Жүзім шаруашылығы
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. ОҚО, Сарыағаш ауданының ауа райы, климаты, топырағы жағдайы
2.2. Жүзім шаруашылығы және жүзім өсіру технологиясы
2.3. ОҚО, Сарыағаш ауданы бойынша жүзім ауруларының таралуы және олармен күресу шаралары
3. Қорытынды

Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және .....логия) — өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін кемітетін әдістер табу. Фитопатология жалпы биология, микробиология, генетика, селекция, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, өсімдік өсіру, топырақтану, ауыл шаруашылық метеорологиясы, экология, химия, физика, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді. Жалпы фитопатология аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, оның індет (эпифиторий) түрінде пайда болуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді. Арнайы фитопатология белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зертте,оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады. Мысалы, ауыл шаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, әсемдік өсімдіктер фитопатологиясы, т.б. Фитопатологияда радиоактивті изотоптарды пайдалану, электрондық микроскоп, люминесценттік және рентген-құрылымдық талдау, кибернетика әдістері, молекулалық биология, авиация, ғарыш аспаптарымен спектрозольді суретке түсіру, т.б. пайдаланылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл аудандарда жүзім ауруларымен күресу шаралары жақсы қолға алынған. Жүзімді түрлі аурулардан қорғау үшін, пестицидтер қолданылады.

1. А.Қ. Күрішбаев, Ә.М. Омбаев – «Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі», Алматы «Бастау»2006
2. Сейітбаев Қ. «Жүзім шаруашылығы», Алматы 2014

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. ОҚО, Сарыағаш ауданының ауа райы, климаты, топырағы жағдайы
2.2. Жүзім шаруашылығы және жүзім өсіру технологиясы
2.3. ОҚО, Сарыағаш ауданы бойынша жүзім ауруларының таралуы және олармен күресу шаралары
3. Қорытынды
Кіріспе
Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және ... .логия) -- өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін кемітетін әдістер табу. Фитопатология жалпы биология, микробиология, генетика, селекция, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, өсімдік өсіру, топырақтану, ауыл шаруашылық метеорологиясы, экология, химия, физика, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді. Жалпы фитопатология аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, оның індет (эпифиторий) түрінде пайда болуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді. Арнайы фитопатология белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зертте,оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады. Мысалы, ауыл шаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, әсемдік өсімдіктер фитопатологиясы, т.б. Фитопатологияда радиоактивті изотоптарды пайдалану, электрондық микроскоп, люминесценттік және рентген-құрылымдық талдау, кибернетика әдістері, молекулалық биология, авиация, ғарыш аспаптарымен спектрозольді суретке түсіру, т.б. пайдаланылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл аудандарда жүзім ауруларымен күресу шаралары жақсы қолға алынған. Жүзімді түрлі аурулардан қорғау үшін, пестицидтер қолданылады.
3.1. ОҚО, Сарыағаш ауданының ауа райы, климаты, топырағы жағдайы
Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жеміс-жидек пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы.Сондықтан бау және жүзім шаруашылығын өркендету ең басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл өңірде жылы температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс айларының жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін және жүзімнің түрлі уақытта пісіп-жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі мақсатқа арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының жер көлемі - 7,7 мың шаршы км. Ол облыс жерінің 6,6% қамтиды.
Сарыағаш ауданы - төбелі-жонды жазықтар. Топырақтың беткі қабаты әдеттегі карбонатты және ашық түсті сұр топырақ. Оңтүстік-шығыс бөлігінде аймақшаны Келес өзенінің аңғары және оған қатарласа Құркелес өзені басып өтеді. Мұнда топырақтың беткі қабатында нашар тұзданған ашық түсті сұр топырақ басым.Өзен аңғарларындағы сұр топырақ суармалы жерлердің негізгі қоры болып табылады. Аймақта болашағы зор суарылатын ірі алқаптар жеткілікті. Бұл - Келес өзенінің оң жағына орналасқан жерлер. Келес өзенінің табиғи жағдайдағы төменгі ағысында айына орта есеппен секундына 1,5 текше метр су шығындайтын баяу ағын бар. Бірақ келес өзені және оған қатарлас Құркелес өзені Зах және Ханым каналдарынан, өтпелі сулардың қоры орасан зор Шыршық өзенінен қосымша су алады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жеміс-жидек және жүзімнің 40-қа жуық түрі өседі. Солардық 18 түрі ең көп таралып, халық және ауыл шаруашылығында үлкен маңызға ие.
Сарыағаш ауданы үшін жүзімнің астаналық сорттары - Нимранг, Тайфи розовый, Киш-миш черный, Мускат Венгерский, Ранний ВИРа, Мускат Александрийский, Киш-миш розовый, техникалық сорттар - Мускат розовый, Баян Шерей, Ркацители, Майский черный, Сапирави, Рислинг, Мускат фиолетовый, Рубиновый, Матраса, Кульджинский өсіріледі.
3.2. Жүзім шаруашылығы және жүзім өсіру технологиясы
Жүзім - шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Жүзім көшеттерін өндіретін көшеттік мынадай бөлімдерден тұрады: жүзімнің аналық алқабы, шыбықтар сақтайтын арнайы жабдықталған қойма және көшеттерді уақытша көміп сақтайтын учаске.
Жүзім өсіру үшін ең қажетті экологиялық себепшарт бұл - жылу. Сондықтан жаз қаншалықты жылы болса, оның өнімі де соншалықты мол болмақ. Әдетте, жүзімді ашық аспан астында да, жылыжайда да өсіріп жатады. Рас, жылыжайда өсірілгендер ашық аспан астындағыға қарағанда өнімді шамамен, екі еседей артық беріп, екі апта бұрын пісіп-жетіледі. Мұндағы әрбір шоқ жүзімнен 50 - 60 кг-ға дейін өнім алынса, ашық аспан астындағы жақсы өңделген сұрыптардан 40 килограмға дейін өнім алуға болады.
Жүзімнің ерте пісетін түрін жылыту құрылғысы орнатылмаған, әдетте, қияр және қызанақ егуге арналған жылыжайларда өсіруге болады. Кей жағдайда қызанақ өсіруге арналған жылыжайға 1 - 2 бұта жүзімді өсіріп көруге болады, ол үшін жылыжайдың биіктігі 3 - 5 метр болуы керек және жүзімнің түрін дұрыс таңдап және егістікке байланысты ережелерді толығымен сақтауы тиіс.
Сонымен қатар жүзім түйнек салғаннан кейін бұтақты асылдырып іліп қояды, бұл жағдай түйнектің жақсы өсуіне көмек береді. Шілде айының ортасынан бастап суару тоқтатылады және түйнек салғаннан кейін жылыжайды желдетіп тұру керек, бұл топырақты шіріп кетуден және түйнекті жарылып кетуден сақтайды. Бұтақтардың жақсы бой алып өсуіне және түйнек салуына қолайлы температура 28 - 32ºС, ал бастапқы уақытта температура 12 - 14 ºС болуы керек. Суғарурежиміқұрғапқалғанжағдайда аптасынабірретжүргізіледі.
3.3. ОҚО, Сарыағаш ауданы бойынша жүзім ауруларының таралуы және олармен күресу шаралары
Табиғи жағдайларға байланысты Оңтүстік Қазақстанның түрлі аймақтарындағы жүзімдікте зиянкестер мен аурулардың көп түрі бар. Аурулардан кең тарап, айтарлықтай зиян келтіретіндер: оидиум (ақұнтақ), альтернариоз, мильдю, хлороз, жүзім жемісінің сұр шірік ауруы және басқалары.
Оидиум(ақұнтақ) (т. Oidium, қат. Hypomycetales) - жетілмеген саңырауқұлақ, ақұнтақ саңырауқұлақтарының конидийлі сатысы. Қоздырушы қалталы саңырауқұлақтар класы Uncinula necator Burill саңырауқұлағы.
Аурудан жүзімнің жерүсті бөлімі толықтай зақымданады. Аурудың алғашқы белгісі жапырақтарда пайда болады. Жапырақтарда дақтар пайда болып, үстін ақ-сұр ұнтақ қаптайды. Мұндай дақтар алғашқыда өте майда болып, кейін бір-бірімен қосылып кетеді және жапырақ пластинкасын толық қаптайды. Зақымданған жапырақтар морт болады, қурайды және мезгілінен бұрын төгіліп түседі.
Өркендерде ауруды көктемде байқауға болады. Ауру өркеннің негізінен басталып, ұшына дейін тарайды. Аурудың алғашқы белгісі қабықтың кейбір бөлімінде қоңыр түске еніп қарая бастайды. Зақымданған өркендердің өсуі тоқтайды, дамуы бәсеңдейді; олар суыққа төзімсіз келеді және әлсіз өсінді береді.
Зақымданған жидектерінде ақ ұнтақ білінер-білінбес дәрежеде болуы немесе толықтай қаптап алуы мүмкін. Жидектер ерте зақымданса, олар өсуден артта қалады, бүрісіп, қурайды. Жетілмеген жидектер ұлпасы қатып қалады. Егер жидектің қабығы және жұмсағы зақымданса, онда жидектер жеміс негізіне дейін жарылады. Жапырақтан кіреген сапрофит бактериялар шоқ жемісті толықтай зақымдап шіруге алып келеді.
Жазғы құрғақ ауада оидиум жүзім алқабына үлкен зақым келтіреді. Жаз кезінде ауру қоздырғышы тез таралып, өнімнің төмендеуіне алып келеді. Зақымданған жүзім алқабынан дайындалған шараптың сапасы төмендейді.
Ауру инфекциясының сақталып қалуында мицелий маңызды рөл атқарады. Олар бүршік қабығы астында, өркендердің қабықтарында, бүршік ішінде және шоқ гүлдердің алғашқы түртіктерінде қыстайды. Көктемде мицелий қайта дамиды және олардан конидиал спора түзушілер пайда болады. Конидиялар желмен тарқалып жүзімнің зақымданбаған бөлімдерін зақымдай бастайды.
Оидиумның дамуы үшін оптимал температура 20-25°С. Өсімдік ауырған кезде ауаның ылғалдылығы маңызды рөл атқармайды. Конидияның өсуі үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25% болуы керек. Ауаның ылғалдылығы жоғары болған кезде саңырауқұлақтардың қарқынды дамуы және конидиялардың пайда болуы жылдамдайды. Ауру салдарынан жидектер шарап өндіруге жарамсыз болады және олардың қаттылығы төмендейді. Жүзім өнімінің шығыны 70-80%-ға жетуі мүмкін.
Оидиум қоздырғышы барлық жүзім егілетін, жазы ыстық және құрғақ келетін аудандарда таралған.
Күресу шаралары: 1. Оидиум ауруына төзімді сұрыптар: шасла, алиготе, саперави, рислиң, матрасса, траминер, чарас.
2. Қыстаушы инфекция көзін анықтау және оны жоқ ету, жүзім түптерін жақсы желдетуге (аэрациялау) жағдай жасау, бұталарды шырпу, өгей бұтақтарды алып тастау және жапырақтарды сирету керек болады. Ауырған өркендерді кесіп алып тастау және оларды өртеп жіберу; өсімдікті фосфор-калийлі тыңайтқышпен тыңайту қажет. Жүзімдіктерді күзде және көктемде ИСО препаратымен бүркеу ұсынылады. Алдын алу шарасы есебінде: бірінші оидиум белгілері пайда болуымен; екіншіден өсімдіктің гүлдеу кезеңінде бүркеледі.
3. Жаңадан шыққан препараттардан: танос, строби, хорус, тиовит, топаз қолдануға болады.
Милдью (жалған ақ ұнтақ) - жүзімнің аса қауіпті ауруы. Қоздырушы - плазмопара (Plasmiparaviticola, қат. Preonosporales) тұқымдасының саңырауқұлағы тек жүзімде кездеседі. Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін зақымдап, сары-жасыл майлы дақтардың пайда болуын туғызады. Олардың бетінде қалың ақшыл-сұр зең - жыныссыз спора түзу - зооспоралары бар зооспорангийлер түзіледі. Ие өсімдіктің зақымдалған ұлпаларында саңырауқұлақ өзінің жыныс сатысын - антеридийлер мен оогонийлердің қосылуы нәтижесінде пайда болған ооспораларды бастайды. Ооспоралар суда немесе қатты ылғалданған топырақта ерте көктемде өсіп, зооспоралармен қатар, өсімдіктердің зақымдалуына қатысады.
Бұл аурудан, негізінен жүзімнің жапырақтары, жас өркендері, гүл шоғы, гүлі, жидектері, мұртшалары зақымдалады. Жапырақ бетінде ашық жасыл, сарғыш түсті, дөңгелек майлы дақтар пайда болады. Бірнеше күннен соң, ауа райы жылы және ылғалды болған кезде, жапырақтағы майлы дақтар үстін ақшылт-сұр ұнтақ өңездер қаптап алады. Құрғақ ауада мұндай ұнтақ болмайды. Жапырақтардағы дақтар бір-бірімен қослып, қоңыр пайда болады және жапырақ қурайды.
Өркендеріндегі дақтар созылыңқы, сұр түсті, қызғыш реңді болып, ылғалды ауада ақ ұнтақ қаптап алады. Бұндай өркендер қисайып иіледі, жапырақтары төгіліп түседі, соңында қурайды.
Жүзімнің шоқ жемістері түрлі кезеңде зақымданады. Жүзімнің гүлденгенге дейін және гүлденуден кейінгі зақымдануы өте қауіпті болады. Ауру жеміс шоғының барлық жидектерін қамтып алады және оны толық набыт етеді.
Ауру ооспоралары жапырақтарда қыстайды. Қыстап шыққан ооспоралар жапырақтар шіріп болғаннан соң, оның ұлпасына кіріп, топырақтағы температура 11°С-тан кем болмаған және ылғалды ауада өсіп шығады, өсімдіктің жас мүшелерін зақымдайды. Ооспоралардың өсіп шығу кезеңі 2-3 күнге және одан да көпке созылады.
Бірнеше күннен кейін жапырақтарда дақтар, одан біраз кештеу жапырақтың арқасында ақ ұнтақтар пайда болады, зооспорангиялы спорангий жіпшелері түзіледі, олардан 5-6 зооспора дамиды. Спора пайда етуші зооспорангийлер, самал немесе жаңбыр тамшыларымен жаңа жапырақтарға өтеді және өсімдіктің екінші рет зақымдануына себеп болады. Бұл үдеріс күзге дейін жалғасады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің физиологиялық үдерістері қалыпты жағдайынан ауытқып, жапырақтары мезгілінен бұрын түсіп, жидектері, жеміс шоғыры жансызданады.
Саңырауқұлақ тек қана жүзім өсімдігін зақымдайды. Аурудың дамуына ылғал ауа мен температура өте маңызды. Ооспоралардың өсуі үшін ауаның артықша ылғалдылығы немесе топырақты көп суғару, жаңбырдан соң жаппай өсе бастайды. Зооспорангийлер және зооспоралар тек су тамшыларында өседі. Ооспоралардың өсуі үшін минимал температура 11°С болып табылады. Саңырауқұлақтың дамуы үшін оптимал температура 20-25°С.
Ауа құрғақ және желді болғанда аурудың таралуы тоқтайды.
Күресу шаралары: 1. Ерте көктемде инфекцияның алғашқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz