Бөжектер



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Бөжектердің жүйке жүйесі
2.2.Бөжектердің сезім мүшелері мен мінез құлқы
2.2.Бөжектердің жыныс жүйесі және көбеюі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Бөжектер, насекомдар (Insecta) – буынаяқтыла типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн – дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін).
Бөжектер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз бөжектер және қанатты бөжектер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550 –ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы – трихограмма – 0,2 мм) – 33 см –ге дейін болады. Бөжектердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Бөжектердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, бөжектердің ежелгі атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Бөжектердің жүруге, жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек, бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары – ызылдауыққа айналған. Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде – жыныс мүшесі) түрінде сақталған. Бөжектердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 – 2 мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып – жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок – актомиозин әсер етеді.
1. Энтомология –Ә.Т. Тілменбаев, Г.Ә. Жармұхамедова
2. "Қазақ Энциклопедиясы"
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология – Павлодар: 2007 Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Бөжектердің жүйке жүйесі
2.2.Бөжектердің сезім мүшелері мен мінез құлқы
2.2.Бөжектердің жыныс жүйесі және көбеюі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бөжектер, насекомдар (Insecta) - буынаяқтыла типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн - дай түрі анықталған (барлығы 1,5 - 2 млн. түрі болуы мүмкін).
Бөжектер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз бөжектер және қанатты бөжектер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550 - ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы - трихограмма - 0,2 мм) - 33 см - ге дейін болады. Бөжектердің ең басты ерекшелігі - денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Бөжектердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, бөжектердің ежелгі атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Бөжектердің жүруге, жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек, бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары - ызылдауыққа айналған. Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде - жыныс мүшесі) түрінде сақталған. Бөжектердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 - 2 мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып - жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок - актомиозин әсер етеді.
Бөжектердің ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектен және сілекей бездерінен тұрады. Олар қорегіне қарай фитофагтар (өсімдік қоректілер), жыртқыштар, өсімдік шірнесімен қоректенетіндер, некрофагтар (өлексеменқоректенетіндер), сапрофагтар (басқа жануарлардың өлексесімен қоректенетіндер), қан сорғыштар, т.б. болып бөлінеді. Бөжектер атмосфералық ауаны - трахея (кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік ететін дернәсілдерінде екінші реттік трахея не кутикулалы желбезек дамиды. Бөжектердің дене температурасы тұрақсыз, сондықтан олар салқынқанды жануарлар тобына жатады. Қан айналу жүйесі нашар дамыған. Ол жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Бірнеше камераларға бөлінген. Осы камералар бір бағытта жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан қолқаға қарай сырғытады. Гемолимфа қолқадан бас қуысына, одан кеуде және құрсақ бөлігіне ағып, қайтадан жүрекке құйылады. Зәр шығару жүйесі - мальпиги түтікшелері. Бұл суды және организмге қажетті еріген затты гемолимфаға өткізеді, ал сіңбей қалған заттар артқы ішекке түсіп, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке жүйесі бас миы, жұтыншақ асты ганглия және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Бөжектерде сезім мүшелері жақсы дамыған. Олар әр түрлі механикалық, химиялық, дыбыстық, көру, есту, терінің сезу қабілеті, т.б. көптеген тітіркенулерді қабылдай алады. Бөжектер дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Бұлардың онтогенезі екі кезеңнен өтеді: толық түрленіп дамитындар және шала түрленіп дамитындар. Бөжектердің биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша маңызы бар. Олардың ішінде көптеген ауыл шаруашығы мен орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ ширатқыштар, мүр көбелектер, өсімдік биттері, жапырақ жегілер, т.б. - зиянды жәндіктер; бит, бүрге маса, шіркей, сона, т.б. - қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара шыбыны, цеце шыбыны, т.б. - аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын бөжектер; бал арасы, тұт жібек көбелегі - пайдалы бөжектер кездеседі. Сонымен қатар ара, көбелек, т.б. бөжектер өсімдікті тозаңдандырады; құмырсқа, қоңыз дернәсілдері топырақты қопсытады. Бөжектердің сирек және жойылып бара жатқан 200-дей түрі (Тянь-Шань апполоны, әсем барылдауық қоңыз, махаон, сары көбелектің кейбір түрлері, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

2.1. Бөжектердің жүйке жүйесі
Бөжектердің жүйке жүйесі барлық буынаяқтылардікіндей жұтқыншақ үсті немесе ми, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және қүрсақ жү тізбегінен құралған. Миы үш бөлімге бөлінген: алдыңғы -- протоцеребрум, ортаңғы -- дейтоцеребрум және артқы -- тритоцеребрум. Протоцеребрум фасеттік және қарапайым көздерді, дейтоцеребрум -- антенналарды (мұртшаларды), тритоцеребрум -- үстіңгі ерінді жүйкелендіреді және кесимпатикалық жүйкежүйесімен байланысты (1-сурет).
Миының алдыңғы бөлімі -- протоцеребрум өте жақсы дамыған, сондағы екі көру төмпешігі және саңырауқұлақ тәрізді денешіктері ең жоғарғы координациялаушы орталығы болып, барлық мүшелерінің қызметін және организм өрекетінің нақты жағдайларға икемделуін реттейді. Жұтқыншақ асты ганглиясы, бас бөліміндегі акронға қосылған 4 сегменттің ганглияларының қосылуынан пайда болған, ол ауыз аппарат мүшелерін және алдыңғы ішекті жүйкелендіреді. Құрсақ жүйке тізбегі 3 кеуде және саны әр түрлі болып келетін құрсақ ганглияларынан құралған (1-сурет). Олардың толык саны 11, бірақ олар бөжектердің эмбриональді (ұрықтық) даму кезінде байқалады, ал ересек түрлерінде, мысалы, төменгі сатыдағы бөжектерде құрсақ ганглиялары 8, тарақандарда, шегірткелерде -- 6, солардың ішінен ең соңғысы басқаларынан ірілеу болады, себебі ол бірнеше ганглияларының бірігуінен түзілген. Кейбір бөжектерде ганглиялар өзара қосылып тек кеуде және құрсақ ганглияларын түзейді, ал шыбындарда мысалы, ет шыбынының (Sarcophaga carnaria) кеуде мен кұрсақ бөліміндегі ганглиялар қосылып кеудеде орналасқан бір ғана түйін түзейді (2-сурет). Әрбір ганглиядан кептеген жүйке талшықтары тарап, олар ішкі мүшелердің қызметін сыртқы және ішкі орта өсеріне бейімдеп, реттеп түрады.
Бөжектердің орталық жүйке жүйесінен (ми, жұтқыншақ асты, құрсақ жүйке тізбегі) симпатикалық және шеткі жүйке беліктері отеді. Симпатикалық жүйке түйіндері миында және құрсақ жүйке тізбегінің арасында жіңішке тізбек кұрып орналасады да бұлшықеттердің және ішкі мүшелердің жұмысын реттейді. Шеткі жүйке бөліктері тітіркендірулерді қабылдайтын нейрондар (клеткалар), олар атқаратын қызметіне қарай сезімтал, қозғалтқыш жоне аралық нейрондарға болінеді.Сезімтал нейрондары рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне бағыттаушы, қозғалтқыш -- қозуды орталық жүйке жүйесінен шеттегі

1-сурет.Бөжектердің қан айналу және жүйке жүйесі: А -- денесінің көлденеңінен кесіндісі; Б -- инелік личинкасының кан айналу жүйесі; 1 -- жүрек, 2 -- жоғарғы диафрагма (көкет), 3 -- ішек, 4 -- төменгі диафрагма, 5 -- қүрсақ жүйке тізбегі, 6 -- майлы дене, 7 -- перикардиальді клеткалар, 8 -- жүректің астында жатқан бұлшықеттер, 9 -- қолқа. Гемолимфаның айналуы стрелкалармен көрсетілген; В -- бөжектердің жүйке жүйесінің құрылысы; 1 - протоцеребрум, 2 -- нейросекреторлық клеткалар, 3 -- мидың оптикалык, аймағы, 4 -- дейтоцеребрум, 5 -- антеннальді жүйке, 6 -- трито - церебрум, 7 -- кардиальді денелер, 8 -- жатқан денелер, 9 -- жұтқыншак маңындағы коннектива, 10 -- жұтқыншақ, асты ганглиясы, 11 -- ауыз мүшелеріне баратын жүйкелер, 12 -- кеуде сегменттерінің ганглиялары, 13 -- күрсақ сегменттерінің ганглиялары, 14 -- симпатикалық жүйке жүйесінің сыңар жүйкесі.


2-сурет. Бөжектердің жүйке жүйесі: А -- Lygistopteras sanguineus қоңыздың; Б -- Gyrinus notator қоңыздың; В -- Sarcophaga carnaria шыбынның жүйке жүйесіклеткалар орналасқан.
мүшелерге, ал аралық - сезімтал мен қозғалтқыш нейрондардың серпіністерін жалғастырушы .Миында, жұтқыншак асты ганглиінде, күрсақ нерв тізбегінде нейросекреторлы (нейросекрет-гормондарды бөліп шығаратын)
Олардан синтезделген нейросекрет биологиялық белсенді заттар аксондар арқылы кардиальді және "жатқан (прилежащие) денелерге" жетіп кейін гемолимфаға өтеді. Кардиальді және "жатқан денелер" мидың арткы жағында орна-ласып, ішкі секреция эндокриндік безінің қызметін атқарады. Олар экдизон және ювениль деп аталатын гормондарды бөліп шығарады да, ішкі мүшелердің қызметін, зат алмасу, түлеу, даму процестерін реттейді.

2.2. Бөжектердің сезім мүшелері мен мінез құлқы
Сезім мүшелері күрделі құрылысты және әр алуан. Бұл ең алдымен насекомдардың жоғары дәрежедегі деңгеймен және күрделі мінез қылығымен анықталады. Сезім мүшелері организмнің өзін қоршаған ортамен өзара орекеттесуін жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Насекомдар әр түрлі механи-калық, дыбыстық, химиялық, көру, есту, терінің сезу тағы да басқа көптеген тітіркенулерді қабылдауга бейім. Ол үшін рецепторлардың алуан түрлері бар. Солардың бірі сенсиллалар, олар денеде бір-бірлеп немесе жинақталып орналасады (көру, есту мүшелері). Әрбір сенсилла бірнеше элементтен құралган. Орталық нерв системасының жоғары дәрежеде дамуына байланысты насекомдарда сезiм мүшелерi де жақсы дамыған: сезу, иiс, дәм, көру, есту және тепе-теңдiк мүшелерi.
Сезу мүшесi мұртшаларында ауыздың айналасында орналасады. Көп жағдайда сезім мүшелерінің арасында терi сезiм мүшелерi (қылшықтар) маңызды орын алады.
Терi сезiм мүшесi қылшықтар мен мұрттар ұзындығына қарай олардың сезу жөнiнде атқаратын қызметi де әртүрлi болады. Мысалы, ұзын сезгiш қылшықтар көбелектiң личинкаларында (гусеница), тарақандарда, сверчоктарда болады және олар дыбыс толқындарын да қабылдайды (ұстайды).
Белгiлi бiр жағдайларда насекомдардың аса маңызды мүшелерiнiң бiрi -- иiс сезiм мүшелерi. Мысалы, көптеген насекомдар (баларасы, көбелектер т.б.) гүлдiң иісiн бағдарлап тұрады.Өлексе мен шiрiген заттармен қоректенетiн насекомдар оларды иiсiмен табады. Олардың иiс сезiм мүшелерi де мұртында орналасқан. Бөжектердің басының алдыңғы жағында екi мұртшасы, екi күрделi фасет - тiк көздерi, қарапайым майда көзшелерi орналасқан. Насекомдардың екi мұртшасы немесе антеннасы акронның өсiн - дісі, бiрнеше буыннан құралып, негiзiнде дәм және иіс сезу мүшесiне айналған. Мұртшалардың түрi әр қилы: жiп тәрiздi, қыл, тақта, ара, тарақ, ұршық, түйреуiш, қауырсын, таспиық тәрiздес (3-сурет).
Насекомдар тәттi, ащы, қышқыл және тұзды дәмдердi ажырата алады. Дәм сезiм мүшелерi мұрттарында, ауыз бөлiктерiнiң қармалағыштарында,табандарында болады. Түрлi мүшелердiң дәмдi сезгiштiгi бiр насекомның өзiнде де түрлiше болады.
Насекомдардың көздерi жақсы дамыған. Насекомдарда күрделi көздер және жай көздер болады. Күрделi көздер бiр-бiрiмен тығыз байланыскан, өзбетiмен жеке-жеке көретiн омматидтерден тұрады. Омматидтердiң саны үй шыбынында шамамен 4 мың, инелiкте -- 28 мыңға дейiн болады. Күрделi көздер тек қана ересек насекомдарда ғана болады. Насекомдардың күрделi көздерi заттардың қозғалуын қабылдайды, кейде тiптi заттардың пiшiнiнде қабылдайды. Жарғаққанаттылардың жоғарғы сатыдағы өкiлдерi (баларалары) заттардың түсiн де ажырата алады. Көптеген насекомдарда жай құрылысты көздерде болады. Паразиттерiнде, қараңғы жерде тiршiлiк ететiндерiнде көз мүлдем жойылған.
Есту және тепе-теңдiк мүшелерi насекомдардың әрқилы топтарында әртүрлi дәрежеде дамыған. Көптеген насекомдар құбылтып неше түрлi әнге салады. Осындай ән салғыш насекомдарда тимпанальдық мүшелер деп аталатын есту мүшесi болады. Тимпанальды мүше түзуқанаттылар (Оrthoptera) отрядының өкiлдерiнде шекшекте, шiлделiкте және шегiрткелерде болады. Шекшектер мен шiлделiктердiң есту мүшесi тiзе буынының астында, ал шегiрткелерде -- құрсак сегменттерiнiң бiрiншi сегментiнiң екi бүйiрiнде орналаскан. (5-сурет)
Насекомдардың денесi кутикулалы хитин қабығымен жабылған. Хитин қабығы денеге жақсы иiлгiштiк қасиет бередi. Насекомдар хитинын тастап түлеп отырады. Басындағы кутикулалы қабық бас миын сақтайтын берiк сауыт құрайды
Насекомдардың басында бiр жұп күрделi, немесе фасеттi көздерi, тағы да бiр жұп кiшкентай жай көздер мұртшаларының түбiнiң маңайында орналаскан. Насекомдардың мұртшалары ең маңызды мүшелерiнiң бiрi болып есептеледi, сол мұртшаларда сезiм мен иiс мүшелерi орналаскан.
Насекомдардың реңi әртүрлi болып келедi және ол түрге тән сипат алады. Денесiнiң әртүрлi реңге боялуының насекомдар өмiрi үшiн өте қажет және белгiлi бiр ортаға бейiмделу қабiлетiн арттырады.
Терiсiнде (сыртқы жамылғысында) құрылысы әртүрлi, физиологиялык маңызы зор неше түрлi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыртқыш саңырауқұлақтар
Бөжектердің саңырауқұлақ аурулары
Бөжектердің сыртқы құрылысы
Жалпы энтомология пәні
Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері
Бөжектердің анатомиясы
Жартылай қатты қанаттылар отряды (НEMIPTERA). Еркінмұрттылар
Нағыз күйелер - (Tineidae)
Фазия шыбындары
Мамықжегіштер тобына жалпы сипаттама
Пәндер