Ақмола облысы, Шортанды ауданының табиғи климаттық жағдайы



2.1 Ақмола облысы, Шортанды ауданының табиғи климаттық жағдайы
2.2. Жаздық бидайға қысқаша сипаттама және өсіру технологиясы
2.3. Жаздық бидай алқабында кездесетін аурулар.Бидайдың қоңыр таты
2.4. Жаздық бидайда кездесетін аурулармен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс.1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз – Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан.
Шортанды ауданы – Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 ж. құрылған. Жер аумағы 4,6 мың кm². Тұрғыны 23,5 мың адам (2004). Аудандағы 32 елді мекен 1 кенттік 31 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Шортанды кенті. Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігін ала орналасқан. Жер бедері – саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18°С, шілденікі 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары – Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.
1.Н.Ашықбаев, У.Есіркепов '' Өсімдік қорғау ’’
’’Фолиант’’ баспасы 2010ж.
2.А.О.Сағитов,А.А.Жаймурзина ,К.Н.Төленғұтова , Р.Д. Карбозова.”Ауылшаруашылық фитопатологиясы”Алматы 2000ж
3.Справочник пестицидов ,разрешенных к приминению на территории Республики Казахстан .Алматы Рекламное Агенство “АНЕС”2013 г.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ақмола облысы, Шортанды ауданының табиғи климаттық жағдайы
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс.1939 жылы құрылған. 1961 - 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық - Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз - Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 - 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан.
Шортанды ауданы - Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 ж. құрылған. Жер аумағы 4,6 мың кm². Тұрғыны 23,5 мың адам (2004). Аудандағы 32 елді мекен 1 кенттік 31 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шортанды кенті. Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігін ала орналасқан. Жер бедері - саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы - 17 - 18°С, шілденікі 19 - 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 - 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары - Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.
Аудан халқының негізін қазақтар мен орыстар құрайды, одан басқа украиндар, беларустар, немістер, өзбектер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 кm²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,9 адам. Аудандағы ірі елді мекендер: Шортанды (5,5 мың адам), Жолымбет (4,2) кенттері, Дамса (2,3), Бозайғыр (2,3), Новокубанка (1,8) және Степное (1,3) ауылдары.
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы - 16 - 18°С, шілдеде 19 - 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 - 140 күн, солтүстігінде 150 - 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 - 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.
Ірі өзендері Есіл, оның салалары - Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 - 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.
Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.

2.2. Жаздық бидайға қысқаша сипаттама және өсіру технологиясы
Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.
Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.
Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.
Сабағы - сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.
Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.
Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді 3-5 гүлден тұрады. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.
Жемісі- дән, ол үш бөліктен - қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.
Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.

Аймақта өсірілетін жаздық бидай сорттарының сипаттамасы

Акмолинка І, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институгында канадалық маркиз сорты мен күздік бидайды тұқым қуалайтын өзгергіштік тудыратын шағылыстыру жолымен шығарылған.Авторы В.П.Кузьмин,Мильтурум түршесіне жатады. Масақтары кылтықсыз, қызыл түсті, масақ қабықшалары көмкерілмеген, қызыл дәнді. Масағы цилиндр тәрізді көлденең қимасында квадрат тәрізді, сәл қысыңқы, шамамен ірі 10-12 см , жатып қалуға төзімді. Тығыздығы орташа немесе ортадан төмен. Жоғарғы масақшалары қылтық тәрізді өсінділерімен бітеді, ұзындығы 1,0-1,5 см-ге жетеді.
Дәні сарғыш-қызғылт, сопақша, мұқалған ұзындығы 6-7 см, ені 3-4 мм, орташа ірі, 1000 дәннің массасы орта есеппен 25-33 г, орташа ұнды немесе орташа шынылы. Дән ойығы кең, бетшесі бұрышты. Айдары қысыңқы. Фенолмен боялуы күңгірт. Сорт шашылып қалуға орташа төзімді. Сабанының биіктігі орташа, жуан, дөрекі, жатып қалуға төзімді. Жапырақтануы орташа. Жапырақ қынабы көмкерілген. Жапырақтары күңгірт жасыл, кең, қысқа, қатты, әлсіз есілген. Сабан буынаралықтары, тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Түп көмкерілген. Егін көгі- орташа қысыңқы. Сорт ортадан кеш мерзімде піседі, қуаңшылыққа төзімді. Тозаңды қаракүйемен және қоңыр тат ауруларымен зақымдануы орташа. Ұндық сапасы орташа және ортадан төмен, жоғары өнімді, көктемгі бозқырауды жеңіл көтереді.Сорт 1945 жылы аудандастырылған.
Карагандинская, Қарағанды ғылыми-зерттеу совхоз институтында буданды Мильтурум 321 х Псевдо-Гостианум 303 Лютесценс 38 линиясымен шағылыстыру жолымен шығарылған.Авторы П.А.Вертилецкий.Велютинум түршесі. Масағы қылтықсыз, ақ, қабықшалары көмкерілген, дәні қызыл. Даланың шығыс экологиялық тобына жатады.Масағы әлсіз, орташа ұзындықта немесе ұзын 8-11 см, орташа тығыздықта 10 см білікте, 17-19 масақша. Масақтың жоғарғы бөлігінде қылтық тәрізді түзінділері қыска 0,5 мм. Гүл қабықшалары дәнді тығыз жауып тұрады.
Масақ қабықшалары қызғылт түсті, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-8 мм, ені 3-4 мм, нервациясы орташа көрінген. Көмкерілуі әлсіз дамыған. Кең иықты, масақ асты кесілген, үсті көтерілген. Килі жіңішке, жақсы көрілген, қабықшаның негізіне дейін жетеді. Киль тісшелері қысқа 1,0-1,5 мм, масақ бойында бәрі бірдей. Дәні сопақша, ұнды, орташа ірі. 1000 дәннің массасы 23-32 г.
Өсіру технологиясы
Жаздық бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға тиіс. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптарды төмендегідей жиынтық түрде көрсетуге болады: жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті мен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.
Алғы дақылдар. Дақылдың құндылығын ескере отырып, оның өсірілу жағдайларына талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаздық бидайға барынша жақсы жерлерді, алғы дақылдарды таңдап алуға тура келеді. Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге, жасыл балаусаға дәнді бұршақ дақылдарының бірімен (асбұршақ, сиыржоңышқа, ж.б.) немесе жеке өзі өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.
Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа - жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеу жүйесі көктемгі себу қарсаңына барынша мол ылғал қорын жинақтауға және оның өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдерінде үнемді пайдалануына мүмкіндік жасағаны абзал.
Сүрі жерді өңдеу. Сүрі жерді өңдеу аймақтық егіншілік жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезеңде ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің және басқа ғылыми мекемелердің жасаған жазықтілгішті, кешенді құрастырылған эрозияға қарсы, нөлдік, минималды - нөлдік және минималды сүрі танабын дайындау технологиялары қолданылуда.
Ерте көктемгі топырақ өңдеу күзгі кесек топырақты сүдігерде, жазық тілгішті технологиямен дайындалған сүрі жерлерде жүргізіледі және оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты - екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сұлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде алғашқы көктемгі топырақ өңдеуі ылғал жабумен теңдестіреді. Бұл жұмысты жүргізуге творчестволықпен қарау керек: барлық сортаңдау топырақтарда, жаз аяғында немесе күзде терең қопсытудың нәтижесінде ірі топырақ кесектері пайда болған танаптарда ерте көктемгі топырақ өңдеу - қажетті агротехникалық шара. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4-5 см тереңдікке өңделеді.
Фосфор тыңайтқышын қатарлап енгізудің кемшіліктері де жоқ емес: қуаңшылық жылдары топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқышы құрғақ қабатта қалып қояды да бидайдың жас өсімдіктері тиімді пайдалана алмайды, соның нәтижесінде астық өнімі төмендейді.
Ауыспалы егіс көлеміне толық мөлшермен (60-80 кгга ә.е.з.) негізгі тәсілмен енгізілген фосфор тыңайтқышының бірқатар артықшылықтары да бар: 4-5 жылда бір рет енгізіледі және соның нәтижесінде бірінші және одан кейінгі жылдары бидай өнімінің артуы қамтамасыз етіледі; қуаңшылықты жылдардың өзінде, тыңайтқыш топыраққа дұрыс сіңірілген болса, қосымша өнім алынады.
Тұқымды себуге дайындау. Себуге өнімділік қасиеттері жоғары тұқымды пайдаланған жөн, әрі ондай тұқым сорттары мемлекеттік тізімнен себуге рұқсат етілген болуы тиіс.
Тұқымды дәрілеу. Тұқымды саңырауқұлақ және бактериялық ауру қоздырғыштарынан залалсыздандыру үшін уақытында және сапалы дәрілеу (себуден 1-2 ай бұрын) қажет. Қазақстанда қара күйе, тамыр шірігі ж.б. ауруларға қарсы жүйелі әсері бар витавакс 200 фф 34%, ТМТД 80% (1,5-2,0 кгт), витарос (2,0-2,5лт), раксил 6% (0,4лт), премис 2,5% (1,0-1,5лт) ж.б. улы химикаттардың бірімен өңдеген тиімді. Дәрілеуді негізінен ылғалдандыру тәсілімен жүргізген дұрыс (10л су 1т тұқымға), бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, әрі препарат тұқымға жақсы жабыстырылады. Дәрілеуді арнайы машиналарда (ПС-10ж.б.) және алаңдарда жүргізген абзал.Тозаңды қара күйеге қарсы термиялық залалсыздандыруды қолданады.
Себу мерзімі. Жаздық бидайдың себу мерзімі аймақтың ерекшеліктерді ескере отырып анықталады, өйткені себу мерзімі алынатын астық өнімі мен сапасына айтарлықтай әсер ететін маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Себу мерзімі, астық дақылдары дамуының физиологиялық ерекшеліктерімен және өнімділік мүшелерінің түзілу желісімен айқындалады.
Себу тәсілі. Себу тәсілі астық өнімімен қатар өнімнің біркелкілігі мен оның сапасына да әсер етеді. Барынша жетілдірілген себу тәсіліне неғұрлым өсімдіктердің қоректену алаңы квадрат пішініне жақындау егістіктер жатады. Мұндай қоректену алаңы егістіктерде өсімдіктердің жарықты, қоректік заттарды, ылғалды пайдалануы жақсарады.
Себу мөлшері. Астық өнімінің мөлшері көп жағдайда бір өлшем егістіктегі өнімді масақтар санына байланысты өзгереді. Себу мөлшерін белгілегенде себілетін сорттың түптену деңгейі, танаптың ылғалмен қамтамасыз етілуі және арамшөптермен ластануы ескеріледі.
Себу тереңдігі. Жаппай егін көгін алуда және жаздық бидайдың біркелкі пісуіне тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі айтарлықтай рөл атқарады. Тұқымды тым терең немесе саяз сіңіруге болмайды. Бұл жағдайда егін нашар көктейді, жаздық жауын шашынның әсерінен қосымша егін көгі пайда болады, астық пісру дәрежесі әртүрлі дәндерден қалыптасады да сапасы төмен болады. Сондықтан тұқым ылғалды қабатқа сіңірілуге тиіс.
Егістікті күтіп-баптау. Жаздық жұмсақ бидайды өсіру технологиясында егістікті күтіп-баптауға үлкен маңыз беріледі және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.
Ауруларға қарсы күрес. Қазақстанның көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, гельминтоспориоз, қара күйе, септориоз, тот ж.б. жатады. Оларға қарсы күрес кешенді түрде егістіктің фитосанитарлық және химиялық шараларды қарастырады. Агротехникалық шаралар негізінен себуге дейін, ал химиялық-себуге дейін және себілгеннен кейін жүргізіледі.
Жаздық бидайдың гүлдену кезеңіне дейін қауіпті ауру түрлері байқалғанда мынадай фунгицидтерді қолдануға болады: қоңыр тот, септориозға қарсы Альто супер 330, к.э. (0,4-0,5 лга); гельминтоспориозға қарсы Агат 25 к.т.п.с. (10,0 млга); ақұнтақ (мучнистая роса), қоңыр тот, гельминтоспориоздық теңбілдікке қарсы фалькон 46%, к.э. (0,4-0,6 лга), фоликур ВТ, 22,5 %, к.э. (0,5-0,7 лга), Рекс, 12,5% к.с. (0,5-0,8 лга) препараттарының бірімен өңделеді.
2.3. Жаздық бидай алқабында кездесетін аурулар.
Септориоз. Бидай егісінде елеулі шығын туғызатын Septoria туысының саңырауқұлақтары, олар өсімдікте септориоз ауруын туғызады. Қоздырғыш бидай егісін әр түрлі географиялық аймақта, жер шарының жаңбырлы бөлік- терінде дән толысуы кезінде залалдайды. Әр түрлі агроклиматтық зоналарда Septoria туысының 10 түрлі саңырауқұлақтары септориоз ауруын туғызады. Олардың бір-бірімен айырмашылығы морфологиясы және мамандануы. Олар бидайдан басқа арпа, қара бидай, сұлы және күрішті залалдайды.
Бидайға әсіресе Septoria tritici және Septoria nodorum қоздырғыштары зиян келтіреді. Сыртқы белгілеріне қарап екі қоздырғышты ажырату қиын.
Қазақстанның оңтүстігінде (Алматы және Жамбыл облыстарында) қазақ ғалымының деректеріне сәйкес күздік бидайдың септориоз ауруының екі түрлі қоздырғышы тараған: Septoria tritici Rob.ex Desm. және Septoria nodorum Berk. Шымкент және Талдықорған жағдайында қоздырғыштың тек бір түрі - Septoria nodorum Berk. кездеседі.
Өнімнің төмендеуінің көлемі септориоз ауруының таралу деңгейіне байланысты, Өсімдіктің 30% заладанған болса өнімнің төмендеуі 10%, залалдануы 30-50% дейін жетсе 20%, 51-75% дейін заладанса 40% төмендейді.
Септориоз ауруымен залалданған күздік бидай өскіндері әлсіз және сапрофитті микроорганизмдер туғызатын шірік ауруларына төзімсіз келеді.
Саңырауқұлақ күздік бидайды барлық даму кезеңдерінде, сабақтанудан бастап, көп жағдайларда аурудың жоғары дамуы дәннің сүттеніп пісу кезеңіне дейін болады. Аурудың алғашқы белгілері жапырақтарында әртүрлі қоңыр сызықшалар түрінде білінеді. Көктемде залалданған жапырақ қынабының бөліктерінде қара-қоңыр және ашық түстер кездесіп орналасады. Жапырақтарда пайда болған қоңыр дақтар жансызданып қурайды (2-сурет).

2-сурет. Күздік бидайдың септориоз ауруының жапырақ, масақ және сабақтағы белгілері

Сабақтағы дақтар ұлғайып буынаралығының көпшілік бөлігін алады, ал жоғарғы буын аралықтары жасыл түсін сақтайды. Масақ өзегі негізінің қабыршақпен жабылмаған бөлігі қоңырланады. Дәндер бүрісіп, қоңырланып, шыны тәрізденіп, жырашығы тереңдейді. Ауру белгісі негізінен жапырақтарда, кейде сабақ пен масақтарда білінеді. Залалданған мүшелерде ашық-сары, ашық қоңыр жиекті дақтар пайда болып, бетінде қара, майда пикнидалар түзіледі.
Cолтүстік Қазақстанда аудандастырылған жаздық бидайдың сорттары Саратовская-29, Омская-9, Иртышанка сорттары септориоз ауруына төзімсіз. Алтайка, Алмаз сорттары төзімдірек. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда бұл ауруға Стекловидная-24, Безостая-1 сорттары қатты шал- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола болысының іргетасы
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Облыс бойынша ауа температурасының өзгеруі
Ауданның ірі өзендері
Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Ақмола облысының егін шаруашылығы
Астана қаласының сипаттамасы
Ақмола облысы - Солтүстік Қазақстандағы облыс
Пәндер