Канализациялық сорап стансасын автоматтандыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ...3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Технологиялық процесс туралы мәлімет беру
Канализациялық сорап стансасы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..4.7
1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау ... ..8.13
1.3 Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы ... ..
1.4 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.17
1.5 Автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясы ... ... ..18
ІІ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Тарылту құрылғысының көмегімен шығынды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...19.25
2.2 КСМ.4 типті көпірдің өлшеу схемасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.30
2.3 КСМ.4 типті көпірдің өлшеу схемасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.32
ІІІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі ... ... .33.35
3.2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ...39
Канализациялық сорап стансасы-күрделі гидравликалық жұмыстармен, құрылымдарды білдіреді. Оларды тұрмыстық,өндірістік және дауыл,су айдау үшін пайдаланады. Бұл стансасының жұмыс істеу принципі сорап агрегаты орналасқан жерге құбыр кәріздің қабылдау бөлігін енгізуі. Сорап агрегатында кәріздің кері клапандары орналасқан, олар судың келмеуіне мүмкіндік береді. Канализациялық сорап стансасының төменгі бөлігінде қоқыс жәшігі орналасқан. Ол үлкен қоқыстарды стансаға түсіп кетпеуі үшін қажет. Қоқыс жәшігін тазарту және сораптың ішкі қызмет көрсетуі канализациялық сорап станциясының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Сорапты және бағыттаушы түтікті алып тастау үшін баспалдақ қажет. Құдық стансасында төмен түсетін баспалдақ және қызмет көрсету алаңы бар. Сорапты бақылау жұмысы датчиктердің көмегімен жүргізіледі.
Канализациялық сорап стансасының құрылымы, стансалары шахталық типте құрылады. Үлкен сору биіктігі бар сорғымен жабдықталған стансаның сыйымдылығы жоғары. Жерасты бөлігі темір бетон,бетон және пластикалық терезелер арқылы орналасады.
1. Колягин А.Ф Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов.
2.Мичко В.И, Арнополин А.Г Электрооборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра 1991.
3 . Зезин В.Г, Лазуков В.А Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления Челябинск 2007.
4. Трахова М.Ю Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте Часть 1.
5. «Техникалық терминдео» сөздігі Алматы 2009
6. Низе В.Э. и Антика И.В. - Справочник по средствам автоматики/Под М.:Энергоатомиздат, 1983-504 с.
7.Баранов В.Я, Безновская Т.Х, Бек В.А и др. Промышленные приборы и средства автоматизации - Л.: Машиностроение, 1987-847 с.
8.Гинзбург С.А., Лехтман И.Я., Малов В.С. Основы автоматики и телемеханики-М.: Энергоатомиздат, 1990-510 с.
9. Родионов В.Д., Терехов В.А., Яковлев В.Б. Технические средства АСУТП/Под ред. Яковлева В.Б. -М.: Высш. школа, 1989-263 с.
10. Современные технологии автоматизации. Изд. «СТА-ПРЕСС».
11. Приборостроение и средства автоматизации. Энциклопедический справочник. Изд. «Научтехметиздат».
12.Белов М. П, Новиков В.А, Рассудов Л.Н.. Автоматизированный электропривод типовых производ¬ственных механизмов и технологических комплексов: Учебник для вузов — 2-е изд.

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Технологиялық процесс туралы мәлімет беру
Канализациялық сорап стансасы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..4-7
Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау ... ..8-13
Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-15
Принципиалды электрлік схеманы қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 16-17
Автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясы ... ... ..18
ІІ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Тарылту құрылғысының көмегімен шығынды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...19-25
2.2 КСМ-4 типті көпірдің өлшеу схемасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-30
2.3 КСМ-4 типті көпірдің өлшеу схемасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-32
ІІІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-35
3.2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36-37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

КІРІСПЕ

Канализациялық сорап стансасы-күрделі гидравликалық жұмыстармен, құрылымдарды білдіреді. Оларды тұрмыстық,өндірістік және дауыл,су айдау үшін пайдаланады. Бұл стансасының жұмыс істеу принципі сорап агрегаты орналасқан жерге құбыр кәріздің қабылдау бөлігін енгізуі. Сорап агрегатында кәріздің кері клапандары орналасқан, олар судың келмеуіне мүмкіндік береді. Канализациялық сорап стансасының төменгі бөлігінде қоқыс жәшігі орналасқан. Ол үлкен қоқыстарды стансаға түсіп кетпеуі үшін қажет. Қоқыс жәшігін тазарту және сораптың ішкі қызмет көрсетуі канализациялық сорап станциясының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Сорапты және бағыттаушы түтікті алып тастау үшін баспалдақ қажет. Құдық стансасында төмен түсетін баспалдақ және қызмет көрсету алаңы бар. Сорапты бақылау жұмысы датчиктердің көмегімен жүргізіледі.
Канализациялық сорап стансасының құрылымы, стансалары шахталық типте құрылады. Үлкен сору биіктігі бар сорғымен жабдықталған стансаның сыйымдылығы жоғары. Жерасты бөлігі темір бетон,бетон және пластикалық терезелер арқылы орналасады.
Қабылдау резервуары жабдықталған тор және су ағынды пластиналарға сәйкес анықталады. Тор ірі мусорларды ұстап қалу үшін қолданылады.Қажетті көлем берілген резервуарда график бойынша және сорап ағынды сулармен анықталады. Напорлы құбыр көбінесе екі линияда болат және пластикалық трубаларда орындалады.
Жұмыс принципі екі режимі бар:Автоматты және қолмен басқару режимі.
Автоматты режим, қолмен басқару режимі
Қолмен басқару режимінде қосу және сөндіру әр сорап агрегатында пуск және стоп батырмасының көмегімен орындалады.Әр сорап агрегатында әр түрлі.Светодиод индикаторы щиттегі жұмыс басқаруын қамтамасыз етеді және сорап агрегатын сөндіреді.
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Технологиялық процесс туралы мәлімет

Канализациялық сорап стансасы(КСС) ақпасуды айдауға арналған резервуарлар және жабдықтардан тұрады. Мұндай стансаны қондыруға мұқтаждық кейбір себептерге байланысты ағынды сулар өздігінен тасымалданбаған жағдайда қажет. Осы кезде ол таптырмайтын көмекші болып табылады.
Бұл мақалада КСС негізгі құрылымдық ерекшеліктері және олардың түрлері, сонымен қатар монтаждық жұмыстарының ерекшеліктері және қызмет көрсету ережелері қарастырылады
КСС құрылымы және ішкі құрылғысы.
КСС таңдаған кезде ағын судың шамаланған көлемі, құрылғы мөлшері, ағын судың ластану дәрежесі және ластану типі есепке алынады. Таңдауға станса қондырылған жер телімі рельефінің ерекшеліктері, және құбыр өткізгіш жүргізілген тереңдік те әсер етеді.
Әртүрлі бағыттағы КСС құрылғысы аздап айрықшаланады, бірақ құрылымның негізгі бөліктері - герметикалы сыйымдылықтар және сорғыштар - олар барлық модельдерінде болады. Әшейінде су резервуарына өздігінен ағады, одан кейін сорғыштармен тартып шығарады және жою орнына немесе тазартқыш құрылғыларына тасымалданады. Тікелей унитаздарға жалғанатын мини - КСС болады. Бұлар эстетикалы түрде жасалған кіші көлемді, кескіш механизмі бар сорғыштармен жабдықталған герметикалы резервуарлар. КСС бұл модельдерін санитарлық торап үй-жайларында қондырады.
Әдеттегідей, КСС резервуары жер көмілген полимерлік бак болып табылады. Сыйымдылықтың мойындығы жоспарлық тексеруді, стансаны жөндеу және оған қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында үстіңгі бетке шығарылады. Ол полимерлік немесе болаттан жасалған қақпақпен жабылады. Резервуар ішіне қабырғалардағы келте құбырлар арқылы жалғанған құбыр өткізгіш орналасқан. Судың біркелкі ағуы опырғыштың көмегімен жүзеге асырылады, ағынның құйындылығының болмауы - субағыттау қабырғасының арқасында.
Тұрмыстық мақсаттарда қолданылатын кәріз стансалары 1-2 сорғышпен жабдықталады. Егер де жабдық коммуналды кәсіпорындар дың ағынсуларын бұру үшін қолданылса, онда кемінде екі сорғыш қолданылады. Әр түрлі бағыттағы КСС - тарға әр түрлі типті сорғыштар орнатылады. Тұрмыстық стансаларға кескіш механизмі бар сорғыштарды қолданған дұрыс. Ал коммуналдыларда - олар қолданылмайды, өйткен себебі қатты қалдықтар кәрізге түсіп, кескіш механизмнің бұзылуына әкеліп соқтырады.
КСС құрылымдарының негізгі элементтері - герметикалы резервуар және сорғыштар. КСС - тарға талаптар, қондырғы ерекшеліктері және санитарлық аймақтың орналастыру, құбыр өткізгіштердің қажетті саны СН және Е 2.04.01-85 Ішкі су өткізгіш және ғимараттар кәрізі бойынша реттеледі.
Канализациялық сорап стансасының жұмыс істеу принципі
КСС типіне қарамастан олардың барлық жүйелерінің жұмыс істеу принциптері бірдей. Ағын сулар қабылдау бөлігіне құйылады, ол тығыз төсеуіш арқасында топыраққа өтіп кетпейді, және де қысыммен сорғыштар көмегімен ықтиярсыз арынды құбыр өткізгішке айдалады. Әрі қарай ағын сулар тарату камерасына түседі және құбырлар бойынша тазару құрылғыларына тасымалданады. Ағын сулар сорғыштың құбыр өткізгіштеріне қайтып оралмауы үшін кері қақпақша қарастырылған. Егер ағын сулар көлемі көтерілсе қосымша сорғыш іске қоылады. Егер сорғыштардың ағын сулар көлеміне әлі келмесе, онда дабылқаққыш қосылады. КСС жұмысы автоматты түрде басқарылады. Түсетін қалдықтар деңгейін бақылау әртүрлі деңгейлерде орналастырылған қалтқылы датчиктердің көмегімен жүзеге асырылады, осының нәтижесінде станса келесі режімде жұмыс істейді: Бірінші деңгейдегі датчиктер ағын сулардың аз көлемін көрсетеді, сорғыштар жұмыс істемейді. Екінші деңгейдегі датчиктер жиналып қалған қалдықтарды айдау үшін сорғыштарды іске қосады. Ағын сулар көлемі қалыпты шектерде. Үшінші деңгейдегі датчиктер су көлемі көбейген кезде іске қосылады және артық қалдықтарды айдау үшін резервтік сорғыш қосылады. Төртінші деңгейдегі датчиктер апаттық дабылды қосады, өйткені ағын суларды айдауға арналған құрылғының олардың көлеміне әлі келмейді. Бұл жағдайда КСС жұмысын қалыптастыру үшін қызмет көрсету бригадасы қажетті іс-шараларды қабылдау қажет, өйткен себебі дабылқаққыш сорғыштардың біреуі істен шыққан кезде қосылуы мүмкін. КСС жұмысын жеңілдету үшін олар люкпен және баспалдақпен жабдықталған. Қалдықтарды айдау біткен кезде ағын сулар деңгейі бірінші датчиктен төмен түседі, жүйе сөнеді. Қайта қосқанда осыған дейін қосымша функцияны атқарған басқа сорғыш іске қосылады. Жұмыстың мұндай жүйесі бір сорап механизмінің ерте тозуын болдырмайды.
Канализациялық сорап стансасы жинағына кіретін қосымша жабдық: Резервтік электр қорегінің көзі; Қысым датчиктері, манометрлер, ілмекті арматура; Жүйенің қауіпсіздігін және жабдықтың сақталуын қамтамасыз ететін металды павильон; Сораптарды, жалғауыш құбырларды тазартуға арналған жабдық. Станса жұмысы толығымен автоматтандырылған, бірақ қажет болғанда басқарудың қолдық режіміне көшіруге болады. Мұндай қажеттілік жөндеу кезінде, сыйымдылықты тазарту қажет болғанда немесе жаңа КСС-ты пайдалануға қосқанда туады.
Канализациялық сорғыштар түрлері және олардың ерекшеліктері
Сораптық жабдық - КСС-тың негізгі бөлігі. Ол тұрмыстық ағын суларды, өндірістік қалдықтарды, лайды, нөсер суларын айдайды. Канализациялық сораптарды келесі түрлерге бөледі:
батпалы;
консольді;
өздігінен соратын.
Батпалы канализациялық сорап -- үнемі бату жағдайында болатын ағынды әсердегі құрылғы. Мұндай сорғыштарды дайындау үшін агрессивті орталарға төзімді материалдар таңдалады.
Сорғы станциясының маңызды энергетикалық элементі болып сорғы қондырғысы, бір немесе бірнеше сорғылары бар, құбырларды сору және айдау жүйесі, жапқыш құралы, қоғалтқыш желісі, сонымен қатар басқада қондырғылардың өлшегіш технологиялық параметрлері болып табылады (2 сурет).

Сурет 1. Канализациялық сорап стансасының негізгі элементі- герметикалық резервуар

Сурет 2.Сорап стансасының технологиялық процесі
1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау

Шығынды өлшейтін аспаптар-ультрадыбыстық шығын өлшеуіштер. Бұл аспаптардың жұмыс жасауы қозғалыстағы сұйықтықтың ультрадыбыстық толқындарды ығыстыруға негізделген.
Құбырда жилігі 1- 3 МГц ультрадыбыстық толқындардың екі көзі және екі қабылдағышы орнатылған. Егер құбырдағы сұйықтық қозғалыссыз болса, онда ультрадыбыс жылдамдығы с болғанда импульстің өту ұзақтығы мынаған тең
t=lc,
мұндағы l - ультрадыбыс көздері мен қабылдағыштардың арақашықтығы.
Сұйықтық v жылдамдығымен ығысқанда ультрадыбыстың ағын бойымен t1 өту және ағынға қарсы t2 өту уақыты мынаған тең болады
t1=lc+v; t2=lc-v,
бұдан ∆t=t1-t2=2lvc2.
Импульстердің ағын бойымен және ағынға қарсы өту уақыттарының айырмашылығы шығынның өлшемі болып табылады.
Бұл типті аспаптар құбырлардың диаметрі кішкентай болғанда (10 мм бастап) және ағындардың жылдамдығы 0,02 мс кем болмағандағы пульпалардың шығынын өлшеу үшін қолданылады.
РМК ротаметрлері келтірілген. Бұл ротаметрлер таза және аздап ластанған сұйықтардың, құрамында бөлшектері бар ауа мен газдардың көлемдік шығынын өлшеу үшін қолданылады.
Қысымды өлшейтін аспаптар - бұл аспаптар арнайы өндіріс, техника және транспорт салаларында қолданылуы үшін дайындалады. Арнайы манометрлермен әртүрлі газдардың (аммиак, ацетилен, сутегі, оттегі) қысымын өлшейді. Әр газ үшін арнайы манометр шығарылады, оның шкаласында газдың атауы жазылады және сыртқы қабаты (корпус) белгілі бір түске боялады: аммиак үшін сары, ацетилен үшін ақ, сутегі үшін қою жасыл, оттегі үшін көгілдір және жанбайтын газдар үшін қара. Аспаптың шартты белгісінде арнайы әріппен аспаптың қай газ үшін арналғаны жазылады: аммиак - А, ацетилен - Ац, сутегі - В, оттегі - К.
Модельді қысым датчигі
Оттегінің қысымын өлшейтін манометрлер майсыздандырылуы қажет, өйткені механизмінің сәл де болса ластануы, таза оттегімен жанасқан кезде жарылысқа әкелуі мүмкін. Ацетиленді манометрдің өлшеу механизімін мыс қорытпаларынан дайындамайды, өйткені мыс қорытпалары ацетиленмен байланысқанда жарылыс қауіпті ацетиленді мыс қоспасы түзілуі мүмкін; аммиакты манометрлер даттануға төзімді болуы керек.
2088 Модельді қысым датчиктері Rosemount фирамасының қысымды өлшейтін жаңа аспаптарының бір түрі болып табылады.
Абсолютті және артық қысымдарының өлшеу диапазоны 0 - 1-ден 0 - 4000 psi дейін ( 0 - 69 - дан 0 - 276 дейін);
Дәлдігі 0,20%;
Коммуникациялары HART протоколы бойынша жүзеге асады;
Массасы және көлемі кішкентай, оны орнату, тұтыну, қолдану жеңіл;
Сенімділігі жоғары және қызмет көрсетуі оңай;
Аспаптың электроника бөлігі бөлек орналасқан;
Температураны өлшейтін аспап.
Температура (лат. temperatura - араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) - макроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі.
3144 Р модельді температураны өлшейтін датчиктің техникалық сипаттамасы:
Басқару және қауіпсіздік мәселелерін шешуге арналған температура датчигі;
Датчик бір немесе екі сенсормен жұмыс жасай алады;
Электромагниттік кедергілерден жоғары дәрежеде қорғалуы және жоғары дәрежелі сүзгілеудің (фильтрация) нәтижесінде бұл аспап өлшеулерді қалыпты түрде жүргізеді;
Қауіпсіз аспап жүйелері (SIS) үшін берілетін тәуелсіз эксперттердің IEC 61508 құжаты бойынша сертификаты бар;
Екіге бөлінген корпусы бар аспаптың қорғаныс дәрежесі жоғары;
Hot Backup¨ резерві және сенсордың сигнализациясы өлшеулердің сапасын, сенімділігін және тұрақтылығын арттырады;
ЖК дисплейі арқылы өлшеу нәтижелерін бірден аспаптың қасынан көруге болады;
Ақпарат 4-20 мА аналогты сигнал арқылы және HART¨ протоколы бойынша сандық түрде де беріледі.
Манометрлік серіппе бір немесе көп орамды серіппе түрінде, сондай-ақ сильфон түрінде де жасалынады. Термобаллонның ұзындығы мен диаметрі әртүрлі болып келеді. Әдетте термобаллонды жылу өткізгіштігі жоғары болып келетін болаттан немесе жезден жасайды. Капиллярды ішкі диаметрі 0,15 - 0,5 мм болып келетін мыс немесе болат түтікшеден дайындайды. Капиллярдың ұзындығы 0,25 см - 60 м дейін болады. Механикалық зақымданудан капиллярды қорғау үшін оны мырышпен қапталған болат сым өткізгіш қаптамаға орналастырады.

Манометрлік термометрлермен температураны мына аралықта өлшейді: -120+600С.

Түтікшелі серіппесі бар манометрлік термометр: 1 - термобаллон; 2 - капиллярлы түтікше; 3 - түтікшелі серіппе; 4 - ұстағыш; 5 - жетектеме; 6 - сектор.

Кедергілік термометрдің құрылысы

Кедергілік термометрдің сезімтал элементі шыны, кварц, керамика, слюда, пластмасса, т.с.с. материалдардан жасалған каркаска оралған жіңішке өткізгіш болып табылады. Сезімтал элементтен шығатын өткізгіштің ұшы термометр басындағы қысқыштарға қосылады.
Кедергілік термометрдің бір нұсқасы 3-суретте келтірілген.

Кедергілік термометрдің сезімтал элементі 4-каналдық керамикалық каркасқа (2) оратылған спираль тәріздес өткізгіштен (1) жасалады.Механикалық зақымданулардан және өлшеу ортасының немесе қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін сезімтал элементті керамикалық төлкемен (4) бекітілген қорғаныс қабығына (3) салады. Сезімтал элементтің ұштары (5) изоляциялық керамикалық құбыр (6) арқылы өтеді. Мұның барлығы қорғаныс қабына (7) орнатылады. Ол бұрандалы штуцер (8) көмегімен өлшеніп жатқан объектіге бекітіледі. Қорғаныс қабының үстіне термометрдің ұштарын және қосқыш өткізгіштерді бекіту үшін қажетті винттер (11) бар. Термометрдің басы қақпақпен жабылады. Қосқыш өткізгіштер штуцер арқылы шығарылады.
Сыртқы электр және магнит өрістерінің әсерінен азайту үшін термометрлердің әсерін азайту үшін термометрлердің сезімтал элементтерін индукциясыз ораммен жасайды. Мысалы, мыстан кедергілік термометр жасағанда, диаметрі 0,1 мм өткізгішті пластмассадан немесе шыныдан жасалған цилиндрлік каркасқа бірнеше қабаттап орап, лакпен бекітеді. Өткізгіштің екі жағына диаметрі 1-1,5 мм мыстан жасалған ұштары дәнекерленіп, шығарылады. Сезімтал элемент қорғаныс қабыққа орнатылады. Мыстан жасалған кедергілік термометрлердің сезімтал элементтері каркассыз тәсілмен де жасалады. Диаметрі 0,08 мм изоляцияланған өткізгіш орамаларын бір-біріне бакпен бекітіп, сыртын фторопласт пленкамен орайды. Осы сезімтал элементті жұқа металдан жасалған қорғаныс қабыққа орнатады, керамика үгіндісімен толтырылып, герметизацияланады. 3-суретте келтірілген платинадан жасалған кедергілік термометрдің сезімтал элементінің құрылысы екі немесе төрт платина спиральдардан (1) тұрады. Олар керамикалық каркастың (2) капилярлық каналдарында орналасқан. Каркастың каналдары изоляция рөлін атқаратын және спиральдарға серпімділік беретін керамика үгіндісімен (3) толтырылған. Спиральдардың соңына платина немесе иридий өткізгіштерден жасалған ұштар (4) дәнекерленген. Керамикалық каркастағы сезімтал элемент арнайы қабатпен (5) герметикалы түрде жабылған. Мысалы П.Г. Стрелковтың платинадан жасалған кедергілік термометрдің сезімтал элементінің спиральдардың диаметрі (0,05-0,1) мм, 3.2-сурет. Платинадан ал ұшының диаметрі 0,3 ммден аспайды, қорғаныс жасалған термометрдің қабығы (гильза) 0,02 МПа қысымға есептелген құрғақ сезімтал элементті ауамен, азотпен, гелиймен толтырылып, герметикалық жабылған. Гильзаның өлшемдері: диаметрі (5-6) мм, ұзындығы - (50-100) мм. Германийден жасалған кедергілік термометрдің сезімтал элементінің мыстан жасалған гильзасының ішіне гелий толтырылып, герметикалық жабылған. Гильза ішінде сурьма жағылған германийдің монокристалы бар, оған төрт алтын өткізгіш, ал соңына платинадан төрт ұштары дәнекерленіп қосылған. Кристалл жұқа қабықшамен оқшауланған. Мұндай термометрлер 1,5 К-нен 50 К-ге дейінгі температураларды өлшеуге қолданылады.

1.3 Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы

Аз өнімділікті канализациялық сорап стансасын автоматтандырудың функционалды сызбасының фрагменті 4 суретте көрсетілген. Сораптық агрегаттар жанасшұңқырдың жоғары шетінен асып кеткенде және қосу алдында шығанақ операцияларын талап етеді. Шығанақтың аяқталуын бақылау үшін арнайы шығанақ релесі қолданылады.
Қабылдау резервуарында судың деңгейін бақылау үшін 1А электродтық релесі қолданылады, оның дабылы 1В деңгей реттеуішіне түседі. 1С айырып-қосқышы қабылдау резервуарындағы ағын сулардың деңгейіне байланысты сорғыш агрегаттарды іске қосу тәртібін анықтайды. Сорап агрегаттарды қосу жабық ысырмамен жүзеге асырылады. Сызбада сорап агрегаты жетегін қосудың автоматты және қолдық түрлері қарастырылған. Сорап агрегаттың режімдерін және ағындық ысырманы басқару үшін 2D және 2G режімдері бар айырып-қосқыштар қарастырылған. Ал оларды басқару 2B және 2H бастырмалы стансаларымен жүзеге асырылады.
Автоматты басқару кезінде қосу дабылы деңгей реттеуішінен 2D айырып-қосқышы арқылы 3А шығанағының электрлі магнитті вентиліне беріледі. Шығанақты бақылау сол шығанақтың электрлі контакті релесімен жүргізіледі. Оның дабылы 2D сорап агрегаты жетегінің электрлі магнитті қосқышына беріледі, ал сол қосқыштан 2G режімді айырып-қосқыш арқылы ағындық ысырманы ашуға арналған 3В қосқышына беріледі. Ағындық ысырманы ашу аяқталысымен 2Ғ ақырғы ажыратқышы желіден ысырма қозғалтқышын сөндіреді.
Сорап агрегатты қосу 2Е ағынды қысым дабылдағышын бақылайды. Қосу процесі аяқталмағанда бұл дабылдағыш сорап агрегаты жетегінің электрлі магнитті қосқышын сөндіреді.
4- суретте тек қана бір сорап агрегатын автоматтандыру сызбасы көрсе-тілген. Бөтен сорап агрегаттарын автоматтандыру сызбасы оған ұқсас.
Жоғары өнімді сорап стансаларында, сорап агрегаттары қабылдау резервуарының жоғары шетінен төмен орналасқанда, сорғыш агрегаттардың арнайы шығанағының қажеттілігі болмайды. Бұл жағдайда автоматтандыру сызбасында электрлі магнитті вентилі 3А бар және шығанақ релесі 2А бар құю құбыр өткізгіші болмайды.

Сурет 4 Канализациялық сорап стансасының автоматтандырылуының функционалдық схемасы

1.4 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру

Сорап агрегатының электрлі жетегін басқарудың электрлік принциптік сызбасы 5 суретте көрсетілген. Сорап агрегатының электрлі қозғалтқышы - қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды, төмен вольтті (380220В). Оны қосу ашық ағындық ысырма, шығанақ - ағындық құбыр өткізгіш арқылы жүзеге асырылады. Сызбада тек басқару тізбектері көрсетілген. Бұл сызбада басқарудың үш режімі қарастырылған: жергілікті М басқаруы (сынау), автоматты А басқаруы және сөндіру О. Жергілікті басқару режімінде жетекті қосу және сөндірудің SB2 және SB1 бастырмаларының көмегімен жүзеге асырылады. Автоматты басқару режімінде сорап агрегаттың электрлі жетегі К1 (К2-К4) басқару релесінің көмегімен қосылады. Сорап агрегатты қосар алдында SF1 шығанақ релесінің контактілерімен сөндірілетін YA1 электрлі магнитті вентилінің көмегімен оның шығанағы жүзеге асырылады. Сорап агрегаттың автоматты қорғауышы және электрлі жетектің апаттық сөндірілуі ағындық құбыр өткізгіште қысымның төмендеуі кезінде қосылатын К2 релесінің көмегімен жүзеге асырылады, гидротығыздауышқа судың берілуі тоқтаған кезде SF2 және SF3 манометрлері көмегімен жүзеге асырылады, ал сораптық станса толған кезде - 8 суреттегі сызбадан К1 релесі көмегімен жүзеге асырылады. Көрсетілген контактілер уақыт бойынша аяқ асты қысқа тұйықталу кезінде КТ1 уақыт релесі көмегімен К1 релесін қосу мүмкіндігі болмайды. Сызбада электрлі жетектің КК1 температуралық реле көмегімен қатты ауыртпалықтан қорғайды.

Сурет 5 Сорап агрегаттардың электр жетектерін басқарудың принципиалды электрлік схемасы

1.5 Автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясы
Көр.
Көр.бел
Атауы

Саны
Ескерту
1А,2А
LS,LS
Электродты деңгей релесі Взлет 211.01
2
Жергілікті жерде орналасқан

LS
Деңгей реттегіші Взлет 203
1
Щитте орналасқан
1С,2D,2G
HS
Ажыратып қосқыш П5
3
Щитте орналасқан
2B 2H
H
Басқару стансасы СУ
2
Жергілікті жерде орналасқан
2C
NS

Магнитті іске қосқыш ПМ
1
Жергілікті жерде орналасқан
2F
GS
Шеткі ажыратқыш ВК-20
1
Жергілікті жерде орналасқан
2E
PS
Ағынды қысым сигналдаушысы
1
Жергілікті жерде орналасқан
3A

Электр моторлыы орын-даушы механизмді реттеуші клапандар 25 ч 931 нж
1
Жергілікті жерде орналасқан

ІІ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Тарылту құрылғысының көмегімен шығынды есептеу

Есеп номері №24
Диафрагма қондырылған құбыр өткізгішпен өтетін судың шығынын анықтау. Шығынды өлшеу жүйесінің сипаттамаларының бастапқы шамалары төмендегі кестеде 2.1 көрсетілген.
Кесте 2.1 Есептің берілгендері
Параметрдің аталуы және өлшемі
Белгіленуі
Шамасы
Құбыр өткізгіш диаметрі, 20°С кезіндегі, мм
D20
250
Диафрагма саңылауының диаметрі, 20°С кезіндегі, мм
d20
150
Диафрагма алдындағы судың (абсолютті) қысымы
Р
3,7
Судың температурасы 0C
T
88
Диафрагмадағы қысым құламасы, кПа

65
Диафрагма типі
-
Δp бұрыштық жинақтаушы
Құбыр өткізгіш материалы
-
12Х18Н10Т
Құбыр өткізгіштің ішкі бетінің жағдайы
-
Салқын тартылған
Диафрагманы тексеріс аралық интервалы

4
Диафрагма материалы
-
12Х18Н9Т
Диафрагма алды жергілікті кедергісі
-
Ысырма
Диафрагма алды құбыр өткізгіштің түзу сызықты участок ұзындығы, м
L1
3,8
Құбыр өткізгіш осінің салыстырмалы диафрагма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ақтөбе мұнай өңдеу» зауытындағы сораптардың автоматтандырылуын жобалау
Атырау облысындағы мұнай айдау стансасын қайта жаңғырту
Алға қаласындағы сорап стансасының автоматтандырылуын жобалау
Мұнай тасымалдау бекеттері
Тауарлы мұнайды сақтайтын резервуарлы парктердің автоматтандырылуын жобалау
Сорапты станциялардың құрылымы және жабдықталуы
Технологиялық құбыр жолы
Ақтөбе мұнай өңдеу зауытындағы газды кептіру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Автоматтандырылған су жүйелері
Copy құбырларының сораптағы кавитацияға әсері
Пәндер