ҚР Ассамблеясы



Қазақ халқында бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан, толағай мәнді “Жерұйық” ұғымы қалыптасқан. Ұлт дүниетанымында қанық бояумен жазылған аталған ұғымның мән-мағынасына бойлау үшін ұлы даланың тарих қойнауына көз жүгіртіп, кең-байтақ аймақты батырлық пен даналықты ұштастыра отырып қорғаған ата-баба өткеніне үңілу қажет. Ықылым заманда “Желмаясына мініп жерұйығын” іздеген Асан Қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына, мұрат-мақсатына ұласты. Бабаларымыз “Жерұйық” жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы санғасырлық мем­лекеттілік қағидаттары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері.
Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің ақ таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата-бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі.
Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты – тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың ерен істерінің жемісі.
Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік, әлеуетіміз артты, дәулетіміз еселеніп отыр. Қазақстан егемендікке қатар ие болған ТМД елдерінің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастады.
Бүгінгі жетістіктер бізге өздігінен келе қалған жоқ. Өйткені, өткен ғасырдың соңғы онжылдығында тәуелсіздікке қол жеткізген туған еліміздің жағдайы өте күрделі еді. Ел экономикасы дағдарысқа ұшыраған, ауыл шаруашылығы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Ассамблеясы
Қазақ халқында бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан, толағай мәнді "Жерұйық" ұғымы қалыптасқан. Ұлт дүниетанымында қанық бояумен жазылған аталған ұғымның мән-мағынасына бойлау үшін ұлы даланың тарих қойнауына көз жүгіртіп, кең-байтақ аймақты батырлық пен даналықты ұштастыра отырып қорғаған ата-баба өткеніне үңілу қажет. Ықылым заманда "Желмаясына мініп жерұйығын" іздеген Асан Қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына, мұрат-мақсатына ұласты. Бабаларымыз "Жерұйық" жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы санғасырлық мем­лекеттілік қағидаттары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері.
Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің ақ таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата-бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі.
Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың ерен істерінің жемісі.
Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік, әлеуетіміз артты, дәулетіміз еселеніп отыр. Қазақстан егемендікке қатар ие болған ТМД елдерінің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастады.
Бүгінгі жетістіктер бізге өздігінен келе қалған жоқ. Өйткені, өткен ғасырдың соңғы онжылдығында тәуелсіздікке қол жеткізген туған еліміздің жағдайы өте күрделі еді. Ел экономикасы дағдарысқа ұшыраған, ауыл шаруашылығы тұралаған, барлық өндіріс пен өнеркәсіп технологиялары тозған жағдайда біз егемен мемлекет тарих сахнасына ендік. Республика аумағында жұмыс істейтін барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жалақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді өтеуге қаржы тапшы. Мемлекеттікбасқару жүйесі жан-жақтан қаумалаған проблемаларды жедел шешуге қауқарсыз. Дүкен сөрелерінде халыққа күнделікті қажетті тауарлар мен азық-түлік жеткіліксіз. Өңірлерде жеке мүдде мен популистік ұпай жинауға тырысқан кейбір топтар ахуалды ушықтыруға тырысты. Әлеуметтік толқулар мен митингтер орын алып жатты.

Ассамблея белестері

1993 жылғы қабылданған Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен қарым-қатынасын реттеуге қауқарсыздық танытты. 1994 жылы он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңес саяси дағдарыс салдарынан өзін өзі тарату жөнінде шешім қабылдады. Осы саяси күрделі кезеңде ел халқының басын біріктіретін, этностық, нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан қоғамның барлық өкілін ортақ мақсатқа жұмылдыратын беделді ұйым құру тарихи қажеттілік еді.

1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қолды. Жарлыққа қол қойылған сәттен бастап, Ассамблея қо­ғамдық маңызды саяси іс-шаралардың бел ортасынан көрініп, қоғамдық маңызды істердің қозғаушы күшіне айнала білді.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы шақырылды. Сессия жұмысына мемлекеттік құрылымдардың басшыларынан бөлек шығармашылық интеллигенция, қоғам мен мемлекет қайраткерлері және еліміздегі сан алуан ұлыс өкілдері қатысты. Аталған сессияда Ассамблея мүшелері Мемлекет басшысының өкілеттілігін кеңейту туралы ұсыныс жасады. Сессияда баяндама жасаған Президент Н.Ә.Назарбаев "Мен, еліміздің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын", - деп нақты атады. Осы жиында Елбасы ұлттық саясат мәселелерін қорытындылай отырып, оның алдағы уақытта да айқын және әділетті принциптер негізінде жұмыс істейтінін айтты. Аталған принциптерді берік ұстанудың арқасында Қазақстан тек этностық, діни негіздегі қақтығыстардың алдын алып қана қоймай, мемлекеттік ұлттық саясат саласындағы реформаларды жүзеге асыра отырып, қарқынды даму жолына түсті.

1995 жылы 29 маусымда өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет Негізгі Заңның басты басымдықтарын айқындап, оның жобасын алғаш рет қоғамдық талқылауға ұсынды. 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдумда республика халқы елдің жаңа Конституциясын қолдап дауыс беріп, құқықтық және демократиялық мемлекет құру бағытында тарихи таңдау жасады. Бұл елде өтпелі ауыр кезеңнен кейінгі күрделі саяси-экономикалық, конституциялық реформаларды бел шеше іске асыруға бетбұрыс жасалған сәт еді.

1996 жылы өткен Ассамблеяның ІІІ сессиясында мемлекетаралық ықпалдасуды жетілдіру, егемендікті нығайту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
«Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – теңдесіз ұлтаралық және конференция аралық келісім институты»
Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы Қазақстанның моделі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Мемлекет алғашқы президенті
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Пәндер