Қабыршақ қанаттылар, көбелектер



І. Кіріспе
1.2 Жіктелу жүйесі
1.3 Морфологиясы
ІІ. Негізгі бөлім
2.2 Биологиясы
2.3 Өсімдікті зақымдау белгісі
2.4 Зақымдалатын өсімдік мүшесі
2.5 Табиғи жаулары
ІІІ. Қорытынды
Жіктелу жүйесі . Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος — қабыршақ және көне грекше: πτερόν — қанат) – жәндіктер класының бір отряды. Көбелектер - қабыршаққанаттылар отрядының екінші атауы. Қабыршаққанаттылар отрядының негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, мүр көбелек, түн көбелектері, қан көбелек, көгілдір көбелектер, кәдімгі күйе көбелектері, т.б. Көгілдір көбелектер қанатының үстіңгі жағы көгілдір (тұқымдастын аталуы осыдан), кейде көк, жасыл, сарғыш-қызыл, ал астыңғы жағы көкшулан түсті, онда ұсақ көзше дақтары болады. Қанаттарын жайғанда ұзындығы 20-40 мм-ге жетеді. 1000-ға жуық түрі белгілі. Жұлдызқұрттары өсімдіктер арасында тіршілік етеді. Қазақстанда 9 түрі ұлттық "Қызыл кітапқа" енгізілген. Кәдімгі күйе көбелектерінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді. Қанатын жайғанда ұзындығы 0,9-1,2 см болады. Бұл тұқымдастың өкілдері жүннен, теріден жасалған бұйымдарға зиян келтіреді және азық-түлік қорын бүлдіреді. Негізгі түрлері : ішек көбелегі, жиһаз көбелегі, қамбар көбелегі. Көбелектер екі топқа бөлінеді . Күндізгі көбелектер және түнгі көбелектер . Күндізгі көбелектер ашық түсті , ал түнгі көбелектер сұр және суық түсті болады .
Түн көбелектері, қоңыр көбелектер (Noctuіdae) – қабыршаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 15 тұқымдас тармағына жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда шөлді аймақтардан басқа барлық жерлерде тараған 250-ден астам түрі бар. Қанатының жазылғандағы ұзындығы 25 – 40 мм аралығында (Бразилияда тіршілік ететін ең үлкені – Thysanіa agrіppіna, оның қанатының ұзындығы 300 мм-ге жуық), денелерін түк басқан, түсі сұрғылт немесе қоңырлау.
Морфологиясы . Қанаттары. Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 – 8 мм-ден 200 – 300 мм-ге дейін ең ірісі – Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен – емен көбелегінің қанаты 12 – 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 – 5 қос «жалған» аяқтары болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І. Кіріспе
1.2 Жіктелу жүйесі
1.3 Морфологиясы

ІІ. Негізгі бөлім
2.2 Биологиясы
2.3 Өсімдікті зақымдау белгісі
2.4 Зақымдалатын өсімдік мүшесі
2.5 Табиғи жаулары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Жіктелу жүйесі . Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεPIίς, көне грекше: λεPIίδος -- қабыршақ және көне грекше: PIτερόν -- қанат) - жәндіктер класының бір отряды. Көбелектер - қабыршаққанаттылар отрядының екінші атауы. Қабыршаққанаттылар отрядының негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, мүр көбелек, түн көбелектері, қан көбелек, көгілдір көбелектер, кәдімгі күйе көбелектері, т.б. Көгілдір көбелектер қанатының үстіңгі жағы көгілдір (тұқымдастын аталуы осыдан), кейде көк, жасыл, сарғыш-қызыл, ал астыңғы жағы көкшулан түсті, онда ұсақ көзше дақтары болады. Қанаттарын жайғанда ұзындығы 20-40 мм-ге жетеді. 1000-ға жуық түрі белгілі. Жұлдызқұрттары өсімдіктер арасында тіршілік етеді. Қазақстанда 9 түрі ұлттық "Қызыл кітапқа" енгізілген. Кәдімгі күйе көбелектерінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді. Қанатын жайғанда ұзындығы 0,9-1,2 см болады. Бұл тұқымдастың өкілдері жүннен, теріден жасалған бұйымдарға зиян келтіреді және азық-түлік қорын бүлдіреді. Негізгі түрлері : ішек көбелегі, жиһаз көбелегі, қамбар көбелегі. Көбелектер екі топқа бөлінеді . Күндізгі көбелектер және түнгі көбелектер . Күндізгі көбелектер ашық түсті , ал түнгі көбелектер сұр және суық түсті болады .

Түн көбелектері, қоңыр көбелектер (Noctuіdae) - қабыршаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 15 тұқымдас тармағына жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда шөлді аймақтардан басқа барлық жерлерде тараған 250-ден астам түрі бар. Қанатының жазылғандағы ұзындығы 25 - 40 мм аралығында (Бразилияда тіршілік ететін ең үлкені - Thysanіa agrіppіna, оның қанатының ұзындығы 300 мм-ге жуық), денелерін түк басқан, түсі сұрғылт немесе қоңырлау.
Морфологиясы . Қанаттары. Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос жалған аяқтары болады. Алдыңғы қанаттары ұзынша, үшбұрышты, сұр не қоңыр, кейде ашық немесе металл түсті болады. Қанатының үстінде 3 дөңгелек тәрізді таңбалары және бірнеше иректелген көлденең жолақтары бар. Артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда ақшыл келеді. Түн көбелектері атына сай түнде не алакөлеңкеде ұшады. Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөршерлі, жайылған қанаттары - 20-45 мм. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Көбеюі. Жұмыртқаларын өсімдікке, өсімдік қалдықтарына немесе топырақ арасына салады. Жұлдызқұрттарының денесі түксіз, тықыр. Құрттары қызғылт қоңыр, қоңыр түсті болады, топырақ арасында жатады. Қуыршақтары (барлық түрлерінің 1 3-і) сирек жұлдызқұрттар, жұмыртқалары қыстайды, кейбір түрлерінің қыстап шығатыны анықталмаған. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады. Түн көбелектердің жұлдыз құртттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарынын 6 жастық кезені болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқалары сабақтың негізне, төменгі жапырағына, топырак бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар топырақ денгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы және қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдыз құрттары 5жас өседі. Олар комағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын,күнбағысты, бір және көп жылдык бұршақ(үрме бұршактан басқа),жүгеріні, тарыны және басқа да өсімдіктерді катты зақымдайды. Олар өсімдіктердің жерүстілік генеративті және вегетативті мүшелерін кеміріп жейді.Закымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттар өрмекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық өсімдіктері жетіспегеннен соң зақымданады.2-3 ұрпақ беріп дамиды.Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады. Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.).Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм анық байқалады.Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл,денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы-25мм-ге дейн.Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ дамиды.Мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады.Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп,жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейн сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы. Куресу шаралары.Едәуір зақым кеміргіш тән көбелектердің картоп дақылында саны-5-10,астық дақылдарында 2-3,қызылша,жүгері,мақтада 0,5-2 жұлдызқұртм2 астам болса байкалады.Жерүстілік түн кобелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі,карадринаның 1-3 жұлдызқұрт болса, шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұртм2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жұмыртқа топтары табылса,Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса,жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Қабыршақ қанаттарының көбеюінің алдын алу, жұлдызұұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу,топырақты ерте терең сыдыра жырту,отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өсімдіктерді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес).Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп,тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация әдісімен трихограмма (Тrichogrammatidae-тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дарага 2 мезгіл қолдану тиімді болады. Қоректенуі. Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т.б. қоректенеді.

Биологиясы . Hypercompe scribonia. Түнгі көбелектер немесе Моль (ағылш. moth) -- қауырсынмұртты қабыршық қанаттылар тобы. Поляр кеңістігінен басқа жердің барлығына тараған. Кіші денелі, түнгі қауырсын, антенді күндізгі көбелектермен салыстырғанда кішігірім ашық емес қанаттары бар. Демалғанда қанаттарын жаяды, денесінің айналасына бұрып немесе басқа жаққа оңғарады. Қанатының көлемі 30 мм-ге дейін. Өмірі төрт кезеңнен тұрады: жұмыртқа, көбелекқұрт, қуыршақ және үлкен жәндіктер (имаго). Көптеген түрлері, личинкалары өсімдікпен қоректенеді және ормандарды, ауыл шаруашылық өнімдері мен маталарды бүлдіре алады.
Қабыршақ қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зиянды жәндіктер Қауіпті полифагтарға әр түрлі қанаттылар Frenata - отряд тармағының Noctuidae - түнгі көбелектер немесе үкі көбелектер және Pyralidae - қ ан көбелектер тұқымдастырынын түрлері жатады. Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөршерлі, жайылған қанаттары - 20-45 мм. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады. Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топыраө денгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т.б. дақылдарының мөлшерін кеміріп зақымдайжы. Түн көбелектердің жұлдыз құртттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарынын 6 жастық кезені болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқалары сабақтың негізне, төменгі жапырағына, топырак бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар топырақ денгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілік түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қореқтенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні және басқада дақылдарды зақымдайды. Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта (Helicoverpa armigera Hbst.) гамма (Autographa gamma L.), беде (Discestra trifolii Hufn.), кіші жерүстілік немесе карадрина (Spodoptera exigua Hb.). Макта көбелегінің куыршағы топыракта кыстайды. Көбелек жумырткасын (1-3тен) жапырақтарға, шанақтарға және гүлдеріне салады. Жұлдызкұрттың бірінші ұрпағы арамшөптерде, жоңышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, арамшөптерде қореқтенеді. Мақтаның шанақтану және гүлдену кезеңінде келесі ұрпақтар жұмыртқа салады. Жылына 3-4 ұрпақ дамиды. Мақтаның генеративтік мүшелерін, жүгерінің собығы мен дәнін, темекі тұқымдарын қатты зақымдайды. Қан көбелектер. Шалғын көбелек ауыл шаруашылық дақылдарының ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы және қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдыз құрттары 5 жас өседі. Олар комағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын,күнбағысты, бір және көп жылдык бұршақ (үрме бұршактан басқа), жүгеріні, тарыны және басқа да өсімдіктерді катты зақымдайды. Олар өсімдіктердің жерүстілік генеративті және вегетативті мүшелерін кеміріп жейді. Закымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттар өрмекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық өсімдіктері жетіспегеннен соң зақымданады. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады. Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.).Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл,денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы - 25 мм-ге дейін. Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ дамиды. Мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады.Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейн сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы. Куресу шаралары. Едәуір зақым кеміргіш тән көбелектердің картоп дақылында саны - 5-10, астық дақылдарында 2-3, қызылша, жүгері, мақтада 0,5-2 жұлдызқұртм2 астам болса байкалады. Жерүстілік түн көбелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі,карадринаның 1-3 жұлдызқұрт болса, шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұртм2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жұмыртқа топтары табылса,Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса, жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Қабыршақ қанаттарының көбеюінің алдын алу, жұлдызқұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу,топырақты ерте терең сыдыра жырту,отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өсімдіктерді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес). Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп, тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация әдісімен трихограмма (Тrichogrammatidae тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дарага 2 мезгіл қолдану тиімді болады.

Бірақ көпшілігі бірнеше апта тіпті бірнеше сағат қана өмір сүре алады екен . Көбелектердің түріне байланысты болады . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері
Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер отряды
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Қабыршақ қанаттылар
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA
Эволюция
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы
Күздік көбелектердің құрылысы
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Пәндер