Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Шошқа шаруашылығы және шошқа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Шошқа қорасын салуға арналаған Ақмола аймағы ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Шошқа малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ...
2.4. Физиологиялық кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
а) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
б) Көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Жылу тепе . теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7. «0» (нөлдік) балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8. Қораның табиғи және жасанда жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ...
2.9. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде ауылшаруашлық өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Президенттің халыққа «Қазақстан – 2050» жолдауының негізгі стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет» екенін атап көрсетті.
Шошқа шаруашылығы бүгін дүние жүзі бойынша өндіріске көшбасшы болып табылады. Әлемдік ет өндірісінде шошқа үлесі 38-40% құрайды, ол Ресейде - 30-32%, Қазақстанда 14-15% тең. Жыл көлемінде әлемдегі шошқа өндіру көлемі 108750 мың. тоннадан астам. Статистикаға сәйкес ең жоғары шошқа тұтыну Қытай мен Еуропалық Одаққа тиесілі. Әлемде шошқа өндіру жөнінен көшбасшы Қытай мен Америка Құрама Штаттары болып табылады. Қазақстанда соңғы жылдары шошқа өндіру 240,0-260,0 мың тонна болды.
Шошқа шаруашылығы – бұл елімізде ет қорын жедел толтыра алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы.
Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшіруі шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етті.
Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясы өндірістің тасқындығы және ырғақтылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процестерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады.
Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен, шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірідей салмағын арттыруда азық аз жұмсалады, сондай – ақ шошқа етін өндіруде көп еңбек жұмсалмайды. Бүгінгі шаруашылық саласында ауыл шаруашылығы ет өнімділігі және тері өнеркәсібінде маңызы зор болып саналады. Сондықтан бұл шаруашылық қарқынды дамыта отырып елімізде шошқа өнімін экспорттау арқылы еліміздің эконикасына елеулі үлес қосуымызға болады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛТЕТІ

Кафедра: Ветеринариялық санитария

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу.

Орындаған:Жансолтанова А.А. Тексерген: Қойгелдинова. А.С

Вс-403 тобының студенті Жетекшісі:
(қолы)________ (қолы)________ (күні)
_________ __________
(Бағасы) (күні)

Комиссия _____________ ______________________
(қолы) (ФИО)
_____________ ______________________
(қолы) (ФИО)

Семей -2017

Курстық жұмыстың жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Шошқа шаруашылығы және шошқа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Шошқа қорасын салуға арналаған Ақмола аймағы ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Шошқа малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ...
2.4. Физиологиялық кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
а) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
б) Көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6. Жылу тепе - теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7. 0 (нөлдік) балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.8. Қораның табиғи және жасанда жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ...
2.9. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде ауылшаруашлық өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Президенттің халыққа Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет екенін атап көрсетті.
Шошқа шаруашылығы бүгін дүние жүзі бойынша өндіріске көшбасшы болып табылады. Әлемдік ет өндірісінде шошқа үлесі 38-40% құрайды, ол Ресейде - 30-32%, Қазақстанда 14-15% тең. Жыл көлемінде әлемдегі шошқа өндіру көлемі 108750 мың. тоннадан астам. Статистикаға сәйкес ең жоғары шошқа тұтыну Қытай мен Еуропалық Одаққа тиесілі. Әлемде шошқа өндіру жөнінен көшбасшы Қытай мен Америка Құрама Штаттары болып табылады. Қазақстанда соңғы жылдары шошқа өндіру 240,0-260,0 мың тонна болды.
Шошқа шаруашылығы - бұл елімізде ет қорын жедел толтыра алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы.
Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшіруі шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етті.
Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясы өндірістің тасқындығы және ырғақтылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процестерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады.
Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен, шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірідей салмағын арттыруда азық аз жұмсалады, сондай - ақ шошқа етін өндіруде көп еңбек жұмсалмайды. Бүгінгі шаруашылық саласында ауыл шаруашылығы ет өнімділігі және тері өнеркәсібінде маңызы зор болып саналады. Сондықтан бұл шаруашылық қарқынды дамыта отырып елімізде шошқа өнімін экспорттау арқылы еліміздің эконикасына елеулі үлес қосуымызға болады.
Курс жұмысының мақсаты: Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған ветеринариялық - санитариялық гигиеналық талаптарға сай қора жобасын салу.
Курс жұмысының міндеттері:
* Шошқа шаруашылығы.
* Еліміздегі шошқа тұқымдары.
* Шошқа малын ұстау жүйелері мен тәсілдері.
* Шошқаларға арналған қоралардың ветеринариялық - санитариялық гигиенасы.
* Ақмола аймағы бойынша берілген шошқалардың санына және салмағына қарай шошқа қорасының жобасын жасау.
* Шошқа қорасының құрылыс материалдары , оның қасиеттерімен өлшемдерін, ішкі орналасуын норматив бойынша белгілеу.
Зерттеу обьектісі: Шошқа (буаз мегежіндер, торайлы мегежіндер, енесінен айырылған торайлар)
Зерттеу әдістері: есептеу, жобалау, қорытындылау.
Зерттеу саласы: Ауылшаруашылығы: Ветеринарияялық - санитариялық гигиена
Зерттеу базасы: Ақмола аймағы
Гипотеза: Шошқа шаруашылығына ветеринариялық - санитариялық гигиеналық нормативке сәйкес қора жобалап салу. Шошқа шаруашылығын дамытуды жан-жақты, жүйелі, бірізді жүргізу арқылы ауыл шарушылығын дамытып, әлемдік экономикаға шығуға ықпал етуге болады.
Курс жұмысының құрылымы: Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың өзектілігі, курстық жұмысты жазудағы мақсат - міндеттері көрсетілді. Ал негізгі бөлімінде Ақмола аймағы бойынша шошқа шаруашылығына арналған қораның жоспары жасалынып, жобасы құрылды. Мал қорасының құрылыс материалдары , оның қасиеттерімен өлшемдерін, ішкі орналасуын норматив бойынша белгіленді.Ал қорытынды бөлімінде курстық жұмысқа қорытынды жасалып,соңында қолданылған әдебиеттерге сілтеме көрсетілді.

ШОШҚА ҚОРАСЫН САЛУҒА АРНАЛАҒАН АҚМОЛА АЙМАҒЫ

Агробизнес - 2020 бағдарламасына сәйкес елімізде шошқа шаруашылығы өнімін дамыту бойынша жоспар жасалған болатын. Сол бойынша Қазақстан жеріндегі Ақмола облысына 2017 жылы шошқа шаруашылығына арналған кешен құрылысы жоспарланған. Жалпы алғанда Ақмола аумағы - 146.2 мың шаршы метр немесе республика аумағының 5.4% құрайды.
Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас. Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай. Аумақтың жер бедері әртүрлі: басым көп бөлігін жазық дала, ұсақшоқылық жерлер, шамалы тармақталған және көлдік аңғарлар мен орман жамылған таулар алып жатыр.
Облыстың ауа-райы шұғыл континентальды. Жазы қысқа және жылы, ал қысы ұзақ, ызғарлы желдері мен ұйытқыған борандары араласқан аязды болады. Ауаның ең төменгі температурасы минус 40С жоғары, ең жоғарғы температурасы + 40С жетеді. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы - өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығының 2008 жылғы жалпы өңірлік өнімнің құрылымындағы үлесі 18,1% құрады.
Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем және тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа есірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%).

ШОШҚА ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ШОШҚАНЫ ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Шаруашылықта барлық шошқа малдарының жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

Шошқа шаруашылығы
Бордақылауға арналған шошқалар
Қабан шошқалар

Торайлы аналықтар
Аналық шошқалар
Буаз шошқалар үш түрлі болып топталады

Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
Аналық шошқалар: қысыр ұрықтанбаған ( шағылыстан өтпеген ) аналықтар;
Буаз шошқалар үш түрлі болып топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз және туарға 7 - 10 күн қалғандағы - азыр буаз шошқалар;
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылығында, қазіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп бағады.

Ұстау тәсілі

Серуенсіз
Серуенді

Бос (еркін ) серуендету
Станокта серуендету

Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.

Бос серуендету
Станокта серуендету

Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайлармен бірге), ауыр буаздықтағы (туатынына 10 күн қалғанда) және енгізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік қабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнай бөлінген алаңдарға мезгіл - мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м, аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1,2 м. Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұсталған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін жүріп шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер қалтырады. Шоқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда үш айлығында аналықтар, өнімдік және шошқалар және енсінен айырған торайларға қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15 - 30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шоқаларға қолданады. Шоқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп - жетілуі функцияларында теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырылған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш - сарайларда, жаппа күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстанған тиімді болады.
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді:
* Аяқталған өндірістік цикл
* Репродукторлы
* Ет- өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырган және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін уздіксіз өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекцнялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық жане өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып
саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық пропесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді.
Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы болады.
Бір фазалы ұстау
Торайларды 21,26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесшен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау
Торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты езгертпен, үш айлығьша дейін сонда осіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналган фермалар салынған.

Үш фазалы жүйемен ұстау
Торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрган цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне денін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.



ШОШҚАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОРАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ІШКІ ЖОСПАРЛАНУЫ

Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үін әр шаруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар (ұрықтану пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған аналық қоралары. Буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.
Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар көбінесе ірі шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды. Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж, лаборатория), қабандарға санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме, ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстауға арналған орын, жабдықтарды және төсенштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол талдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда - 7, топпен ұстағанда - 2,5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді. Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен (табақша немесе емшекті автопоилкылар) жабдықталады. Азық науасының әр басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені (үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі - 25 см. Станоктың едені жылыланған болуы керек.
Қабандардың негізгі ауруларының себебі олардың қыс және күз айларында суық, сызды еденде ұстау моционның жетіспеушілігі және жазды жайлау екендігі тәжірибеде дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 º С болуы керек. Егер қабан шошқаларды жылы едендерде ұстаса олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.
Буаз және қысыр мегежіндердің қоралараын жекелеме және топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 13 бөлігі тұтас, ал қалған жағы тор көзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктардың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстауға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокқа 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1,8-2 м² есептеледі.
Станоктарда жеке немесе топтап қоректендіруге арналған азық науалары орнатылады. Әр станокта торкөзді деннің турасына су құбыры қойылады. Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті екендігін естен шығармау керек те, осы кездерде оларды толық құнарлы затты, винаминді және макро-микро элементтер ракционымен қамтамасыз етуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микро климаты бір қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр ошқалардың жоғарғы темперетурада, әсіресе жаз айында жас аналықтардың болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап, серуендетін, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйіті тез келеді.

Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермаларымен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға 2,3,4 қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайымен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлаған соң 30-45 күнге дейін ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек.Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір біріне қатысы болуы үшін станоктың үш қатарлы қабырғалары тұтас ал тек көң жолы жағының қабырғасы тор көзді бөлігі торайлардың енесі қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады. (сурет 11,12)
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кезде Лузинский, ал екі фазалыда ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ - 60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайдармен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстауға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауаны енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне бпйланысты болып, егер торайларды 60 күндігінде айырса станок ауданы-6-7 м² ал 35 тәулігінде болса 5-5,5 м² алынады. (сызба 7,8)
Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1 СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (3 боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2 А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфра қызыл шам ілінеді де ал торайлармен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.
Станок ССИ-2 типі (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына - 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ -120 типті болады. Жалпы ұзындығы -317 см, ені 200 см. Туған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
МАЛ ҚОРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫП-ТҰРҒЫЗУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
Ересек Сиырдың салм
Мүйізді ірі қара шаруашылығы
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Мал қораларына санитарлық-гигиеналық баға
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Шошқаларды ұстау жүйелері
Пәндер