Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тақырыбы:
ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Орындаған: Муратқалий Ә. М.
Қонысов А.
Тексерген: Бекетова Г. К.
Ақтөбе 2017
АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т. б. ) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемде айналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
- өндірістік айналым қорлары;
- айналыс қорлары;
Кесте-1. Айналым капиталы
АЙНАЛЫМ ҚОРЛАР
Айналым қорлар - өзiнiң материалдық-натуралды түрiн өзгертедi, тек қана бiр өндiрiс циклына қатысады, өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен тұтас бiрден ауыстырады және өзгертiлген нысанында заттай дайын өнiмге кiредi.
Кез келген фирма, кәсiпорын өндiрiстiк әрекетке кiрiспей тұрып өндiрiстiк үрдiсiн ұздiксiз өткiзу мақсатымен негiзгi қорлардан бөлек белгiлi бiр өндiрiстiк қорлар, яғни өндiрiстiк айналым қаржысына ие болу керек. Және де кәсiпорын шаруашылығында ақшалай қаржы /еңбек ақысын төлеу үшiн, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшiн, яғни айналым қоры болу керек. Айналым қорларға жататындар:
- шикiзат;
- негiзгi және қосалқы материалдар;
- жартылай шикiзаттар;
- отын;
- қосымша кепiл бөлшектер.
Айналым қаржы дегенiмiз - бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өз құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатың өндiрiс құралдары.
Айналым қаржылар екi үлкен топқа бөлiнедi:
1) өндiрiстiк айналу қоры;
2) айналым коры.
Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қорлар бiр-бiрiне ауысып отырады.
Өндiрiстiк айналу қоры құрылады:
- өндiрiс қорлары;
- аяқталмаған өндiрiс;
- басқа еңбек құралдары және алдағы кезеннiң шығындары.
Айналым қорлар:
- кәсiпорынның дайын өнiмi;
- жолдағы түсiрiлген тауар;
- кәсiпорынның касса немесе банктағы шот есебiнде ақшалай қаржылары.
Шикiзат пен негiзгi материалдар - бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi. Ал қосалқы материалдар өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық үрдiске қатысып, реакция жылдамдығына әсер етедi.
Өндiрiстiк қорлар айналымы - өндiрiстiк қорлардың ауыспалы айналымы, ол бiр жолғы әрекет ретiнде емес, үздiксiз қай-таланып отыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл процестiң нәтижесiнде авансылаңған құн өндiрiлген тауарлар өткiзiлгеннен кейiн капиталдың әрбiр ауыспалы айналымның қорытындысында өндiрушiге ақшалай нысанда толық қайтып оралады.
Айналым қаржылар - бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатын өндiрiс құралдары.
Айналым құралдар - өндiру мен өткiзудiң үздiксiз процесiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiк айналу қорлары мен айналым қорларын құру үшiн кәсiпорындарға, бiрлестiктерге, ұйымдар-ға авансыға берiлген ақшалай қаражат жиынтығы.
Өндiрiстiк айналу қорларына - өндiрiс аймағында кездесетiн еңбек заты болп табылады. Оған өндiрiстiк босалқы қорлар (шикiзат, материалдар және сатып алуға жарамды жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс, босалқы бөлшектер, құнсыздау және тозғыш заттар, т. б. ), аяқтал-маған өндiрiс, болашақ кезеңдердiң шығын-дары және басқа еңбек заттары жатады.
Айналым қорларының құрамына - дайын өнiм, жөнелтiлген, бiрақ ақысы төленбеген тауарлар, банкiде ашылған шот есептер-дегi, кассалардағы есеп айырысу, жалақы, дебитор-лық қарыз ақшалай қаражат түрiндегi құралдар кiредi.
Айналым құралдар кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың өндiрiстiк қорлары-ның бiр өндiрiстiк айналымда түгел тұтынылатын және өзiнiң құның дайындалатын өнiмге толық және бiрден көшiретiн бөлiгi. Әдетте, өзiнiң табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейiн ақшалай нысанда қайтарылады.
Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қор бiр-бiрiн қамтып отыратындықтан бiр-бiрiне ауысып отырады:
Ақшалай құралдар → Өндiрiстiк запастары → Аяқталмаған өндiрiс → Дайын өнiм → Тауарлық өнiм → Ақшалай құралдар
Яғни, қысқа сұлбада қарастырсақ:
Ақша → Тауар → Ақша
Айналым қорларының түрлері:
1. Өндiрiстiк запастары (босалқы қорлар) - өндiрiстiк процестiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге арналған өндiрiс құрал-жабдығының бiр бөлiгi. Материалдық өндiрiс аясы салаларының тұтынушы-кәсiпорындарының қоймаларында сақталады.
Босалқы қорлардың бiрнеше түрлерi болады:
- ағымдағы босалқы қорлар;
- сақтандыру босалқы қорлары;
- дайындалма босалқы қорлар;
- маусымдық босалқы қорлар.
Өндiрiстiк босалқы қорларына жатады:
- негiзгi шикiзат;
- қосалқы материалдар;
- жартылай шикiзат;
- отын;
- ыдыс;
- босалқы бөлшектер;
- тез тозғыш саймандар;
- шаруашылық инвентарь;
- басқада материал-техникалық ресурстар.
Шикiзат пен негiзгi материалдар - бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi болып табылады.
Қосалқы материалдар - өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық процеске қатысып, реакция жылдамдығына тiкелей әсер етедi.
2. Аяқталмаған өндiрiс - толық бiтпеген өндiрiстен және жартылай шикiзаттан құрылады:
Бiтпеген өндiрiс - берiлген цехта өндеумен бiтпеген еңбек заттары;
Жартылай шикiзат - осы кәсiпорын масштабында аяғына дейiн өнделудi талап ететiн, бiрақ өндеудiң тек бiр стадиясын өткен еңбек заттары.
АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН НОРМАЛАУ
Барлық айналым құралдар жоспарлы реттеу әдiсiне байланысты екi бөлiктен тұрады:
- нормаланатың айналым құралдар;
- нормаланбайтың айналым құралдар.
Нормативтер - жұмыс уақыты мен материалдық, ақша, т. б. ресурстар шығындарын есептеу шамасы, ол еңбектi нормалауда, кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыруда қолданылады.
Айналым қаражатың нормалау - кәсiпорындарға жоспарланатын жылы өздерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн керектi ақшалай қаражат жөнiндегi ең аз қажетсiнудiң ғылыми тұрғыда негiзделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану үшiн жағдай жасайды, өндiрiс пен айналыста тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқартуға, өнiмдi өткiзуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына, т. б. септiгiн тигiзедi.
Кәсiпорынның жоспарланатын меншiктi қаражаты, ол тауар-материалдық құндылықтардың ең аз босалқы қорларын жасау және өндiрiстiң толассыз жұмыс iстеуi мен өнiмнiң өткiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Өндiрiстiк босалқы қорлардан - шикiзат, материалдар мен сатып алынатын дүмбiлдер, отын, ыдыс, құнсыздау және тез тозатын заттар, жөндеу үшiн қажеттi
Айналыс қорлары - өнімді өткізумен байланысты айналымда болатын қорлар. Айналыс қорларына салынған ақшалай қаражат- айналыс құралдарын құрайды.
Айналыс құралдарының тиімділігі - айналым коэффициенті , ол бір жылда өткізілген өнім құнының айналыс құралдарының қалдығына қатынасы.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметімен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры бұл өндірістік мүндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz