Алма ағаштары және зиянкестері
1. Кіріспе
2. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи климаттық жағдайы
3. Негізгі бөлім
3.1. Алма ағашына сипаттама және сорттары
3.2. Алматы облысы, Панфилов ауданы жағдайында алма дақылына зиян келтіретін бунақденелілер
4. Алма зиянкестерімен күресу шаралары
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын бунақденелілер мен кенелердің жүзден астам түрлері белгілі. Зиянды бунақденелілер мен кенелер жеміс ағаштарының барлық мүшелерін (бүршігін, жапырағын, діңін, тамырын т.б.) зақымдайды. Әсіресе жеміс ағаштарына, соның ішінде алма ағашына зиян келтіретін бунақденелілерге: алма жемірі, алма күйе көбелегі, сақиналы жібек көбелегі, теңсіз көбелек, жапырақ бітелері, аламаның бүргешіркейі, жеміс кенелері және калифорниялық қалқаншалы сымыр жатады.
Көп қоректі зиянкестердің біршама түрі белгілі, олардың ішінде шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың, зауза қоңыздың, бұзаубастың дернәсілдері аса зияндылығымен ерекшеленеді. Бунақденелілер мен кенелердің басқа жеміс және жидек дақылдары нематодалармен, ұлулармен, тышқан тәрізді кеміргіштермен де зақымдануы мүмкін. Жеміс ағаштарын әр түрлі зиянкестермен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Панфилов ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды.

1.Жеміс шаруашылығы К.Ж.Аяпов, Г.А.Кампитова, Р.С.Мажитова: Алматы-2005
2.Практикум по сельскохозяйственной энтомологии/Под ред.Н.В. Бондаренко.-Л.: Колос, 1976.
3.Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Э. Энтомология. Алматы, Кайнар, 1994,336 б.
4.Торыбаев Х.Қ. Ашықбаев Н.Ж. Өсімдік карантині - Алматы, 2007

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи климаттық жағдайы
3. Негізгі бөлім
3.1. Алма ағашына сипаттама және сорттары
3.2. Алматы облысы, Панфилов ауданы жағдайында алма дақылына зиян келтіретін бунақденелілер
4. Алма зиянкестерімен күресу шаралары
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе
Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын бунақденелілер мен кенелердің жүзден астам түрлері белгілі. Зиянды бунақденелілер мен кенелер жеміс ағаштарының барлық мүшелерін (бүршігін, жапырағын, діңін, тамырын т.б.) зақымдайды. Әсіресе жеміс ағаштарына, соның ішінде алма ағашына зиян келтіретін бунақденелілерге: алма жемірі, алма күйе көбелегі, сақиналы жібек көбелегі, теңсіз көбелек, жапырақ бітелері, аламаның бүргешіркейі, жеміс кенелері және калифорниялық қалқаншалы сымыр жатады.
Көп қоректі зиянкестердің біршама түрі белгілі, олардың ішінде шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың, зауза қоңыздың, бұзаубастың дернәсілдері аса зияндылығымен ерекшеленеді. Бунақденелілер мен кенелердің басқа жеміс және жидек дақылдары нематодалармен, ұлулармен, тышқан тәрізді кеміргіштермен де зақымдануы мүмкін. Жеміс ағаштарын әр түрлі зиянкестермен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
2. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи климаттық жағдайы
Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы -- Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Панфилов ауданы -- Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 -- 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды.
Жер аумағы 10,6 мың км2.
* Халқы 115,6 мың адам (2004).
* Аудандағы 45 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген.
* Орталығы - Жаркент қаласы
Географиясы. Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі(1-сурет). Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері-Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар.
1-сурет. Алматы облысы, Панфилов ауданының географиялық картасы
Климаты. 8-10°С, шілдеде 20-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 -700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң.
Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі.
Халқы. Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (63,0 %) құрайды. Одан өзге ұйғыр (29,0%), орыс (5,4%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 10,9 адам. Ірі елді мекендері: Жаркент қаласы (33,4 мың адам), Көктал (11,2), Пенжім (5,3), Елтай (4,8), Үшарал (4,3), Үлкеншыған (4,5), Алтыүй (3,7), Қоңырөлең (3,4), Алмалы (3,0) ауылдары.

Жеміс ағаштары -- жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар. Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады. Діңгек -- жеміс ағаштарының ортаңғы бөлігі, ол тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағытта тік орналасады. Сонымен қатар діңгек тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерінің морфологиялық әрі функциялық байланыстарын қамтамасыз етеді. Діңгектің тамыр мойыншасынан бірінші тармақталған жанама бұтаққа дейінгі бөлігін -- сидам, сидамнан жоғары соңғы жылғы өскінге дейінгі бөлігін -- орталық жетекші, ал соңғы жылғы өсіндісін -- бойөркен деп атайды. Сидам биіктігі сорттың өсу күшіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: сидамсыз (40 см-ге дейін), аласа (40 -- 60 см), орташа (70 -- 100 см), жоғары (130 см-ден жоғары) сидамды. Жеміс ағаштарының бөрікбасы діңгекте орналасқан барлық жанама бұтақтар жиынтығынан құралады. Жеміс ағаштарынан Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасы (алма, алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.), жиделер тұқымдасы (жиде, тікенжиде), жаңғақтар тұқымдасы (грек жаңғағы), тұт тұқымдасы (тұт, т.б.) өсіріледі. Әсіресе, алма, алмұрт, шие ағаштарының маңызы зор. Солтүстік облыстарда алма ағашы, оңтүстікте мұнымен қоса алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жаңғақ өсіріледі. Бұлардың жемістері әрі тағам, әрі тамақ өнеркәсібінің шикізаты. Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштары құрамында қант, жаңғақ тәрізділерде май, тікенжидекте түрлі витамин көп.
Алма (лат. malus)- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12 шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Жеміс сорттарына тән биологиялық ерекшеліктерге: өнімді ерте, мол салуы, жақсы тіршілік етуі, суыққа төзімділігі, бөрікбастарының көлемдері, вегетативтік және жеміс беретін бұтақшаларының түрлері, жемістерінің дәмі, түсі және тағы басқа ерекшеліктері жатады. Осындай ерекшеліктеріне қарай Қазақстанда өсірілетін алма және алмұрт сорттары үш топқа бөлінеді:
- ерте өнім беретін сорттар - телітушісі тұқымынан көбейтілген сорттар, отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс салады, 10-12 жылда өнімді мол бере бастайды (Голден Делишес, Заря Алатау, Ренет Симиренко, Ренет Бурхардта, Заилийское т.б);
- орташа мерзімде өнім беретін сорттар- отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда өнім береді ( Апорт Александр, Апорт крававо-красный, Ренет Ландсбергский, Суйслеппер т.б);
- кеш өнім беретін сорттар- отырғызылғаннан кейін 10-12 жылда өнім бере бастайды, 18-20 жылда жемісті мол салады (Розмарин белый, Кандиль синап, т.б).
Жаздық алма сорттары:
Мелба- Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады.
Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі- орта есеппен әрбір ағаштан 75-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130 г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.
Пеструшка. Алматы облысында, ішінара республиканың оңтүстігіндс тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, мол өнімді (әрбір ағашы 300-350кг дейін жеміс береді), егілгеннен кейін 7-8 жылдан соң өнім бере бастайды. Жемісінің ірілігі орташа, жолағы бар, қызыл түсті келеді, дәмді, хош иісті болады. Тамыз айында піседі (2-сурет). Бұл кезде ерте пісетін сорт ретінде тасымалға қолайлы келеді.
2-сурет. Жаздық алма сорты (Пеструшка)
Күздік алма сорты:
Апорт ІІ (Апорт Александр және темно-красный Апорт)-Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7 -- 8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300 -- 400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500 -- 600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады. Бұл сорттың жемісі қыркүйек айының жартысында піседі, қаңтар - ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады (3-сурет). Мұндай сорттың жеміс ағаштарын желдің күйдіруінен қорғау керек болады. Бұл республикадағы жеміс ағаштарының ішіндегі ең бағалы сорттарының бірі. Ең жақсы тозаңданатын сорттар-Грушовка верненская, Зеленка, Ренет, Ландсбергский.
3-сурет. Апорт ІІ

Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын бунақденелілер мен кенелердің жүзден астам түрлері белгілі. Зиянды бунақденелілер мен кенелер жеміс ағаштарының барлық мүшелерін (бүршігін, жапырағын, діңін, тамырын т.б.) зақымдайды. Қатты зақымданған жеміс ағаштары әлсіреп дұрыс өспейді. Келесі жылдары олардың өнімі төмендейді.
Алма жемірі (Cydia pomonella) - жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды (4-сурет).
4-сурет. Алма жемірінің ересек көбелегі және жұлдызқұрты
Көбелектің өсімталдығы 100 жұмыртқадан жоғары. Оншақты күннен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1 - 2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ ұлпасына енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жемісіне көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25 - 30 күнге созылады. Осы мерзім ішінде әрбір жұлдызқұрт 3 - 4 жемісті зақымдайды. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады.
Қуыршақтану кезеңі басталған соң 10 - 15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымдалған жеміс түйнектері пісіп-жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымдалғандары сақтауға төзімсіз келеді. Алма жемірі жылына 1 - 3 ұрпақ береді.
Алма күйе көбелегі (Yponomeuta malіnella L.)-қабыршыққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының күйе көбелектер (Yponomeutіdae) тұқымдасына жатады. Солтүстік облыстардан басқа аймақтардың барлығында, әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктің таулы аудандарында және Батыс Қазақстан облысында қатты зиян келтіреді.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының үстіңгі беті күмістей ақ түсті және онда үш қатар болып орналасқан қара нүктелер болады. Артқы қанаттары күл түстес, жиектеріндегі шашақтары ақшыл. Қанаттарының өрісі 8 - 20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм-ге жетеді, түсі сарғылттау бас бөлімі қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер болады және олар екі қатар орналасқан. Пілләсінің түсі ақ, ал оның ішіндегі қуыршағы күңгірт сары түсті болады (5-сурет).
5-сурет. Алманың күйе көбелегінің ересегі, қуыршағы және жұлдызқұрты.
Алма күйесі жылына бір ұрпақ береді. Оның бір жастағы жұлдызқұрттары алма ағашының екі-үш жылдық бұтақшаларының қабағында қалқанша астында қыстайды. Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, тобымен жапырақ алақанының (тақтасының) арасына енеді де жас ұлпаларды кеміріп, қуыстар жасап қоректенеді. 8 - 10 күннен кейін жұлдызқұрттар қуыстан шығады да жапырақты сыртынан кеміріп жеп, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Сонымен қатар олар өрмек жіпшелерімен әуелі өздері зақымдаған жапырақтарды, одан соң бұтақшаларды шырмап, өрмек ұяларын жасайды.
Мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, өрмек ұялардың ішінде ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады. Қуыршаққа айналар кезде жұлдызқұрттар бір-біріне тығыз жабысып, шумақ-шумақ болып орналасады. Зиянкес жаппай көбейген жылдары әр бұтақтағы қуыршақтардың саны 100-ден асады.
Көбелектер ұшып шыққан соң, көп кешікпей-ақ жұмыртқалауға кіріседі. Ұрғашы көбелектер жұмыртқаларын 30 - 50 данадан топтап, алма ағашының 2 - 3 жылдық бұтақшаларына салады. Жұмыртқамен қатар сұйық зат бөлініп шығады. Ол ауада тез қатады да жұмыртқалардың үстін жауып тұратын қалқаншаға айналады. Қалқаншаның пішіні сопақша, ұзындығы 55 мм-ге жетеді. Бірнеше күннен кейін жұмыртқалардан жұлдызқұрттар шығады. Олар келесі жылдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz