Соматикалық торшаларды анықтау


Жансолтанова Алтынай ВС-403
Соматикалық торшаларды анықтау.
Дені сау сиырдан алынған сүтте соматикалық торшалардың саны 1 мл сүтте 500 мыңға дейін, ал бейнормалды сүтте 500 мыңнан артық болады. Бейнормалды сүтке, уыз аралсқан, суалуына 7 күн қалған сиырдан сауылған сүт, желінсаумен ауыратын малдан сауылған сүт, желінсаумен ауыратын малдан сауылған, сол сияқты басқа да мал организмінде әрқилы ауытқушылыққа байланысты сүтте соматикалық торшалардың көп болатын жағдайларда алынған сүтті де бейнормалды сүтке жатқызады.
Соматикалық торшалар саны электронды есептегіштер арқылы анықтау ыңғайлы. Одан басқа соматикалық торшалар санын Фукс - Розентал камерасында микроб арқылы тікелей санайды. Фукс- Розентал камерасы болмаса Горяев, Том, Предтеченский, Бюркер камераларының бірін пайдаланады.
Пробиркаға 0, 4 мл гимза бояуы ерітіндісін (1 мл дистильденген су және 5 тамшы гимза бояуы) және 20 мм³ тексерілетін сүт қосып, 1/20 есебінде сұйылтады, 15-30 минуттан және 1 сағаттан соң Горяев камерасында санайды. Лейкоциттер барлық тордан (сеткадан) саналады. Ал ол көп болса 5 қатардан немесе 5 үлкен төртбұрыштағы санын анықтайды. 1мм³ торшалар санын анықтау үшін бір үлкен төртбұрыштағы орта саны шығарылып, ол 50 -ға көбейтіледі. Жоғарғыдағы сұйықтықпен аралыстырылған сүттегі лейкоциттер және басқа да торшалар сетканың түбінде орналасады. Май түйіршіктері бұл жағдайда түссіз болып, сетканың жоғарғы жағына орналасқандықтан, микроскоппен қарағанда көзге көрінбейді. Егер май түйіршіктерінің 1мм³ сүттегі санын анықтау қажет болса, сетка анық байқалғанша конденсаторды түсіреді де тубус май түйіршіктері байқалғанша аздап көтеріледі.
Бұл әдісте лейкоциттер жақсы боялады және бір тәулік бойы бұзылмайды.
Торшаларды бояу және май түйіршіктерін еріту үшін төмендегі әдісті пайдалануға болады. Ол үшін сүтке еріткіш қосылады. Еріткіш былайша дайындалады. Су моншасында ДС - 10 синтанолы ерітіліп, одан колбаға 1 мл алынады да 12, 5 мл этил спиртімен араластырылып, 1 мл формалдегид қосылады. Сонан соң 0, 9% ас тұзы ерітіндісімен, 100 мл - ге дейін жеткізіледі. Алынған ерітінді 20 минут 60*С қыздырылады. Осыдан соң 1 мл фуксиннің спирттегі қаныққан ерітіндісін қосып, қағаз сүзгіден өткізеді.
Бояғыш ұзақ сақтағанда тұнбаға түсетін болғандықтан оны еріткішке пайдаланар алдындп қосады, ал ерітікіш саңылаусыз жабылған ыдыста, ұзақ сақтауға жарамды.
Торшаларды санау үшін 4, 9мл бояуышы бар еріткішке 0, 1 мл сүт қосып, жақсылап арластырып, су моншасында 80 *С 30 минут қыздырады. Одан кейін араластырып бір тамшы есептегіш камераның жабын шынысының астына енгізеді. Торшаларды санау микроскоптың 10х20 обьективінде жүргізіледі. Көру аймағында мөлдір фонда жақсы болған торшалар көрінеді. Фукс - Розентал камерасында торшаларды санау камераның барлық ауданында саналып, 15625 коэффициентіне көбейтіледі. Алынған сан 1 мл сүттегі соматикалық торшалар санын көрсетеді. Горяев камерасында торшалар 100 үлкен төртбұрыштарда саналып, 125000 коэффициентіне көбейтіледі.
Соматикалық торшалардың санын есептегіш камераларсызда анықтауға болады. Ол үшін таза төсеніш шыны астына бір жағы 1 см сызылған қағаз қойылады. Жақсылап араластырылған сүттен әр торшаға 0, 005 сүт құйылып жайылады. Жағынды ауада кептіріліп, метил спирттімен немесе спирт - этилмен (ең дұрысы изобутил спирті) жағынды тігінен қойылған ыдыста бекітіледі де, 15-20минут Ромоновский - Гимза бояуымен боялады. (1 мл дистильденген суға 1-2 тамшы қосылады) . Сол сияқты жағында Ньманс ерітіндісімен де бояуға болады. Оның құрамын төмендегідей: абсолютті спирт - 50 мл, мұзды сірке қышқылы -20 мл, хлороформ -50 мл, негізгі фкусин- 0, 1 г, метилен көгі - 1, 0 г. Бояулар 50*C -қа дейін жылытылған спирт және де хлороформ қоспасында ерітіледі. Бөлме температурасына дейін салқындатылған ерітіндіге мұзды сірке қышқылы қосылып, 18 сағат ұсталғаннан кейін жұмысқа пайдалануға болады. Боялған препаратты кептіріп, жылы сумен (37-40 *) 3 қайтара жуады. Препарат кептірілген соң микроскоппен 100 көрк аймағындағы торшаларда санайды. Алынған санды микроскоптық үлкейту обьективін, окуляры мөлшеріне байланысты, тиісті коэфициентке көбейтеді. Мәселен МБ - 1 микроскопының обьективі 90, ал окуляры 7 болса, коэффициентті 6260, ал окуляры 10 болса коэффициентті 10200.
Әрине соматикалық торшаларда микроскоп арқылы санау біршама уақыт және құрал м жабдықтар қажет ететін болғандықтан ол өндірісте пайдаланылмайды деуге болады. Сондықтан өндіріс жанындағы ыңғайлы да тез әрі қарапайым әдістер ұсынылған. Ол үшін беткейлі - белсенді заттар пайдаланылады, олардың соматикалық торшалармен әсерлесі нәтижесінде сүттің консистенциясы өзгереді. Мұндай реактивтер ретінде мастоприм мреиаратын және 20% сульфанол ерітіндісін пайдалануға болады. Мастоприм препараты былайша дайындалады: 2, 2 г перпараты өлшегіш колбаға немесе цилиндрға салып, 100 мл - ге дистильденген су қосылады (30-35*C) . Ерітіндіні пайдаланар алдында тұнба біркелкі араласу үшін жақсылап шайқау керек. Егер ауа температурасы 16*C төмен болса, өте көп тұнба түзеді, мұндай жағдайда ерітіндіні пайдаланар алдында су моншасына немесе термостатта 30-35* С - та қыздыру қажет. Ерітінді 16-22*C сақтағанда 3 айға жарайды. Мастоприммен соматикалық торшалардың санын анықтау төмендегіше жүргізіледі. ПМК - 1 пластинкасы шұңқыршасына 1 мл жақсы араластырылған сүт құйып, үстіне 1 мл 2, 5 мастоприм қосылады. Қоспа пластмасса немесе ағаш таяқшамен 10 с шамасында араластырылады. Қоспа таяқша көмегімен пластинка үстіне 5-7 см биіктікке бірнеше көтерілгенде 60с аспайтын уақытта реакция нәтижесі анықталады. Тексерілген сүтке, сапасы төмен сүттің қосылғаны соматикикалық торшалардың мастоприммен әрекеттесіп, сүт консистенциясын өзгертуі бойынша анықталады. Соматикалқы торшалар неғұрлым көп болса, сүттегі ұйынды да мол, әрі консистенциясы тығыздана береді.
Жиналған сүтке сапасыз сүт қосылғанын 20 %сульфанол ерітіндісмен де анықтауға болады. Реакцияның жүргізу нәтижесін анықтау жоғарыдағы тәртіппен жүргізіледі. 20% сульфанол ерітіндісін дайындау үшін 20 г сульфанол ұнтағын өлшегіш колбаға салып, үстіне 100 мл жеткенше дистильденген су құяды. Ерітінді тығыз жабылған ыдыста салқын, қараңғы жерде сақталғанда 1 жылға дейін жарамды. Сақтау барысында аздаған тұнба түссе жақсылап араластырады, ал тұнба мол болса 30-35*C қыздырады.
Сүттегі соматикалық торшалар санын анықтау үшін арнайы құралдар (ВМЛК - 1) көмегімен анықтауға болады.
Сүт консистенциясы
500 мыңнан -1 млн - ға дейін
1 млн - нан артық
Визкозометрикалық әдіс. Тәсіл мастопримнің соматикалық торшалармене әрекеттесіп, сүттің консистенциясын өзгерту қабәлетіне негізделген.
Құрал капилярынан (жіңішке түтікше) өту уақытына байланысты қоспаның соматикалық торашлар саны анықталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz