Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
- Асқабақ дақылына зиян келтіретін бунақ денелілер
- Көкөніс және бақша дақылдарын қору шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бақша өсімдіктері - бағалы азықтық және диеталық өнім, оларға қарбыз, қауын және асқабақ жатады. Асқабақ - бір және көпжылдық шырмауық тұқымдастардың асқабақтар отбасына жатады. Олардың 20-ға жуық түрі бар, соның ішінде 3-еуі бақша өсімдіктеріне жатады: іріжемісті асқабақ, тығызқабықты асқабақ (қарапайым асқабақ) және бұлардың бір түріне кәді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып табылады. Асқабақ сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді, жапырақтары - ірі, жалпақтау болып келеді, гүлдері - сарғылт-қызыл түсті, бөлек жынысты болып келеді. Асқабақ жемісі өзінің тіл үйірер дәмімен, құрамында көмірсутегінің көп болуымен және емдік-диеталық қасиеттерімен бағаланады. Оның құрамында ақуыздар, каротин, C, B1, B2, PP дәрумендері, пектиндер өте көп. Пайдалы қасиеттері мен дәмін жоғалтпай, бір жылға дейін сақталады.
Асқабақ дақылы
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар) . Көкөніс дақылда-рының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
Сәбіз шыбыны - Psila rosae L. (Diptera отряды , Psilidae тұқымдасы ) .
Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7 мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде (пілләда), кейде көкөніс қоймаларында тамыр-жемістерде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр-жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілдің өсіп-жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымданған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4-тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім . . . » бойынша қолданады.
Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. (Arachnida класы , Acariformes отряды , Tetranychidae тұқымдасы ) . Өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0, 4-тен 0, 6 мм дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады және кенелер жолдың житегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы өрмек астына жұмыртқа (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайға байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.
Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдарды (қияр), аз зақымданатын (қызанақ) және зақымданбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда, өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғни жыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1м 2 алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу «Тізім . . . » регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет. Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою. Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 баллдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25%-ке дейін алып жатады) .
Жылыжайаққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw. (Homoptera отряды , Aleyrodidae тұқымдасы ) . Қиярды, қызанақты, бұрышты, салатжапырақтарын, бүлдіргенді және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Ересек ақ қанаттың сары денесінің ұзындығы1, 5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Біржастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз-ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы 0, 8-0, 9 мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар, үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Ұрғашылары ақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобымен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінде 10-20 данадансалады. Жұмыртқалары жапырпақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкі немес 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске енеді. Ұрықтықдаму 7-13 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері, одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымен қоректеніп, олардың өсуін қатты әлсіретеді. Қоюшырынды (қанттанған) сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды, олар жапырақтың фитосинтетикалық қызметін әлсіретеді. Сондай-ақ саңылаулары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады. 7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады. Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.
Күресу шаралары. Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру. Аз зақымданатын дақылдарды (қызанақ) өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштерімен есіктерін бір қабат дәкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанеркесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске бояйды, бұлар бунақ денелілерді тартады және оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды. Жәндіктер оған қонады да, жабысып қалады. Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатысында энкар зиялар жібереді. Тіршілік кезеңінде «Тізімге . . . » сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізеді.
Пияз шыбыны - Hylemyia antiqua Mg. (Diptera отряды , Muscidae тұқымдасы ) .
Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкі. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10 мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жіңішкерген. Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін (мамырдың екінші жартысында) ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ- тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет.
Пияздың ызылда қшыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды , Syrphidae тұқымдасы ) . Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.
Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары . Пияз шыбынымен күресу шараларына ұқсас.
Асқабақ дақылына зиян келтіретін бунақ денелілер
Бақша бітесі - Aphis gossypii Glov (Homoptera отряды, Aphididae тұқымда-сы) . Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды.
Бақша бітесі - Aphis gossypii Glov
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz