Коммерциялық банктердің пайда болуы



Ж о с п а р:

І. Коммерциялық банктердің пайда болуы. «Халық Банкі»
1.1. Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы ... ... ... ... .2
1.2. «Қазақстан Халық Банкінің тарихы» . бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3. «Халық Банкінің» қазіргі кездегі деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. «Халық Банктің» операцияларын талдау
2.1. «Халық Банктегі» клиенттердің қарыздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. «Қазақстан Халық Банк»і . Кастодиан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р:
І. Коммерциялық банктердің пайда болуы. Халық Банкі
1.1. Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы ... ... ... ... .2
1.2. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3. Халық Банкінің қазіргі кездегі деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Халық Банктің операцияларын талдау
2.1. Халық Банктегі клиенттердің қарыздары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қазақстан Халық Банкі - Кастодиан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

0.1. Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы
Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес,олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.
Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек. Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық, айырбас орындығы-айырбас орны дегенді білдіреді.
Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу.Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618ж.) ұйымдасты
рылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерлік
тің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі. Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді: Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.
Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер. Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
1.2. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, Незаменимые услуги, Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

1.3. Халық Банкінің қазіргі кездегі деңгейі
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған сатылас біріктірілген банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Қазақстан Халық Банкі АҚ мен оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі - Банк) 2010 жылдың 30 маусымында аяқталған бірінші жартыжылдықтағы қызметі бойынша біріктірілген аралық қаржылық нәтижелерді жариялады.
2010 жылдың алғашқы 6 айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:
* Таза табыс көлемі 285,1 %-ға, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 4,3 млрд теңгеден 16,6 млрд теңгеге дейін өсті.
* Активтер өсімі 7,8 %-ды құрады
o Клиенттер қаржысы 15,8 %-ға ұлғайды
o Жеке тұлғалардың қаражаты 7,5 %-ға артты
o Ағымдағы шоттар саны 27,7 пайызға өсті
o Клиенттер қарызының көлемі (брутто) 1,4 %-ға азайды
o Капитал көлемі 4,3 %-ға өсті
o Таза пайыздық табыс көлемі (құнсыздану резервінен кейінгі) 19,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2009 жылдың алғашқы алты айындағы 5,5 млрд теңге шығындық көрсеткіштен өсіп отыр)
o Қызметтер бойынша таза табыс пен комиссиялар (зейнетақы қорынан және активтерді басқарудан алынатын табысты қоспағанда) 9,6 %-ға ұлғайып, 13,0 млрд теңгеге өсті (2009 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіш - 18,0 млрд теңге болған)
o Зейнетақы қорынан және активтерді басқарудан алынған табыс 63,2 %-ға немесе 3,5 млрд теңгеге азайды (2009 жылдың бірінші жартыжылдығында 9,4 млрд теңге болған)
o Пайыздық емес өзге табыстың көлемі 6,9 %-ға немесе 11,1 млрд теңгеге төмендеді (2009 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіш 11,9 млрд теңге болды)
o Операциялық шығыс көлемі 12,8 %-ға (20,2 млрд теңгеге дейін) өсті (2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 17,9 млрд теңгеге өскен)
o Таза пайыздық маржа (құнсыздану резерві есебіне аударылатын қаржыны қоспағанда) 4,7 %-ға төмендеді (2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5,8 % болған)
o Операциялық шығыстардың операциялық қызметтен түсетін табысқа қатысты алғандағы ара-қатынасы 2009 жылғы 23,4 %-дан 30,3 %-ға дейін ұлғайды
o Базель нормативтеріне сәйкес есептелетін бірінші деңгейлі капиталдың жетімділік коэффициенті 17,4 %-ға ұлғайды
o Базель нормативтеріне сәйкес есептелетін капиталдың жетімділік коэффициенті 21,0 %-ға ұлғайды
o Депозиттер мен клиенттер қарыздарының ара-қатынасы - 0,74
o Құнсыздану резерві қаражатының ауқымы жалпы несиелік портфельге қатысты алғанда 17,5 %-ға ұлғайды
o Орташа капиталдық қайтарым көлемінің жылдығы 11,7 %-ға ұлғайды (2009 жылдың алғашқы алты айындаға көрсеткіш 3,9 % болды)
o Орташа активтерге қатысты қайтарым көрсеткішінің жылдығы 1,6 %-ға ұлғайды (2009 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіш 0,5 % болған).
Қаржылық шолу. Пайда мен шығын туралы біріктірілген аралық есеп. Таза табыс
Банктің тапқан таза табысы 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 4,3 млрд теңгеден 16,6 млрд теңгеге дейін өсті, негізінен, бұл көрсеткішке қызмет көрсету кезінде ұсталатын комиссиялар мен пайда көлемін 9,6 пайызға ұлғайту, пайыздық шығысты 15,1 пайызға азайту және құнсыздану резервін 51,8 пайызға дейін азайту арқылы қол жеткізілді (зейнетақы қорларынан және активтерді басқарудан алынатын табысты қоспағанда). Таза табыс көлемі ішінара пайыздық табыстың - 11,2 пайызға, зейнетақы қорларынан және активтерді басқарудан алынатын табыстың 63,2 пайызға азайтылуымен және шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайданың 41,8 пайызға кемуімен, сондай-ақ операциялық шығыстар ауқымының 12,8 пайызға артуымен байланысты болды.
Пайыздық табыс. Пайыздық табыс 2009 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы 102,3 млрд теңгелік көрсеткіштен 11,2 пайызға немесе 90,9 млрд теңгеге дейін төмендеді, бұл пайыздық активтер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 12,5 пайыздан 9,7 пайызға дейін төмендеуімен тікелей байланысты болды. Клиенттердің заемдары бойынша қалдық сомасы орта есепен 9,5 пайызға азайтылды, ал бұлардың пайыздық активтердегі үлес шамасы 59,5 пайыздан 50,1 пайызға дейін төмендеді, жылдық орташа мөлшерлемесі 15,9 пайыздан 15,3 пайызға дейін азайды. Мұндай деңгейдегі азаю көрсеткіші ішінара қолдағы бар, сатуға арналған инвестициялық бағалы қағаздар бойынша пайыздық табыстың 50,6 пайызға ұлғайтылуымен өтелді.
Пайыздық шығыс көлемі 15,1 пайызға немесе 45,9 млрд теңгеге төмендеді (2009 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 54,1 млрд теңгені құраған). Негізінен, бұл пайыздық міндеттемелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 6,7 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеуі нәтижесінде мүмкін болды және пайыздық міндеттемелер бойынша орташа қалдық сомасының 8,3 пайызға ұлғайтылуы арқылы ішінара өтелді. Клиенттердің депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 2009 жылдың 1-ші жартысында 6,1 пайыздан 4,7 пайызға дейін азайған болатын.
Құнсыздану резерві. 2009 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, құнсыздану резервінің көлемі 51,8 пайызға азайтылды, мұның бір көрінісі ретінде 2009 жылдың ортасынан бастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
КСРО сыртқы экономикалық банкісі
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Банктердің дамуы
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Коммерциялық банктер қызметтері
Пәндер