Асбұршақ


Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. 1Асбұршақтың морфологиялық ерекшеліктері
1. 2Асбұршақты өсіру технологиясы
1. 3Асбұршақтың негізгі зиянкестері
1. 4Күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы өндірісінің бір саласы. Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылық өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасаумен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдермен негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдерімен енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы -жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы - маусымдық қалыпты жағдайларда тәуелділігі, өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі, өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдай жасауда далалық жұмыстардың топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп баптау, егінді жинау т. б. дер кезінде және сапалы іске асыру.
Өсімдік шаруашылығы мал шарушылығымен тығыз байланысқан: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарлығымен жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюына талап етеді.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды-дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары ж. б қарастырылады.
Қазақстанда соңғы жылдары өсімді шаруашылығы маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен өнімі келтірілген.
Өсімдік шаруашылығы барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдары (бидай, жүгері, арпа, күріш, сұлы, тары) үлесінде. Еліміздің жыл сайын 15 млн. га астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі. Дәнді астық дақылдарының ішінде барынша жоғары егістік аумағын бидай алып жатыр.
Астық емес дақылдарын елімізде майлы дақылдар кеңінен өсіріледі (күнбағыс, рапс, қыша, майбұршақ, мақсары ж. б) . Өсімдік майы тамақ өнеркәсібінде медицинада, техникалық және т. б мақсаттарында кеңінен пайдаланады. Соңғы жылдары, өсімдік шаруашлығы диверсификацияға байланысты, майлы дақылдардың егістік аумағы күрт өсті. 1996-2000 жылдары майлы дақылдар жыл сайын 371 мың га жерге өсірілсе, 2006-2007 жж ол көрсеткіш 715 мың га жетті, ал 2009 жылы-1, 0млн. га асты. Тиісінше майлы тұқымның жалпы түсімі мен өнімі де артты.
Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған.
Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабаны мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді.
Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1, 5-2, 0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т. б. ) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т. б. ) жапырылғыш, тұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т. б. ), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ) . Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады. Жемісі - әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т. б. ) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.
Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т. б. ) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме бұршақ, т. б. ) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа төзімділеу (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады.
Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәндібұршақ дақылдарының ішінде бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғаттық, т. б. орналасқан.
Асбұршақ - горох - Pisium - бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май, күлдік заттар мен дәрумендер (А, В, С ж. б. ) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т. б. ) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57, 4 мың/га) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz