Күріш өндірісінің қазіргі жағдайы мен проблемасын талдау


ӘОЖ 323:316. 334. 3
КҮРІШ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПРОБЛЕМАСЫН ТАЛДАУ
Дузельбаева Г. Б. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ)
Ел басының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің дамуына қатты көңіл бөлінген. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы экономиканы әртараптандырудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл даму үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Оның бірі - ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі деңгейін көтеру. Одан кейінгі негізгі бағыт - ауыл шаруашылығындағы өңдеу саласын дамыту болып табылады. Үшінші бағыт бойынша агроөнеркәсіп салаларындағы өнімдерді көршілес мемлекеттерге экспорттау міндеті қойылып отыр[1] .
Қазіргі таңда мемлекетіміздің экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі эконоикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығаратын өнімдердің сұранысын артырудың маңыздылығы да артуда.
Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейімен сапаның көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және тағы басқалар болып табылады. Яғни, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі ауыл шаруашылығы секторында өзекті проблемаға айналып отыр. Себебі, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.
Тәжірибе нәтижелеріне сүйенсек дүние жүзінде 150 мың гектарға күріш егіледі. Ал Қазақсатанда ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде күріш тұқымын егу шамамен 85-95 мың гектар алқапты алады. Соның 80-85 мың гектары Қызылорда өлкесінде егіледі. Ал қалған 10-15 мың гектары Алматы облысындағы Қаратал, Іле өзенінің массивті алқаптарында егіледі. Қызылорда облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша 2008 жылы 64 мың гектарға, 2009 жылы 71400 гектарға күріш тұқымдары егілсе, 2010 жылға 70 мың гектарға күріш тұқымын егу жоспарланып отыр[2] .
Әйтсе де, ғаламдық даму процесінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс- әрекетті арқау еткен әлемік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сырқы нарықтрда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді.
Бәсекеге қабілетті отандық өнімді қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәтижелерін, осы салаға қатысты ғылыми техникалық және бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мелекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел дамуы үшін базис болып қана табылады. Мұндай дамуға дәстүрлі әртараптандыру жолымен емес, шетелден шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізуге болады.
Нарықтық экономикада өндірілген өнімнің сапасына халықаралық стандарттар деңгейінде талап қойылып отыр. Қазақстан Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болып енген кезде бұл мәселенің маңызы арта түспек. Күрішті өсіру мен өңдеудің келешегі нарықтағы тауарлар бәсекелестігіне тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады: баға деңгейіне және өнім сапасына.
Күріш жоғары өнімді дәнді дақыл ретінде Қазақстанда суармалы жерлерде өсіріледі, отандық ішкі және әлемдік сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Әлемдік статистика күріштің дәнді дақылдар арасында өзінің егістігінің көлемі мен жалпы түсімі бойынша екінші орын алатынын көрсетеді. Күріш дақылы - бағалы өнімнің түрі, тұтынылатын тамақ өнімдерінің басқа түрлерінен өзіндік ерекшеліктерімен айырмашылығы бар. Күріш жармасы бойында пайдалы азықтық заттар бар, олар адам организміне жылдам сіңеді, оңай ериді. Дәнді дақылдар ішінде құрамында жоғары сапалы ең көп крахмал (88 % - 90 %) бар, ал май тек 0, 5 % ғана, яғни басқа жармалардан аз, бірақ оның қорытылуы жоғары (өңделген күріште 98 %) . Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша жыл ішінде адам 13-15 кг жарма тұтынуы керек, одан 20-30 % күріш жармасы. Біздің республикада халықтың жан басына шаққанда орта есеппен қазіргі кезде 9-11 кг жарма тұтынылады [3] .
Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішіндегі ең ірі тауарлы күріш өндірушілердің бірі болып табылады, оның үлесіне жалпы өндірістің 20%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өткізілген жекешелендіру және реформалау - үміт етілген нәтижелерге жеткізбейді. Нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін, өндірістің ірі салаларының жағдайлары одан әрі мүшкіл болуға айналды, сол себептен малдың барлық саны күрт төмендеді, мал шаруашылығының өнімдерінің жалпы өнімі азайды, өндіріс шығындары көбейді.
Қазақстан Республикасы бойынша 2009 жылы күріш егісінің көлемі 86, 6 мың гектарды құрады, бірақ 2006 жылмен салыстырғанда оның деңгейі 1, 7 % -ға төмендеген, ал Алматы облысында күріш егісінің көлемі 0, 3 мың гектарға немесе 2, 2% -ға өскені байқалады (кесте 1) .
Кестеде көрсетілген мәліметтер негізінде облыс бойынша егіс көлемі 2006-2009 жылдар аралығында ауытқуда. Оған әсер еткен негізінен: табиғи-климаттық факторлар, су проблемасы, каражаттың аз мөлшерде бөлінуі, сондай-ақ аграрлық өндіріске әсер ететін экономикалық факторлары, жерлердің агрономиялық және мелиорациялық күйін жақсарту шараларының кешенін ұсынғанмен, сол ұсыныстарды күріш шаруашылығының жаңа агроқұрылымдық және т. б
Кесте 1- Қазақстан аймағы бойынша күріштің егіс көлемі, мың га
Ескертпе: ҚР статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автормен жасалған
Осының барлығы ауыл шаруашылық ұйымдарына әсіресе, коммерциялық есептеу жағдайларында мемлекеттік қолғабыс етусіз, ойдағыдай шаруашылық-коммерциялық әрекеттерін өткізуге мүмкіндік берілмейді. Ауыл шаруашылық ұйымдарының күріш шаруашылығының пайдалылығын жоғарылату мәселесі одан әрі өзекті мәселеге айналды.
Келесі мәліметтерді талдай отырып біз 2009 жылы жалпы облыста күріш дақылдарының 11 сорты бойынша 71421 га егілген. Суретте көрсетілген мәліметтер негізінде жалпы егіс көлемінің 49, 3% «Ақ маржан» сорты алып отыр. Ең аз мөлшерде «Арал 202» және «Ару» сорттарының үлесі құрап отыр. Сонымен қатар, «Новатор», «Янтарь», «Лидер» және «Кубань-3» күріш сорттары облысымыздың егістік алқаптарында өзіндік сипатқа ие болып отыр. Себебі, жоғарыда аталған күріш сорттары табиғи климаттық жағдайға қалыптасқан және олардың нарықтағы сұранысы басқа сорттарға қарағанда басымдығы анықталады (сурет 1) .
Табиғи және ұйымдастырушылық-экономикалық алуан түрлі жағдайлары облыстың территориясына сәйкес, дұрыс орналастырылуын және аграрлық өндірістің мамандандырылуына себепші болып, осы сала ерекшелігінің бағытын сипаттайды. Осы деректерге сай, облыс үш табиғи-экономикалық аймақтарға бөлінеді. Оның 1391-ге жуығында аграрлы өндірістік шаруашылықпен айналысатын субъектілерінің алуан түрлері және 1251 диқандық немесе фермерлік шаруашылықтар ұйымдастырылған.
Сурет 1. 2009 жылы облыс бойынша егілген күріш сорттарының егіс көлемі
Облыстың күріш өндірісіне мамандануымен байланысты, суландырылатын жерлер, топырақты-климатты және тағы басқа жағдайларға сәйкес үш негізгі алқапқа бөлінеді. Олар:
- Жаңақорған-Шиелі алқабы; жалпы ауыл шаруашылық дақылдарының көлемі - 26, 8 мың га;
- Қызылорданың суармалы алқабы; жалпы шаруашылық дақылдарын өсіру көлемі - 45, 8мың га;
- Қазалы алқабы; жалпы шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 10, 9 мың га.
Осы алқаптардың негізгі ауыл шаруашылық дақылдары - күріш, ол қосымша дәнді дақылдарымен бірге инженерлік жүйемен дайындалған жерлерде егіледі: көлемі 138, 0 мың га. Дегенмен соңғы жылдары олардың сапасы экологиялық себептердің әсерінен нашарлай түскені байқалады.
Төмендегі кестеде Қызылорда облысының аудандарында жиналған өнім көлемі және Қызылорда қаласы бойынша орта өнім қанша гектардан бөлінгені және ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы өнім көлемі туралы қанша тоннада екендігі туралы мәлімет беріледі. 2008 жылды 2009 жылмен салыстырғанда күріш өнімінің жиналған гектар көлемі 9967 га ұлғайып отыр. Орта өнім 2, 1 ц/га өскенін байқаймыз, сонымен жалпы өнім облыс бойынша 48964 т көбейгендігі анықталды. Аудандар бойынша Сырдария ауданында 16948 га күріш дақылдары егіліп, облыс бойынша орта өнімнің 35, 1ц/га құрап отыр. Ал жалпы өнімнің алынған көлемі бойынша Жалағаш ауданы 66916 т күріш өнімін жинап, жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр (кесте 2) .
Қазақстанға күріш Қытай мен Ресейден әкелінді. Сол себепті соңғы уақыттарда қытай күрішінің үлесі артқаны байқалады. Сонымен қатар ішкі нарықта тайландтық, англиялық және пәкістандық күріштер кездесуде. 2008 жылы әлемдік нарықта күріш бағасы біршама өсті. Соған байланысты Ресей мен Қытай елдерінен келетін күріш бағасы жоғары болды.
Күріш бағасының өсуі әлемде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы баланстың бұзылуына байланысты болып отыр, соның нәтижесінде күрішке жоғары сұраныстың болуы тауар тапшылығын қалыптастыруда [4] .
2008 жылы бір центнер күрішке орташа есеппен 3326 теңге шығын жұмсалды және ол 2007 жылмен салыстырғанда 1122 теңгеге немесе 50, 9%-ға көп. Күріш өндірісінде екі жыдың мәліметтері бойынша отын (16, 9-22%), тұқым (19, 8-21, 7%), еңбекақы (7, 1-12, 8%) және қосалқы бөлшек (10, 2-12%) шығындары көп үлесті алады. Ал басқа да шығындар үлесі 13, 3 және 14, 5% құрайды. Электрэнергиясы мен суға аз шығын жұмсалды. Астық өндірісі энергияны аз жұмсайтын сала екені белгілі. Минералды тыңайтқыштар барлық шығын көлемінде 5% құрайды. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда тек қызмет көрсету шығындарынан басқа барлық шығын баптары бойынша өскен. «Еңбекақы» (171, 2%), «отын» (96, 9%), «электрэнергия» (87, 8%), «минералды тыңайтқыштар» (49, 9%) және негізгі құралдарды күту шығындары (49, 8%) баптары бойынша өскен (кесте 3) .
Кесте 2 - Қызылорда облысы бойынша 2008-2009 жылдары күріш өндіру көрсеткіштері (таза салмақпен)
Ескертпе: Қызылорда облысы бойынша ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтері негізінде автормен жасалған.
Кесте 3 - 1 ц күріштің өзіндік құны, теңге
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz