Микотоксикоздар туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Кафедра: Ветеринарлық санитария

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Микотоксикоздар

Орындаған:

Тексерген:

Астана 2014 ж.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Кафедра: Ветеринариялық санитария

«БЕКІТЕМІН»

Каф. меңгерушісі: Абдрахманов С. К.

«»2013ж.

курстық жұмысты орындауға арналған

ТАПСЫРМАСЫ

Пән: Жануарлар патологиясы

Студент: Тобы: Вет. мед. - 402

Жұмыстың тақырыбы : Микотоксикоздар

Керекті деректер: Микотоксикоздар жайлы түсінік, метаболиттері, патогенезі, диагностикасы мен профилактикасы.

Түсініктеменің мазмұны
Орындау мерзімі
Жұмыс көлемі
№: 1
Түсініктеменің мазмұны: Кіріспе
Орындау мерзімі: қыркүйек-қараша
Жұмыс көлемі:
№: 2
Түсініктеменің мазмұны: Негізгі бөлім
Орындау мерзімі: қыркүйек-қараша
Жұмыс көлемі:
№: 3
Түсініктеменің мазмұны: Қорытынды
Орындау мерзімі: қыркүйек-қараша
Жұмыс көлемі:
Графикалық бөлім мазмұны
Орындау мерзімі
Парақтар саны
Формат
№: 1
Графикалық бөлім мазмұны:
Орындау мерзімі: қыркүйек-қараша
Парақтар саны:
Формат: А4
№: 2
Графикалық бөлім мазмұны:
Орындау мерзімі: қыркүйек-қараша
Парақтар саны:
Формат: А4

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. С. В. Петрович. «Микотоксикозы животных» - Москва: РосАгропромиздат, 1991. -235с.
  2. Н. А. Спесивцева. «Микозы и микотоксикозы» второе издание - К. -Москва: 1964. -500с.
  3. С. В. Петрович. «Микотическое заболевания животных» -Москва: Россельхиздат, 1982. -187с.
  4. Б. Н. Хмелевский, З. И. Пилипец, Л. С. Малиновская, и др. «Профилактика микотоксикозов животных» - М: Агропромиздат, 1985.

Тапсырма бері күніЖұмысты қорғау күні

Курстық жұмыстың жетекшісі

Тапсырманы қабылдады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кафедра: Ветеринарлық санитария

Курстық жұмысқа

ПІКІР

Пән

СтудентТобы

Жұмыстың тақырыбы

Жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігі

Кемшіліктері

Курстық жұмысты тексеру күні

Болжамды бағасы

Қорғау күні

Қорғағаннан кейінгі бағасы

Жетекшінің қолы

Курстық жұмыс жоспары:

  1. КІРІСПЕ.
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2. 1 Тарихи деректер;

2. 2 Саңырауқұлақтардың биологиясы

А) Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы;

Б) Көбеюі;

2. 3 Классификациясы;

2. 4 Микотоксикоздарды тудыратын метаболиттер;

2. 5 Негізгі микотоксикоздар;

2. 6 Патогенезі;

2. 7 Микотоксикоздар диагностикасы;

2. 8 Профилактикасы;

  1. ӨЛЕКСЕНІ СОЙЫП ЗЕРТТЕУ ХАТТАМАЛАРЫ.
  2. ҚОРЫТЫНДЫ.
  3. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ

Мемлекеттің экономикалық және социалды даму шекаралары өзінің міндеттерімен қатар, малдар мен құстардың өнімділігін көтеру болашағын мақсат етіп отыр. Мал шаруашылығын интенсификациясы мен концентрация шартымен индустриалды бағытқа ауыстыру жағдайы түбірлі өзгерістерге азықтық базаны да шалдықтырды. Мемлекеттің өнім программасы 1990 жылдары белгіленген. Ондағы пішен дайындау 110-112 млн. т., азықтық тамыржемістілер 60-63 млн. т. дейін жеткізу көзделген болатын. Бұл белгіленген мақсатқа жету үшін, азықтық базаны құруда ветспециалистер жануарлар азықтарын қатаң бақылауында ұстап тұрады. Өкінішке орай азық көп жағдайда малдардың ауру себебшісі болады. Оған жататын алиментарлық токсикоз - микотоксикоздар.

Осы жұмыстың зерттеу объектісі микотоксикоздар болып табылады.

Микотоксикоздар - саңырауқұлақтар бөлетін, токсинді метаболиттерден тұратын азықты жануарлар жеуден пайда болатын ауруларды айтады. Микотоксикоздар бүкіл үй жануарлары түрлерінде, жабайы аңдарда, құстар, балықтарда кездеседі және көптеген елдерде тіркелген.

Бұл ауруларды зерттейтін жас ғылым - ветеринарлық микотоксикология. Оның дамуына үлкен үлес қосқан профессор Н. А. Спесивцева, А. Х. Саркисов, К. И. Вертинский, В. Г. Дроботько, И. А. Измайлов, П. П. Ятель, Ф. М. Пономаренко, Н. М. Пидопличко, Украина ғылым-корреспонденті В. Н. Билай, ветеринарлық ғылым докторлары Х. А. Джиловян, И. А. Курманов, В. В. Титов, В. В. Рухляд, И. С. Елистратов, ветеринарлық ғылым кандидаттары Б. Н. Хмелевский, В. В. Костин, Л. И. Погребняк, Л. И. Карпова және т. б.

Микотоксиндер деген саңырауқұлақтардың алмасу үрдістерінің нәтижесінде қалыптасатын улы өнімдер. Саңырауқұлақтардың өсуі және олардың токсиндерінің қалыптасуы сыртқы қоршаған факторларына байланысты, көбінесе температурадан және ылғалдықтан пайда болады. Микотоксикоздар жыл маусымына қарай пайда болады. Азық сапасын нашарлататын жағдайлар және оларды сақтау шарттарының бұзылуы саңырауқұлақтардың өсуін және токсиндерінің бөлінуін үдетеді. Саңырауқұлақтармен ластанған азықты рационге қосқан жағдайда малдың өсіп дамуы нашарлайды және өлуі көбейеді. Микотоксикоздар этиопатогенезінде ең маңызды микотоксиндер (грекше mykes-саңырауқұлақ және toxicon-у) . Токсинді метаболиттерді продуцирлейтін 250 микромицеттер тіркелген. Бір саңырауқұлақ бірнеше микотоксиндер бөлуі мүмкін. Қазіргі кезде метаболиттердің 100 токсиндері белгілі. Токсикалық әсерімен қатар олардың мутагендік, карциногендік, тератогендік қасиеттері де болады.

Қазіргі кезде эрготизм, клавицепстоксикоз, стахиоботритоксикоз, афлатоксикоз, дендродохиотоксикоз сияқты алиментарлы уланулар белгілі. Осы топ ауруларға жататын қосымша жаңадан ашылған микотоксикоздар: миротециотоксикоз, патулинотоксикоз, слафраминотоксикоз және т. б., кейде цитринин әсерінен туындайтын микотоксикоздар кездеседі.

Микотоксиндер ішектен сорылады, содан кейін ағзаларға жиналып бауырды, бүйректі, бұлшық еттерді зақымдайды. Микотоксикоздар мал шаруашылығын үлкен экономикалық шығындарға әкеп соғады. Микотоксикоздарға тән белгі бірден пайда болып, үлкен аумақты жануарлар басын аурумен шалдықтыру тән болып келеді. Казіргіде 300-ден көп әртүрлі қарапайым саңырауқұлақтар белгілі. Оларға жататындар- афлатоксиндер, охратоксиндер, зеараленон, вомитоксин, патулин, цитринин және т. б. Біздің мемлекетімізде бидайді ластандыратын токсиногендік касиеттері бар саңырауқұлактардың ішінде ен кауіптісі және жиі кездесетіндері: Fusarium және Aspergillus тұқымдарының саңырауқұлақтары.

2. 1 Тарихи деректер.

Микология - саңырауқұлақтар жайлы ғылым (грекше mykes-саңырауқұлақ, logos-ілім), өз бастауын XVIII ғасырдың екінші жартысында алды. Кейін даму үрдісі бірнеше ғасырдан өтіп, қазір толығымен қалыптасқан болатын. Экспериментальді микология XIX ғасырдың соңында ғана пайда бола бастады. Соңғы жылдары еліміздің және шет ел ғалымдары мен практикалық специалистер саңырауқұлақтардың топырақта, суда, ауада кездесетін кең топтарына көңіл бөле бастады. Бұл саңырауқұлақтардың сапрофиттер болуымен қатар, көптеген адамдар мен жануарлардың ауру қоздырушысы болып табылатынына байланысты. Өзінің даму процесінде белгілі бір мүшелер мен ұлпаларды зақымдайды.

Микологияда экспериментальды мәліметтер мен практикалық бақылаулардың жиналуына қарай, жеке микологиялық бағыттар қалыптаса бастады. Ғалымдар зерттеулеріне орай микологиялық ғылым аясында ветеринарлық микологияның жеке бағыты қалыптасып, ол екі үлкен тарамдарға бөлінеді: оның біреуі микоздарды зерттесе, екіншісі - микотоксикоздарға арналған. Микотоксикоздарды зерттеу приоритеті кеңес ғалымдарына тиесілі. Олар ең бірінші болып стахиоботриотоксикоз, фузариотоксикоз, дендродохиотоксикоз және т. б. сияқты аурулардың себебін ашқан болатын (П. Д. Ятель, Н. М. Пидопличко, В. И. Билай, А. Х. Саркисов, Н. А. Спесивцева және т. б. ) . Бірақ миктоксикоздар классификациясында бірлік номенклатурасы құрастырылмаған, ол болса аурулармен жұмысын біршама қиындатады.

Еліміздің әртүрлі аймағында микромицеттер түрлік құрамын анықтауда, азықтың токсикалығын айқындау әдістері, микотоксикоздар патогенезін және оны емдеу мен алдын алу шараларын жүзеге асыруға үлкен үлесін қосқан ғалымдар: И. А Курманов, Х. А. Джилавян, В. В. Рухляд, В. В. Костин және басқалар.

Біздің заманымыздың 70-ші жылдарына дейін микотоксикология микробиология ғылымдарының бір бағыты ретінде саналған. Жануар микотоксикозы кезінде ауруды анықтауда токсиногенді саңырауқұлақ түріне көп көңіл бөлінген болатын, ал оның продуцирлейтін токсині жайлы аз мәлімет болған соң, шамалы қарастырылатын. Қазіргі кезде микотоксикоздар пайда болу себебтеріне саңырауқұлақтар продуцирлейтін микотоксиндерге байланысын қарастырады. Бұл көзқарас қалыптасу себебі саңырауқұлақ-продуцент азықта өлген жағдайда да, бірақ онда сақталып қалған микотоксин болғанымен ауруды анықтау қиынға соғады. Микотоксикоздар тудырған аурулар әртүрлі тұқымдастарға жататын саңырауқұлақтардан болуы мүмкін.

Осыған орай микотоксикология ауыл шаруашылық жануарлардың белгілі бір микотоксиндерге сезімталдығын, жіті және созылмалы ағымдағы ауру тудыратын дозасын, мүшелерде таралуын, әсер ету механизмін, организмнен шығу мезгілін, кумуляциялық әсерін, микотоксиндердің канцерогендік, мутагендік, эмбриотоксикалық, тератогендік, гонадотроптық қасиеттерін зерттейді. Микотоксиндердің әсер ету мәліметтерін білу оның азықтағы қажет мөлшерде қолдануға, яғни организмге токсикалық әсерін алдын-алуға мүмкіндігін береді.

2. 2 Саңырауқұлақтардың биологиясы.

Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клеткалар мөлшері, көлемі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымдық элементтері ортақ болып келеді. Осыған байланысты саңырауқұлақтар клеткалық қабырғасынан, цитоплазмалық мембранасы бар цитоплазмадан және эндоплазматикалық тордан, митохондриялардан, рибосомалардан, қосындылар мен вакуольдар, ядро немесе бірнеше ядролардан тұрады.

Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы көпқабатты және әртүрлі электрондық тығыздықты құрайтын 9-10 қабаттан тұрады. Аморфты матрикске кіретін микрофибриллалар жүйесін құрайды. Фибриллалар түр ерекшелігіне қарай целлюлозадан, глюкон, хитиннен тұруы мүмкін. Басқа полисахаридтер, ақуызда, пигменттер, липидтер құрылыстық қызметін атқарып, жасуша қабырғасының микрофибриллярлы бөлігімен химиялық байланыстар құрайды. Мұндай комплекстер кей заттардың өткізгіштігіне әсер етіп, басқа қосылыстарға блокада болып табылады.

Жасуша қабырғасының тіректік миофибриллалар және оның матриксі құрылу мен биосинтезі бойынша ерекшеленеді. Фибрилл мен матрикс құрылуы синхрондық емес, ең алдымен фибриллярлық арқау регенерацияланады. Бұл екі бөлік жасуша қабырғаларының биосинтезі ферменттер қатысында жүреді.

Жасушалық қабырғалар екі жолмен құрылады: жаңа материал қабырғаға поляризациялық жолмен қосылуы мүмкін, не оның беткейіне біркелкі жайылуы мүмкін. Бірінші жағдайда цилиндірлі жасушалар құрылуы, ал екіншісінде - сферикалық құрылуы байқалады.

Жасушалық қабырға қорғаныштық қызмет атқарып, саңырауқұлақ жасушаларын сыртқы орта факторларынан қорғайды. Мысалы осмостық барьер ретінде кей заттардың өткізгіштігіне жауап береді. Жасушалық қабырға вегетативті клеткаларға гиф пен жыныс мүшелеріне қалыпты формасын қалыптастырады. Маңызды фактор болып жасушалық қабырғасындағы беткейінде және цитоплазматикалық мембранада ферменттер орналасқандығы. Олар сіңірілмейтін клеткаларды (суда ерімейтін) полимерлерді мономерге дейін өзгертеді.

Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы лизистің нәтижесінде басқа жасушалардан құралатын және саңырауқұлақтың өзінде түзілетін ферменттер әсерімен бұзылуы мүмкін.

Саңырауқұлақ жасушалық қабырғасының негізгі элементтері болып - хитин, глюкандар, ақуыз, майлар жатады. Азоты бар және азотсыз полисахаридтер еритін және ерімейтін комплекстерді құрастырады. Жасушалық қабырға негізін 4-6 моносахаридтер құрайды. Әртүрлі саңырауқұлартарды олардың үлестік қатысының әртүрлігі біршама мөлшерді ғана ерекшеленді. Полисахаридті фракциялар құрамына глюкозамин, манноза, глюкоза, ксилоза, т. б. кіреді. Бір саңырауқұлақтың әртүрлі клеткалары жасушалық қабығының құрамы бірдей емес екендігін айта кету керек. (кесте №1)

Кесте №1. Саңырауқұлақ жасушалық қабығының химиялық құрамы (Mucor ronxii), қабығының құрғақ массасындағы %

Қабығының компонентері
Ашытқы тәріздес клеткалар өсу типі
Гифальді клеткалардың өсу типі
Спорангиеностар
Споралар
Қабығының компонентері:

Хитин

Хитозан

Манноза

Фруктоза

Галактоза

Глюкурон қышқылы

Глюкоза

Протеин

Майлар

Фосфаттар

Меланин

Ашытқы тәріздес клеткалар өсу типі:

8, 4

27, 9

8, 9

3, 2

1, 1

12, 2

0

10, 3

5, 7

22, 1

0

Гифальді клеткалардың өсу типі:

9, 4

32, 7

1, 6

3, 8

1, 6

11, 8

0

6, 3

7, 8

23, 3

0

Спорангиеностар:

18

20, 6

0, 9

2, 1

0, 8

25

0, 1

9, 2

4, 8

0, 8

0

Споралар:

2, 1

9, 5

4, 8

0

0

1, 9

42, 6

16, 1

9, 8

2, 6

10, 3

Протопласт - жасушалық қабырғасына кіретін саңырауқұлақ жасушасының құрамы. Цитоплазматикалық мембранасы, эндоплазматикалық ретикулум, бір немесе бірнеше ядрошығы бар ядродан, митохондриялардан, РНҚ-сы бар рибосомадан, лизосомадан, Гольджи аппаратынан, вакуольдерден, қатпарлы комплекстен, безді гранулдардан және басқа да құрылымдық қосынлардан құралған.

Цитоплазматикалық мембрана - үшқабатты, жасушалық қабырға астында орналасқан және цитоплазмадан бөліп тұрады. Цитоплазматикалық мембрана негізге қасиеті болып жасушаға кіретін және одан шығатын кейбір заттардың өткізгіштігі саналады. Цитоплазматикалық мембрана 40% липидтерден және 38% ақуыздардан құралған. Цитоплазматикалық мембрананың әртүрлі формалы шектеулері мен инвагинациясы мезосомалар деп аталады.

Цитоплазматикалық мембрананың негізгі функционалдық міндеті болып жасушаға әртүрлі заттардың өтуі, ферментативті өндіру мен метаболизм өнімдерін шығару саналады. Цитоплазмалық мембранада өндірілген өнімдер жасуша протопластына өтіп, зат алмасуға қатысады.

Эндоплазмалық ретикулум нәрлі заттар депосы ретінде көпіршіктерден, каналдар мен вакуольдерден құралған

Митохондриялар - көп мөлшерлі, қозғалмалы, эллипстік формадағы оқшау құрылымдар, бір не екі қабатпен жабылған болып келеді. Митохондриялар репродукцияға қабілетті сақиналы құрылымды өзіндік ДНҚ болатынын айтады. Митохондриялар мембранамен қоршалған, мұнда ферменттер локализациясы жүреді: пируватоксидаза, сукциндегидрогеназа, сілті және қышқыл фосфатаза, пероксидаза және т. б. митохондриялар жасушаның энергия генераторлар рөлін атқарады. Культивирлеу мен физиологиялық жағдайына сай жасушадағы митохондрийлер көлемі мен саны әрдайым өзгеріп отырады.

Рибосомалар - рибонуклеидті дөңгелек дән тәріздес, жасуша ақуызын синтездеуге қатысады. Саңырауқұлақтардың түрлеріне қарай және сыртқы орта факторларынан, жасынан, культурасы бойынша рибосомалар саны өзгереді.

Гольджи аппараты - кіші диаметрлі (0, 2-0, 1 мкм) көпіршіктер тобы ретінде немесе параллельді жатқан диск тәрізді пластинкалар ретінде байқалады. Бұл органоид рибосомадан бос клетка учаскесінде орналасады.

Лизосомалар - Гольджи аппаратының туындысы, клетка қабырғасы мен цитоплазматикалық мембрана арасында орналасады. Дәнді түзілімдер ретінде бірқабатты липоротеидті мембранамен қоршалған болып келеді. Лизосомада ақуызды гидролиздейтін ферменті бар. Жасушаны экзо- және эндогендік токсикалық заттардан, қолайсыз шарттардан қорғау функциясын атқарады.

Липосомалар - майлы заттар тамшылары, бірқатты мембранамен қоршалған.

Ядро - жасуша ортасында не полюстарында орналасады. Саңырауқұлақтық жасушаларда бір немесе бірнеше ядролар кездесуі мүмкін. Олар тұқым қуалаушылық функцияларына жауапты. Ядролар көлемі дөңгелек не ұзынша келген. Хромосома құрамында ДНҚ-сы болады. Ядро анастомоздары арқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып отыруы мүмкін.

Саңырауқұлақтық жасушаларында көптеген волютиндер, гликоген, липид, пигменттер және басқалар қосылымдар кездеседі. Гликоген эндогенді тыныс алуға, волютин энергетикалық процесстерге қатысатын қосымша нәрлі зат ретінде қызмет атқарады деп саналады. Сонымен қатар протоплазмада миелоидты құрылымдар, органикалық қышқыл тұздары, аминқышқылдар және басқа қосылымдар кездесуі мүмкін.

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиялық элементтерінің барлығы 2 топқа бөлінеді: мицелий мен споралар. Мицелий мен споралар әртүрлі формада болуы мүмкін. Мицелий мен споралар морфологиялық ерекшеліктері саңырауқұлақтардың түрін анықтауда маңызды дифференциалдық белгісі болып саналады.

Көбеюі.

Саңырауқұлақтардың көбеюі жыныстық және жыныссыз жолдармен жүреді. Бұл белгісіне қарап олардың дифференциациясы айқындалады, жетілген жыныстық жолмен, ал жетілмеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді.

Жыныстық жолмен көбейгенде жасушалар (гаметалар) екі гифтен біріге өсіп кетеді де, жаңа клетка (зигота) пайда болады. Зиготада клетка ядролары бірігеді. Келесі редукциялық бөлінуде хромосомалар саны сақталуы жүреді, гамета санына тең болады. Бұндай көбею белгілерінің комбинирленген жаңа ұрпақтар пайда болуына септігін тигізеді. Зигота гифтердің бір талломасынан (гомоталлды) немесе екі талломасынан (гетероталлды) құрылуы мүмкін.

Саңырауқұлақтардың жыныстық көбеюі сан алуан түрлі, бірақ та мұндай типті микроорганизмдер жыныстық процесі әртүрлі ауытқулармен редуцирленетіні айтылады. Жыныстық көбеюдің үш формасы ажыратылады: гаметогамия, соматогамия және гаментангиогамия.

Жыныссыз көбею ядролардың және сәйкес хромосомалардың митотикалық өзгерісіне негізделген. Ол бес стадияда өтеді: 1) интерфаза - тыныштық сатысы. Хромосома саны екі еселенген ядро; 2) профаза - ядро бөлінуінің алғашқы дайындалу сатысы. Хромосомалар екі жіңішке спираль түрінде; 3) метафаза - хромосомалар экваторға жақындаған; 4) анафаза - хромосомалар полюске ажыраған, жаңа ядролар құрылады, аналық клеткасына сай хромосомдар саны сақталады; 5) телофаза - интерфаза сатысына көшу. Хромосомалар спираль тәріздес, ядро қабығының құрылуы жүреді.

Жыныссыз көбею саңырауқұлақтар тіршілігінде маңызды рөл атқарады және де микроорганизмдер тобының ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жыныссыз көбею түрлеріне вегетативті (арнайы немесе аз дифференцияланған мүшелер көмегінсіз жүргізіледі) және репродуктивті (көбею мен түр сақталуына қажет дифференциалды клеткалары бар арнайы органдар пайда болуы арқылы) болады.

2. 3 Классификациясы.

Жақсы зерттелген алиментарлы уланулар қатарына эрготизм, клавицепстоксикоздар, фузариотоксикоздар, аспергиллотоксикоздар, дендрохиотоксикоздар, стахиоботриотоксикоз жатады. Кейін және аз зерттелген миротециотоксикоздар, питомисцестоксикоздар, пециллотоксикоз, мукоротоксикоз, ризопусотоксикоз және т. б. (кесте №2) .

Кесте №2. Жануарлар алиментарлы микотоксикоздардың классификациясы

Клавицепстоксикоз

(клавицепс паспали)

Клавицепстоксикоздар

Стахиоботриотоксикоз

(стахиоботрис альтернанс)

Эрготизм

(клавицепс пупуреа)

Дендродохиотоксикоз

(дендродохиум токсикум)

Аспергиллотоксикоз

(аспергиллюс фумигатус, т. б. )

Аспергиллотоксикоздар

Питомицестоксикоз

(питомицес хартарум)

Афлотоксикоз

(аспергиллюс флавус)

Миротециотоксикоз

(миротециум веррукариа)

Охратоксикоз

(аспергиллюс охрацеус)

Пенициллиотоксикоз

(пенициллиум циклопиум, пенициллиум казей, пенициллиум виридикатум және т. б. )

Фузариотоксикоз

(фузариум траминеарум)

Фузариотоксикоздар

F-2 токсикоз

(фузариум граминеарум)

Мукоротоксикоз

(мукор рацемозус)

Т-2 токсикоз

(фузариум трицинктум)

Ризопусотоксикоз

(ризопус нигрикаис)

Дәнді дақылдар жайылымда қыстаған фузариотоксикоздар

(фузариум споротрихиелла)

Фомопситоксикоз

(фомопсис лептостромиформис)

Лейкоэнцефаломаляция

(фузариум монилиформе)

Аз зерттелген микотоксикоздар

Қазіргі кезде осы топ ауруларға жататын қосымша жаңадан ашылған микотоксикоздар: миротециотоксикоз, патулинотоксикоз, слафраминотоксикоз және т. б. кейде цитрининмен әсерінен туындайтын микотоксикоздар кездеседі.

Егер кейбір микотоксикоздар бүкіл жануарларда тіркелсе, мысалы афлатоксикоз, ал басқалары болса тек белгілі бір түрлерде кездесуі мүмкін. Осылай питомикотоксикоз тек ірі және ұсақ қара малдарда, ал лейкоэнцефаломаляция тек жылқыларда, тұяқ гангренасы ірі қарада ғана кездеседі. Кейбір ғалымдар миротециотоксикоз бен саңырауқұлақтардың ұқсастығына қарай және ұқсас токсиндерді продуцирлейтініне байланысты бір топқа біріктіреді. Кейбір жағдайда бір микотоксикоз әртүрлі трактовкаға шалдығуы мүмкін. Мысалы жылқы люпинозы европалық люпиноз немесе жай люпиноз сияқты сипатталады (кесте №3) .

Кесте №3. Алиментарлы микотоксикоздар жануарларда кездесуінің тіркелу классификациясы

Микотоксикоз

Ірі қара мал

Қой

Шошқа

Жылқы

Құстар

Ит

Мысық

Зертханалық жануарлар

Микотоксикоз:

Афлатоксикоз

Охратоксикоз

Микротоксикалық нефропатия

Зеареланентоксикоз (F-2 токсикоз)

Т-2 токсикоз

Вомитоксикоз (құсу синдромы)

Лейкоэнцефаломаляция

Геморрагиялық ішектік синдром

Рубратоксикоз

Патулинотоксикоз

Эрготизм

Тұяқ гангренасы

Клавицепстоксикоз

Треморгенотоксикоз

Трихотоценді микотоксикоздар

Миротециотоксикоздар

Люпиноз

Диплодиоз

Слафраминотоксикоз

Питомикотоксикоз

Ірі қара мал:

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Қой:

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Шошқа:

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Жылқы:

+

+

+

+

+

+

+

Құстар:

+

+

+

+

+

+

+

+

Ит:

+

+

Мысық:

+

+

+

+

Зертханалық жануарлар:

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Көптеген зерттеулер мен гипотезаларға қарамастан, заманауи саңырауқұлақтар организмі алғаш тұқымдастары өз алдына не екені белгісіз болып қалып отыр. Кей түрлерінің азыққа жарамды, ал басқалары ауруға шалдықтыруы осы организмдерге қызығушылығын тудырады. Олардың даму үрдісі мен көбеюін дұрыс талдамау жағдайында, сипатын анықтау дұрыс көзқарасқа алып келмейді.

Бүкіл саңырауқұлақтар сапрофиттер мен паразиттерге бөлінеді. Сапрофиттер өз азығына күрделі емес органикалық заттарды қолданады және организмнен тыс өмір сүре алады. Ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмнің қоректік заттары көмегімен тіршілік етеді, организмнен тыс өмір сүре алмайды. Осылай паразитті саңырауқұлақтарды культивирлеу кезінде күрделі компонентті қоректік заттары бар жасанды қоректік орталарды қолданады. Саңырауқұлақтардың бәрін екі топқа бөлу тек шарт болып келеді. кейбір сапрофиттер белгілі бір жағдайларда (организм резистенттілігі төмендеуі, жануарларды ұстау шарттары өзгергенде, қолайсыз ортада, т. б. ) өзінің патогенді қасиеттерін көрсетіп, организмді зақымдауы мүмкін.

Патогенді саңырауқұлақтар ферменттерді бөледі. Саңырауқұлақтарды идентификациялауда ферменттердің спецификалығы мен бөлу жылдамдығы маңызды. Ферменттер эндоферменттер (жасушаішілік) және экзоферменттер (жасуша сыртқы) саңырауқұлақ жасушасына байланысты бөлінеді. Ең кең таралған ферменттер: амилаза, пектиназа, дегидраза, оксидаза, редуктаза, протеиназа. Саңырауқұлақтардың ферменттік активтілігі әртүрлі көмірсулар, органикалық қышқылдар, спирттер, азықтық белоктар алу үшін қолданылады.

Хлорофиллдің болмауы саңырауқұлақтардың түнде өсуіне мүмкіндігін тудырады. Жайылған күндік не жасанды жарық оларға зақым әсерін тигізбейді. Ұзақ тікелей күн сәулелері мен ультрафиолетті сәулелер саңырауқұлақтар культурасы мен патологиялық материалда өлімге алып келеді.

Саңырауқұлақтар түрлерінің белгілі бір температурада өсу қабілеттілігіне қарай үш топқа бөлінеді: мезотолерантты, теромотолерантты және психротолерантты. Көп түрлері мезотолерантты топқа жатқызады. Олар 5-38 0 С температурада дамиды, оптимальді температурасы 15-28 0 С.

Термотолерантты саңырауқұлақтарға ең негізгі патогенді түрі Aspergillus пен Mucoracea жеке тұқымдастары жатады. Оптимум 36-40 0 С, ал максималды температура 50-60 0 С дейін жетеді.

Психротолерантты саңырауқұлақтар сыртқы орта әсеріне байланысты төменгі температурада өмір сүруге бейімделген. Penicillium жеке топтары мен Clodosporium herbarum саңырауқұлағы әртүрлі азықтарда, мұздатқышта (1-2 0 С) сақтағанда және төмен температурада да дамиды. Fusarium sporotrichioides төмен температурада дами ғана қоймай, адамдар мен жануарларға өте қауіпті ауру туғызатын токсин - фузариотоксикоз бөледі.

Зерттеулер бойынша патогенді саңырауқұлақтар үшін көп жағдайда оптимальді температура жануар ағзасының температурасынан төмен. Оптимальді температура өзгерісі морфология, пигментация, өсім активтілігі өзгеруіне алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы
Микотоксиздер
Микотоксикоздар және микотоксикоздар тудыратын аурулар
Пенициллотоксикоздың қоздырғыштары
Зең саңырауқұлақтарымен зақымданған жемшөптермен улану
Микотоксикоздар
Охратоксикоз дегеніміз не және оның қоздырғыштары
: Тағамдық өнімдерді санитарлы – микробиологиялық бақылау әдістері
Клиникалық белгілері
Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz