Бөжектердің анатомиясы
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бөжектердің қанаттары және түрлері
2.2.Бөжектердің аяқтары
2.3. Бөжектердің анатомиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
2. Негізгі бөлім
2.1. Бөжектердің қанаттары және түрлері
2.2.Бөжектердің аяқтары
2.3. Бөжектердің анатомиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Омыртқасыздар арасында ең жас және саны жағынан 1 млн. түрдi есептейтiн ең үлкен жануарлар класы. Олар барлық мекен аймақтарын толығымен игердi – суды, әуенi, құрлықты. Оларға күрделi түйсiктi сезiм, жоғары өсiмталдық, кейбiреулерiне қоғамдық тiршiлiк тән. Метаморфозбен дамуда ересек дарақтар мен дернәсiлдер арасында мекендеу орталарын және қорек көздерiн бөлу жүредi. Көптеген насекомдардың эволюция жолы гүлдi өсiмдiктермен тығыз байланысты. Ары дамыған насекомдар – қанаттылар. Табиғаттағы зат айналымда өсiмдiк қалдықтарды тұтынушылар қиконыздар мен көмбекейлер үлкен рөл атқарады, бiрақ сонымен қатар насекомдар ауылшаруашылық өсiмдiктерге, бау-бақшаларға, азық-түлiк, терi, ағаш, жүн, кiтап қорларына үлкен зиян келтiредi. Көптеген насекомдар – жануарлар мен адам ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары. Адам бiрқатар жыртқыш және паразиттi насекомдарды өсiмдiктердiң зиянкестерiнен қорғанысы ретiнде пайдаланады. Адам бал аралар мен түт жiбеккөбелектерiн өсiредi. Табиғи биогеоценоздардың қысқаруы мен пестицидтарды қолдануға байланысты насекомдар түрлерiнiң жалпы саны қысқаруда, сондықтан КСРО Қызыл кiтабына 210 түр енгiзiлген.
1. Энтомология –Ә.Т. Тілменбаев, Г.Ә. Жармұхамедова
2. "Қазақ Энциклопедиясы"
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология – Павлодар: 2007 Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Жоспары
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бөжектердің қанаттары және түрлері
2.2.Бөжектердің аяқтары
2.3. Бөжектердің анатомиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Омыртқасыздар арасында ең жас және саны жағынан 1 млн. түрдi есептейтiн ең үлкен жануарлар класы. Олар барлық мекен аймақтарын толығымен игердi - суды, әуенi, құрлықты. Оларға күрделi түйсiктi сезiм, жоғары өсiмталдық, кейбiреулерiне қоғамдық тiршiлiк тән. Метаморфозбен дамуда ересек дарақтар мен дернәсiлдер арасында мекендеу орталарын және қорек көздерiн бөлу жүредi. Көптеген насекомдардың эволюция жолы гүлдi өсiмдiктермен тығыз байланысты. Ары дамыған насекомдар - қанаттылар. Табиғаттағы зат айналымда өсiмдiк қалдықтарды тұтынушылар қиконыздар мен көмбекейлер үлкен рөл атқарады, бiрақ сонымен қатар насекомдар ауылшаруашылық өсiмдiктерге, бау-бақшаларға, азық-түлiк, терi, ағаш, жүн, кiтап қорларына үлкен зиян келтiредi. Көптеген насекомдар - жануарлар мен адам ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары. Адам бiрқатар жыртқыш және паразиттi насекомдарды өсiмдiктердiң зиянкестерiнен қорғанысы ретiнде пайдаланады. Адам бал аралар мен түт жiбеккөбелектерiн өсiредi. Табиғи биогеоценоздардың қысқаруы мен пестицидтарды қолдануға байланысты насекомдар түрлерiнiң жалпы саны қысқаруда, сондықтан КСРО Қызыл кiтабына 210 түр енгiзiлген.
2.1. Бөжектердің қанаттары және түрлері
Бунақденелердің кеуде бөлімі - алдыңғы, ортаңғы, артқы кеуде, - деп, аталатын 3 бунақтан түзілген. Бунақтардың әрқайсысы арқа, немесе тергит - деп, аталатын жоғарғы жарты сақинадан, төс, немесе стернит - деп, аталатын төменгі жарты сақинадан және плейрит - деп, аталатын бүйір жағындағы бөліктерден тұрады. Кеуде бөліктің әрбір бунағында бір жұп аяқ (барлығы 3 жұп аяқ), ал ортаңғы және артқы көкіректе бір жұптан (барлығы 2 жұп) қанат болады. Насекомдарға әдетте 2 жұп қанат болады. Алайда кейбіреулерінде тек қана алдыңғы жұп қанат (қос қанаттылар немесе шыбындар, кокцидтердің біраз түрлерінде) кейде артқы жұп қанат (желпіуіш қанаттылардың еркегінде) дамыған.
Торқанаттылар-толық түрленген бөжектер,олардың екі жұп ұзын,мөлдір қанаттары тор желісі пішіндес сипатта.Барлық торқанаттылар-жыртқыштар,сондықтан топырақта немесе суда тіршілік ететін олардың дернәсілдері бұлардан қалыспайды, кейде тіпті ересек дарақтардан да асып түседі.Өз олжасын дернәсіл алдымен өткір бізгегімен пісіп,содан кейін жарасына ас қорыту сөлдерін төгеді (бұл үшін оларда бізгек пен төменгі жағының әр жағында арнайы науа орналасқан). Жыртқышта қарапайым алтынкөз алдына жан салмайды-нәзік қанаттары және үлкен алтын көздері бар әсем солғын-жасыл бөжек. Оның үстіне алтынкөздер щіркейлерді, құрттарды және ұсақ биттерді талмай аулайды.Аналықтары жұмыртқаларын ұзын, жұқа сабаққа салып, оны шіркейлер құжынаған жапырақпен бекітеді.Алтынкөздердің дернәсілдері жұмыртқадан тырбаңдап әрең шығып, бірден асқа бас қояды.Күніне тататындары 100-150 шіркей.
Сонымен қатар ортаңғы және артқы кеуде сегментiнде бiр-бiр жұп қанаттары орналасқан (1 - сурет). Қанаттың ұзына бойына орналасқан негiзгi жүйкелерi: костальдi жүйке немесе коста (С); субкостальдi немесе субкоста (Sс); радиальдi немесе радиус (R); медиалдi немесе медиа (М); кубитальдi немесе кубитус (Cu); анальдi немесе аналис (А) және югальдi жүйке (Ju). Бұлар дихотомиялық түрде бұтақтанады. Қанаттардың құрылымындағы ерекшелiктерi -- насекомдарды классификациялаудың негiзi
Бөжектердің қанатына сипаттама
Өкілдері
Қанаттарынасипаттама
Турақанаттылар
Азиаттықшегіртке, шекшек, бұзаубас
Жұп. Біріншіжұбы-жарғаққанат, тура қанаттыңастынаорналасады. Көлденеңжүйкеліқанат.
Теңқанаттылар
Бітелер, қалқаншалылар
Бірдейжүйкелегенқанаттарыжұп. Көпжағдайдабіріншіжұбыдамыған.
Шалақатқыл-
қанаттыларнемесекандалалар
Су кандаласы, төсеккандаласы
Жұп. Біріншіжұбықысқарғаннемесемүлдежоқ, екіншісінеқарағандатығызырақ
Қатқыл-
Қанаттыларнемесеқоңыздар
Колорадқоңызы, қиқоңыз, қанқыз
Жұп. Қантүсті, қатты да қатқыл. Екіншіжұбыжарғақты.
Қабыршаққанаттыларнемесекөбелектер
Орамжапырақ,ақшылақкөбелек, тұткөбелегі, қаракүйе
Жұп. Қанатықабыршақты, жүйкеленуіторлы.
Қосқанатталар
Маса, шіркей, көкбас, сона, бөгелек
Біріншіжұпторлыжүйкелеген, жарғақтықанат.
Жарғаққанаттылар
Бал арасы, астыққиғы, шаншар
Екіжұпжарғакты, мөлдірторлыжүйкелі
Сурет 1. Насекомдардың қанатының жүйкелену схемасы: С - костальдi жүйке, Sс - субкостальдi жүйке, R - радиальдi жүйке, М - медиальдi жүйке, Сu - кубитальдi жүйке А - анальдi жүйке, Ju - югальдi жүйке
Жәндіктердің көбінесе ауыз бөліктер, аяқ және қанаттары ерекше түр өзгеріске ұшыраған.
2-сурет. Бөжек қанаттарының әртүрлілігі. 1 - қоңыздың, 2 - қандаланың, 3 - тікқанаттылар отрядының, 4 - инеліктің, 5 - балараның, 6 - шыбынның, 7 - көбелектің, 8 - көбелек қанатындағы қабықшалар.
2.2. Бөжектердің аяқтары
Бунақденелілердің аяғы жамбас (төспен жалғасқан), ұршық, сан, жіліншік (сирақ), табан деп аталатын бірнеше бунақтардан тұрады. Табан бунақтарының саны қандай түрге, топқа жататынына байланысты 1-5 дейін болады. Табанның ең соңғы бунағы арасында 1-3 төмпешік орналасқан, ол көбінесе бір немесе екі тырнақшамен бітеді. (3 - сурет)
Тіршілік ету жағдайларына және жеке топтардың мамандану дәрежесіне байланысты насекомдардың аяқтарын бірнеше типке бөледі. Мысалы, тарақан, барылдақ қоңыз, қандала сияқты жылдам жүгіретін насекомдарға жіңішкерген ұзын сирақты аяқ тән. Тіршілік жағдайларына немесе қозғалу тәсілдеріне бейімделу алдыңғы немесе артқы аяқтардың мамандануына себеп болған. Мысалы, бұзаубастың, зауза қоңыздың жетіліп дамуы ұзақ уақыт топырақ арасында өтуіне байланысты алдыңғы аяғы жерді қазуға, дәуіттің алдыңғы аяғы құрбанын шап беріп ұстауға, шегірткенің артқы аяғы секіруге, суды мекендейтін насекомдардың (жүзгіш қоңыз т.б.) артқы аяғы жүзуге, араның артқы аяғы гүл тозаңдарын жинауға бейімделген. Осы айтылғандарға сәйкес насекомдарда қазғыш, ұстағыш, секіргіш, жинағыш аяқ типтері пайда болған.
Сурет 3. Аяқтардың әр түрлi типі: 1- жүргiш, жүгіргіш, 2 - жүзгіш, З - қазғыш, 4 - секiргіш, 5 - ұстап алғыш
2.3. Бөжектердің анатомиясы
Тері жамылғысы. Бунақденелілердің тіршілігі үшін тері жамылғысының маңызы зор. Ол бұлшық ет жүйесінің тірегі бола отырып, дененің ылғал режимін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тыныс алу, зәр шығару, денені механикалық зақымданудан және зиянды заттардың енуінен қорғау қызметтерін де атқарады. Насекомдардың түсінің де әр түрлі болуы осы тері жамылғысына байланысты. Тері қабаттың туындылары болып есептелінетін сыртқы қосалқы мүшелер (түк, қылшы қабыршақ) ішкі немесе эндоскелеттік, өсінділер және әр түрлі бездері (балауыз шығаратын, лак беретін, иіс шығаратын және тағы басқалар) маңызды роль атқарады.
Тері жамылғысы кутикула, гиподерма және өте жұқа базаль жарғағы -деп, аталатын 3 компоненттен тұрады.
Кутикула тері жамылғысының ең сыртқы бөлігі клетка құрылысты емес. Кутикуланың өзі екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі қабаттар. Сыртқы қабат немесе эпикутикула өте жұқа. Бірақ эпикутикула табиғаты липоидтық болу себебінен, майда еритін улар үшін тосқауылдық қызмет атқара алмайды. Протикуланың, әсіресе оның үстіңгі қабаты - экзакутикуланың түсі қара-қоңыр және ол, құрамында дубилді (тері илеуге пайдаланатын) заттар және қосылыс түзетін хитин мен белоктардың мол болуынан әжептеуір қатыңқы келеді. Эндокутикула да (прокутикуланың астыңғы қабаты) өте серпімді келеді де, насекомның тері жамылғысының созылғыштығын қамтамасыз етеді.
Гиподерма цилиндр немесе текше пішінді эпителия клеткаларының қабатынан тұрады. Гиподерма клеткалары кутикуланы жасайтын заттарды, сонымен қатар насекомның әрбір түлеуі алдында кутикуланың астыңғы қабатын ерітетін заттарды бөліп шығарады.
Базаль жарғағы гиподерма клеткаларының төсенші ретінде тері жамылғысы мен дене қуысының арасындағы шекара қызметін атқарады. Онда клеткалық құрылым болады.
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару экскреция, секреция және инкреция (немесе ішкі секреция) деп аталатын 3 түрлі процестен тұрады.
Экскреция - зат алмасу кезінде ас қорыту жүйесінен тыс жерде пайда болатын процесс. Организм үшін зиянды және керексіз заттарды - экскреттерді денеден шығару процесі. Экскреттерге несеп қышқылы және оның тұздары, сонымен қатар калий, натрий, кальций, магний катиондары, қымыздық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz