Күріш дақылы жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қызылорда облысы Шиелі ауданы. Климаты.

2. Күріш дақылы жайлы жалпы түсінік.

3. Күріш аурулары және олардан қорғау шараларының жүйесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және . . . логия) - өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін кемітетін әдістер табу. Фитопатология жалпы биология, микробиология, генетика, селекция, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, өсімдік өсіру, топырақтану, ауыл шаруашылық метеорологиясы, экология, химия, физика, т. б. ғылымдармен тығыз байланысты. Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді. Жалпы фитопатология аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, оның індет (эпифиторий) түрінде пайда болуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді. Арнайы фитопатология белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зертте, оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады. Мысалы, ауыл шаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, әсемдік өсімдіктер фитопатологиясы, т. б. Фитопатологияда радиоактивті изотоптарды пайдалану, электрондық микроскоп, люминесценттік және рентген-құрылымдық талдау, кибернетика әдістері, молекулалық биология, авиация, ғарыш аспаптарымен спектрозольді суретке түсіру, т. б. пайдаланылады.

1. Қызылорда облысы Шиелі ауданы. Климаты.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы - Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. құрылған. Жер аумағы 34, 3 мың км². Тұрғыны 74, 8 мың адам (2004) . Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік және 15 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шиелі кенті. Ауданның аумағы3239755 га. Аудан жерлерінің санаты: ауылшаруашылық жерлер - 192540 га, елді мекендер жері - 61646 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га, орман қорының жері - 1663265 га, су қорының жері - 18545 га, бос жерлер - 1486543 га. Ауданның ауылшаруашылығы 2011 жылы барлық көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде І орын алып жылды қорытындылады. Жыл бойында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұқсату, өңдеу көрсеткіштерінен облыс рейтингісі бойынша аудан І орынмен қорытындылады. 2011 жылы ауданда 7 млрд. 731 млн. 678 мың теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 120, 6 пайызды құрап, 1 млрд. 318 млн. 891 мың теңгенің өнімі артық өндірілген. Ауданда өндірілген күріш көлемі есепті кезеңмен салыстырғанда 106, 7 пайыз, өңдеу көрсеткіші 100, 5 пайыз болып отыр. Ауданда егін шаруашылығы бойынша 2011 жылы 23967 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8400 гектар күріш, 1650 гектар бидай, 233 гектар тары, 160 гектар дәндік жүгері, 249 гектар мақсары, 56 гектар күнбағыс, 1624 гектар картоп, 1857 гектар бақша, 1180 гектар көкөніс егілсе, 2650 гектарға жаңа жоңышқа, 5736 гектарға ескі жоңышқа дақылдары орналасты. Жалпы егіс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 128 гектарға артық егілді. Оның ішінде күріш дақылының көлемі 64 гектарға артты. Аудан дихандары 2011 жылы 8400 гектар күріш дақылының әр гектарынан 45, 0 центнерден орта өнім жинап 37800 тонна, картоп дақылының әр гектарынан 205, 0 центнерден 33292 тонна, көкөністің әр гектарынан 175, 0 центнерден 20060 тонна, бақшаның әр гектарынан 200, 0 центнерден 37140 тонна өнім алды.

Климаты. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді. Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.

2. Күріш дақылы жайлы жалпы түсінік.

Күріш(Oryza) - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Күріш қолдан б. з. б. 2000 - 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар. Б. з. б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы - Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе Күріш (satіva) - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңдікке дейін кетеді) . Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Қызылорда облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы. Қызылорда облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңд. дейін кетеді) . Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Күріш сорттары. Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар. Қазақстанда көбірек таралғаны - Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты - Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш және күріш суы
Күздік бидай және қара бидай
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
Күріш дақылы
Күріш дақылының ауруларын анықтау
Күрішті өсіру, күту технологиялары
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Тары дақылының биологиялық ерекшеліктері
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz