).
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі ешбір руға, ұлтқа бөлмей, жалпы адами
тәрбиенің негізі ретінде көрінеді. Ұлттық тәрбиенің негізгі мақсаты — жас
ұрпақты "атаның ұлы ғана болмай, адамзаттын, ұлы" болуға тәрбиелеу (Абай).
Адам болған соң, оның адамгершілігі болуы қажет. Сондықтан халық
адамгершілікке жат қылықтар мен әдепсіз әрекеттерге қарсы аяусыз күреседі.
Біз тәрбие ісінде осы бір ата дәстүрдің жалғасын жарқырата беруге
міндеттіміз.
Эстетикалық тәрбие — төрбиеленушінің эстетикалық (көркемдік) қабілетін,
талғамын қалыптастырып, әсемдік мақсат-мұраттарына құлшындырып, дарын-
нышандарын дамытып, оған көркемдікті жасауды үйрету үшін жүргізілетін игі
мақсатты әрекет.
Адам баласы әсемдікгі сезіну, ұғыну арқылы рахаттанып, одан қуат алып,
адамдық қасиеттерін қалыптастырады. "Әрбір рахат белгілі бір әрекеттерден
туады" (Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактатгар. А., 1975. 27-бет) яғни
жеке тұлғаның әсемдік әлемін сезініп, одан рахат табуы үшін, оның әсемдікті
(табиғат көркемдігін, музыка әсемдігін, поэзияның әсерлілігін т.б.)
түсініп, түйсінуіне тәрбиелік әсер керек. Өйткені, адамның адам болып өмір
сүруінің өзі — әсемдік.
Эстетика — көркемдік (әсемдік) әдептен, дәстүрден, салттан, санадан
айқын көрініп, жеке тұлғаның, топтың, ұжымның, ұлттың эстетикалық
мәдениетін көрсетеді. Эстетикалык, әсерленуден қабылдау, қабылдаудан
таңдау, талғам, эстетикалық сана қалыптасады. "Құлақтан кіріп, бойды алар,
әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар: әнді сүйсең, менше сүй" деп,
ұлы Абай эстетикалық талғам мен эстетикалық сананың өзектес өрнегін жеткізе
бейнелейді, сөйтеді де, өлең өрнектерімен әсемдік жасайды, эстетиканы
(әсемдікті) өмірге ендіру деп осыны айтамыз.
Әдептілікке үйрету сияқты эстетикалық тәрбие арқылы біз жеке тұлғаның
айналасымен эстетикалық (әдептілік) қарым-қатынасын қалыптастырамыз. Бұл
игі әрекет жеке тұлғаның әдеп сақтау, дәстүрді құрметтеу, ұлттық салт-
сананы қадірлеуі арқылы қалыптасып, мәдени нөтижелерін көрсетеді. Қоғамның,
ұлттың мөдениетін дамыту этикалық, этностық игі іс-әрекеттен басталады.
Жеке тұлғаның әсемдікті аңсап, оған қызығып, соған жетуге әрекеттенуі —
эстетикалық мұрат (идеал) деп аталады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қыз
Жібектің сүлулық бейнесі, әсем суреті, таңғажайып көркемдігі — ең биік
ұлттық эстетикалық мұрат. Жеке тұлғаның эстетикалық қабылдау қасиетін
қалыптастыру үшін оны әсемдікке баулу, әсерлендіру, қызықтыру тәсілдері
қолданылады. Сөйтіп оның, эстетикалық рухани бейнесін қалыптастырамыз, сол
игі әрекеттер арқылы қоғам мәдениетінің дамуына әсер етеміз.
"Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен" деп, жеке тұлғаның
әдептілігін, имандылығын, "туған жер — алтын бесік", "Отаның үшін отқа түс,
— күймейсің" деп, отансүйгіштік ыстық ықыласын қалыптастырамыз. Яғни,
эстетикалық тәрбие — барлық тәрбие жүйесінің алтын арқауы.
Өнер (көркем сөз, музыка т.б.) — эстетикалық тәрбиенің басты құралдары.
Жігіт "сегіз қырлы, бір сырлы" болу керек, "ер жігітке жетпіс өнер де аз",
"өнср өрге бастайды" деп, өнерпаз халық өнерді эстетикалық (көркемдік)
тәрбиенің өзегі ретінде пайдаланады. Көркем сөз, шешендік сөздің
эстетикалық есері зор (мысалы, Абайдың қара сөздері, Төле бидің шешендік
сөздері). "Сөз сүйектен өтеді", "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар",
"білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" деп, халық сөздің эстетикалық
(тәрбиелік) мәнін жоғары бағалайды. Сөйтіп, сөз өнері тәрбиеленушінің
эстетикалық қабілетін дамытады. Сөзге (тілге), тілдің көркемдігіне, сөздің
жүйелілігіне халық ерекше мөн беріп, ұрпағын сөзді тыңдай білуге, жақсы
сөзді қадірлеуге, сөзінде тұруға тәрбиелейді. "Жақсы сөз — жарым ырыс",
"сөзге ісіңмен жауап бер", "жігіт болсаң, сөзіңде тұр",
"сөзді тыңдай біл" дейді халық. Эстетикалық тәрбиенің айшықты өрнегі —
музыка. Қазақ халқы — әнші, күйші, биші халық. Бүл — ұлттық эстетикалық
тәрбиенің қайнар козі. Ұлы Әл-Фарабидің домбырасы, Қорқыт атаның қобызы —
қазақтың ондаған музыка аспаптарының басы болды. Қазақ, әні ғарышкер Талғат
Мүсабаевтың айтуымсн ғарышта шырқалды. Музыка "тілі" кез келген ұлт өкіліне
түсінікті, оның әуеніне әсерленбейтін адам жоқ. Ұлт әндері мен күйлері —
ұлттық эстетикалық тәрбенің негізі.
Эстетикалық тәрбие арқылы жеке тәрбиеленушінің эстетикалық танымы,
эстетикалық білімі, көркемөнерлік дарын-нышандары дамиды, өмірге
эстетикалық көзқарасы, эстетикалық санасы қалыптасады да, ол ұлттық
мәдениеттің дамуына зор әсерін тигізеді.
Сән эстетикасын, мінез-құлық эстетикасын, яғни мінез мәдениетін халық
қастерлеп: "әрбір істің мәні бар, әрбір заттың сәні бар", "сөнсіз өміржоқ",
"мін —мінезден", "жаман мінез жарға жығады", "әдептілік — әдемілік",
"әдеппен сөйлеп әдеттен" дейді де, сән мен мінезді эстетикалық тәрбиенің
бір тірегі етіп көрсетеді. Ұлы Әл-Фараби: "Жаман мінез-құлық — рухани
кесел" дейді (о.с. 21-бет).
Эстетикалық тәрбие мектептегі әдебиет (өлең, өңгіме), тарих (тарихи
тұлғалар), жағрафия (туған жер көркемдігі) музыка, сурет, т.б. сабақтарда
біртұтас (оқыту және тәрбиелеу) мақсатына сай жүргізіледі. Сабақтан тыс
үйірмелер, кештер, жиындар арқылы, мектептен тыс театрлар, кинотеатрлар,
теледидар арқылы және кітапханалар мен клубтар арқылы жүргізіледі. әсіресе,
көркем әдебиетті оқу, кітапхананың жұмысының мәні зор, ықпалы мол.
Эстетикалық тәрбие беру ісінде педагогика ғылымы гурмандық
("талғампаздық"), абстракционизмдік (дерексіздік), топмузыкалық (таралымды
музыка), модернизмдік (сары-уайымшылдық), "таза өнер" деп, қоғам түсінігіне
жат өнерді уағыздаушылық сияқты ағымдардың тәрбие ісіне кері әсер ететінін
дәлелдейді, сөйтіп "жаңалық жасадым" деп көркемдіктің көркін бұзатын
"жалған жаңашылдықтың" этнопедагогикаға да жалпы педагогикаға да зиянды
екендігін айқын көрсетеді.
Эстстикалық тәрбиенің негізі — этика болса, сол этика (әдеп, әдептілік)
"қазақ этнопедагогикасының мәдени-рухани ірге негізі. Ал салт-дәстүр, салт-
сана ұлттык тәрбиенің эстетикалық мәдени-рухани сәулеті больш табылады.
Өркениеттілік (цивилизация) — ұлттық мәдениеттің шарықтап өсіп,
қалыптасуына алып барса, эстетикалык тәрбие сол әсемдік әрекетінің тірек-
тізгіні, алтын арқауы. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің жаңғырып
(инновацияланып) қолданылатын тәсілдері мен әдістемелері мол. Ол тәжірибелі
ұстаздардың іс-әрекеттерінен айқын байқалып, тәрбиелік орнын табады. Ол
үшін кітаппен жұмыс, театр, кино, теледидар, компьютер т.б. техникалық
құралдарды пайдалану тәсілдерін тәрбиелеуші жан-жақты жақсы пайдалана
білуге міндетті.
Жоғарыда қарастырылған ғылыми әдебиеттердегі анықталар мен
түсініктемелер негізінде мынадай қорытынды тұжырымдама жасалынды.
Эстетикалық сезім-рухани сезімдер тобына жатады. Ол пайда болу үшін 2-
түрлі жағдай керек. Біріншіден, заттар мен құбылыстарда адамға әсер
ететін, оның назарын аударатын ерекше қасиет болуға тиіс. Солғын, өңсіз
заттар эстетикалық сезім туғызбайды. Екіншіден, адам заттар мен
құбылыстарға ықылассыз назар аударып, оған жай нәрсе деп қараса, онда
эстетика жайлы сөз болуы мүмкін емес. Заттарға, табиғат пен қоғамдық
құбылыстарға пайдақұмардың немесе өзіншілдің көзімен емес, адал пиғылмен
қарау керек. Сонда ғана жан тәрбиесі эстетикалық ләззатқа қол жеткізеді.
Эстетикалық сезім тудырудың негізі – сөз және сөздің мәнері. Соған орай оқу
сабақтары – сөз өнеріне дағдыланудың маңызды құралы болады. Сөз сұлулығына
келсек, оған қойылатын шарттар көп-ақ. Сөйлегенде біз белгілі бір ойды
білдіргіміз келеді, екінші жағынан, дауыстап айтамыз, яғни оның дыбыстық
жағы бар. Сондықтан сөйледің мазмұны мен формасын ажырата білуге тиіспіз
және олардың бірлігін ескеруіміз керек. әрбір адам өзінің сөзінде әі-ртүрлі
ойлар айтуға ерікті. Мұнда айтылған ойдың тек эстетикалық жағына көңіл
бөлінеді. Яғни ойды ашық және оны айтылуы ардайым көңілге қонымды әрі жақсы
әсер қалдыруға тиіс. Айтылатын ойды жете ұғынып, соған толық сеніп барып
жеткізсе, сонда ғана сөздің мазмұны әсемдік қасиетке ие болады. Сөз
формасының екі жағы бар. біріншіден, ол әрбір адамның сөз қорына,
пайдаланатын сөздерінің молдығына, белгілі бір ойды жеткізу үшін
қолданылатын сөздерінің нақтылығына және орнына байланысты. Сондықтан
сөздердің көркемдік жағына көңіл бөлінеді. Нақыл сөздерді, мақал –
мәтелдерді, жазушылардың қанатты сөздерін мағынасына қарай орынды және
мөлшерден аспай қолданған жөн. Бұл үшін мұғалімдер классикалық әдебиеттерді
жақсы біліп, көрнекті жазушылардың атақты туындыларын зейін қоя оқып отыру
қажет. Бүгінгі таңдағы қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі – сан
ғасырлар қойнауындағы қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегелі
дәстүрлерін, ұлттық мәдениетін, адамгершілік асыл қасиеттері мен қазақ
халқының көркемдік пен сұлулыққа көзқарасын жас жеткіншектер бойында
қалыптастыру.
Олай болса, зерттеу мәселесін ғылыми тұрғыдан негіздеуде
адамгершілік және эстетикалық тәрбие ұғымдарының анықтамалары мен
түсініктеріне мән-мағына берумен бірге олардың бірін-бірі толықтыру
мүмкіндігін есепке алу қажет. Педагогика ғылымында адамгершілікті адам
мінез-құлқын анықтаушы, оның қоғамда таныта алатын рухани өмірінің
сапалары, қандай да бір қоғамдық ортадағы мінез-құлық нормаларының жиынтығы
ретінде (Р.Роланд, Х.Штольц) белгілі бір ережелерді орындауы; қоғамдық
сананың және қоғамдық қатынастың ерекше түрлері мен формалары ретінде адам
әрекетін нормалар көмегімен реттеу тәсіліне жақындату (Э.Анганова); адамның
даралық мінез-құлқын реттеуші қайырымдылық, тәртіптілік, шыншылдық,
әділдік, еңбекқорлық, жауапкершілдік, т.б. қасиеттерін біріктіретін
сипаттамасы (С.Анисимов); белгілі нормаларды, ережелерді және мінез-құлықты
сақтаумен байланысты моральдық санасы, дағдылары мен әдеттерінің жиыны
(В.Бакштановский) тұрғысынан түсіндіретін ұстанымдар қалыптасқан.
Аталған түсініктемелерде қарама-қайшылықтар жоқ, олар керісінше бірін-
бірі толықтырып отырады. Сондықтан, адамгершілікті Отанға, мемлекетке,
еңбекке, халыққа және өзіңе қатысты моральдық сананы, сезімдер мен мінез-
құлықты жеткізе білу деп түсінген қажет деген Г.Оспанованың түсініктемесі
барынша дұрыс деп ойлаймыз. Олай болса, адамгершілік адамдардың мінез-
құлқы мен қарым-қатынастары арқылы күнделікті түрлі әрекеттерінен көрініс
табатын құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс. Адамгершіліктің сапа
нормаларына сүйенуі оның талғам нормаларына тәуелдігін көрсетеді
(Л.Рябова).
Адамгершілік тәрбиесінің талғам нормалары оның эстетикалық тәрбиемен
байланыстылығын ашады, яғни адам әрекеттерінен жағымды, адам табиғатын
сыйлауға, оған сүйіспеншілік танытуға тәрбиелену қажеттігіне сұраныстың
тұрақтылығын айқындап отырғаны Б.Т.Лихачевтың, Я.Ж.Еспаевтың зерттеулерінде
айтылған. Б.Т.Лихачев адамгершілік және эстетикалық тәрбиелерді жеке
қарастырмай, бір ұғымдық мазмұн ретінде қалыптастыру тиімді екеніне назар
аудара отырып, адамгершілік пен сұлулық педагогикада ұжым және жеке адам
мінез-құлқы секілді әлеуметтік құбылыстың екі жағы ретінде қарастырылуы
мүмкін. Егер адамгершілік әлеуметтік тұрғыдан негізделген мінез-құлықтың
шартты қозғаушы күші болса, эстетикалық тәрбие белгілі бір дәрежеде адамның
моральдық мәнділігінің көрінісі болып табылады, - дейді.
Эстетикалық тәрбие ар-ұяттың принциптерін сақтауда бағдар беруші күшті
мотивация туғызатындықтан оқушыларда адамгершілік туралы қарапайым
түсініктер мен пайымдауларды қалыптастырады. Сондықтан, адамгершілік-
эстетикалық тәрбие ұғымы оқушы тұлғасының сапалық қасиеттерін
қалыптастыруда, оның моральдық мазмұнын анықтауда басты бағдар бола алады
(Л.Кольберг).
Адамгершілік-эстетикалық тәрбие ұғымына қатысты түрлі қатынастарға
талдау жасай келе біз аталған ұғымды - адамгершілік сананы, адамгершілік
сезімді, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға, толық жетілу мен даму
және сұлулықты, әсемдікті бағалау мен өзін-өзі реттей алудың жоғары
деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған адами құндылықтарға бағдарланған екі
жақты үрдістің бірлігі ретінде қарастырамыз.
Адамгершілік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың психологиялық негізі
жеке адамның моральдық дамуы кезеңдері туралы Л.Кольбергтің ұстанымдарына
сүйене отырып, оқушының моральдық даму деңгейлерінің үш сатылы жүйесіне
тікелей байланыстылығын ашуда деп саналады. Соған қатысты адамгершілік-
эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың бірнеше заңдылықтары мен тиімді
шарттарын естен шығаруға болмайды, атап айтқанда:
- адамгершілік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың сыртқы ықпалға
тәуелділік заңдылығын ( ересектер мен педагогтардың әсері) естен
шығармауды;
- қалыптасу сатылары бірінен екіншісіне немесе төменнен жоғарыға
өтуінің табиғи жағдайда бірнеше жылға созылу заңдылығын (арнайы
ұйымдастырылған жағдайда жылдамдатуға болады) есепке алғанда;
- моральдық таңдау шартын тудырғанда;
- әлеуметтік рольдер мен қызмет түрлерін ауыстырғанда;
- практикада жинақталынған адамгершілік-эстетикалық білімдер мен
сенімдерді қолдану шарты тудырылған жағдайда.
Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш буынында оқушылардың
адамгершілік тәрбиесі педагогикалық процестің адами құндылықтар мазмұнымен
қаншалықты берілуіне тікелей байланысты екендігі ертеректен белгілі. Орыс
педагогы П.Ф.Каптерев антикалық дәуірдегі афоризмдердің тәрбиенің
адамгершілік компоненттерінің ролін көрсете келіп, Кім ғылымда
жетілгенімен, адамгершілікте соншалықты қалып қалса, ол көп ұтылғандар
қатарына жататынын көрсетеді. Оның айтуынша, балалардың эстетикалық
сезімдері олардың ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесімен тікелей байланысты,
яғни тәрбиеленушінің қоршаған ортаға ақылды, ойлы қатынасы қалыптасады,
табиғат сұлулығы мен өнерге сүйіспеншілігі саналы түрде дамиды делінген.
Жоғарыдағы түсініктемелер туралы талдауларды қорыта келе педагогикалық
процесте адамгершілік-эстетикалық тәрбие ұғымын қалып-тастырудың оңтайлы
формасын айқындау арнайы зерттеуді қажет етеді және бұл тұрғыда
синергетикалық қатынасты пайдалану адамгершілік-эстетикалық тәрбиені
қалыптастырудың интегративті сипатын ашады деп санаймыз.
Бастауыш мектепте оқушылардың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесі оқу-
тәрбие мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылады деп саналғанымен
мектепте оқытылатын пәндерді интеграциялау да белгілі бір шектеулер бар.
Сондықтан Г.Выготскийдің дамудың жақын зонасы теориясына сәйкес
балалардың танымдық қабілеттері арнайы шарттар мен жағдайлар тудырылғанда
ғана нәтижелі болады. Сол себепті бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-
эстетикалық тәрбиесі сыртқы ықпалдан гөрі ішкі ықпалға көп тәуелді болады.
Өйткені, Я.Гальпериннің баланың ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру туралы
теориясын естен шығаруға болмайды. Ал оқушының адамгершілік-эстетикалық
тәрбиесі оның ақыл-ой әрекетінің қалыптасу дәрежесіне тура
пропорционалдығын үнемі есте сақтауымыз керек.
Педагогика ғылымында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру құралдарына
жеткілікті көңіл бөлінгенімен, бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-
эстетикалық тәрбиесі бір контексте қарастырылмаған. Сондықтан бала
тәрбиесіне күшті ықпал етуші оның өмір тәжірибесі мен сырттан берілетін
эмпирикалық білімдердің бірлігін қамтамасыз ету принципі аса маңызды.
Аталған принцип бала өскен ортада қалыптасқан дәстүр, салт, әдет-
ғұрыптармен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда халық педагогикасының тәрбие
жүйесі өзінше орынға ие. Қазақ халқының тәрбие дәстүрлерін оқу-тәрбие
процесіне енгізу арқылы оқу-тәрбие мазмұнын гуманитарландыру аталған
мәселені шешуде нақты бір қызмет атқарады. Қазақ этнопедагогикасының бай
мұралары баланың рухани дүниесін байыту, оның адамгершілік және эстетикалық
сезімдері мен көзқарастарын тұрақтандыру арқылы азамат деңгейіне
көтерілуіне жағдай тудырады.
Қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттелінген ғылыми жұмыстарға
жасалынған талдау бүгінгі күнге дейін қазақ этнопедагогикасында
адамгершілік және эстетикалық тәрбиелер тек жеке түрде зерттелініп
келгенін, оларды жеке адамның тұтас мәнді қасиеті ретінде ешкім
қарастырмағанын байқатты. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, мәдениетінде,
түрлі қолданбалы өнерінде және дүниетанымдық ой-пікірлерінде осы қос
түсінікті қатар алу мысалдары жиі кездеседі. Сегіз қырлы - бір сырлы,
Көркіне заты сай, Тәні сұлудың жаны сұлу, т.с.с. мақал-мәтелдер мен
қанатты сөздер қазақ халқында азамат тәрбиесінің тұтастығын қамтамасыз ету
жүйесінің бар екендігінен хабардар етеді. Сондықтан қазақ халқының бай
рухани мұрасын бастауыш мектепте оқушылардың адамгершілік-эстетикалық
тәрбиесін қалыптастыруда зор мүмкіндігі бар екендігін айтқымыз келеді.
Адамгершілік құндылықтарға бай және жоғары сезімтал сырты қандай сұлу
болса, іші де сондай көркем жеткіншек ертеңгі күні ел қамын жейтін ел
ағасы болатынын бала бойына сіңіру сабақ процесі болсын, өзге де
педагогикалық іс-шаралар өткізу кезінде болсын бір сәтте ұмытылмауы керек.
Ал енді осы көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді
жүректен жүрекке үзбей жеткізу тек шебер тәлімгердің, ұлағатты ұстаздың
ғана қолынан келеді.
Демек бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік
құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани
қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін
оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.
Адамгершілік мұраттың эстетикалық тұрғыдан бейнеленуі адам тіршілігінң
саналалығын айқындауға мүмкіндік беретін бұлтартпас белгілерінң бірі – оның
болымысқа эстетикалық қарым – қатынасы. Адам бойындағы табиғи сезімдердің
баршысы осы қарым-қатынас барысында туындайтын алуан ықпалдарға байланысты
көрініп, түрлі реңк алатыны, әдебиет пен өнер шығармасында соған сәйкес
өзіндік көрінісн табатыны мәлім. Рухани кемелдену осынау процестің
қаншалықты жүйелі, жемісті жүргізілуіне, саяси, тарихи қоғамдық -
әлеуметтік факторлардың сол процеске қаншалықты қолайлы жағдай жасалуына
тәуелді. Міне, осы ретте рухани кемелденуге бастайтын рухани қажеттілкті –
адамгершілік мурат мәселесі ешуақытта күн тәртібіне түсіруге болмайтын
мәңгілік көкейкесті проблемалардың бірі екені ескеру қажет. Өйткені
адамгершілік қасиеттің азып - тозуы емес керісінше соның нығаюуына әсер
ететін мұрат бұғып жатқан рухани күштердің оянуына, дұрыс гуманистік бағыт
түзеп қажетті, биік азаматтық нысана таңдай білуіне тиісінше жәрдем
етпекші. Қоғамдық - әлеуметтік қыруар мен қайшылықтар келеңсіздіктер
адамгершілік мұраттан алыстауға қаншама итермелегенімен адамзаттың туабітті
табиғи қажеттілігі әрі табиғи қасиеті іспетті адамгершілік идеалдан
мәңгілік ажыратуы еш мүмкін емес. Эстон ғалымы П.Тульвисте әр түрлі
этникалық топтарды зерттей келе “Батыс” цивилизациясына араласпаған түрлі
этникалық топтарда ойлаудың осы формасы мектепте оқымаған балаларда ғана
емес, үлкендердеде жеткіліксіз дамығанын анықтаған” [12]
Ал оқу білім бұл оқулықтардың орнын толтыра алады. Алайда көркем
әдебиет шығармаларынсыз ешқандай шын мәніндегі толық қанды тәрбие жүргізу
адамды рухани кемелдендіру мүмкін емес. Өйткені әдебиет “Көңілге” сипат
жағының көркемдігімен мағына жағынның күштілігімен жағады” сол арқылы түсік
пен қабылдауға , түсінік пен толғанысқа ойлау мен түлеуге өзіндік ықпал
жасамақшы. Олай десек, адамгершілік мұраттардың обьективті гуманистік сыр
сипаты адамның рухани өрлеуімен таныма талғамының тереңдеуі мен жалпы
болымыс пен гармониалық қарым – қатынас жасауымен, адамзат прогерсіне
қызмет ететін мүдделерге үйлесуі мен де сабақтас екенін көңілге түйген жөн.
Адамгершілік мұраттарды өмірге етене жақын бейнелеуге құдіретті реализімнің
әлем әдебиетіндегі жетекші әдіске айналуының негізгі сырларының бірі – оның
өмірді шынайы бейнелеуге икемдігі мен көркемдік – эстетикалық идеалдардың,
категориялардың прогресшілдігінде екенін баса айту керек. Сол сияқты рухани
даму процесі де күрделі , қиын. Әсіресе балалардың әдебиетте белгілі бір
идеалық көркемдік нысаналар тұрғысынан бейнеленуі олардың рухани
қажеттілігін қанағаттандыру арқылы әрі эстетикалық, әрі тәрбиелік қызмет
атқарады.
Адамгершілік тәрбиесі біртұтастық оқу-тәрбие процесінің негізгі болып
табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу (еңбек дағдысы)
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы бастауыш сынып оқушыларының сәтті адамгершілік тәрбиесінің шарты ретінде
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Пәндер