Цементті клинкерді ұнтақтауды автоматтандыру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Технологиялық процесс туралы мәлімет беру
Цементтің шығу тарихы . . . 4-9
- Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау
Клинкер және оның химиялық, минералогиялық құрамы . . . 10-13
- Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы . . . 14-17
- Принципиалды электрлік схеманы қарастыру . . . 18
- Автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясы . . . 19
ІІ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2. 1 Тарылту құрылғысының көмегімен шығынды есептеу . . . 20-30
2. 2 КСМ-4 типті көпірдің өлшеу схемасын есептеу . . . 31-33
ІІІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3. 1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі . . . 34-35
3. 2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология . . . 36-38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 40
Кіріспе
Ағылшын зерттеушісі Джозеф Аспдин 1824 жылы жасанды тас өндірісіне патент алды. Портланд қаласының төңірегінде қазылып алынатын тасқа ұқсас болуына байланысты, оны кейінірек портландцемент деп атады.
1825 жылы Россияның әскери технигі Егор Челиев әктас пен балшық қоспасын 1200-1300°С температурада күйдіру аркылы суға шыдамды цемент алды. Күйдіру кезіндегі тас күйіңде алынған шала балқыманы ұнтақтаған. Осылайша өндірілген үнтақты сумен араластырған соң, қоспа қатайып, жақсы механика-лық қасиеттері бар, суға төзімді тасқа айналған. Е. Челиев өзінің Мәскеуде басылған «арзан және сапалы мергель немесе ерекше берікті цементті су құрылыстарында, жеке айтқанда каналарды, көпірлерді, су қоймаларын, бөгеттерді, сақтағыштар мен жертөлені сылауға қолдану туралы үсыныстар» деген кітабында осындай цементтің өндірілу әдістері жазылған.
Көрсетілген зерттеушілердің цементті өңдіру жөніндегі үсыныстарында айтарлықтай өзгерістер болды, бірінші кезекте шикізатты күйдіру температурасы бойынша Дж. Аспдин былайша қорытыңдылады: портландцементті алу үшін шикізатты, кальций карбонатының ыдырауы салдарынан болатын газдың бөлінуіне дейін 1000-1100°С температурада күйдіру. Ал Е. Челиев болса шикізатты күйдіруді, балқу процесі орын алатын 1200°С температурадан жоғары жағдайда күйдіруді ұсынды.
Қазіргі кезде цемент дүние жүзіндегі 120 елде өндіріледі. Бірақ цемент өндірісінің алдыңда келе жатқан 15 елде дүние жүзінде өндіріліп жатқан цементтің 85% шығарылады. Қазіргі кездегі цемент өндірісі осы заманғы құрылыс материалының негізгісі және әрбір елдің экономикалық потенциалын анықтайтын бас-ты көрсеткіштердің бірі болып саналады.
- Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет
Портланд цементті клинкерді өндіру үшін, шикізаттың қоспа-сын ішінара балқытуға дейін күйдіру керектігі расталды, себебі цементтің беріктігі мен суға төзімділігін қамтамасыз ететін негізгі клинкерлі минералдар, ең алдымен кальцийлі силикаттар, әкпен қаныққан сүйық балқымалы ортада пайда болады. 1000-1100°С шикізаттар жеткілікті түрде күймейді. Дж. Аспдин ойлап тап-қан цемент қасиеттері бойынша суға төзімді әкке жақын, сон-дықтан осы заманғы түсінікке орай, тіпті өзінің туған жері Ан-глияда портландцемент деп танылмайды.
Қазіргі кезде цемент дүние жүзіндегі 120 елде өндіріледі. Бірақ цемент өндірісінің алдыңда келе жатқан 15 елде дүние жүзінде өндіріліп жатқан цементтің 85% шығарылады. Қазіргі кездегі цемент өндірісі осы заманғы құрылыс материалының негізгісі және әрбір елдің экономикалық потенциалын анықтайтын бас-ты көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Ортаазиялық аймақта цемент өндірісі 1926 жылы маусымда Бекабад қаласында басталды (Өзбекстан Республикасы) .
Орта Азияда бірінші болып Науайы қаласыңда кебу өдісімен жұмыс істейтін зауыт іске қосылды. Мүндай кебу едісімен жүмыс істеу кезінде жағылатын отын 30-35% үнемделеді. Кебу өдісінің, кеп мөлшерде шаң-тозаң болетін кемістігі бар, сон-дықтан кебу әдісі молынан тарамаған.
Цементтің тозаңдары қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Қазіргі мақсатта Науайыдағы цемент зауытында осы заманға лайықты тозаң ұстағыштар орнықтырылған. Осы мекемеде өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі жоғары.
Германияда өңдірілетін цементтің 90%, Жапонияда - 78%, Чехияда - 64%, Венгрияда - 55%, Болгарияда - 45%, Америка-да 42% кебу әдісімен өндіріледі. Осы технология ең тиімді және прогрессивті саналады. Цементті ойлап табудың өзі құрылыс-тағы жаңа деуірдін басталуына әкеп соқты.
Бетон технологиясының дамуы мен қүрылыста темірбетон конструкцияларын молынан қолдану тез қатаятын, сульфатқа шыдамды, кернеулі сияқты цементтің жаңа түрлерін әзірлеп шығаруды және оларға деген сұранысты ұлғайтты.
Қазақстанда портландцементті, шлакты портландцементті, үй құрылыс зауыттарында қолданылатын жылдам қатаятын цементті, су техникалық кұрылысқа керекті сульфатқа төзімді цементті, мүнай мен газ скважиналарында пайдаланатын тампонажды цементті, ақ және түсті цементті және басқа да түрлерін өндіру жолға қойылған.
Республикада өндірілетін цементтің сапасы жақсарып келеді, түрі, саны үлғаюда. Жылдам қатаятын, ерекше берікті, үлғай-ғыш, гидрофобты, түрлі түсті жөне цементтің басқа түрлерінің өндірістік көлемі өсті.
Портландцемент өндірісінің технологиясы. Портландцементті клинкерді өндіруде шикізат ретінде әктасты тау жынысын, бал-шықты, сондай-ақ балшық пен әктастың (мергельдің) табиғи араласын пайдаланады. Әктастар, балшықтар, мергельдер - шөгінді тау жыныстары, олардың химиялық құрамы мен физи-калық қасиеттері әр түрлі болады.
Соңғы кездерде портландцемент өндірісінде балшықтың қолдануын шектеу мақсатымен, қышқыл мен негізгі домналы және фосфор шлактарын, олармен қатар глинозем өндірісінің нефелинді қалдықтарын қолдана бастады.
Балшық тез ылғалданатын және суда жүмсап кететін алю-мосиликаттар мен кварцтардың өте үсақ бөлшектерінен пайда болған.
Кальцийдің карбонаты табиғатта әктас, бор, әктасты туф, үлутасты жөне мөрмәр түрінде кездеседі. Мәрмәрдан басқа кар-бонатты тау жыныстарының барлығы портландцемент өндірісінде негізгі шикізат ретінде қолданылады.
Мергельдер өр түрлі қатынастағы балшық сияқты заттар мен кальцийлі карбонаттың өте майда бөлшектерінен түрады. Шамамен 65% СаС0 3 мен 25% балшықтан түратын мергельдер, портландцемент өндірісіне керекті өте қүнды шикізат деп саналады. Мұндай мергельдер химиялық құрамдары жағынан тіпті ешқандай түзетулерді талап етпейді, оны қолданған жағдайда портландцементті өндіру технологиясы елеулі түрде жақсарады.
Клинкер өндірілетін шикізаттың химиялық құрамын түрақ-тандыру үшін, түзеткіш кремнеземді қоспаларды (трепел, опока, диатомит), қүрамында темірі бар заттарды (күкіртті түқыл) қосады.
Шикізатты күйдіру үшін қатты, сүйық және газды отындар-ды қолданады. Салыстыра келгенде сұйық отын мен газ өте тиімді деп саналады, себебі олар жану кезінде күл пайда болмайды, оның үстіне алынған клинкердің сапасы түрақты. Қаттыотынды пайдалануда бөлінген күл клинкердің құрамын өзгертеді, сондықтан шикізаттық қоспаны есептеу кезінде, күлдің химиялық қүрамы мен оның бастапқы шикізатқа отырып араласатынын ескерген жөн. Портландцемент өндірісінің технологиясы негізгі екі өз-өзімен жүретін процестердің қортындысы бойынша бағаланады:
- клинкерді күйдіру сапасына (портландцементтің жартылай фабрикаты) ;
- алынған портландцементтің үнтақтығымен сипатталатын клинкер мен қоспаны бірге диірменге тарту сапасы.
Клинкерді күйдіру - портландцемент өндірісіне жүмсалатын барлық қаражаттың 70-80% шығындайтын ең күрделі процесс.
Портландцемент өндірісі мына негізгі технологиялық кезеңдерден түрады:
- әктас пен балшықты қазып өндіру және жеткізу;
- шикізаттар мен отынды дайындау;
- шикізатты күйдіру;
- клинкерді қоспасымен бірге диірменге тарту;
- портландцементті қоймада сақтау. Портландцементті өндірудің басты екі әдісі бар - кебу және
ылғалды. Кебу өдісінде шикізатты шихта күйінде, кебу үнтақтаған соң ғана күйдіреді. Кебу әдістің экономикалық көрсеткіштері әлдеқайда жақсы. Кебу әдісімен цементті өндіру Жапонияда, Германияда және Италияда дамыған. Ылғалды әдісте, шикізаттарды сумен араластырып, шлам пайда болған-ша үнтақтайды, содан соң күйдіреді. Кебу өдісінің көптеген; жетістіктеріне қарамастан, қазіргі уақытта Қазақстанда, басқа. бірқатар елдерде, мәселен, Ресей, АҚШ-та ылғалды әдіст кеңінен колданады. Шикізатт ардытаспалы транспортерлермен тасымалдайды -I (егер қазба орны 1 км ал кейде 5-8 км дейінгі қашықтықта орналасса) . Шикізатты тасымалдауға дайын жол болмаған жағдайда, аспалы сымды-қанатты жолдарды қолданады. Шикізатты дайындауға жүмсалатын жалпы қаражаттың 50-60% шикізатты тасымалдауға шығындалады.
Әктастың ірі кесектері өлшемдері 100-200 мм дейінгі шекте, жақты үсақтағышта, екінші рет өлшемдері 10-30 мм шектегі балғалы және конусты үсақтағыштарда майдаланады. Ең соңғы кезеңде әктасты балшықпен, түзеткіш қоспалармен бірге шарлы диірмендерде үнтақтайды.
Әктасты, балшыкты, қоспаны сулы ортада бірге майдалау меншікті қыры үлкен шлам алуды елеулі түрде жеңілдетеді. Шлам дегеніміздің өзі - ылғалдығы 40% жететін суспензия. Шламдағы СаО, Sі0 2 , А1 2 0 3 Ғе 2 0 3 мөлшері рентгенспектро-метрмен түрақты бақыланады. Бір тонна портландцемент үшін 2, 5-3, 0 т шикізатты үнтақтауға тура келеді. Цемент өндірісіндегі жүмсалған жалпы электр энергиясының 60-80% үнтақтау процесіне шығындалады.
Шикізатты дайындау әдісіне байланыссыз (ылғалды неме-се қүрғақ), оны ішкі қырлары отқа төзімді футеровкамен төсел-ген айналмалы пештерде күйдіреді, қазіргі пештердің тәуліктік қуаттылығы 400-ден 1800 т дейін. Айналмалы пештің үзынды-ғы 185 м, диаметрі 5 м дейін. Пештің айналу жылдамдығы 0, 5-тен - 1 айналым/мин дейін. Пештің көлбеулігі күйдірілетін клинкердің қозғалып бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Күйдірілетін зат отқа қарсы қозғалады. Жоғарғы температураның әсерінен сүйық шлам біртіндеп кебеді, карбонизация-сызданады және жартылай балқиды. Сүйық балқымада (~1450°С) клинкердің пайда болуына қажетті физика-химия-лық реакциялар жүреді.
Цементті клинкердің салқыңдайтын аймағында, сүйық балқыма өлшемдері 20-30 мм берік тас түйіршіктеріне айналады.
Шлам суспензиясы пешке түскенде, жағылған отыннан бөлінген ыстық газдардың әсеріне кенеттен тап болады (бірінші аймақ - кептіру аймағы) .
Шламдағы су шапшаң түрде булана бастайды. Мүндай жағдай да органикалық қоспалар күйіп кетеді. Химиялық қосыл-ған суды жоғалтудың салдарынан балшық өзінің түтқырлығы-нан айырылады және шлам кебу үнтаққа айналады. Айтылған процесс пештің 600-700°С температурасы бар - сусыздану ай-мағында (екінші аймақ) орын алады. Пештің ішіндегі темпера-тура 800-1000°С жететін аймағында шламның әкті компоненті мына реакцияға орай ыдырайды:СаС0 3 = СаО + С0 2 Т. Кальций карбонатының белшектену процесі бастапқы кез-де өте баяу жүреді, кейіннен температураның өсуіне байланысты жылдамдайды. Температура 1000°С болғанда СаС0 3 іс жүзінде толығынан бөлініп кетеді. Осы аймақта кальций тотығы пайболуына байланысты оны кальцийлену аймағы деп атайдьі; (үшінші аймақ) . Температура 1000-1350°С кезінде (экзотермиялық аймақ деп аталатын 4 аймақ) қатты фазада химиялық реакция жүреді. Белит (2СаО • 8Ю 2 ) төрткалышйлі алюмоферрит (4 СаО • А1 2 0з • Ғе 2 0з) және үшкальцийлі алюминат (ЗСаО • А1 2 0з) сияқты клинкер минералдары пайда болады. Бірақ ең негізгі минерал үш кальцийлі силикат (ЗСаО • 8і0 2 ) пештің бесінші аймағында (күйдіру аймағында) пайда болады.
Соңғы жылдары портландцементті кебу әдісімен өңдіру етек алып келеді. Мүндай әдіспен жүмыс істеу кезінде, алғашқы рет шикізат кептіріледі, сонан соң қоспалармен бірге диірменге тартылады. Қазіргі кездерде шикізаттарды кептіру мен үнтақтауды бірге іске асырады. Үнтақталған шикізаттарды арнайы силостарда сақтайды. Портландцементті кебу әдісімен дайын-дау анау айтқан тиімді, себебі шикізатты пеште кептірудің керегі жоқ, осыған орай отын шығыны 20-30% азаяды. Ал басқа қалған жағдайда, клинкерді өндіру процесі іс жүзіңде өзгермейді. Портлаңдцементті өңдіру үшін, клинкерге гипс пен мине-ралды (гидравликалық) қоспаларды араластырып, бірге үнтақ-тайды. Неғүрлым үнтақтығы немесе меншікті беттері көп болса, сол қүрлы портлаңдцементтің белсендігі жоғары.
Шикізат пен клинкерді үнтақтау портлаңдцемент өндірісінің технологиясында энергия шығынын молынан талап етеді. Цементтің майда үнтақтығы оны №008 електен (85% аз емес) елеу жолымен немесе меншікті қырын сипаттайтын көрсеткіш арқылы анықталады.
Цементтердің меншікті қырлары 300-350 м 2 /кг жетеді. Цемент үнтағындағы бөлшектердің өлшемдері 5-10-нан 30-40 мкм дейін. Меншікті қыр үлғайса, цементтің белсеңдігі артады, үстасу уақыты қысқарады, беріктігі өседі. Бірақ цементтің меншікті қырын 700-800 м 2 /кх дейін тым өсіру, оның су сүранысын үлғайтады, нәтижесінде цемент тасының қуыстылығы артады.
Цементтерді сыйымдылығы 2500-ден 1 т дейін темірбетонды силостарда сақтайды. Олардың өлшемдері: диаметрі 8-18 м, биіктігі 25-40 м. Цементтердің силостарда өpбетінше тығыздалып қалмауын болдырмас үшін, оны қысымды ауамен анда-санда араластырып түрады. 1. 2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау
Клинкер және оның химиялық, минералогиялық құрамы тез қатаятын портландцемент белсенділігімен меншікті қырын өсіру жолымен алғашқы 1-3 тәулік бойына жеткілікті жоғарғы беріктік алады. Тез қатаятын цементгің қысқаңдағы беріктігі бір тәуліктен кейін 20 МПа жетеді, ал 3 тәуліктен кейін 30 МПа. Мүңдай түтқырларды темірбетон бүйым-дарының қатаюьш жыддамдату, технологиялық циклдардың үзақ-тығьш қысқарту, мекеменің қуаттылығьш арттыру үшін қолданады.
Тез қатаятын цементті өндіру үшін қүрамындағы үшкальцийлі силикат 50-60%, үшкальцийлі алюминат пен төрткальцийлі алюмоферрит 8-14%, осыдан басқа үнтақтау кезінде 8% гипс тасын қосады. Екісулы гипс тасының мөлшері,
үшкальцийлі алюминатты қосып байланыстыратын өте бір тиімді қатынастағы мөлшерде болғаны дүрыс.
Түтқыр беріктігінің тез өсуі біріншіден, клинкердің минерологиялық қүрамына, екіншіден, түтқырдың меншікті қырына байланысты. Түтқырдағы меншікті қырдың өсуінен цементтің қатаю процесі жылдамдайды. Тез қатаятын цементтегі меншікті қырдың көрсеткіші 350-450 м 2 /кг жетеді, ал кәдімгі портландцементтегі осы көрсеткіш 250-300 м 2 /кг.
Тез қатаятын цементті алу үшін, И. В. Смирнов пен . В. Осин портландцементті хлорлы кальциймен (1, 2-2, 0%), сөнбеген әкпен (10-15%) бірге меншікті қыры 450-500 м 2 / кг дейінгі үнтақтыққа дейін бірге үнтақтау үсынған.
Цемент бөлшектерінің олшемдері кішірейген сайын, олардың гидратация мен гидролиздеу процестері жылдамдайды: үш тәуліктен кейін бөлшек олшемдері 10 мкм цементтің беріктігі, болшек өлшемі 60 мкм цементтің беріктігімен салыстырғанда 7 рет жоғары болады. Цементтегі меншікті қырдың, цемент қамы-рының беріктігіне әсері 9. 4. 4-кестеде көрсетілген.
9. 4. 4-кесте. Цементтегі меншікті қырдың цемент қамырының беріктігіне әсері
Меншікті қыры Қысқандағы беріктігі (МПа), тәуліктен кейін:
м2/кг 1 3 28 180 360 ~
188 8, 4 26, 0 53, 0 52, 0 69, 0
210 14, 5 28, 0 47, 0 60, 0 72, 0
300 14, 7 34, 0 57, 0 61, 0 72, 0
400 21, 5 46, 0 59, 0 61, 0 69, 0
500 28, 0 40, 0 54, 0 60, 0 74, 0
Бүйымдарды жылумен өңдеу кезінде, жылдам қатаятын цементке озінің массасынан 10% мөлшерінде үнтақталған шлак пен трепел қосуға болады.
Пластифицирленген және гидрофобты портландцементтерді үнтақтау кезінде пластифицирлейтін және суды тебетін қоспа-ларды цемент массасынан 0, 1-0, 25% мөлшерінде қосу арқылы өндіреді. Пластифицирлейтін қоспа ретінде күкіртті - спиртті ашытқыны қолданады.
Пластифицирленген цементтер негізінде дайындалған бетондар жоғарғы тығыздығымен, аязға төзімділігімен және суөткізбеушілігімен сипатталады. Мүндай цементтерді іс жүзіңде
Меншікті қыры,
м 2 /кг
қолдану 10% дейін тұтқырларды үнемдеуге септігін тигізеді. Аталған цементтің 300-ден 600-ге дейінгі маркалары болады. Гидрофобты заттардың, цемент бөлшегінің қырындағы адсорбциялық қабат алдын ала уақыттан бұрын үсталуына кедергі жасайды, ерітінділік жөне бетондық араластардың байланыс-тығын арттырады, яғни олардың қабаттануы мен суды бөлуге ыңғайлануын кемітеді.
Ашық ауада сақтағанда портландцементтің маркасы нашар-лайды, себебі атмосфералық ылғалдықтың әсерімен цемент біршама гидратацияға беріледі. Гидрофобты қоспалар цементтегі белсенділікті жоғалтпауға себепкер болады және үзақ уақыт цемент маркасын сақтайды.
Гидрофобты қоспа ретінде, цемент массасынан 0, 08-0, 12% асидол-мылонафт, 0, 1-0, 25% мылонафт, 0, 06-1, 0% олейн қыш-қылы, 0, 3% петролатумды пайдаланады.
Цементті үнтақтау кезінде, гидрофобты заттар цемент бөлшегінің қырын, жүқа су жүқпайтын қабатын бүркелейді, сондықтан мұндай цементтерді ашық аспан астында сақтауға болады.
Гидрофобты цементті қолданып, ерітінді мен бетондық ара-ластарды дайындауда, оларды араластырудың уақыты 1, 5-2 мин үзартылады. Қоспаны араластыру кезінде, цемент бөлшектерін бүркемелеп түрған гидрофобты қабықша қирап істен шығады және олар сумен еркін қосылысады. Мұндай қоспалар иілгіштік қасиетті баяулау жоғалтады.
Гидрофобты портландцементтен алынған бұйымдар көтеріңкі тығыздығымен және су өткізбеушілігімен сипатта-лады. Мұндай бүйымдардың аязға төзімділігі өте жоғары жөне 800-1000 циклға дейін жетеді, ал кәдімгі портландцементтің негізінде алынған бетон бүйымдарының аязға төзімділік көрсеткіші бар болғаны 200-300 циклға жетеді. Гидрофобты портландцементтің өндірісте өндірілген маркалары кәдімгі портландцементтегідей.
Күкірт әсеріне шьщамды портландцементті өндіруде клинкер қүрамындағы күкіртпен реакцияға түсетін - үшкальцийлі алюминат пен үшкальцийлі силикатқа (алит) шектеу қойыла-ды. Күкіртке шыдамды цементтердің клинкерлеріндегі үшкальцийлі алюминаттың (С 3 А) 5%-дан аспауы керек (кәдімгі портландцементті клинкердегі С 3 А мөлшері 15%-ға жетеді), кальцийдің алюминаты мен алюмоферриттің қосын дысы (С 3 А + С 3 Ағ) 22%-дан аспауы керек, ал үшкальцийлі силикаттың мөлшері (С 3 8) - 50% шамасында.
Күкірт әсеріне шыдамды портландцементтің технологиясы кәдімгі портландцемент технологиясына өте үқсас және оның 300, 400, 500 деген маркалары өндіріледі.
1. 3 Автоматтандырылған технологиялық процестердің функциональдық схемасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz