Бүлдірген аурулары



I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1 Бүлдірген аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.7
2.2 Бүлдірген зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.10
III ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ:
3.1. Ауруларынан қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3.2. Зиянкестерінен қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
IV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
V Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде — 10-160°С, оңтүстікте — 4-90°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-90°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Бүлдірген (Fragarіa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл(Сурет – 1). Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, … В9, РР, К витаминдері, органикалық қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т.б. пайдалы заттар болады. Сорттары бар. Олар:«Мәншүк»,«Комсомолка», «Фестивальдық», «Талисман», «Зинга-Занга»
1. Р.Д. Карбозова «Фиотпатология»
2. Матпаев, Тілменбаев «Жалпы энтомология»
3. Ж. Лұқпанов, Н.Нүсіров/Химиялық улы препараттардың анықтамалығы/- «Қайнар» баспасы, Алматы -1969ж, - 7 бет.
4. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж./ Өсімдікті химиялық қорғау/ -Алматы, 2013. - (Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы). – 112-124 бет.
5. ЗинченкоВ.А., / Химическая защита растений/- «КолосС» -8-9 стр.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1 Бүлдірген аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-7
2.2 Бүлдірген зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-10
III ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ:
3.1. Ауруларынан қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3.2. Зиянкестерінен қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
IV Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
V Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

КІРІСПЕ
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде -- 10-160°С, оңтүстікте -- 4-90°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-90°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Бүлдірген (Fragarіa) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл(Сурет - 1). Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 - 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры - көпгүлді қалқанша. Жемісі - жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, ... В9, РР, К витаминдері, органикалық қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т.б. пайдалы заттар болады. Сорттары бар. Олар:Мәншүк,Комсомолка, Фестивальдық, Талисман, Зинга-Занга
(Сурет - 1) Бүлдірген
2.1. Бүлдірген аурулары
Ақ дақ
Кесел республикада кең таралған, бірақ шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарда оның зияндылығы мол. Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Бүлдіргеннің жапырағында бұрышты немесе дөңгелек, қызыл-қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар кейін ағарып, қоңыр-қызыл жиекпен жиектеліп, бір-бірімен қосылады, кейде олардың ортасы үгітіліп түседі.(Сурет - 2) Сағақтарды, сабақты, мұртшаларды бойлап түзілген қоңыр дақтардың ортасы ақ түсті болады. Ауру қоздырғышы - Mycrosphaerelle fragaria Sacc.,ал конидиялы кезеңінде - (Сурет - 2 ). Ақ дақ Ramularia tulasnei Sacc. саңырауқұлағы Дақ үстінде конидия тасушылар мен мен конидиялардан тұратын селдір, ақ түсті өңез пайда болады. Топталып шыққан түссіз конидия тасушылардың жоғарғы бөлігі сәл жіңішкерген, конидиялардың пішіні цилиндр тәрізді, түссіз, 1-3 клеткалы.Жаз бойы ауру конидиялармен таралады да, кейін майда склероцийлер түзіліп, олар қураған және жасыл жапырақтарда қыстап шығады. Көктемде склероцийлер өніп, конидиялар түзеді. Жапырақта қыстап шыққан жіпшелерде де конидиялар пайда болады. Қураған жапырақтағы дақтарда кейде псевдотецийлер түзіледі. Оның қалталары цилиндр тәрізді, қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы. Көктемде аскоспоралар өсімдікті залалдайды.
Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 10-15 күнге созылады да, алғашқы белгі білінуден 7-9 күннен соң дақ үстінде конидиялар түзіледі. Жиі отырғызылған өсімдіктерде, органикалық заттары мол немесе ауыр топырақтарда кесел қатты дамиды. Жылы, ылғалды ауа райы аурудың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Саңырауқұлақ 20-222С температурада жақсы дамиды.Жапырағының 70% ақ дақ ауруына шалдыққан өсімдіктің фотосинтез процесі төмендеп, өнімі 10-15% кемиді.

Қоңыр дақ
Ауру бүлдірген егілетін барлық аймақтарда кездеседі, бірақ республиканың оңтүстігінде аса зиянды.Кеселге негізінен өсімдіктің жапырақтары, кейде сағақтары мен мұртшалары шалдығады. Жапырақтағы дақтардың түсі қоңыр, қызыл-қоңыр, ортасы сұрлау, көлемі әртүрлі, пішіні дөңгелек немесе бұрышты, жайылған болып келеді(Сурет -3). Дақтар кейін бір-бірімен қосылып ұлғаяды.Сағақтар мен мұртшалардағы дақтар ұзынша, жолақ тәрізді болады. Саңырауқұлақтың төсеніші (ложа) қоңыр немесе қара-қоңыр түсті, әдетте ол жапырақтың жоғарғы кейде төменгі бетінде түзіліп, айқын көрінеді.(Сурет -3) Қоңыр дақ
Ауру қоздырғышы - Fabraea fragariae Kleb., конидиялы кезеңінде Marssonino potentillae Magn. F. Fragariae Ohl. Саңырауқұлағы. Конидиялары ұзынша келген шоқпар тәрізді, түссіз, екі клеткалы.Қоздырғыш желмен, насекомдармен таралады. Өсімдіктің жас жапырақтарына қарағанда, ескілері тез залалданады. Саңырауқұлақ негізінен жіпше, кейде жас жапырақтарда конидия көпшікшелері түрінде қыстап шығады.Қоздырғыштың қалталы кезеңі республика жағдайында кездеспейді. Аурудың дамуына әсіресе жаздың екінші жартысында басталып, вегетацияның соңына дейін созылатын жылы ауа райы мен жиі жаңбыр қолайлы жағдай туғызады.Залалданған жапырақтар қурап, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді. Сондай-ақ жапырақтың қатты залалданып, қурауы (65-72%), келесі жылдың өніміне кері әсерін тигізеді.
Бағаналы тат
Кесел республиканың барлық аймақтарында таралған, бірақ солтүстік пен шығысында жиі кездеседі.Ауруға өсімдіктің жапырақтары шалдығады. Жапырақтың үстіңгі бетінде хлорозды дақтар пайда болып, оның астында қызыл-сары түсті көпшікшелер түзіледі. Вегетацияның соңында алғаш ашық түсті, кейін қараятын мүйіз тәрізді өскін пайда болып, жапырақтың төменгі бетін түгел алады. Залалданған жапырақтар(Сурет -4) Бағаналы тат
қоңырланып, қурайды(Сурет -4).Ауру қоздырғышы - Cronartium ribicola Dietr. саңырауқұлағы. Қоздырғыш әр иелі, толық циклды дамиды. Аралық иесі - сібір және веймут қарағайлары. Бұл ағаштарда түзілген эциоспоралар қарақат жапырағын залалдайды. Ауруға шалдыққан қарақат жапырағының үстіңгі бетінде түсі қызыл-сары урединийлерде сопақша пішінді, қабығы тікенекті, көлемі 21-23 х 14-18 мкм урединиспоралар кеселді кең таратады.Күзге қарай урединийлердің орнында пайда болған телий бөртпелерде диаметрі 70-21 мкм жеке телиоспоралар тізбектеліп, бір-бірімен іргелесе топтанып, бағана құрады. Телиоспорадан өнген базидияда базидиоспоралар түзіліп, олар қарағайларды қайта залалдайды. Өсімдіктің залалданған бөлігінде қоңыр қабықты, ұзынша ісік пайда болады. Екі жылдан соң қабық жарықтарында эцийлер мен эциоспоралар ұзындығы 2-7 мм, көлденеңі 2-3 мм, биіктігі 2-2,5 мм көпіршіктенген дөңес түрінде көрінеді. Түсі қызғылт-сары, жұмыртқа пішінді, көлемі 22-29 х 18-20 мкм, қабығы сүйелді эциоспоралар, қарақатты залалдайды. Бұл кесел қарлығанда да кездеседі. Өсімдіктің гүлдеу, түйін байлау кезеңдеріндегі жылы, ылғалды ауа райы аурудың дамуына өте қолайлы болады. Саңырауқұлақтың урединиоспоралары өсімдіктің түскен жапырақтарында, ал жіпшумағы қылқан жапырақты ағаштарда қыстайды. Көктемде қыстап шыққан урединиоспоралар қарақатты залалдайды. Бұл ауру аса өршіген жағдайда бүлдірген, қарлыған, тұшаланы да залалдайды. Залалданған өсімдік жапырағында жоғарыдағыдай белгілер болады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің жапырақтары мезгілінен бұрын түсіп, өнімі төмендеп, суыққа төзімсіз келеді.
Бокалды тат
Ауру барлық жерде таралған, республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында жиі кездеседі. Жаздың бастапқы кезінде өсімдік жапырақтарында, өркендерінде және сағақтарында ашық-сары түсті, дөңес дақтар, яғни саңырауқұлақ стромасы пайда болады. Олардың үстіңгі бетінде спермагонийлер, ал астыңғысында - бокал тәрізді эциоспоралы эцийлер түзіледі. Залалданған жапырақтар мен жидектер түсіп, қалғандары жетілмей, деформацияланады.Ауру қоздырғышы - Puccinia ribesii-caricis Kleb. саңырауқұлағы. Қоздырғыш әр иелі, толық (Сурет -3) Бакалды таттолық циклды дамиды. Аралық иесі - қарақат пен, қарлыған, ал негізгісі - қиякөлең түрлері. Эциоспоралар қиякөлеңді залалдап, олардың жапырақтарында саңырауқұлақтың урединий мен телий кезеңдері өтіп, телиоспоралары қыстап шығады. Көктемде телиоспоралар базидияға өніп, түзілген базидиоспоралары қарақат пен қарлығанды залалдайды. Көктемгі ылғалы мол (100%), жылы (17-240С) ауа райында кесел қарқынды дамиды. Ауру аса өршіген жағдайда бүлдіргенді де залалдайды.
Аурудың әсерінен өркендер қисайып, сынып, жидек өнімі күрт төмендеп, оның тауарлық сапасы кемиді.
Дидимелла (Қошқыл қызыл дақ)
Ауру республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кездеседі.
Өсімдіктің сабағы, сағағы, бүршіктері, өркендері және жапырақтары залалданады. Сабақта қошқыл-қызыл, қоңыр немесе күлгін түсті жайылған дақтар пайда болады. Бұл дақтар, әдетте жапырақ сағағының сабаққа тіркелген бөлігінен төмен орналасады. Дақтар тез ұлғайып, қоңырланып, ортасы ақшылданады да бетінде қоңыр түсті ірі пикнидалар түзіледі. Өсімдіктің бүршіктерінде, Сағақтарында, кейде жапырақ жүйкелерінде де жоғарыда аталған белгілер мен дақтар пайда болады.Көктемде залалданған екі жылдық өркендердің түсі қоңырланып қурайды. Ауруға шалдыққан жапырақтар хлорозданып, көлемі (Сурет -3) Диадимелакішірейіп, гүл түйіні жетілмей майдаланып, қатты ауырған кейбір бұтақтардың жапырақтары дамымайды. Өркендер ұшынан бастап солып, сабақ қабығында ашық-сұр,(Сурет -3) Диадимелла үлкен дақтар түзіліп, әр жерде қоңыр-күлгін түсті бөліктер сақталады. Эпидермис қабықтан ажырап, шытынап, оның үстінде көптеген пикнидалар түзіледі.Жапырақта аурудың белгісі кең сары жиекті, үш бұрышты дақ түрінде білінеді. Гүлдер мен жидектерде ауру білінбейді, бірақ кеселге шалдыққан өркендердегі жидектер майда, дәмі қыщқыл, құрамында С витамині аз мөлшерде болады.Ауру қоздырғышы - Didymella applanata Sacc. саңырауқұлағы Қоздырғыштың псевдотецийлері жайпақ, түсі қара, диаметрі 150-170 мкм. Қалталары цилиндр тәрізді, көлемі 70-80 х 10-12 мкм. Қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы, ұштарына қарай жіңішкерген, көлемі 15-6 х 7 мкм.Пикнидалары қара-қоңыр түсті, споралары бір клеткалы, түссіз, сопақша пішінді, майда, көлемі 7,1-7,2 х 3 мкм.Саңырауқұлақ залалданған өркендерде пикнида, псевдотеций және жіпшумақ түрінде қыстайды. Көктемде псевдотецийлерде жетілген қалтаспоралар өсімдікті алғаш жарақаттар арқылы залалдайды. Инкубациялық кезеңі - 6-10 күн. Кеселдің дамуына көктемгі және жаздың бірінші жартысындағы мол жаңбыр мен жылы ауа райы қолайлы болады. Сонымен қатар жер асты суы жақын, ауыр топырақта жиі отырғызылған жидектерде бұл ауру жиі кездеседі.Кеселге шалдыққан өсімдіктің жидектері майдаланып, сабақтары мен жапырақтары қурап мезгілінен бұрын жойылады[1.111].
Бүлдірген зиянкестері.
Бүлдірген кенесі-Tarsonomus pallidus Banus.
(Arachnoidea класы, Acariformes отряды). Денесі ұзын сопақша ақшыл-сары, ұз 0,2 мм. Дернәсілдері тым ақшыл, пішіні ұзынша.(Сурет -3) Аналықтары жапырақтардың басында қыстайды. Көктемде олар жас жапырақтарға жұмыртқа салады да, 8-10 күннен кейін жапырақ шырынымен қоректенетін дернәсілдер пайда болады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп, майлы жылтыр сары түске айналады. Тіршілік кезеңінде кене 4 - 5 ұрпаққа дейін береді.

(Сурет -3) Бүлдірген кенесі

Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы-Anthonomus rubi Hrbst.
(Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы).Бүлдірген мен таңқурайдың жапырақтары мен шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Қоңыздары сұрғылт қара түсті, ұзындығы 3 мм дейін. Дернәсілі ақ түсті, қоңыр басты С-түріндегі пішінде, ұзындығы 3,5 мм дейін.(Сурет -3) Жетілмеген қоңыздар өсімдік қалдықтарымен топырақ үйінділерінің астында қыстайды. Көктемде, бүлдірген қайта көктей бастағанда қоңыздар егіс алқабында пайда болады. Ересек дарақтар жапырақтармен, сағақтармен қоректенеді, сондай-ақ шанақ тозаңдықтарын жей алады. Аналықтары бүлдірген (Сурет -3) Бүлдірген-таңқурай
бізтұмсығы
шанақтарының ішіне бір жұмыртқадан салады және гүл сағағын кеміріп тастайды. 6-8 күннен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады да, шанақтың солып, шіріп бара жатқан ұлпаларымен қоректенеді. Осы жерде дернәсілдер қуыршақтанып, 8-10 күннен соң жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады. Олар жапырақтарда кішігірім тесіктер жасап, сонымен қоректенеді. Қоңыздар таңқурайға ұшып барып, оның шанақтарын зақымдауы мүмкін. Жылына бір ұрпақ береді.

Қарақаттың мөлдір қанат көбелегі-Sunanthedon tipuliformis Cl.
(Sessiidae отряды, Lepidoptera тұқымдасы). Қарақат пен қарлығанның кең таралған зиянкесі. (Сурет -3) Көбелектер жұмыртқаларын бір-бірден, көбінесе бұтақ қабықтарындағы түрлі жарықшаларының маңайына салады. Оларда жұмсақ қара қабырғалы жұлдызқұрт тескен жолдар жасайды.
(Сурет -3) Қарақаттың мөлдір қанат көбелегі
Көктем мен жаз бойы жұлдызқұрттар бұтақтарға жайлап өрмелеп, олардың бас жағын зақымдайды. Күзде олар 2,0- 2,5 см дейін жетеді және екінші рет бұтақтардың ішінде қыстап шығады. Екінші рет қыстағаннан кейін көктемде жұлдызқұрттар бұтақтар ішін тесіп, сонда қуыршақтанады. Жұлдызқұрттармен зақымданған бұтақтар көбінесе өліп қалады.
Қарлыған қан көбелегі - Zophodia convolutella Zell.
(Lepidoptera отряды, Piralididae тұқымдасы). Бұл қарақат пен қарлығанның ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Қанкөбелек жұлдызқұртымен зақымданған жидектер қурап қалады. Өрмекке оралған олар сау жидектердің ортасында байқалады. Қуыршақтары топырақтың жоғарғы қабатында қарақат пен қарлыған түптерінің астында өрмек пілләларында қыстайды. Көктемде жидек ағашы гүлдеу алдында қуыршақтар көбелектерге айналады. (Сурет -3)Олар жұмыртқаларын қарақат пен қарлыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жидек дақылдарының аурулары
Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Азық – түлікті дақылдармен пен жеміс – жидекті дақылдардың биологисы
Жеміс тұқымдарының ауданы
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Бүлдірген дақылын өсіру технологиясы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Пәндер