Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді» :

Жалпы педагогика және

этнопедагогика

кафедрасы меңгерушісі,

п. ғ. к., доцент м. а.

Рысбекова А. Қ.

«……. . »2014 ж.

Магистрлік диссертация

Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері

Мамандығы: 6М010300 - Педагогика және психология

Магистрант: Орынбаева Майра

Ғылыми жетекші,

п. ғ. д., профессор м. а. :Мұсабекова Г. Т.

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ . . . 3

АНЫҚТАМАЛАР . . . 4

КІРІСПЕ . . . 5

1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 9

1. 1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың тарихи - педагогикалық негіздері . . . 9

1. 2 Халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік тағылымдары . . . 19

2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 47

2. 1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың мазмұны . . . 487

2. 2 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың формалары, әдістері . . . 53

2. 3 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелері . . . 84

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91

АННОТАЦИЯ

Диссертациялық жұмыс толығымен зерттеліп кафедра және факультет шеңберінде қаралып, оң нәтиже алды. Халық педагогикасын, ондағы өміршең идеялар мен өнегелі дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану бала тәрбиесінде жеке адамдық қарым-қатынастырдың оңтайлы жолдарын жүзеге асыруға көмектеседі. Халықтың рухани мәдениетінің мөлдір бастау-бұлағынан жас кезден нәр алып өсу, сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар халық педагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды қарақты көзбен көре білуге үйретеді.

Біздің таңдап алған тақырыбымызды зерттеуде қазақ халқының мәдениетіне, әдебиетіне арналған М. Ғабдуллинің, Ә. Марғұланның, С. А. Қасқабасовтың, Б. Р. Қазыханованың, Н. Сәрсенбаевтың, О. М. Базарбаевтың және т. б. еңбектері елеулі септігін тигізгенін айтқанымыз абзал.

Біздің тақырыбымызға жақын ғылыми жұмыстар жазған ғалымдар:Қ. Болатбаев, Т. Қуанышев, Р. Бахтиярова, Қ. Сарбасова, Н. Көшеров, Қ. Бөлеев, Мұқанова Б. Ж., Алшымбеков С. Қ., Бөлетова Л. А., Джаздықбаева М. Б. т. б. Дегенмен, педагогикалық ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламаларына жасаған талдаулар да халық педагогикасы материалдарын меңгеруге аса мән берілмейтіндігін байқатады.

Оның көкейкестілігі мен теориялық тұрғыда аз зерттелгендігі тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, теориялық және әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, талқылануы мен жүзеге асырылуы баяндалады.

«Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың теориялык негіздері» атты бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелеріне сипаттама берілді, халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері және тәрбиелеудегі мүмкіндіктері анықталды.

«Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесі» атты екінші бөлімде болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлығын қалыптастыру мазмұны, педагогикалық шарттары айқындалды, болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлығын оқу, оқудан тыс іс-әрекеттерде қалыптастырудың формалары мен әдістері берілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу және оның нәтижелеріне талдау жасалынды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген ұсыныстар берілді.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер пайдаланылды:

1. Халықтық педагогика - тәрбие жөніндегі халықтың білім тәрбиесі. Халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т. б. жатады. (Қазақ совет энциклопедиясы, II том, Алматы, 1989, 591 - бет) .

2. Халықтық педагогика - халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің өнімі ретінде, көбіне ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген, жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мәліметтердің, іскерліктер мен дағдылардың жиынтығы (Измайлов А. ) .

3. Халықтық педагогика-тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер (Ұзақбаева С. )

4. Халық педагогикасы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар - халықтық мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

5. Этнопедагогика - халықтың жасөспірімді тәрбиелеу тәжірибесі, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасы туралы ғылым(Волков Г. Н. ) .

6. Этнопедагогика - педагогика мен этнография ғылымдарының байланысын көрсететін ғылым (Ильина Т) .

7. Этнопедагогика - халықтың тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы( Жарықбаев Қ. ) .

8. Этнопедагогика - ұлттар мен ұлыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі бала тәрбиелеу әдістемелері мен оның мазмұнын зерттейтін ғылым( С. Қалиев) .

9. Этнопедагогика - ұлт тәрбиесінің құрамды бөлімдерін нақтылы материалдармен қамтамасыз етіп, жабдықтап отыратын базасы, нәр алатын қайнар көзі (Сағындықов Б. ) .

10. Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін педагогика ғылымдарының саласы екендігін көрсетеді (Бөлеев Қ. ) .

11. Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін педагогика ғылымының саласы, оның пәні - халықтық тәрбие процесі, ал міндеттері - халықтық тәрбиенің мақсаттары (Көшеров Н. ) .

12. Этнопедагогика - педагогика ғылымдары жүйесінің табиғи бір бөлігі. Өзінің таным объектісін зерттеуге педагогиканың қазіргі заманғы бүкіл жетістігін пайдаланады. Этнопедагогиканың практикаға шығуы ол қазіргі заманғы педагогика теориаларын жан - жақты пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады( Қожахметова К. Ж. ) .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасы мұрасының мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, түсінуге тереңірек мүмкіндік береді.

Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Бұл мәселе ҚР «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, ҚР бұл заңда: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде «ұлттық мәдениетке, ана тіліне еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құралына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» делінген[2] .

Халық педагогикасын, ондағы өміршең идеялар мен өнегелі дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану бала тәрбиесінде жеке адамдық қарым-қатынастырдың оңтайлы жолдарын жүзеге асыруға көмектеседі. Халықтың рухани мәдениетінің мөлдір бастау-бұлағынан жас кезден нәр алып өсу, сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар халық педагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды қарақты көзбен көре білуге үйретеді. Халық педагогикасы материалдарын халық даналығының сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды қалыптастыру ісінде пайдаланудың қажеттілігін түрлі кезеңдерде ғұмыр кешкен педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б. ) тіпті алысқа бармай-ақ өз топырағымыздан шыққан қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, Ахмет-Яссауи) мен ағартушылары (Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев) өз еңбектерінде айтып, дәлелдеп бергені баршаға мәлім.

Халықтың тәрбие саласында сан жылдар сүзгісінен өте отырып қалыптасқан қөзқарастары мен идеялары бүгінгі таңдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ғалым-педагогтары (Г. Н. Волков, Я. Н. Ханбиков, А. Ш. Гашимов, А. Ф. Хинтибидзе, К. Пирлиев, А. Э. Измайлов, Ю. А. Рудь, Е. Л. Христова және т. б. ) мен психологтарының (В. П. Левкович, А. Д. Юсуф-Заде, О. И. Дреев, В. Шабельников және т. б. ) зерттеулерінде әр қырынан ашылғанын айту парыз. Қазақстанда халықтық педагогика, оның ішінде этнопедагогика проблемалары бойынша біраз кандидаттық (И. Оршыбеков[3], Б. Ижанов[4], А. Қамақов[5], Е. Сағындықов[6], Т. Ә. Қышқашбаев[7], Р. К. Дүйсембінова[8], Ұ. Асанова[9], А. Мағауова[10] және т. б. ) және докторлық (С. А. Ұзақбаева[11], А. Көбесов[12], М. Х. Балтабаев[13], С. Қалиев[14] және т. б. ) диссертациялар қорғалған.

Олардың кейбірінде халықтық педагогиканың эстетикалық, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиелеріне деген көзқарасы қарастырылса, екіншілерінде музыка мен сәндік-қолданбалы өнердің жеке адамды қалыптастырудағы рөліне мән берілген. Қазақ даласы ойшылдарының педагогикалық идеялары, көзқарастары сипатталған көптеген монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары (Қ. Б. Жарықбаев[15], С. Қалиев[16], З. Әбілова[17], С. А. Ұзақбаева[18], К. Қожахметова[19] және т. б. ) жарық көрді.

Біздің таңдап алған тақырыбымызды зерттеуде қазақ халқының мәдениетіне, әдебиетіне арналған Д. Кішібековтің[20], Ә. Марғұланның[21], С. А. Қасқабасовтың[22], С. Мұқановтың[23], Н. Сәрсенбаевтың[24[, Т. Ормановтың[25] және т. б. еңбектері елеулі септігін тигізгенін айтқанымыз абзал. Халық педагогикасын ЖОО-ның оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде пайдалану көп зерттелмеген.

Біздің тақырыбымызға жақын ғылыми жұмыстар жазған ғалымдар: Қ. Болатбаев[26], Т. Қуанышев[27], Р. Бахтиярова[28], Қ. Сарбасова[29], Н. Көшеров[30], Қ. Бөлеев[31], Л. А. Бөлетова[32], М. Б. Джаздықбаева[33], Б. Ж. Мұқанова[34], С. Қ. Алшымбеков[35], Ж. Хасанова[36] т. б.

Ж. Хасанова өзінің еңбегінде халық педагогикасын болашақ тәрбиешілерді мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінде пайдалануға даярлау тұрғысында қарастырған болатын.

М. Б. Джаздықбаева болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселесін зерттеген.

С. Қ. Алшымбеков болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын кәсіби іс-ірекетте пайдалануға даярлау әдістемесін көрсеткен. Б. Ж. Мұқанова қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын, әдістерін анықтап берген.

Л. А Бөлетова болашақ мұғалімдерді қазақ салт- дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға дайындауды қарастырған. Педагогикалық ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламаларына жасаған талдаулар да халық педагогикасы материалдарын меңгеруге аса мән берілмейтіндігін байқалады.

Мектеп тәрбиесінде халық педагогикасы материалдарын оңтайлы пайдалану да олардың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін, амал-жолдары мен әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп, іс жүзінде пайдалана алатын мамандарды даярлауды қажет етеді. Осы айтылғандар зерттеліп отырған проблеманың ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда әлі де шешім таппағанын дәлелдейді. Демек, халық педагогикасының тәлімдік-тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды ЖОО-ның оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы: халық педагогикасы элементтерін пайдалануға ЖОО студенттерін даярлау қажеттігі мен оларды пайдалануға байланысты ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелердің жоқтығы арасындағы қайшылықтар анық байқалады.

Осы мәселелер біздің зерттеу өзегі болған проблемамызды белгілеп берді, тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдердің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асыру әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны - жоғары оқу орнында болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы.

Зерттеу пәні - болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлау.

Зерттеу міндеттері:

  • болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлауды теориялық тұрғыдан талдау және педагогикалық негіздерін анықтау;
  • «халық педагогикасы», «этнопедагогика», «болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлау» ұғымдарының мәні мен мазмұнын нақтылау;

- халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік тағылымдарын айқындау;

- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесін жасау.

Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, этнографиялық, фольклорлық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық жағынан талдау; ЖОО құжаттарын және студенттердің шығырмашылық жұмыстарын (шығарма, баяндама, курстық, дипломдық жұмыстар т. б. ) талдау; студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама жүргізу; озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу; бақылау, әңгіме, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын жүргізу.

Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңалығы:

  • болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлау теориялық тұрғыдан талданды және педагогикалық негіздері анықталды;
  • «халық педагогикасы», «этнопедагогика», «болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлау» ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды;

- халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік тағылымдары айқындалды;

- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. ЖОО оқытушылар мен студенттері үшін:

- педагогикалық пәндер мазмұнына қосымша тақырыптар енгізілді;

-ЖОО студенттері үшін «Халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану» атты элективті пәннің бағдарламасы ұсынылды;

- мектепте оқушыларды тәрбиелеу үдерісінде халық педагогикасы элементтерін пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеу материалдарын ЖОО-да болашақ мұғалімдерді даярлау барысында пайдалануға болады.

Магистрлік диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.

1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың тарихи-педагогикалық негіздері

Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың ғылыми- теориялық мәселелерін қарастырар алдында «даярлау» ұғымының мәнін ашайық. .

С. И. Ожегов[37] өзінің орыс тілі сөздігінде мынадай анықтама береді: «Даярлау: 1. іс-шараны ұйымдастыру үшін бір нәрсе істеу; 2. үйрету, бір нәрсеге қажетті білімдер беру»

Педагогикалық зерттеулерінде В. А. Сластенин [38], Л. Ф. Спирин [39] т. б. . даярлықты тұлғаның тұтас құрылымы ретінде қарастырады, оның компененттері: мотивациялық, мазмұндық, операциялық.

К. К. Платонов: «Даярлау - бір нәрсені белгілі талаптарға сай дайын дәрежесіне жеткізу. » - дейді [40]

«Кәсіби даярлық» ұғымы психологиядағы көпшілікке мәлім «психологиялық даярлық» ұғымынан туындайды. Қазіргі психологиялық әдебиеттерде (Д. Н. Узнадзе[41], М. И. Дьяченко[42], Қ. Б. Жарықбаев[43] және т. б. ) бұл ұғым екі түрлі бағытта түсіндіріледі. Бірінші көзқарасқа орай даярлық ұғымы, белгілі бір функционалды жағдай ретінде бағаланады. Екінші теориялық көзқарас бойынша психологиялық даярлық ретінде сипатталады.

Қазақ этнопедагогикасының теориялық - әдіснамалық негіздерін зерттеуші Қожахметова К. Ж. өзінің еңбегінде: «Этнопедагогика - педагогика ғылымдары жүйесінің табиғи бір бөлігі. Өзінің таным объектісін зерттеуге педагогиканың қазіргі заманғы бүкіл жетістігін пайдаланады. Этнопедагогиканың практикаға шығуы ол қазіргі заманғы педагогика теориаларын жан - жақты пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады»[44], -деп айтты.

Сонымен бірге этнопедагогиканы толып жатқан қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланысы мен өзара ықпал кеңістігіне енгізу принципті мәселе болып табылады. Мұның өзі этнопедагогикада материал мен көздерді кеңейтіп, оны үлкен тарихы мен тәжрибесі бар ғылым әдістерімен қаруландыруға мүмкіндік береді, үлкен теориялық қорытулар үшін қолайлы жағдай жасайды.

Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық (этноәлеуметтік) зерттеулердің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру жемісті болмақ. Мұндай бірлік күні бүгінге дейін көптеген зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырған халықтық тәрбие практикасын терең танып, объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді», - деп әділ ескертеді. Оның бұл ой тұжырымын Г. Н. Волковтың еңбектеріне берген талдау дәлелдей түседі. Ол да этнопедагогиканың саласы ұлан-ғайыр дегенді айтады:

- халықтық педагогиканың іс-әрекет аясын және оның қазіргі заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;

- баланы әлпештеп өсірудегі халық даналығының мәйегін жинау, халықтық тәрбиенің негізгі санаттары (категориялары) мен заңдылықтарын анықтау;

- оларды басқаратын әлеуметтік эканомикалық факторларды бөліп көрсету, халықтық педагогика дәстүрлерінің өміршендігі себептерін анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне олардың тереңдей ену тетігін айқындау;

- ірі және шағын халықтардың тәрбие практикасының ерекшеліктерін мұқият зерделеу.

Педагогика ілімінің белгілі бір деңгейін, адамзаттың рухани прогресіндегі нақты кезеңді бейнелейтін халықтық педагогика өзінде педагогика ғылымын дамытатын негіз болып табылады.

Педагогика ғылымы мен халықтық педагогика ғылым бір-бірімен күрделі өзара әрекетте болады және бір-бірінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Г. Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогика ғылым емес, бірақ ғылым үшін ерекше қызықты, яғни ол ғылыми зерттеу объектісін, этнопедагогика ғылымының нысанасын құрайды: «Этностық тәрбие - отбасында, ру, тайпада тәрбиелеу, ол жеке алғанда да, бірге алғанда да - халықтық тәрбие»[45] . Көріп отырғанымыздай, ол «этностық» пен «халықтық» деген ұғымды синоним ретінде қолданады.

Этнопедагогикаға жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірибесі туралы, оладың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым ретінде анықтама бере келіп, Г. Н. Волков одан әрі «этностық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттың ерекшеліктерін зерттейді» - деп түсіндіреді.

Бірқатар ғалымдар берген этностық педагогиканың анықтамасы осы құбылыстың елеулі белгілерін бейнелейді. Мәселен, профессор В. А. Пятиннің жетекшілігіндегі авторлар ұжымының анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, тәжірибені бойына сіңіретін нақты жеке адамды қалыптастыратын әлеуметтік өзара әсер мен қоғамдық ықпалпроцесін зерттейді, балаларды тәрбиелеу мен оқытып -үйрету туралы халық білімін, діни ілімдерде, ертегілерде, әңгімелерде, аңыздарда, ойыншықтарда және басқа отбасы өмірі салтында тұрмыста дәстүрлерде көрініс тапқан бүкіл халық даналығын, сондай- ақ филасофиялық -этикалық, педагогикалық потенциалды жинап, жүйелейді»[46] .

М. И. Стельмаховичтің көзқарасы тұрғысынан алғанда, «халықтық педагогика нақты этностық қауымға қатыссыз эмпиризмдік педагогикалық білімдер мен құралдарына өзіне қамтиды, ал этнопедагогика нақты бір этносқа қатысты, оның ұлтық - ұлттың өмірімен, оның жүріп өткен тарихи жолының өзіндік өзгешелігімен сабақтас ерекшеліктерінің, ұлттық пен интернационалдықтың өзара байланысының көрінісі ретінде этнопедагогикада халықтық пен ұлттықты қатарластыра өруге мүмкіндік береді [47]

Бұл анықтамалар, біздің ойымызша, этнопедагогиканың зерттеу салаларын толық қамтып көрсетеді, сондықтан зерттеу барысында оларды негізге алған жөн.

Е. Л. Христова «халықтық педагогика» ұғымына қатысты біршама басқашалау көзқарас ұстанады, ол «халықтық педагогика» аталымын (терминін) халық бұқарасының таптық педагогикалық санасы, ал «дәстүрлі педагогика» деген аталымды белгілі бір ұлттық қауымның этностық, педагогикалық санасы деп түсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz