Гистология



Жоспар:

1) Гистология сөзіне анықтама.
2) Құрылысы өзгерген микроскоп.
3) Өсімдіктер мен жануарлардың клетка құрылысын зерттеу.
4) Клеткалық теорияның негізгі қағидалары.
5) Шет ел гистологиясы.
6) Қазақстан Республикасындағы гистолияның дамуы

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1) Гистология сөзіне анықтама.
2) Құрылысы өзгерген микроскоп.
3) Өсімдіктер мен жануарлардың клетка құрылысын зерттеу.
4) Клеткалық теорияның негізгі қағидалары.
5) Шет ел гистологиясы.
6) Қазақстан Республикасындағы гистолияның дамуы

ГИСТОЛОГИЯ МЕН ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ

Гистология (грекше histes -- ұлпа, logos -- ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос" -- қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.
XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді -- штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.
XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде өсімдіктер клеткасын зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы. Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің не екендігі, өсімдіктердің клеткалық қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер организмінің қүрылымдық элементі екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жану-арлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье микро-скопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттері: Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың, гистологияның негізін қалаушылардын бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның, Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т. Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсал-дық құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клет-калар қүрылымы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртүтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуьша үлкен прогрессивтік әсері болды.
Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш үлы жаңалықтың (энергиянын түрақтылық заны, клетка-лық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клет-ка клеткадан ғана пайда болады деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.
Қазіргі кездегі клеткалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:
1. Клетка -- тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі (единицасы);
2. Түрлі организмнін клеткалары қүрылысы жағынан ұқсас;
3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;
4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел да-мыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерт-телді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары щықты.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы кезде жақсартылған иммерсиялык объективтер тәжірибеге енгізіліп, микроскоп-тың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар -- формалин (Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы (Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен үлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардын ашылуы ци-топлазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.
Клеткалық теорияның қалыптасуьша клетканың бөлінуі жайындағы жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей емес бөлінуі жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның бүл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаның алуан түрлілігі
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Гистологияның міндеттері
Гистологияның даму тарихы
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Клетканың органикалық заттары
Гистология пәнінің даму тарихы
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Ұлпалар туралы
Пәндер