Көбею мүшелері
1. Көбею мүшелері
2. Бунақденелілердің эмбриондық және постэмбриондық дамуы, биологиялық ерекшеліктері
3. Жұмыртқаның құрылысы
4. Метаморфоздың түрлері
5. Дернәсілдердің түрлері
6. Қуыршақтың түрлері
7. Метаморфоз кезіндегі ішкі өзгеру
8. Ересек бунақденелілердің дамуы
9. Көбею жолдары
10. Бунақденелілердің жылдық және жалпы тіршілік циклі
11. Диапауза
12. Қанатты жәндіктер класс тармағы . Pterygota
13. Биттер отряды . Anoplura
14. ДЕРНӘСІЛ МЕН ҚУЫРШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Бунақденелердің барлығы дерлік дара жынысты организмдер. Гермафродитизм бунақденелілердің тек аздаған түрлерінде (мысалы, термиттердің ұясында тіршілік ететін шыбындар мен кокцидиялардың кейбіреулерінде) ғана байқалады. Көпшілік жағдайда сыртқы құрылысы жағынан еркек бұнақденелі мен ұрғашы бунақденелінің арасында айырмашылық аз немесе мүлде болмайды. Бұл жағдайда оларды бір бірінен сыртқы жыныс мүшелері арқылы ғана ажыратуға болады. Сонымен қатар бунақденелілерде анық көрінетін жыныс диморфизмі жиі кездеседі. Ондай бұнақденелілердің еркегін ұрғашысынан жақсы дамыған мұртшалары (мысалы, зауза қоңыздарында, бұйра көбелек пен жібек көбелек тұқымдастарының өкілдерінде), көз құрылысы (араларда), ауыз аппаратының бөлімшелері (бүғы қоңызында) арқылы ажыратуға болады.
Ұрғашы бунақденелілердің көбею мүшелеріне 1 жұп аналық, жұп және жұпсыз жұмыртқа өткізгіш, бір жұп қосалқы без және кейбір бұнақденелілерде кездесетін тұқым қабылдағыш жатады. Аналық бездері жұмыртқа түтікшелерінен тұрады, онда жұмыртқа клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа түтікшелерінің саны әр түрлі: кейбір қоңыздар мен көбелектерде 4-8 жұп, бал арасында 220 жұпқа дейін, ал термиттерде 12 000 және одан да көп. Жұмыртқа түтікшелері көбінесе өзара қосылып, бірнеше тармақ құрады да, жұпты жұмыртқа өткізгіштерінің біреуіне қосылады.
Жұптас жұмыртқа өткізгіштер өзара қосылып, жыныс тесігі арқылы сыртқа ашылатын жұпсыз жұмыртқа өткізгіш құрады. Жұпсыз ұрық өткізгішке көбінесе тұқым қабылдағыштың жіңішкерек келген жанама тармағы қосылады. Ұрық қабылдағыш немесе спермотека еркек бунақдененің шаңылысу кезінде бөлінетін сперматозоидтарын сақтау қызметін атқарады.Сперматозоидтарды сақтау кейде 4-5 жылға созылады (мысалы, бал арасында сондай).
Аталық бунақденелілерден өсіп-өну мүшелеріне - жұптас аталық безі, жұптас тұқым жолы, жұпсыз тұқым шашқыш канал, қосалқы жыныс бездері және копулятивті мүше жатады. Тұқым түтіктері жұптасқан тұқым жолына қосылады. Сперма сыртқа шығар алдында сонда жиналады да шағылысу кезінде тұқым шашқыш каналға түседі. Одан соң тұқым шашқыш канал сперманы копулятивті мүше арқылы итеріп сыртқа шығарады.
Аталық бунақделілердің қосалқы бездерінің саны 1-3 болады.Ал тарақанда олар оншақты түтікшеден тұратын бір бума шоғыр түрінде. Қосалқы бездер тұқым шашқыш каналға қосылады. Олардың секреті шағылысу кезінде сперманы сыртқы әсерлерден қорғайды (мысалы, араларда). Кейбір бунақденелілерде қосалқы бездердің секреті ерекше бір капсула жасап, сперма порциясын қапшықтайды. Ондай капсуланы сперматофор деп атайды. Шағылысу кезінде аталық бұнақденелілер сперматофорды аналық бұнақденелінің жыныс тесігіне енгізіп жібереді немесе оған жабыстырып қояды; бұдан кейін сперматозоидтар спермафотордан шығып аналық бұнақденелілердің жыныс жолына өтеді.
3-ші ДӘРІС (ЛЕКЦИЯ)
ТАҚЫРЫБЫ: Бунақденелілердің эмбриондық және постэмбриондық
дамуы, биологиялық ерекшеліктері. Бунақденелілердің жеке басының дамып жетілуін екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең жұмыртқа ішінде даму, немесе эмбриондық даму және екінші кезеңі жұмыртқадан шыққаннан кейінгі даму немесе постэмбриондық даму.
Бунақденелілердің көпшілігі жұмыртқа салады. Ұрықтың дамуы және дернәсілдердің жұмыртқадан шыққаннан кейінгі дамып жетілуі сыртқы ортада өтеді. Сонымен қатар тірідей туатын бунақденелілер де кездеседі. Мұндай жағдайда ұрықтың дамуы аналықтардың ішінде өтеді де, олар тірідей туады (мысалы, бітелер және тарақандардың, кокцидтердің, трипсілердің қоңыздардың, шыбындардың кейбір түрлері) 1. Жұмыртқаның құрылысы. Бунақденелілрдің жұмыртқасының сыртқы қабығын хорион деп атайды. Хорион аналық бездің жұмыртқа түтіктерінің бөлініп шығатын заттардан пайда болады. Хорион пайда болар кезде микропиле деп аталатын тесік қалады. Жұмыртқа ұрықтанар кезде сперматозоидтар осы тесік арқылы ішке енеді.

. Көбею мүшелері. Бунақденелердің барлығы дерлік дара жынысты организмдер. Гермафродитизм бунақденелілердің тек аздаған түрлерінде (мысалы, термиттердің ұясында тіршілік ететін шыбындар мен кокцидиялардың кейбіреулерінде) ғана байқалады. Көпшілік жағдайда сыртқы құрылысы жағынан еркек бұнақденелі мен ұрғашы бунақденелінің арасында айырмашылық аз немесе мүлде болмайды. Бұл жағдайда оларды бір бірінен сыртқы жыныс мүшелері арқылы ғана ажыратуға болады. Сонымен қатар бунақденелілерде анық көрінетін жыныс диморфизмі жиі кездеседі. Ондай бұнақденелілердің еркегін ұрғашысынан жақсы дамыған мұртшалары (мысалы, зауза қоңыздарында, бұйра көбелек пен жібек көбелек тұқымдастарының өкілдерінде), көз құрылысы (араларда), ауыз аппаратының бөлімшелері (бүғы қоңызында) арқылы ажыратуға болады.
Ұрғашы бунақденелілердің көбею мүшелеріне 1 жұп аналық, жұп және жұпсыз жұмыртқа өткізгіш, бір жұп қосалқы без және кейбір бұнақденелілерде кездесетін тұқым қабылдағыш жатады. Аналық бездері жұмыртқа түтікшелерінен тұрады, онда жұмыртқа клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа түтікшелерінің саны әр түрлі: кейбір қоңыздар мен көбелектерде 4-8 жұп, бал арасында 220 жұпқа дейін, ал термиттерде 12 000 және одан да көп. Жұмыртқа түтікшелері көбінесе өзара қосылып, бірнеше тармақ құрады да, жұпты жұмыртқа өткізгіштерінің біреуіне қосылады.
Жұптас жұмыртқа өткізгіштер өзара қосылып, жыныс тесігі арқылы сыртқа ашылатын жұпсыз жұмыртқа өткізгіш құрады. Жұпсыз ұрық өткізгішке көбінесе тұқым қабылдағыштың жіңішкерек келген жанама тармағы қосылады. Ұрық қабылдағыш немесе спермотека еркек бунақдененің шаңылысу кезінде бөлінетін сперматозоидтарын сақтау қызметін атқарады.Сперматозоидтарды сақтау кейде 4-5 жылға созылады (мысалы, бал арасында сондай).
Аталық бунақденелілерден өсіп-өну мүшелеріне - жұптас аталық безі, жұптас тұқым жолы, жұпсыз тұқым шашқыш канал, қосалқы жыныс бездері және копулятивті мүше жатады. Тұқым түтіктері жұптасқан тұқым жолына қосылады. Сперма сыртқа шығар алдында сонда жиналады да шағылысу кезінде тұқым шашқыш каналға түседі. Одан соң тұқым шашқыш канал сперманы копулятивті мүше арқылы итеріп сыртқа шығарады.
Аталық бунақделілердің қосалқы бездерінің саны 1-3 болады.Ал тарақанда олар оншақты түтікшеден тұратын бір бума шоғыр түрінде. Қосалқы бездер тұқым шашқыш каналға қосылады. Олардың секреті шағылысу кезінде сперманы сыртқы әсерлерден қорғайды (мысалы, араларда). Кейбір бунақденелілерде қосалқы бездердің секреті ерекше бір капсула жасап, сперма порциясын қапшықтайды. Ондай капсуланы сперматофор деп атайды. Шағылысу кезінде аталық бұнақденелілер сперматофорды аналық бұнақденелінің жыныс тесігіне енгізіп жібереді немесе оған жабыстырып қояды; бұдан кейін сперматозоидтар спермафотордан шығып аналық бұнақденелілердің жыныс жолына өтеді.
3-ші ДӘРІС (ЛЕКЦИЯ)
ТАҚЫРЫБЫ: Бунақденелілердің эмбриондық және постэмбриондық
дамуы, биологиялық ерекшеліктері. Бунақденелілердің жеке басының дамып жетілуін екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең жұмыртқа ішінде даму, немесе эмбриондық даму және екінші кезеңі жұмыртқадан шыққаннан кейінгі даму немесе постэмбриондық даму.
Бунақденелілердің көпшілігі жұмыртқа салады. Ұрықтың дамуы және дернәсілдердің жұмыртқадан шыққаннан кейінгі дамып жетілуі сыртқы ортада өтеді. Сонымен қатар тірідей туатын бунақденелілер де кездеседі. Мұндай жағдайда ұрықтың дамуы аналықтардың ішінде өтеді де, олар тірідей туады (мысалы, бітелер және тарақандардың, кокцидтердің, трипсілердің қоңыздардың, шыбындардың кейбір түрлері) 1. Жұмыртқаның құрылысы. Бунақденелілрдің жұмыртқасының сыртқы қабығын хорион деп атайды. Хорион аналық бездің жұмыртқа түтіктерінің бөлініп шығатын заттардан пайда болады. Хорион пайда болар кезде микропиле деп аталатын тесік қалады. Жұмыртқа ұрықтанар кезде сперматозоидтар осы тесік арқылы ішке енеді.
Жұмыртқа түрлері және олады салу түрлері. Жұмыртқаның үлкен кішілігі және сыртқы пішіні алуан түрлі. Өсімдік бітелері мен трипсілердің, кейбір ұсақ жарғақ қанаттылардың жұмыртқаларының ұзындығы 0,02- 0,03 мм ғана болса, ірі шегірткелердікі 8-10 мм жетеді. Пішіні сопақша (қоңыздар мен көбелектердің көпшілігінде), созылыңқы сопақша (шегіртке мен шешекте), жартылай шар тәрізді (түн көбелектерінде), шөлмек тәрізді (ақ көбелектерде) т.с.с. түрде болады. Кейбір бунақденелілер (мысалы, алтын көзділердің, хальцидтердің, жапырақ бүргелерінің) жұмыртқалары ұзын немесе қысқа сабақшалы болады.
Хорионның құрылымы (жұмыртқаның үстіңгі қабығы) әр түрлі тегіс, уақ әжімді, қатпарланған терең әжімді, бойлық қабырғалы немесе көлденең қабырғалы болады.Мысалы, ақ көбелектерде хорионның үстіңгі қабырғалары ірі, көлденең қабырғалары ұсақ болады.
Хорион көбінесе бір түсті, кейде ала құла, әр тұсті болады. Ол көбінесе ұрықтың даму барысында немесе паразиттердің (жұмыртқа жегіштердің) әсерінен өзгеріп тұрады.
Ұрықтың дамуы. Эмбриондық даму жұмыртқаның бөлшектенуі және жас ядролардың пайда болуымен басталады. Бунақденелілердің жұмыртқасында сары уыз өте көп, сондықтан ядроның бөлшектенуі үстіртін жүреді. Пайда болған жас ядролар цитоплазманың аз ғана бөлігімен бірге жұмыртқаның шетіне ығысады да сары уыздың жиынтығын қоршайды. Ұрық жапырақшаларының пайда болу барысында ұрық тілімінің сыртқы жапырақшасы эктодерма шеткі жағынан ұрық тілімінің жан жағынан қаулап үстіне қарай үдей өседі де екі қабатты қатпар құрады. Сөйтіп, үрық екі қабатты бола бастайды. Ұйыма қабық пен амнион жұмыртқаны ортаның қолайсыз жағдайының әсерінен жақсы қорғайды. Сондықтан да жұмыртқа фазасы басқа даму фазаларымен салыстырғанда инсектицидтерге өте төзімді болады.
Бұнақденелілердің эмбриондық дамуы көбінесе қоршаған ортаның температурасына байланысты 2-10 күнге, кейде 2-3 жетіге созылады. Ал кейбір бунақденелілер (мысалы, шегіртке) дамуын уақытша тоқтататын кезде, яғни эмбрионалдық диапауза кезінде, оның жұмыртқа фазасы 6-9 айға дейін созылуы мүмкін.
Бунақденелілердің постэмбриондық даму кезеңі жұмыртқадан шыққан кезінен басталады.
2. Метаморфоздың түрлері. Постэмбриондық дамудың сипатына сәйкес метоморфоздың 2 түрі болады: шала түрлену және толық түрлену. Шала түрленуде даму процесінде үш фазадан өтеді: жұмыртқа фазасы, дернәсіл фазасы және ересек немесе имаго фазасы. Шала түрлену тура қанаттыларға, қандалаларға, тең қанаттыларға, трипсілерге және т.б. тән. Бунақденелілердің толық түрленіп даму циклінде тағы бір фаза қуыршақ фазасы қосылады, яғни олар 4 фазадан өтеді: жұмыртқа фазасы дернәсілдер фазасы, қуыршақ фазасы және имаго фазасы. Толық түрлену, қоңыздарға, тор қанаттыларға, көбелектерге, жарғақ қанаттыларға және басқаларға тән.
Кейбір бунақденелілерде метаморфоздың осы негізгі 2 түрінен басқа өзгерген түрлері кездеседі. Метаморфоздың бірінші типінің өзгерген түрлеріне
оңайланған және күрделенген шала түрлену, ал екінші типінің өзгерген түріне күрделенген түрлену немесе мейілінше толық түрлену жатады.
Оңайланған шала түрлену, яғни гипоморфоз, жоғарғы сатыдағы бунақденелердің эволюция процесінде қанаттарын жоғалтқанға тән. Олар биттер, түбіт жемірлері, тура қанаттылар мен қандалалардың кейбір түрлері және басқалар. Қанаттары жоқ болғандықтан олардың ересектерін дернәсілдерден ажырату өте қиын. Оларды тек мынадай ғана сыртқы белгілеріне қарап ажыратады: ересектеріне қарағанда дернәсілдердің дене аумағы кішірек, түсі ақшыл, мұртша бунақтарының саны азырақ болады.
Күрделенген шала түрленуде, немесе гиперморфозда дернәсілдер нашар қимылдайды немесе ол тыныштық күйде болады. Мұндай жағдайда дернәсілді нимфа немесе жалған піллә, кейде тіпті қуыршақ деп те атайды.Бұл дұрыс емес, шынында оларда қанаттарының бастамасы бар . Шала түрленудің мұндай түрі, яғни гиперморфоз трипсілерде байқалды. Күрделенген (мейілінше) толық түрлену, немесе гиперметаморфоз кезінде дернәсілдердің, кейде қуыршақтардың даму циклінде бірнеше түрлі өзгерістер пайда болды.
3. Дернәсілдердің түрлері. Шала түрлену жолымен дамитын бунақденелердің сыртқы пішіні ересекке өте ұқсас. Олардың да күрделі көздері бар. Ауыз мүшелерінің, мұртшаларының, аяқтарының типтері, тіршілік ету әрекеттері ересекке ұқсас. Айырмашылығы олардың денесі кішірек келеді, қанаттары және жыныс мүшелері жетілмеген. Имаго фазасына өте ұқсас болғандықтан бұл топқа жататын бунақденелердің дернәсілдерін алғашқы дернәсілдер, немесе имаго тәрізді дернәсілдер деп атайды.
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер дернәсілдердің құрылымы ересек бунақденелілерге ұқсамайды.Мысалы, жұлдызқұртты деп аталатын көбелектің личинкасы көбелектен, құрт тәрізді қоңыздың личинкасы қоңыздан мүлде өзгеше. Бұл бунақденелілердің дернәсілдерінде күрделі көздер, қанат бастамалары болмайды, көпшілік жағдайларда олардың ауыз мүшелері де ересек бунақденелілерден өзгеше болады. Кейбіреулерінің дернәсілдерінде құрсақаяқтар және жібек немесе өрмек жіптерін беретін бездер бар.
Осы жоғарыда айтылғандағыларға байланысты толық түрленіп дамитын бунақденелілердің дернәсілдері имаго тәрізді емес дернәсілдер деп атайды.
Имаго тәрізді емес дернәсілдер компедео тәрізді, құрт тәрізді және жұлдызқұрт тәрізді болып 3 типке бөлінеді.
Бірінші типке жататын дернәсілдердің басы прогнатикалық, жақсы жетілген 3 жұп аяғы бар, түсі көбінесе қара қоңыр болады. Олар сыртқы құрылымы компедео туысының (алғашқы қанатсыздар класс тармағына жататын) ересектеріне өте ұқсас болады. Сондықтан оларды компедео тәрізді дернәсілдер деп атайды. Бұл типке барылдық қоңыз, сүңгуір қоңыз, алтын көзділер сияқты жыртқыш насекомдардың дернәсілдері жатады.
Құрт тәрізді дернәсілдердің дене пішіні құрттарға өте ұқсас. Олар 3 топқа бөлінеді, бірінші топқа жататын дернәсілдердің басы және көкірек аяқтары жақсы жетілген (мысалы, тақта мұрттылар, жапырақ жемірлері, мүйізділер деп аталатын және басқа қоңыздардың дернәсілдері) . Екінші топқа жататын дернәсілдердің да басы жақсы жетілген, бірақ аяқтары болмайды (мысалы, бізтұмсықтылар, түтік құмырсқаның дернәсілдері). Үшінші топқа жататын дернәсілдердің айқын көрінетін басы жіне көкірек аяқтары болмайды (шыбындардың дернәсілдері).
Жұлдыз тәрізді дернәсілдердің жақсы жетілген басы, 3 жұп көкірек аяқтары және 2-8 жұпқа дейін құрсақ аяқтары (жалған аяқтар) болады. Құрсақ аяқтарының санына байланысты бұлардың өзін 2 топқа бөледі. Бірінші топқа жататындарында құрсақ аяқтарының саны 2-5 жұп (көбелектің жұлдызқұрттары) , ал екінші топқа жататындарда 6-8 жұп (егеушілердің жалған жұлдызқұрттары) болады.
Даму кезінде личинка бірнеше рет түлейді: көпшілік бунақденелілерде дернәсілдер 3-5 рет түлейді, ал кейбіреулерінде (мысалы, біркүндіктер мен көктемдіктерде) 25-30 ретке дейін түлейді. Жастың саны түлеудің санына сәйкес, яғни түлеген сайын бір жас қосылып отырады. Жастың саны әрбір түр үшін тұрақты.
Дернәсілдердің даму ұзақтығы да бунақденелілердің қандай түрге жататындығына байланысты әр түрлі болады: бітелердің дернәсілдерінің дамуы 5-6 күнге, шыртылдақ қоңыздар мен зауза қоңыздардікі 3-5 жылға және әуелі солтүстік америкалық шырылдауық цикаданың кейбір түрлерінікі 13-17 жылға созылады. Жеткілікті түрде қоректенбеген және басқа қолайсыз жағдайларға душар болған дернәсілдер көбірек түлеп, ұзағырақ дамиды.
4. Қуыршақтың түрлері. Қуыршақ фазасы тек толық түрлену жолымен дамитын насекомдарға тән. Өсуі аяқталған соң, ең соңғы жастағы дернәсідер қоректенуін тоқтатып тыныштық күйге көшеді, одан соң ақырғы рет түлеп, қуыршаққа айналады.
Сырттай қарағанда қуыршақ әлі де ересек дернәсілдерге ұқсамайды. Бірақ қуыршақта да күрделі көз, мұртша, ауыз мүшелері, қанат бастамасы сияқты ересек насекомға тән бірқатар белгілер пайда болады.
Бунақденелілердің қуыршақтарын, сыртқы құрлысындағы ерекшеліктеріне қарап, ашық қуыршақ, жабық қуыршақ, жасырын қуыршақ деп аталатын негізгі 3 түрге бөледі.
Ашық қуыршақта ересек насекомға тән мүшелер мұртша, ауыз аппараттарының бөліктері (қанат бастамасы, аяқ), денеге аздап қана жанасып бос орналасады. Мұндай қуыршақ қоңыздарға, тор қанаттылар мен жарғақ қанаттыларға, шыбын мен көбелектің бірқатар түрлеріне тән.
Жабық қуыршақта дернәсілдердің соңғы түлеуі кезінде бөлінетін сұйық заттар (секрет) қатайып мөлдір қабыққа айналады да, күллі денені барлық қосалқы мүшелерімен қоса тұтастыра жауып тұрады. Осының нәтижесінде насекомның имагинальдық қосалқы мүшелері мен аяғы, әдетте сыртынан жақсы көрінеді де, қуыршақ денесіне жабыса жанасып орналасады. Жабық қуыршақ барлық көбелектерге (тісті күйе көбелегінен басқа), қос қанатты насекомдардың ұзын мұрттылар және тура тігісті қысқа мұрттылар деп аталатын отряд тармақтарының өкілдеріне және кейбір қоңыздарға (кокцинеллидтерге) тән.
Жасырын қуыршақ сыртынан қарағанда бунақтарының ешқандай қосалқысы жоқ кеспек немесе жұмыртқа тәрізді болады. Қуыршақтың тері жамылғысы ең соңғы жастағы дернәсілдердің қатайып түлемей қалған терісі (экзувий) болып саналады. Сол қабықтың ішінде кәдімгі ашық қуыршақ жатады.
Қуыршақ кезінде бунақденелілер қоректенбейді, тыныштық күйде болады. Қуыршақтың даму ұзақтығы барлық насекомдарға бірдей емес: 5-10 күннен (шыбынның кейбір түрлері) бірнеше айға дейін (зауза қоңызы) созылады. Дамудың соңғы кезінде қуыршақ қара-қоңырланып, қимылы қарқындай түседі. Одан соң тері қабы жарылады да ересек насеком (имаго) сыртқа шығады.
5. Метаморфоз кезіндегі ішкі өзгеру. Метаморфоз кезінде тек сыртқы өзгеру ғана емес, сонымен қатар ішкі өзгеру де қатар жүреді. Мұнда эндокриндік жүйе үлкен роль атқарады. Шала түрленіп дамуда ішкі өзгерістер бірті-бірте пайда болады және имаго фазасында өтерде дернәсілдердің организмі негізінен қайта құрылмайды, себебі дернәсілдің бірқатар мүшелері (көзі, мұртшасы, аяғы және басқалары), айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, имаго фазасында сол қалпында сақталады.
Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің дернәсілдерінің құрылысы және тіршілік ету жағдайы тек сыртқы мүшелері ғана емес, сонымен қатар ішкі мүшелері мен тканьдері де негізінен қайта құрылады. Мұндай қайта құрылу негізінен қуыршақ фазасында өтеді және бірінен соң бірі келетін гистолиз және гистогенез деп аталатын екі құбылыстан тұрады.
Гистолиз процесінде дернәсілдік мүшелер ыдырайды, сонымен қатар гемоциттер организм тканіне енеді. Гемоциттер тек клеткаларды құртатын фаноциттер ғана емес, сонымен қатар қандағы ферменттердің көмегімен тканьда химиялық өзгерістердің жүруін де қамтамасыз етеді. Гистолиз әсіресе дернәсілдің сыртқы қабығына, бұлшық еттеріне, ішегіне, жібек бездеріне және майлы денеге күшті әсер етіп, жүйке және қан айналу жүйелерінің гистологиялық өзгеруіне онша көп әсер етпейді. Гистолиз процесі негізінде қуыршақ фазасында жүреді, бірақ оның басталуы соңғы жастағы дернәсілдің ақырғы кезеңінде байқалады. Ондай дернәсілдер қоректенуін және қозғалысын тоқтатады, көлемі кішірейеді.
Гистогенез - жаңа мүшелер мен тканьдердің құрылу процесі.Мүшелердің бастамалары дернәсілдің алғашқы даму кезінде-ақ пайда бола бастайды. Бірақ олардың ішінде кейбіреулері дернәсілдердің өсуіне қарай ұлғая түседі.
6. Ересек бунақденелілердің дамуы. Қуыршақтың тері қабығын жарып шыққан насеком біраз уақыт өткен соң қанатын жаза бастайды, тері қабығы тығызданып, түсі де өзгереді, сөйтіп толық қалыптасқан бунақденелілер пайда болады. Бұл фазада (алғашқы қанатсыздар мен біркүндіктерді елемегенде) насеком түлемейді, сондықтан өсе де алмайды, оның негізгі қызметі өсіп-өніп көбею және белгілі бір учаскеде таралып, соны мекендеу.
Тек аздаған бунақденелілердің ғана имого фазасында көшкен кезде жыныс бездері толық жетілген болады. Бұл жағдайда олардың ауыз аппараты жетілмеген күйде болады да қоректік затты қабылдап алмайды (біркүндіктер, жібек көбелектерінің кейбіреулері). Ондай насекомдардың ересектері бір күн немесе бірнеше сағат қана өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олар шағылысып, жұмыртқаларын салып үлгереді.
Көпшілік жағдайда ересек фазаға көшкен кезде бунақденелілердің жыныс бездері пісіп жетілмеген күйде болады. Сондықтан олар қалыпты түрде көбею үшін қоректенуді керек етеді. Кейде бунақденелілердің жыныс бездерінің пісіп жетілуі оның сыртқы құрлысының өзгеруімен қосарлана жүреді: аналық бездің пісіп-жетілуіне байланысты ұрғашы насекомның құрсағы ұлғаяды, түсі өзгереді және басқа белгілер пайда болады.
Ересек бунақденелілердің жыныс өнімі пісіп жетілуі үшін қажет болатын қоректенуді қосымша қоректену дейді. Қосымша қоректену қыстайтын бунақденелілер үшін өте қажет (мысалы, бізтұмсық қоңыздар, жапырақ жемірлері, қандаланың көптеген түрлері). Осы аталған бунақденелілер топтары өкілдерінің әсіресе көктемде көп зиян келтіретіні осыған байланысты.
7. Көбею жолдары. Бунақденелілердің көпшілігі шағылысып ұрықтану жолымен көбейеді, яғни бұл процеске екі жыныс бірдей қатысады. Мұндай көбеюді гамогенетикалық көбею дейді. Бунақденелілерде партегенетикалық көбею немесе ұрықтанбаған жұмыртқадан көбею тәсілі де кең таралған. Партеногенез - түрдің жылдық даму циклінде алатын үлесіне байланысты тұрақты, циклді және факультативті немесе кездейсоқ (анда-санда) болуы мүмкін. Ұрықтанбаған ұрғашы бунақденеліден туатын ұрпақтың жынысына байланысты партеногенездің бірнеше типтері кездеседі. Ұрықтанбаған жұмыртқадан тек еркек жынысты ұрпақ шықса,ондай партеногенезді арреноток (грек тілінде арренок - еркек, токос - туу), егер ұрғашы ұрпақ шықса - телиток (телис -ұрғашы), ал еркек және ұрғашы ұрпақ шықса - амиток (амис екеуіе де туу) деп атайды.
Тұрақты партеногенездің арреноток типі бірлесіп тіршілік ететін бунақденелілерге тән. Мысалы, араның ұрықтанбаған жұмыртқасынан әрқашанда еркек, ұрықтанғандарынан ұрғашы ара шығады.Телиток бірлесіп тіршілік етпейтін бунақденелілерде кездеседі. Мысалы, трипстердің, сымырлардың, егеушілердің көптеген түрлерінің, еркектері болмайды. Олар тек партеногенез жолымен ғана көбейеді және олардың ұрықтанбаған жұмыртқасынан ұрғашы бунақденелі ғана шығады. Циклдік партеногенез бунақденелілердің кейбір топтарының жылдық циклінде гамогенетикалық және партогенетикалық көбеюдің дұрыс кезектесіп тұруымен байланысты. Мысалы, бітелердің ұрғашылары күзде ұрықтанған жұмыртқаларды салады. Жазғы маусымның аяқ кезінде жыныс тасымалдаушы деп аталатын партегенетикалық ұрғашы бунақденелі амфиток жолымен еркек және ұрғашы ұрпақтарды береді. Одан соң олар шағылысаы да, ұрғашылары ұрықтанған жұмыртқалар салады. Циклдік партегенез өсімдік бітелерімен басқа да бунақденелілерде кездеседі.
Факультативті немесе кездейсоқ партеногенез әдетте гамогенетикалық жолмен көбейетін кейбір көбелектерде (мысалы, жұпсыз көбелек) байқалады. Ерекше қолайсыз жағдайға душар болған кезде олар патогенетикалық жолмен көбеюге кіріседі. Осыған сүйене отырып, жібек көбелегінің жыныстарын (еркек және ұрғашыларының сан мөлшерін) реттеу тәсілі жүзеге асырылуда. Бұл мәселенің жібек шаруашылығы үшін елеулі маңызы бар.
8. Бунақденелілердің жылдық және жалпы тіршілік циклі. Бунақденелілердің жұмыртқа фазасынан (ал тірі туса дернәсілдерінен) бастап, жыныс өнімі пісіп жетілген ересек насекомға дейінгі даму ұзақтығы бірдей болмау себебінен олардың бір жыл ішінде беретін генерацияларының саны да әр түрлі болады. Осыған байланысты бунақденелілерді поливольтинді генерация топ, моновольтинді генерациялы топ және көп жылдық генерациялы топ деген үш топқа бөледі. Поливольтинді түрлер (полис-көп, вольто-шеңбер) бір жылдың ішінде бірнеше генерация беріп үлгереді. Бұл топқа жылына 10-15 генерация беретін бітелер, 2-5 генерация беретін гессендік шыбындар және шведтік шыбындар, 2-3 генерация беретін жоңышқа қандаласы және тағы басқалар жатады.
Моновольтинді түрлер (моном-бір) жылына тек бір ғана генерация береді. Оларға шегіртке, бүрге қоңыздар, бізтұмсық қоңыздар, бақашық қандалалар және т.б. жатады.
Көпжылдық генерациялы түрлердің бір генерациясының дамуы үшін бір жыл жеткіліксіз. Бұл топқа екі жылда бір генерация беретін астық қоңыздары, дамуы 3-5 жылға созылатын шыртылдақ қоңыздар, заузалар т.б. жатады.
9. Диапауза. Бунақденелілердің жылдық циклінің ішінде организмнің белсенді әрекет жасауына мүмкіндік болмайтын немесе оның қажеті жоқ ұзаққа созылатын маусымдық кезеңдер кездеседі. Ауа ылғалдылығы өте құбылмалы тропикалық және субтропикалық аудандары мекендейтін түрлер үшін ондай кезең құрғақ маусым, ал қоңыржай климатты зоналарды мекендейтін түрлер үшін қыс айлары болып саналады. Осындай қолайсыз кезеңдерде организм өзінің жинаған қор затын үнемдеп жұмсау үшін өсу және даму процестерін баяулатуға мәжбүр болды. Бунақденелердің және басқа омыртқасыз жануарлардың осындай терең физиологиялық тыныштық қалпында болуын диапауза деп атайды.
Диапауза тек қолайсыз кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін тіршілік циклінің пассивті элементі ғана болып саналмайды. Сонымен қатар ол белгілі бір зонада түрдің жылдық циклінің тұрақтылығын және өсімдік қоректі насекомының фенологиясының қоректік өсімдіктің фенологиясымен және жергілікті климат жағдайымен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Мысалы, алма гүл жемірінің дернәсілі алма мен алмұрттың гүл түйінінде қоректенеді де сонда қуыршаққа айналады, ал ересек қоңыз жеміс түйіндерінің артығы төгілген кезде шығады. Егер осы кезде ол өзінің дамуын соза берсе, яғни жұмыртқа салып, одан дернәсіл шықса, онда дернәсіл қажетті қорек затын (гүл түйнегінің аталығы мен аналығынан) таба алмай өлген болар еді. Сондықтан қуыршақтан шыққан қоңыз алма ағашының жапырағымен қоректенеді де, көп ұзамай диапаузаға кетеді. Сөйтіп, ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын те келесі жылы көктемде ғана салады.
Диапауза кезінде бунақденелілердің бірқатар ерекшеліктерге ие болады. Организмде кенеттен алмасу процесі бәсеңдейді. Диапауза кезінде активті кезіндегісіне қарағанда организмнің оттегімен тыныстануы 3-5 есе төмендейді. Зат алмасудың бәсеңдеуі организмнің ұзақ уақыт ішінде энергетикалық ресурстарының экономды жұмсалуын қамтамасыз етеді. Кейбір түрлерде диапаузаға бірнеше айға, кейде 3-5 жылға созылады
Лекция 4Ғалым мамандардың көпшілігі бүкіл жер шарында қазір бунақденелілердің 2 млн. шамасындай түрі бар деп санайды. Осындай қисапсыз көп түрлерді түсіну үшін ең алдымен бунақденелілердің арасындағы туыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz