Саңырауқұлақтар жайында


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І . Кіріспе . . .

ІІ. Негізгі бөлім . . .

2. 1 Саңырауқұлақтардың жіктелуі

2. 2 Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) класы

2. 3 Жетілмеген саңырауқұлақтың ауыл шаруашылығына зияны

ІІІ. Қорытынды . . .

ІV. Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе .

Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым) . Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда. Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер (Deuteromycetes) - қалталы және базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар. Бұлар жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі, арасында жеміс-жидекті шірітетін, мақта мен картопта вертиллез ауруын тудыратын, адам денесінің кілегейлі қабықтары мен тері ауруын (кандидамикоз) қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері (пеницилл, аспергил, т. б. ) антибиотиктер, ферменттер және органикалық қышқылдардың түзушілері (продуценттер) болып есептелінеді.

Саңырауқұлақтардың жіктелуі . Саңырауқұлақтардың 1-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорафиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорафитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грабница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларыы көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі баоады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының- целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді.

Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қоректенуі . Саңырауқұлақтар гетеретрофты организімдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целюлозды қабықшасын және лигинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организімдердің клеткаларынан сорып қабылдайды. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесіп өмір сүруі жиі баиқалады. Оны симбиоз деп атайды. Сембиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және шыршалы ормандарда, подосиновниктердің көк теректің түбінде өсетіндігі бегілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасындатығыс байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады. Мицелидің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен оның ішіне өтеді. Мицелийлер топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына хеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады. Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктермен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманды жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорып қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы, қыналар, микориза. Көбеюі . Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; артраспоралары ( оидийлері ) арқылы -клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі; хламидос -поралары арқылы - қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы- гифаларырда келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбеюі. Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады: зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангиоспоралары, ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде екзогенді жолмен пайда болтын конидийлері арқылы. Кейбір саңырауқұлақтардың өмірдік циклында жыныссыз споралардың түзілуінің бірнеше формалары кездеседі. Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады:изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада өтеді, тек зигота ғана диплоидты болады. Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді: гаметангиогамия-сырт құрылыстары әртүрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттардың қосылуы; самотогамия - вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; сперматизация- аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама-қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикарионды ядролары қосылады да диплоидты ядро түзіледі. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады:гаплоидты, және дикариодты және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды және фазаларда өтеді. Жыныстық көбеюі спораларының екі типі бар: 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда -қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі-базидиоспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Бұл да дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз процесі арқылы іске асады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі әдетте олардың өмірлік циклынің аяқталуын көрсетеді. Сонымен, қоректкну ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы, гифаларының қабықшаларында хитинің болуы, артық қор заттары ретінде гликогеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды сору арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады. Өсімдіктер мен жануарлардан саңырауқұлақтар гифалардан тұратын гаплоидты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші- дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады. Классификациясы . Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes), гифохитромицеттер класы (Hyphochytriomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basidiomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes) . Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді. Саңырауқұлақтар хлорофиллға ие емес және органикалық заттарды синтездемейтін өсімдік ағзалары болып табылады. Олар дайын органикалық заттарды қажетсінеді. Сол үшін саңырауқұлақтар түрлі субстраттарда дамиды. Кейбір саңырауқұлақтар өсімдік, жәндік, аңдар мен адамдардың бойында ауруларды тудыртуы мүмкін. Саңырауқұлақтардың жасушалары ядролардың болуымен, вакуольдердің барымен және өсімдік ағзаларына ұқсас жасушалрға ие болуымен ерекшеленеді. Көбінесе олар ұзын және бұтақ тәріздес қалыпта болады. Мицелий бір немесе бірнеше ядролы клеткадан тұратын немесе мүлдем клеткасы жок сипатта болады. Мицелийде ұрықтық денелер, яғни организмдер дамиды. Кейбір саңырауқұлақтардың тұрпаты дара клеткалардан тұруы мүмкін. Саңырауқұлақтар түрлі жолдармен көбейе алады, соның ішінде вегетативті жолмен де көбейеді. Көптеген саңырауқұлақтар жыныссыз және арнайы споралардың түзілуінің негізінде көбейе алады. Споралар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақтала алады. Дамыған споралар алыс аумақтарға жылжи алады. Қоректену ортасына түсіп, споралар гифтерге айналады. Саңырауқұлақтардың кең тараған түрі- зең саңырауқұлақтары. Олар табиғатта кең таралып, қоректену тағамдарында дами алады, соның негізінде түрлі түсті жақсы байқалатын тарамдарды тудырта алады. Тағамдардың бұзылуының көп жағдайдағы себепшісі-саңырауқұлақтар. Олар тағамның бетінде ұлпа тәріздес ақ үлпілдекті тудыртады. Саңырауқұлақтардың әрбір түрі тек қана өнімнің бұзылуын ғана тудыртпайды, сондай-ақ адамға қауіпті таксинді заттарды да түзуі мүмкін-микотоксиндер. Оған саңырауқұлақтың кейбір түрі-сапергиллус, фузариум жатады. Кейбір саңырауқұлақтардың жағымды жақтары-тағамдық және фармацевтикалық өндірісте қолданылуы. Мысалы, цениилиум түрінің саңырауқұлақтары пенициллин антибиотигін алуда қолданылады және сыр (рокфор мен камамбера) алуда пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торулин және торуларадин сияқты каротиноидтар
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Картоп түйнегінің ұршықтануы
Микробиологияның даму кезеңдері
Пропион қышқылының ашу процесі
Азотты тыңайтқыштар
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы.
Биологиялық әртүрлілік ұғымы және оларды сақтау
Қара топырақ микрофлорасы
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz