Асбұршақты өсіру



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Асбұршақты өсіру технологиясы
1.2. Үрме бұршақ қоңызы
1.3. Қызылша қандаласы
1.4. Картоптың сабақ нематодасы
1.5. Қырыққабат қоңыр көбелегі
1.6. Асбұршақ зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Асбұршақ – бұршақтар тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Шыққан жері – Ауғанстан, Эфиопия, Үндістан. Асбұршақ көкөніс дақыл ретінде 18 ғ-дан кеңінен белгілі. Қазір дүние жүзінде 6 – 7 түрі бар. Қазақстанда егістік және далалық Асбұршақ өсіріледі. Асбұршақ суыққа төзімді, сабағы шөптесін, төрт қырлы, жайылмалы немесе тік бұтақты болып келеді, биікт. 15 – 250 см. Жапырағы күрделі, қос тілімді. Тамыр жүйесі – тік шашақты. Өздігінен тозаңданады, гүлдері ақ немесе күлгін түсті, жапырақ қолтықшасында орналасады. Тұқымы ірі, өнгіштігін 5 – 6 жылға дейін сақтайды. Жемісі – бұршақ. Жемісінің құрамында 20% құрғақ зат (белок, клетчатка, көмір қышқылы, күл, т.б.) бар. Сондай-ақ В1, В2, Р, С, витаминдері, фоли қышқылы, биотин және токоферол да кездеседі. Жемісі көктей, өңделген (консервіленген, мұздатылған) түрде пайдаланылады. Қазақстанның Жамбыл облысы, Қызылорда, Қостанай, Атыра облыстарында Асбұршақтың аудандастырылған сорттары (Қарағанды-1053, Өзбектік-71, мал азықтық-24, т.б.) өсіріледі.
Асбұршақ – Қазақстанда өсетін негізгі дәнді бұршақ дақылы, оның көлемі 130 мың.га. Ол бағалы азық-түліктілік және малшаруашылығы үшін жоғары ақуызды мал азығы болып есептелінеді. Асбұршақ азық-түліктік бағдарламада жарма есебінде кеңінен танымалы және одан ұн жасау үшін де пайдаланады. Асбұршақтың ұнын, бидай және күздік қара бидай ұндерының қоректіліктігін жоғарылату және дәмділігін жақсарту үшін 10% көлемінде қосып отырады. Асбұршақтың дәні ақуызға бай (26-30%, крахмалдың көлемі 48%, көптеген минералдық тұздар, витаминдер) бар. Асбұршақтың мал азықтылық маңызы зор. Оның дәні жақсы құрама жем. Асбұршақ жемін басқа жемшөптермен араластырғанда, олардың қоректіліктерін өте жақсартады. Асбұршақтың көк балаусасын жүгеріге, күнбағысқа қосқанда дайындалған сүрлемнің қоректілігі артады. Асбұршақ пәлегі және шөбі мал азықтылық сапасы бойынша бидайық және беде дақылдарының шөптерінен кем емес, ал көк балаусасы және шөптерінің өнімділіктері далалық шөптердің өнімдерінен көп есе артық болады. Жайлы жағдайларда асбұршақ дақылы өзінің өсу-даму кезеңінде топырақта, 1 га жерде 40-50 кг азотты жинай алады, сондықтан ол жақсы алғыегіс болып саналанады. Бұл дақыл ылғалдылығы жеткілікті аудандарда – республикамыздың солтүстік және шығыс облыстарында келешегі бар дақыл есебінде қолданыланады.
1.Сельскохозяйственная энтомология / Под ред. А.А. Мигулина.- М.: Колос, 1983, 416с.
2.Практикум по сельскохозяйственной энтомологии /Под ред.Н.В. Бондаренко.-Л.: Колос, 1976.
3.Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Э. Энтомология. Алматы, Кайнар, 1994,336 б.
4.Справочник по защите растений / Под ред. академиков НАН РК Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы, 2004, 320с.
5.Осмоловский Г.Е., Бондаренко Н.В. Энтомология. -Л., «Колос», 1980, 360с.
6.Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорняков /Под ред. Т.Н.Нурмуратова. - Алма-Ата, 1986.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Асбұршақты өсіру технологиясы
1.2. Үрме бұршақ қоңызы
1.3. Қызылша қандаласы
1.4. Картоптың сабақ нематодасы
1.5. Қырыққабат қоңыр көбелегі
1.6. Асбұршақ зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Асбұршақ - бұршақтар тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Шыққан жері - Ауғанстан, Эфиопия, Үндістан. Асбұршақ көкөніс дақыл ретінде 18 ғ-дан кеңінен белгілі. Қазір дүние жүзінде 6 - 7 түрі бар. Қазақстанда егістік және далалық Асбұршақ өсіріледі. Асбұршақ суыққа төзімді, сабағы шөптесін, төрт қырлы, жайылмалы немесе тік бұтақты болып келеді, биікт. 15 - 250 см. Жапырағы күрделі, қос тілімді. Тамыр жүйесі - тік шашақты. Өздігінен тозаңданады, гүлдері ақ немесе күлгін түсті, жапырақ қолтықшасында орналасады. Тұқымы ірі, өнгіштігін 5 - 6 жылға дейін сақтайды. Жемісі - бұршақ. Жемісінің құрамында 20% құрғақ зат (белок, клетчатка, көмір қышқылы, күл, т.б.) бар. Сондай-ақ В1, В2, Р, С, витаминдері, фоли қышқылы, биотин және токоферол да кездеседі. Жемісі көктей, өңделген (консервіленген, мұздатылған) түрде пайдаланылады. Қазақстанның Жамбыл облысы, Қызылорда, Қостанай, Атыра облыстарында Асбұршақтың аудандастырылған сорттары (Қарағанды-1053, Өзбектік-71, мал азықтық-24, т.б.) өсіріледі.

Асбұршақты өсіру технологиясы
Асбұршақ - Қазақстанда өсетін негізгі дәнді бұршақ дақылы, оның көлемі 130 мың.га. Ол бағалы азық-түліктілік және малшаруашылығы үшін жоғары ақуызды мал азығы болып есептелінеді. Асбұршақ азық-түліктік бағдарламада жарма есебінде кеңінен танымалы және одан ұн жасау үшін де пайдаланады. Асбұршақтың ұнын, бидай және күздік қара бидай ұндерының қоректіліктігін жоғарылату және дәмділігін жақсарту үшін 10% көлемінде қосып отырады. Асбұршақтың дәні ақуызға бай (26-30%, крахмалдың көлемі 48%, көптеген минералдық тұздар, витаминдер) бар. Асбұршақтың мал азықтылық маңызы зор. Оның дәні жақсы құрама жем. Асбұршақ жемін басқа жемшөптермен араластырғанда, олардың қоректіліктерін өте жақсартады. Асбұршақтың көк балаусасын жүгеріге, күнбағысқа қосқанда дайындалған сүрлемнің қоректілігі артады. Асбұршақ пәлегі және шөбі мал азықтылық сапасы бойынша бидайық және беде дақылдарының шөптерінен кем емес, ал көк балаусасы және шөптерінің өнімділіктері далалық шөптердің өнімдерінен көп есе артық болады. Жайлы жағдайларда асбұршақ дақылы өзінің өсу-даму кезеңінде топырақта, 1 га жерде 40-50 кг азотты жинай алады, сондықтан ол жақсы алғыегіс болып саналанады. Бұл дақыл ылғалдылығы жеткілікті аудандарда - республикамыздың солтүстік және шығыс облыстарында келешегі бар дақыл есебінде қолданыланады.(1-сурет)

1 - сурет. Асбұршақ

Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ - жаздық өсімдік, өсу-даму кезеңі 60-тан 120 күн аралығында. Асбұршақ суыққа төзімді дақыл. Тұқым +1-2˚ жылылықта өне бастайды, ал жалпылама өнуі +5+7˚болады, тұқымның өңгіштілік қуаты (84-96%) температура 20-25˚С болғанда көрінеді. Асбұршақтың өскіндері қайталымды суықтарды салыстырмалы түрде -5-7˚С-қа дейін шыдайды. Асбұршақ ылғалға өсу кезеңдерінде әр түрлі қарайды, бірақ ылғал сүйгіш дақыл. Асбұршақтың тұқымы бөрту кезінде өзінің салмағының 100-120% мөлшерінде ылғал сіңіреді. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп тілейді. Сондықтан, асбұршақ - ерте себетін дақыл болып есептелінеді. Асбұршақ топыраққа сондай жоғары талап қоймайды. Ең жақсысы бұршаққа жеткілікті мөлшерде фосфор, калий және ізбесі бар саздақ құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ асбұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы топырақ рН 6,8-7,4, бұларда түйнекті бактериялар белсенділігі жоғары. Асбұршақ қара-қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды. Асбұршақ - ұзақ күннің өсімдігі, бірақ кейбір түрлері оңтүстіктік қысқа күнде де жақсы өседі. Бұл - жарық сүйгіш өсімдік, қысқа мерзімде көп түрде көк балаусаны құрастырады. Солтүстік облыстарда оның өсіп жетілуі қысқарған түрде жүреді. Құрғақшылық жағдайларда бұршақты төмендеу орналсқан жерлерде, немесе суармалы жерлерде сепкен дұрыс.
Агротехника ерекшеліктері. Елімізде асбұршақты дәнді-парлы ауыспалы егісінде пардан кейінгі бидайдан соң екінші үшінші дақыл ретінде орналастырады. Өз тарапынан асбұршақ бидайға жақсы алғы дақыл болады. Оны бұршақ тұқымдас өсімдіктерден және бұршақтан кейін себуге болмайды. Асбұршаққа топырақты қайырымсыз құралмен өңдеген жөн. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайға дайындалатын технологияға ұқсас. Егістік үшін МСТ-қа сәйкестенген тұқымдарды қолданады. Себілетін тұқымдар екпестен бұрын жылы-ауалы әсер алады және ауруларға қарсы тұқымдарды дәрілейді. Асбұршақ фосфор-калийлік тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды, алайда әрбір жекелеген жағдайда тыңайтқыш енгізу нормасын есептеу жолымен анықтаған жөн.
Себу. Асбұршақ ерте пісетін дақыл. Жақсы себу әдістері - жалпылама, қарарлап және тарқатарлап себу. Еліміздің оңтістік облыстарында ерте пісетін дақылдармен бірдей, яғни ерте мерзімде сепкен дұрыс. Солтүстік Қазақстанда асбұршақты себудің оптималды мерзімі 20-27 мамыр, ал Шығыс Қазақстанда мамырдың бірінші онкүндігі.Себу мөлшері аймақтың ылғалдылығына байланысты: суармалы оңтістік және оңтүстік-шығыс облыстарда - 1,2-1,4, суарылмайтын ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда - 1,0-1,2, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ылғалдылығы жеткілікті жерлерінде - 0,9-1,2, ал далалық аудандарда - 0,6-0,8 млнга өңгіш тұқым.
Тұқымды сіңіру тереңдігі Солтүстік және Батыс Қазақстанның ауыр топырақтарында - 6-7 см, механикалық құрамды қара топырақтарда - 8-9 см, жақсы жағдайлы және суармалы жерлерде - 6-7 см.
Егістерді күтіп баптау. Сондай ластанған топырақтарда себер алдында және сепкеннен кейін де тырмалау керек. Суармалы аймақтарда құрғақшылық жылдары егістерді суаруды толықтай көктеу - гүлдеу кезеңдерінде, және сонымен қатар бұршақбастар пайда болғанда және дән толысу кезеңінде жүргізеді. Ластанған егістерде міндетті түрде түрлілік және сорттық отау жасайды. Қиынбөлінетін дақыл - пелюшка, оны асбұршақтық егістен бірінші рет шанақтану кезеңінде, екінші рет - гүлдену кезеңінде және үшіншісін - жинаудың алдында дән толысу кезеңінде жұлып тастау қажет.
Жинап алу. Асбұршақты жинаудың жақсы әдісі - бөлектеп жинау. Дестеге түсірудің оптималды кезеңі төменгі бұршақбастар күреңдене бастағанда. Шабу биіктілігі 5-6 см. Дәннің ылғалдылығы 14-15% болғанда, бастыруды жүргізеді
Үрме бұршақ қоңызы - Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae - дәнектер тұқымдасы).
Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы 3-3,5 мм, құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсіл денесінің түсі ақ, иілген, оны ұзын қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. (2-сурет) Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б. бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.

2-сурет. Үрме бұршақ қоңызы

Күресу шаралары. Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Алматы обылысы жағдайында күздік бидайдың қатты қаракүйе ауруымен күресу шараларын жетілдіру
Ас бұршақ пен май бұршақтың морфобиологиялық ерекшеліктері. Аудандастырылған сорттары
Бұршақты көкөністер
Асбұршақ
Белгілердің ажырау заңы
Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері
Бұршақты өсіру технологиясы
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Пәндер