Таттылар қатары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Таттылар қатары
2.2. Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Солардың ішінде, саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларыңда хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқүлақтар тірі организмдердің денесіңце өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.
1. А.К.Оспанова,- Орман фитопатологиясы. – Павлодар, 2008.
2. А.А.Бегалина, а.ш.ғ.к., доценті, З.Ш. Сулейменова, ассистент,- «Жалпы фитопатология» пәнінен оқу-әдістемелік кешені, Астана, 2010
3. М. Қойшыбаев, А.Б.Жанарбекова,-Жалпы фитопотология,- Алматы, 2013

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Таттылар қатары
2.2. Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Солардың ішінде, саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларыңда хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқүлақтар тірі организмдердің денесіңце өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.

2.1. Таттылар қатары
Тат саңырауқұлақтары - Uredinales қатары. Тат саңырауқұлағы табиғатта көп тараған, оның 400 (8000) шамасындай түрі бар. Олар әртүрлі фитоценоздың құрамына енетін өсімдіктердің облигатты паразиттері. Әрбір таттың өздеріне тән таралу ареалы болады, сонымен қатар олар әр өсімдік түріне, астықтардың сортына бейімделу ерекшеліктері болады.
Барлық тат саңырауқұлағы да жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, сирек папоротниктер мен қылқан жапырақтылардың паразиттері. Тат саңырауқұлағының мицелийі өсімдік тіндерінің арасындағы клетка аралық қуыстарда және олардың клетка ішіне де енуі жиі кездеседі. Мүшелердің бетінде қызғылт сары, немесе тат түсті дақ көрінеді, бұл - түсі жағынан каротинге ұқсас, ішінде қызғылт сары пигменттері (липохром) бар - споралар жиындысы. Тат саңырауқұлақтары тат ауруын тудырады.
Ауру қоздыратын эцидиоспора сау өсімдікке түсіп, саңылау тесігінің маңына аппрессория арқылы бекінеді. Одан саңылау тесігі арқылы клетка аралықтарына қарай өтіп диплоидты мицелий өседі. Эпидермис арқылы жапыраққа түскен базидиоспора өне келе клетка аралықтарында эндофитті гаплоидты мицелий түзіп, иесінің клетка ішіне өтіп гаустория құрайды. Сөйтіп клетка ішілік заттарын сорып, аз уақытта өсімдіктің тіршілігін жояды.
Даму циклының аздаған уақыты (базидиоспора және бүршіктенетін клетка) сапрофитті күйде өтетін қаракүйе саңырауқұлағынан айырмашылығы, бұларда сапрофитті кезеңі болмайтын облигатты паразиттер. Тат саңырауқұлағының даму кезеңінде бірінен соң бірі заңды түрде ауысып отыратын әр түрлі спора тасушы мүшелер түзіледі. Таттардың көпшілігі екі иелі. Олар өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдайды.
Қыстап шығатын вегетативтік спора болып, диплоидты мицелийде пайда болатын телейтоспора. Біраз уақыттан кейін диплоидты телейтоспорадан гаплоидты базидий мен базидиоспора дамиды.
Тат саңырауқұлағының толық емес сатысында эцидиальды кезеңі түсіп қалған уақытта екінші уредостадияның алдында спермогон кезеңі өтеді. Ал эцидиальды стадия мен уредостадиясы түсіп қалғанда, телейтоспораның алдында спермогон жүреді.
Барлық тат саңырауқұлақтары ұзын сағақты телейтоспоралы пукциниялылар (Pucciniaceae) және телейтоспоралары сағақсыз мелампсоралылар (Melampsoraceae) деп екі тұқымдасқа бөледі.
Пукциниялылар (Pucciniaceae) тұқымдасына 360-тай түр жатады, олардың ішінде көп тараған пукциния (Puccinia) - 227 мен уромицесс (Uromyces) - 74 туыстары. Бұл туыстардың ішінде даму кезеңі жеткілікті зерттелгендерінің ішінде белгілісі астықтың сызықтық, таты - Puccinia graminnis саңырауқұлағы. Бұл өзінің дамуын сарағаштың (Berberis) жапырағынан не басқа өсімдікте бастайды.
Жапырақтың жоғарғы жағында қызғылт сарғыш түсті нүктелер пайда болады. Бұл саңырауқұлақтың спора тасу органы. Ол алғашқы уақытта шумақталған гиф түрінде, кейіннен бір ядролы гаплоидты клеткалардан құралған мицелийлер, клетка аралық кеңістіктерге еніп жатады. Бұзылған тінінің сарғыш түсі май тамшыларына байланысты. Жапырақтың жоғарғы бетінде спермогондар немесе пикнидийлер, ал төменгі жағында эцидийлер дамиды. Спермогондар құмыра пішінді қуыс дене. Оның қуысында тарамдалған қысқа спора түзуші бір ядролы гаплоидты гифалар дамиды, олардың ұшынан бір ядролы пикноспоралар өседі. Пикнидийлер піскенде оның ішінен гифалар топталып қылтиып шығып тұрады, олармен бірге ішінде пикноспоралары бар иісті сұйық зат шығады. Пикноспоралар өздігінен індет туғыза алмайды. Ол үшін әртүрлі белгілері бар пикноспора гифалары қосылып дикарионды мицелий құру қажет.
Жапырақтың төменгі жақ бөлімінде эцидийлер шумақталған жіп сияқты дөңгелек пішінді болып, клетка аралық қуыста жатады, оның да гифалары бір ядролы және қатар түзеп орналасқан. Қатар жатқан бір ядролы қарама-қарсы гифалардың анастомозаға ұшырауынан цитоплазмада екі ядролы гифалар түзіледі. Олардан базальды жағынан бастап екі ядролы цилиндр пішінді клеткалар құралады, кейін олар тізбектелген екі ядрролы спораларға ыдырайды. Шеткі базальды клеткалардан эцидийдің қабығы түзіледі. Эцидий піскен кезде жапырақ бетінен көтеріліп, перидий қабығы екі жаққа қарай жыртылады да, эцидий гүл сияқты ашылады, оның іші толған эцидиоспора болады. Олар жел арқылы астық тұқымдасына түседі, эцидиоспора қайтадан сарағашта індет туғыза алмайды. Астық тұқымдасының жапырағына, сабағына түскен эцидиоспора өніп, саңлау тесігі арқылы ішкі тінге өтіп, онда клетка аралық дикарионды мицелий түзеді, 5-7 күн өткеннен кейін эпидермистің астынан сопақ пішінді, екі ядролы, бір клеткалы қысқа сабағы бар уредоспоралар джамиды. Ол эпидермистің жыртылуы арқылы босап, темірдің татындай болып көзге көрінеді де, жел арқылы бір өсімдіктен екінші өсімдікке түседі, бірнеше күннен кейін оның орнына жаңа жаздық уредоспоралар пайда болады. Бұл процесс бір жазда 5-6 рет қайталанады.
Егін пісе бастаған кезде қызыл сары дақтардың орнына қара дақтар пайда бола бастайды, бұл - саңырауқұлақтың жаңа қыстық - тынышталған телейтоспоралары. Телейтоспоралар уредоспораның орнына, сол мицелийдің үстінде жетіледі. Ол екі клеткадан тұрады, оның қалың қоңыр түсті қабығы, екі ядросы, сағағы болады. Телейтоспораның ядролары қосылып, диплоидты ядро түзеді де, ол тек келесі жылы көктемде өсе бастайды. Мұнда диплоидты ядро редукциялы жолмен бөлінеді. Телейтоспораның әрбір клеткасынан 4 клеткалы фрагмобазидий өседі. Әрбір фрагмобазидий клеткасынан стеригма өсіп шығады, оның ұшы түйреуіштің басы сияқты буылтықтанып, гаплоидты базидиоспораға айналады. Астық татының базидиоспорасы желмен таралады, тек сарағаштың жапырағына түссе ғана өніп, гаплоидты мицелий түзеді. Осылай даму циклы қайталай береді.
Астық татының даму циклын алғаш рет неміс микологы А.де-Бари 1864-1865 жылдары ашты. Көп уақыт бойы пикноспораның мән-жайы белгісіз болып келді, тек 1927 жылы Канада ғалымы Крэги пикноспораның атқаратын қызметін анықтады. Ол тат саңырауқұлағының мицелийлерінің әртүрлі жынысты екенін ашып, базидиоспорада дамыған гаплоидты мицелийден эцидиоспора түзілмейтіндігін дәлелдеді. Эцидиоспора дамуы үшін қарама-қарсы жынысты мицелий болуы керек. Табиғатта бұл процесс әр түрлі жынысты базидиоспоралармен зақымданған сарағаш жапырағында өскен мицелий клеткаларының қосылуының, немесе насекомдардың қарама-қарсы жынысты мицелийлердің пикноспораларын бір өсімдіктен екінші өсімдікке жұқтыруы арқылы жүреді. Бұл пикноспоралар пикнидийден ирелеңдеп шығып тұратын шырынды гифаларда болады, қонған насекомдарға жабысады. Қарсы белгісі бар спора клеткасының ішіндегі затын өзі жабысқан гифа арқылы мицелийнге құяды да, ядролары синхронды көбейіп дикарионды мицелий түзеді, енді одан эцидиоспора дами алады.
Тат саңырауқұлағының толық даму циклында ядро фазасының алмасуы байқалады: 1) гаплоидты фазасы - баидиоспорадан басталып гаплоидты мицелий, пикнидийлер мен эцидия түрінде болады; 2) дикарионды фаза - эцидиоспора түзілуінің алдында мицелий клеткаларының қосылуынан басталып, уредоспора, телейтоспора ядроларының қосылуына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл тат саңырауқұлағы дамуының көп уақытын алады; 3) диплоидты фаза ересек телейтоспорадан басталып, оның редукциялы бөлінуіне дейінгі уақыт.
Астық татының жабайы және мәдени өсімдіктерде өсетін әртүрлі биологиялық формалары да бар. Олардың астық татынан морфологиялық айырмашылықтары болады.
Пикнидийлер көбінесе құмыра пішінді, кейде жалпақ болып та келеді. Эцидийлер - сопақ, дөңгелек және ұзын мүйіз тәрізді өсінділері бар көпіршік түрінде кездеседі. Перидийлері болмай эцидийлері ашық табақша пішінділері болады. Оның ішінде үш жағы иіліп келген парафиздері кездеседі.
Барлық тат саңырауқұлақтарында уредоспоралары бір клеткалы екі ядролы сопақ не шар пішінді қысқа сағақтарға орналасады, тек кейбіреулерінде эцидиоспора сияқты тізбектеліп келеді. Телейтоспоралардың пішіні әр түрлі, көпшілігі қыстап шықпай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
Шыңғыс Хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
Түрлендірілген Фурье қатарының ең жақсы жуықтауы туралы теорема
ЕСЕЛІ ИНТЕГРАЛДАРДЫҢ ҚОЛДАНУЛАРЫ. ҚИСЫҚ СЫЗЫҚТЫ ИНТЕГРАЛДАР
Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локуласкомицеттер (қуыс қалталылар) класс тарағы туғызатын ауру түрлері
Қатарлар туралы ақпарат
Сандық қатарлар және оларға қолданылатын кейбір амалдар
Оң таңбалы қатардың жинақтылық белгілері
Фурье қатары және оның математикалық физикада қолданылуы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пәндер