Жаздық бидай дақылы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Батыс Қазақстанобылысы Қаратөбе ауданының климаттық жағдайы.
2.2.Жаздық бидай дақылының өсіру технологиясы.
2.3.Жаздық бидай дақылының негізгі ауруларына сипаттама.
2.4.Ауру қоздырғыштарының биологиялық даму циклі.
2.5.Жаздық бидай дақылының негізгі ауруларына қарсы күресу шараларының жүйесі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Жаздық бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арамшөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртыладыжер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
1. Қ.К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы»
2. Сагитов А. О, Джаймурзина А. А, Туленгутова К. Н, Карбозова Р. Д «Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» «Агроуниверситет» баспасы, Алматы 2010
3. Н. Ашықбаев, У. Есіркепов «Өсімдік қорғау» Астана: Фолиант-2010

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Батыс Қазақстанобылысы Қаратөбе ауданының климаттық жағдайы.
2.2.Жаздық бидай дақылының өсіру технологиясы.
2.3.Жаздық бидай дақылының негізгі ауруларына сипаттама.
2.4.Ауру қоздырғыштарының биологиялық даму циклі.
2.5.Жаздық бидай дақылының негізгі ауруларына қарсы күресу шараларының жүйесі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жаздық бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арамшөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртыладыжер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.

Негізгі бөлім:
Батыс Қазақстан облысының климат жағдайы.
Қаратөбе ауданы - Батыс Қазақстан облысы
Аудан облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның аумағы 10 мың шаршы км тең.
Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін Нарынқұм-Аққұм шағылдары құрайды. Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі.Аудан аумағында Қалдығайты өзені ағып жатыр (жалпы ұзындығы 242 км, аудан шегінде - 130 км). Көлдердің жалпы ауданы 36,5 шаршы км құрайды, содан тұщы көлдер - 6,8 км.
Жері қара топырақты, ашық, сортаң топырақты. Аудан аумағы өсімдік жамылғысына қарай құмды-далалық аймаққа жатады. Солтүстік-шығыс бөлігінде әртүрлі-дәнді шөптер өседі, батыс бөлігінде - бидайық-дәнді шөптер өседі.
Климаты.Аудан жері Орал маңы үстірті мен Каспий маңы ойпатының солтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Ауданның ең биік жері солт.-шығысында (Қалпақтау, 244 м). Солтүстік шығыстан бастап, оңтүстік батысқа қарай біртіндеп төмендеуі байқалады. Егіндікөлдегі Аққұм алқабы төменгі жер деңгейінен 100 - 140 метр биікке орналасқан. Жері негізінен қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігінде аздап сор, сортаң топырақты жерлер кездеседі. Климаты: Ауданның климаты тым континенттік, солтүстігі қоңыржай континентті ылғалы тапшы зонада орналасқан. Қысы суық, ұзақ, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температура - 14,40 С, шілдеде +24,30С. Жауын орташа (30мм) жылдық 214 мм. Қыс ерекшелігі бойынша қатал. Оңтүстігі қоңыржай континентті, жазы жылы, құрғақ климатты зонаға орналасқан.Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама - қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауын - шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән. Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады. Бүкіл облыс аумағы үшін ауаның орташа жылдық температурасы 5,90С жылы келеді. Қыс маусымы, әдетте, тәуліктік температураның 00С-тан төмендеуінен басталады; бұл құбылыс облыстың солтүстігінде қазан айының соңғы күндерінде, оңтүстігінде 5-10 қарашада болады. Тұрақты қар жамылғысы солтүстік аудандарда желтоқсанның алғашқы он күндігінде, ал оңтүстүстік аудандарда желтоқсанның екінші он күндігінің ақырында түзіледі. Қыс ерте түскен жылдары облыстың солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның алғашқы күндерінде, ал кеш түскен жылдары қаңтарда түзіледі. Оның қалыңдығы облыстың алғашқы жартысында 25-30 см-ге және оңтүстік бөлігінде 10-20 см-ге жетеді. Қар суының орташа жылдық қоры облыстың солтүстігінде 90 мм-ге, оңтүстігінде 30-55 мм-ге дейін жиналады; қар жұқа болған жылдары орташа көп жылдық қор мөлшері 1,5-2 есеге дейін азаяды.
Еңсуық ай - қаңтар, бұл айда температура облыссолтүстігінде -14-110С аязболады., орташа температура -12,90С. Қысқыкезеңдеоблысаспанынаарктикалық ағыненгенкездеауаныңсуықтығыоқта - текте -30-350С-қа дейінтөмендейді, өтесықкүндердеабсолюттікеңтөмен температура -40-440С-қа дейін барады. Кейдеқаңтар мен ақпанда 1-3 күнге созылатын жылымық болуы мүмкін.

Жаздық бидай дақылының өсіру технологиясы.
Жаздық бидайдан мол әрі экологиялық таза өнім алуға әсер етуші агроэкологиялық факторларға - топырақ құнарлылығы және агромелио-ративтік жағдайы, аймақтың климаты, Сырдария сулары мен жер асты суларының минералдануы, өңірге зор әсер ететін Үлкен және Кіші Арал теңізінің динамикасы, топырақ тұздылығы, т.б. жатады. Морфофизио-логиялық факторларға өлшем құрылымы, фотосинтездеуші және қор жинаушы жүйелер әрекеті мен қызметі, мол өнімді агроценоздың морфо-физиологиялық сипаттамасы, қасиеттері мен белгілері: өсімдік биіктігі, масақ көрсеткіштері, жанама сабақтар мен тамырларының қалыптасуы бидай өнімінің қалыптасуына тікелей әсер етеді.Сонымен бірге, мол әрі сапалы өнім құрастырушы бидай агро-ценозының (егістігінің) қалыптасуы үшін қолайлы агротехнологиялық жағдай болып, минеральды тыңайтқыштар мөлшері, енгізу мерзімі, тәсілдерін қолайлыландыру керек.
Жаздық бидайдың мол әрі сапалы өнімін қалыптастырушы негізгі агроэкологиялық, технологиялық факторлар, морфо-физиологиялық сипаттамалары,Агроклиматтық факторлар Тұқымның өнуі және дақылдың өсу дәуірі кезіндегі ауа райы Топырақ-мелиоративтік жағдайлар
Топырақ түрлері, құнарлылығы, қоректік заттар мөлшері
Сорттар, фенотиптер Мол өнімді, өзгерген экологиялық жағдайға бейімделген, тұздылыққа, аңызақ ыстыққа төзімді
Физикалық стимулятор, өсу реттегіштері Тұқымды тәжді электр өрісінде өңдеу және өсу реттегіштері, Гибберсиб, АГРО-Л қолдану
Агротехникалық факторлар.Ауыспалы егістегі орны топырақты негізгі және себу алдында өңдеу Тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін, тәсілдерін қолайландыру Себу мерзімі, мөлшері, тереңдігі, тәсілдері Суару режимін жетілдіру Егістікті күтіп-баптау, үстеп қоректендіру, арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен күресу.Тұқым өнгіштігін жақсартып, дақыл өскінінің әртүрлі экологиялық факторларға шыдамдылығын арттыру үшін тұқымды тәжді электр өрісінде өңдеу, бидай егістігін гибберсиб және АГРО өсу реттегіштерімен өңдеудің мол өнімді агроценоз қалыптастыруға әсері зор. Күріш ауыспалы егісінің екі жыл күріш өсірілген танабына жаздық бидай орналастырып, себу алдында N90P90 кгга ә.з. мөлшерінде тыңайтқыштар беріліп, түптену кезеңінің басында N30 кгга дозасында үстеп қоректендірілгенде жоғары өнімді агроценоз қалыптасады. Оның негізгі параметрлері мен сипаттамасы төмендегідей: тұқым көктеп шыққандағы өсімдіктер саны 260-280 данам2, ору алдындағы өсімдіктер саны - 240-260 данам2, түптенуі - 2,50-2,74 данаөсімдік, үйлесімді масақты сабақтар саны - 600-650 данам2, әрбір масақтағы дән саны - 28,8-32,5 дана, әрбір масақтан түскен дән салмағы - 0,85-1,08 грамм, мың дән салмағы - 33,4-40,8 грамм. Осындай егістік (агроценоз) 31,6-38,8 цга сапалы дән өнімін құрайды, яғни дәндегі белок мөлшері - 12,5-13,8 %, клейковина - 23,6-25,5 %.
Нарықтық экономика жағдайында өнімнің экономикалық тиімділігін толық анықтау үшін жалпы және қосымша өнімнің бағалық көрсеткішін жан-жақты зерттеу керек, сондай-ақ олардың қосынды көрсеткіші агроэко-логиялық факторлардың (тыңайтқыштар мөлшері, енгізу мерзімі, тәсілдері, топырақты өңдеу, тұқым себу нормасы, т.б.) экономикалық тиімділігін анықтайды. Бұл көрсеткішті агроэкономикалық деп атауға болады.
Егіншілік Инженерлі дайындалған суармалы жерлерде күріш өсіру және күріш ауыспалы егісін игеріп, басқа дақылдар (мысалы, бидай) өсіргенде көп мөлшерде материалдық шығын мен еңбек жұмсалады. Дайындалған инженерлік-ирригациялық жүйелер мен инженерлі дайындалған суармалы жерлерге жұмсалынған шығындар 1970-1990 жылдары күріш өнімімен қайтарылған.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, соның ішінде жаздық бидай өнімін арттыруда тез әсер ететін және ең тиімді фактор - минеральды тыңайтқыштар. Оның экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш - енгізілген әрбір өлшем немесе 1 кг ә.з. мөлшеріндегі тыңайтқыштың қосымша дән өнімімен қайтарымы.

Қаратөбе ауданындағы жаздық бидайдың негізгі аурулары

Өткен жылы Қаратөбе ауданында жаздық бидайдың қоңыр тат ауруы таралды. Алғашқы патогеннің күлдіреуігі (пустула) шілде айының бірінші онкүндігінде жаздық бидайда байқалды. Кейінірек Ақтөбе облысында бидайдың сүттену кезеңінде шілде айының екінші онкүндігінің басында аурудың белгілері байқалды. Күздік дәнді дақылдарда аурудың белгілері байқалмады. Мониторинг жүргізу барысында залалданғаны 77,4 мың га. немесе тексерілген көлемнің 6,6 %, өңделетін көлем 26 мың га., даму деңгейі 1-10% құрады.Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр
көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады.
Жаздық бидай қатты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс
Күздік бидай және қара бидай
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының марфологиялық және биалогиялық ажырату белгілері
Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Жаздық бидай дақылының зиянкестері
Дәнді дақылдарды стандарттау
Жерге орналастырудың жұмыстары
Пәндер