Торқанаттылар (Сhrysopidae)



І. Кіріспе
1.2 Жіктелу жүйесі
1.3 Морфологиясы
ІІ. Негізгі бөлім
2.2 Биологиясы
2.3 Өсімдікті зақымдау белгісі
2.4 Табиғи жаулары
ІІІ. Қорытынды
ІV . Пайдаланылған әдебиеттер
Жіктелу жүйесі . Торқанаттылар (Chrysopidae) – жәндіктердің бір отряды. Торқанаттылар-толық түрленген жәндіктер,олардың екі жұп ұзын,мөлдір қанаттары тор желісі пішіндес сипатта.Барлық торқанаттылар-жыртқыштар,сондықтан топырақта немесе суда тіршілік ететін олардың дернәсілдері бұлардан қалыспайды,кейде тіпті ересек дарақтардан да асып түседі.Өз олжасын дернәсіл алдымен өткір бізгегімен пісіп,содан кейін жарасына ас қорыту сөлдерін төгеді және күйдірілген азығын(бұл үшін оларда бізгек пен төменгі жағының әр жағында арнайы науа орналасқан). Жыртқышта қарапайым алтынкөз алдына жан салмайды-нәзік қанаттары және үлкен алтын көздері бар әсем солғын-жасыл жәндік.Оның үстіне алтынкөздер щіркейлерді,құрттарды және ұсақ биттерді талмай аулайды.Аналықтары жұмыртқаларын ұзын,жұқа сабаққа салып,оны шіркейлер құжынаған жапырақпен бекітеді.Алтынкөздердің дернәсілдері жұмыртқадан тырбаңдап әрең шығып,бірден асқа бас қояды.Күніне тататындары 100-150 шіркей.
Тұқымдастары. Құмырсқа арыстаны-торқанаттылардың ішіндегі ең танымал өкілдерінің бірі.Ересек құмырсқа арыстандары-әлсіз мөлдір қанатты көркем жәндіктер,олар өз атауларын икемсіз,үлкен жақты жыртқыш дернәсілдеріне бола алған.Жұмыртқаны құйрығымен жарған дернәсіл қазылған құрғақ құмға келіп,оны айналасына шашып,бірте-бірте диаметрі 10 см,тереңдігі 5 см шұқыршық жасап алады. Құмырсқа арыстаны – торқанаттылар отрядының әдемі жәндігі. Ол далалы және шөлді аймақтарда жиі кездеседі.
1. Воронцов А.И, Мозолевская Е.Г. Практикум по лесной энтомологии. М., 1973.
2. Горностаев Г.Н. Насекомые СССР. М., 1970.
3. Мамаев Б.М., Медведьев Л.Н., Правдин Ф.Н. Определитель насекомых Европейской части СССР. М., 1976
4. Тыщенко В.П. Руководство по энтомологической практике Л., 1983.
5. Энтомология Ә.Т.Тілменбаев , Г.Ә. Жармұхамедова .

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І. Кіріспе
1.2 Жіктелу жүйесі
1.3 Морфологиясы

ІІ. Негізгі бөлім
2.2 Биологиясы
2.3 Өсімдікті зақымдау белгісі
2.4 Табиғи жаулары

ІІІ. Қорытынды

ІV . Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жіктелу жүйесі . Торқанаттылар (Chrysopidae) - жәндіктердің бір отряды. Торқанаттылар-толық түрленген жәндіктер,олардың екі жұп ұзын,мөлдір қанаттары тор желісі пішіндес сипатта.Барлық торқанаттылар-жыртқыштар,сондықтан топырақта немесе суда тіршілік ететін олардың дернәсілдері бұлардан қалыспайды,кейде тіпті ересек дарақтардан да асып түседі.Өз олжасын дернәсіл алдымен өткір бізгегімен пісіп,содан кейін жарасына ас қорыту сөлдерін төгеді және күйдірілген азығын(бұл үшін оларда бізгек пен төменгі жағының әр жағында арнайы науа орналасқан). Жыртқышта қарапайым алтынкөз алдына жан салмайды-нәзік қанаттары және үлкен алтын көздері бар әсем солғын-жасыл жәндік.Оның үстіне алтынкөздер щіркейлерді,құрттарды және ұсақ биттерді талмай аулайды.Аналықтары жұмыртқаларын ұзын,жұқа сабаққа салып,оны шіркейлер құжынаған жапырақпен бекітеді.Алтынкөздердің дернәсілдері жұмыртқадан тырбаңдап әрең шығып,бірден асқа бас қояды.Күніне тататындары 100-150 шіркей.

(Ditaxis biseriata (Westwood, 1852))

Тұқымдастары. Құмырсқа арыстаны-торқанаттылардың ішіндегі ең танымал өкілдерінің бірі.Ересек құмырсқа арыстандары-әлсіз мөлдір қанатты көркем жәндіктер,олар өз атауларын икемсіз,үлкен жақты жыртқыш дернәсілдеріне бола алған.Жұмыртқаны құйрығымен жарған дернәсіл қазылған құрғақ құмға келіп,оны айналасына шашып,бірте-бірте диаметрі 10 см,тереңдігі 5 см шұқыршық жасап алады. Құмырсқа арыстаны - торқанаттылар отрядының әдемі жәндігі. Ол далалы және шөлді аймақтарда жиі кездеседі.

Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпар тәрізді мұртшаларымен оңай ерекшеленеді. Бұл жәндіктің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршіл Термиттер - жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамда тіршілік етуіне байланысты және түрлі құбылыстар салуға қабілетті болғандықтан "ақ құмырсқалар" деп атайды. Жанұя тобы: аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық құмырсқалардан тұрады. Жұмысшы құмырсқалар ғана өз бетінше қоректенеді. Олар өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтар мен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшы құмырсқалар сілекей безінің өнімдерімен қоректендіреді. Сонымен қатар олар жылу сүйгіш, көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5м биіктікке мұнара тәрізді көтеріледі. Бір қызығы жер бетіндегі күмбездің ішіндегі микроклимат өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай. Тіпті жазғы құрғақшылық кезінде айналадағы өсімдіктер құрғап қалса да термит күмбезіндегі ауа ылғалдылығы 96,2 проценттен өзгермейді, сырттағы температура бұл кезде 30 градус ыстық шамасында болады.

Оның жақтары кең жайылған түбіне құмырсқа арыстаны батып қалып,олжасын күтіп жатады. Тұзаққа шым-шыдап төгіліп жатқан құм жиегімен келіп,құмырсқа мен басқа да жәндіктер ілігеді,ал егер олар шығуға тырбанса,қармақтың иесі оны құм түйіршігімен атқылап,төменге түсіреді. Құмырсқа арыстаны құрбандығының тәніне кіргізетін сілекей оны жансыздандырады, сондықтан ең ірі деген жәндіктердің өзі оның құрығына ілінеді. Құмырсқа арыстандарының туысқандары аскалаф дернәсілдері қақпан құрмайды,тек тастың және құлаған жапырақтың астында аң аулайды. Түйешелер де торқанаттылар тобына жатады.Олар бастары созылыңқы және алдыңғы жауырындары ұзын біртүрлі кейіптегі жәндіктер. Денесінің алдыңғы бөлігінің кейпі шындығында да түйенің басы мен мойнын еске түсіреді. Мантиспалар дәуіттерге еш қатысы болмаса да, сырт көркімен соларға ұқсап тұрады. Дәуіттердегі сияқты,олардың алдыңғы аяқтары да ұзын әрі тісті жіліншікті,ол жәндіктерді аулауға бейімделген, бірақ мантиспалардың тек шіркейлерге,жапырақ жегілерге,цикадкаларға,аққанаттар мен басқа да мелюзгаларға ғана әлдері жетеді.Мантиспа дернәсілдері жек өрмекшілерінің пілләсін тауып,оларға кіреді де жұмыртқалармен және жас өрмекшілермен қоректенеді.

Морфологиясы . Қанаттары торлы , тері жамылғысы жұқа , үлкендігі орташа немесе ірі ( қанат өрісі 6-75мм аралығындағы ) насекомдар . Мұртшалары ұзын , қылшық тәрізді , жіп тәрізді , түйреуіш басы тәрізді немесе тараққа ұқсас болады .

Аяқтары жүргіш типіне жатады , табандары 5 бунақты , кейде алдыңғы аяқтары ұстағыш типіне жатады . Личинкалары комподео тәрізді , ауыздың жоғарға жақтары алға ұарай шығынқы және орақ тәрізді иілген. Қуыршақтары ашық .

Биологиясы . Тор қанаттылар отряды - Neuroptera . Қанаттары торлы, тері жамылғысы жұқа, үлкендігі орташа немесе ірі (қанат өрісі 6-75 мм дейін) бөжектер. Мұртшалары ұзын, қылшық тәрізді, жіп тәрізді, түйреуіш басы тәрізді немесе тараққа ұқсас болады. Алтын көзділер тұқымдасы - Chrysopidae. Әр түрлі түс беріп, маржандай құлпырып тұратын қанаттарының өрісі 19-50 мм жететін ірі бөжектер. Ересектерінің жалпы түсі ақшыл, жасыл немесе көк жасыл, көздері алтын тәрізді құлпырып тұрады. Алтынкөзділер - алақанаттылар, соналар туысы. Денесі 7-12 мм. ала. 250 түрі белгілі, ТМД-да 30 түрі таралған. Дернәсілдері жыртқыштар немесе детритпен қоректенеді. Олар өзен, көл жиектерінде өмір сүреді. Кең таралған түрлері орман және кәдімгі алақанат соналар. Олар туляремия, сібір жарасы қоздырушыларын тасымалдайды . Алтынкөзділер - бөжектердің торлықанаттылар отрядының тұқымдасы. Олардың дене тұрқы аса үлкен емес. Көздері үлкен әрі сыртқа қарай дөңестеліп айқын байқалады және көздері алтын түстес болып жарқырап тұруына байланысты Алтынкөзділер деп аталған. Алтынкөзділердің ересектері де, дернәсілдері де жыртқыш. Ересектері көбіне ашық жасыл түсті. Екі жұп қанаттарын жайған кездегі ұзындығы 40 мм-ге жетеді. Қанаттары жұқа, мөлдір, ондағы жіп тәрізді жүйкелер торланып жатады. Екі жұп қанаттары да жақсы жетілген. Бір жұп мұртшалары ұзынша жіп пішінді. Ауыз аппараты сорғыш. Жұмыртқаларын жапырақтарға топ-тобымен бекітіп қояды.

Алтынкөзділерді көбіне ормандар мен бақтардағы ағаш жапырақтарынан жиі кездестіруге болады. Дүние жүзінде Алтынкөзділердің 800-дей түрі белгілі және олар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Қазақстанда көбірек кездесетін түрі - кәдімгі алтынкөз. Оның дене тұрқы 1 см, қанаттары жылтыр әрі нәзік, үлбіреген өте жұқа. Ол күндіз көп ұшпайды, тиіп кетсең жағымсыз иіс шығарады. Жұмыртқалардан дамыған дернәсілдерінің жақтары ұзын әрі орақ тәрізді иілген үшкір келеді. Дернәсілдері ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады. Алтынкөзділердің көп түрлері толық зерттелмеген. Алтын көзді соналар. Алтынкөзділер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торқанаттылар отряды
Бөжектердің анатомиясы
Биоагенттерді өсіру технологиясы
Жалпы энтомология пәні
Энтомофагтар
Жәндіктер
Фазия шыбындары
Бөжектер
Жеміс ағаштарының өсіру технологиясы
Биоагенттердің (энтомофагтардың) жаппай жасанды өсіру және мақтаның асақауіпті зиянкестеріне қарсы күрес
Пәндер