ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы



ЖОСПАР:

І. Кіріспе.

II.Негізгі бөлім
1. Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі
2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі Қазақстан
3. Кедендік тарифтер түрлері және іс.әрекеті

ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.
Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.
2. Курс экономической теории: Учебник./ Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.
3. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.
Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.
4. Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000. Мамыров Н.Қ.,

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қаржы және экономика факультеті
Экономика және менеджмент кафедрасы

СӨЖ 4
Тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық қызметінің даму

Орындаған: Досымхан Мадина
ҚжЭФ-нің 1 курс студенті
Қабылдаған: Төремұратқызы Бибігүл

Алматы, 2011
ЖОСПАР:
І. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім
1. Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі
2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі Қазақстан
3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті
ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.
Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір - бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.

ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі. Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.
- Валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.
- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.
Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.
Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты.Халықаралық экономикалық қатынастың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Ақша саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
«Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»
Қаржылық басқару
Пәндер