Іс жүргізу мерзімдері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Іс жүргізу мерзімдері

Қылмыспен күресудің, іс жүргізетін органдардың қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыстық соттық істі өз уақытында орындау мақсатында іс жүргізу мерзімдерін дұрыс түсіну мен қолдану практикалық және моральды маңызға ие.

Құқықтық нормалардың мазмұны белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол мақсаттарға жету үшін белгіленген. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңы белгісіздік пен жөнсіздікке жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін анықтайды. Заң бойынша белгіленген мерзімдер іс жүргізу саласындағы кепілдіктің құрамдас бөлігі.

Іс жүргізу мерзімдері қылмыстық-соттық істердің шешілу жылдамдығын, азаматтардың құқықтарын және занды мүдделерін сақтауды, прокурорлық қадағалауды мен салалық бақы­лауды қамтамасыздандырады. Іс жүргізудің жылдамдығын анықтайтын мерзімдерге қылмыс туралы арыздарға байланысты шешім қабылдау, жекелеген тапсырмаларды орындау, алдын ала анықтау, тергеу, үкімдерге шағым және наразылық білдіру сияқ -тыларды жатқызуға болады. Сезіктіні ұстау және тергеу, айып тағылғанға дейін сезіктіге бұлтартпау шараларын қолдану, айып тағу және айыптыны тергеу, шағымдарды, іске қатысушылардан бас тарту туралы арыздарды қарау азаматтардың құқығы мен занды мүдделерін қорғайтын іс жүргізу мерзімдеріне жатқызуға болады.

Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептеледі. Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Адамды қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған кезде мерзім осы шара іс жүзінде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледі.

Мысалы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 184-бабында көрсетілгендей егер құқық қорғау органдарына қылмыс туралы арыз немесе хабар түссе, шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немссе өзге материаддарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айға дейін ұзарта алады, бүл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.

Қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу сатыларында прокурордың рұқсатынсыз сезіктінің, күдіктінің пәтерінде, үйінде, жұмыс орнында ерекше, тығыз жағдайларда тінту жүргізілсе ҚР ҚК-нің 232-бабына сәйкес ол туралы 24 сағаттың ішінде тінту жүргізген лауазымды адам прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Сол секілді айыпты деп ұсталған айыпталушыдан жа-уап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, дереу жүргізеді (217-бап) .

Қылмыс жасады деп сезік, күдік келтірілген адамды ұстаудың заң бойынша өзіндік тәрбібі және мерзімі болады. Сезікті ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейін бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей, өзі тандаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейін оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етіле отырып, одан жауап алынуы тиіс. Ұсталған сезікті телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлауға құқылы.

Қылмыстық ізге түсу органының: 1) ұсталған адамды - жетпіс екі сағаттан артық; 2) жолын кесу шарасы қолданылған адамды - сезіктіге бұлтартпау шарасын тандау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәуліктен артық сезікті адам жағдайыңца ұстауға құқығы жоқ. Нақты ұстау сәтінен бастап үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негізі мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілетін хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және бұл ретте оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында көрсетілген сезік келтірілген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және соның катысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол кояды. Жүргізілген ұстау туралы анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті.

Анықтаушы, тергеуші он екі сағаттың ішінде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайларда басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы және оның қай жерде екендігі туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіңдігін сезіктінің не­месе айыпталушының өзіне беруге міндетті. Егер ұсталған адам басқа мемлекеттің азаматы болып табылса, онда аталған мерзімде ол мемлекеттін елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі хабардар етілуге тиіс.

Сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер сезікті адам ұсталып, содан кейін қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс. Егер бұл мерзімде айып тағылмаса, бұлтартпау ша­расы дереу тоқтатылады.

Ұсталу кезінен бастап жетпіс екі сағаттың ішінде сезіктіге қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалуға тиіс немесе ол босатуға жатады. Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұсталушыны ұстау орнының бастығына анықтаушының, тергеушінің ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулысы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға төмендегідей бұлтартпау шараларының бірін қолданады: 1) ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 2) жеке кепілдік беру; 3) әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру; 4) кәмелетке толмағанды қарауға беру; 5) кепіл болу; 6) үйде қамауда ұстау; 7) қамау.

Кепіл. Кепіл сезіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе занды тұлға соттың депозитіне сезікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады. Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды. Кепіл прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады.

Кепілдін мөлшері: шағын ауырлықты қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қыл­мыс жасағандығына айыпталуы кезінде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің мың есе­ленген мөлшерінен кем болмайды.

Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепілдің қабылданғандығы туралы сезіктіге, айыпталушыға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттері түсіңдірілгендігі, ал кепіл берушіге сезікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағ-дайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын тандап алған лауазымды адам, сезікті, айып­талушы, сондай-ақ басқа адам болса кепіл беруші қол кояды. Соттың депозитіне кепіл енгізілгеңцігі туралы хаттама мен кұжат істің материалдарына қосылады, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады.

Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгертіледі. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын тиісті шешім қабылдайды. Қалған жағдайларда сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді. Қылмыстық іс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепіл анықтау немесе алдын ала тергеу органының қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады.

Қамауға алу. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде проку­рордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты, егер: 1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты туратын жері болмаса; 2) оның жеке басы анықталмаса; 3) ол бұрын тандалған бұлтартпау шарасын бұзса; 4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолданылуы мүмкін.

Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған себептер мен негіздер баяндалуы тиіс. Қаулымен бірге аталған бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігін растайтын материалдар қоса беріледі. Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы сезіктіге, ұсталған адамға қатысты заңға сай шығарылса, ол ұстау мерзімі аяқталғанға дейінгі алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуы тиіс. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу­ды тандау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішіңде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады.

Қамауға алуға санкция беру құқығы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Бас әскери прокурорға, олардың орынбасарларына, облыстардың прокурорларына, олардың орынбасарларына, аудандық және қалалық прокурорларға, сон­дай-ақ облыстардың, аудаңдық немесе қалалық прокурорлардың құқығында әрекет ететін әскери, көліктік және басқа да прокурорларға және облыстар прокурорларының құқықтарында әрекет ететін прокурорлардың орынбасарларына беріледі.

Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негіз бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан (сезіктіден) жеке жауап алуға міндетті. Жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) занды өкілдері қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзінің пікірін айта алады. Бұлтартпау шарасын тандау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздер бар материалдарды қарап және айыпталушыдан (сезіктіден) жа­уап алып, прокурор айыпталушыға (сезіктіге) бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады.

Анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот занда белгіленген тәртіппен бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу колданылатындығы туралы сезіктінің, айыпталушының туыстарына хабарлауға міндетті. Тергеудің алғашқы кезеңдегі құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында істің ерекше сипаты мәжбүр ететін айрықша мән-жайларда хабарлау прокурордың санкциясымен, аталған бұлтартпау шарасы кәмелетке толмағанға қолданылатын жағдайды қоспағандда, іс жүзінде ұсталған кезден бастап он тәуліктен аспайтын мерзімге кешіктірілуі мүмкін.

Қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі осы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайды. Тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату үшін негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурор және олармен теңестірілген әскери және өзге де прокурорлар тергеушінің дәлелді өтініші бойынша - үш айға дейін, ал облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары тергеушінің аудандық, қалалық прокурорлар мен олармен теңестірілген әскери және өзгеде прокурорлар қолдаған дәлелді өтініші бойынша - алты айға дейін ұзартуы мүмкін.

Камауға алу мерзімін алты айдан астам мерзімге ұзартуды тек істің ерекше күрделілігіне орай тергеу бөлімі бастығының облыс прокуроры және олармен теңестірілген прокурорлар қолдаған дәлелді өтініші бойынша Бас прокурордын орынбасары, Бас әскери прокурор - тоғыз айға дейін жүзеге асыра алады.

Қамауға алу мерзімін тоғыз айдан астам уақытка ұзартуға облыс прокурорының және онымен теңестірілген прокурорлардың дәлелді өтініші бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығына айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - он екі айға дейін рұқсат етеді. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады.

Қамауға алу мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға жатады. Қамауға алу мерзімі айыпталушыға айып тағылған қылмысты жасағандығы үшін қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш аудандық, қалалық прокурорға және олармен теңестірілген әскери және өзге де прокурорларға, облыс прокурорына және онымен теңестірілген прокурорларға қамау мерзімі аяқталғанға дейінгі жеті тәуліктен кешіктірілмей, ал Қазакстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына және Бас әскери прокурорға - қамау мерзімі аяқталғанға дейінгі он бес тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі.

Қамау мерзімін ұзарту туралы өтініш он тәуліктен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, оның орынбасарларының және Бас әскери прокурордың, ал өтініш келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде - төмен тұрған прокурорлардың қарауына жатады. Прокурор өтінішті қарап, айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартуды санкцияландырады немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.

Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы айыпталушы­ны қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлайды. Қамауға алудың мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бас­тап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады.

2. 1. Қылмыстық үрдіске қатысушылар. Қылмыстык үрдіске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: проку­рор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың занды өкілдері, қорғау-шы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық, талапкер, олардың занды өкілдері мен өкілдері болып табылады. Сонымен бірге қылмыстық үрдіске сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы сияқты өзге де адамдар қатыса алады.

Com, com билігі органы бола отырып, қылмыстық істер бо­йынша әділ сотты жүзеге асырады. Кез келген қылмыстық іс соттың занды, тәуелсіз, кұзыретті және бейтарап құрамымен ғана қаралады. Тек соттың ғана:

1) адамды қылмыстың жасалуына айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға; 2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға; 3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге құкығы бар. Қылмыстық үрдістің сотқа дейінгі сатыларында сот занда көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша қылмыстық ізге түсу органының шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды.

Қылмыстық үрдіске қатысушы прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы осылардың барлығы қылмыстық ізге түсу міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің зандылығын қадағалауды, сондай-ақ кылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттікайыптаушы болып табылады. Про­курор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.

Тергеу бөлімінің бастығы - алдын ала тергеуді жүзеге асыра­тын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыреті шегінде іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеу бөлімінің бастығы тергеу ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады, тергеушілердің жүргізуіндегі қылмыстык істер бойынша олардың дер кезінде іс-әрекет жасауына, тергеушілердің алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, осы Кодексте белгіленген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; істер бойынша нұсқаулар береді; алдын ала тергеу жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсырады; занда көзделген жағдайларда тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетеді; өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты алдын ала тергеуді жүзеге асырушы органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алады және алдын ала тергеуді жүзеге асырушы сол не өзге де өзіне бағынысты органның басқа тергеу бөлімшесіне береді; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жолдайды. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс козғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл орайда тергеушінің өкілеттігін пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.

Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша ал­дын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер оргаңдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және осы Кодексте көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы. Тергеуші істің жағда-йын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті. Тергеуші, занда прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды және олардың занды және уақтылы атқарылуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыс­тық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Мыналар анықтау органдары болып табылады: 1) ішкі істер органдары; 2) ұлттық қауіпсіздік органдары; 3) қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары; 4) қаржы полициясы органдары; 5) контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша - кеден органдары; 6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматгар; әскери бөлімдердін, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Сағатпен есептелетін мерзімдер
Азаматтық талап қою мерзімі
Істерді жасақтау мен құжаттарды топтастырудың жалпы ережесі
Азаматтық құқықтың терминдері
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Құжаттар құндылығына сараптама жасаудың нормативтік-әдістемелік негізі
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Істер тізімдемелерін және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерге қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz