Бейнелеу өнерінің композиция заңдылықтары



1. Бейнелеу өнері және оның түрлері мен жанрлары.
2. Перспектива (тасадағыны көру) және оның негізгі заңдылықтары.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының қалыптасуына, өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға, көркем өнерпаздық қабілеттілікке және өнер саласындағы өнерпаздық дербестікке бағыттайды.
Б е й н е л е у ө н е р і - ақиқат көрінетін дүниенің бейнесін кеңістікте немесе жазықтықта көрнекті суреттейтін өнердің түрі. Бұл өнер басқа өнер салалары сияқты болмыстың көркем бейнесін адамның сезуінен туындайды.
Бейнелеу өнерінің сан ғасырлық даму тарихында төмендегідей түрлері мен жанрлары бөлініп шықты: 1. Живопись, 2. Графика, 3. Скульптура, 4. Сәндік - қолданбалы өнер, 5. Архитектура.
1. “Живопись” - бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалатын өнер шығармасы. Живописьтің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу) байланысты живопись техникасының түрлері мынадай болады: майлы бояу живописі, акварель, темпера, фреска, мозайка.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнерінің композиция заңдылықтары.
1. Бейнелеу өнері және оның түрлері мен жанрлары.
4. Перспектива (тасадағыны көру) және оның негізгі заңдылықтары.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының
қалыптасуына, өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстарды
эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға, көркем өнерпаздық қабілеттілікке
және өнер саласындағы өнерпаздық дербестікке бағыттайды.
Б е й н е л е у ө н е р і - ақиқат көрінетін дүниенің бейнесін
кеңістікте немесе жазықтықта көрнекті суреттейтін өнердің түрі. Бұл өнер
басқа өнер салалары сияқты болмыстың көркем бейнесін адамның сезуінен
туындайды.
Бейнелеу өнерінің сан ғасырлық даму тарихында төмендегідей түрлері мен
жанрлары бөлініп шықты: 1. Живопись, 2. Графика, 3. Скульптура, 4. Сәндік -
қолданбалы өнер, 5. Архитектура.
1. “Живопись” - бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының
беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалатын өнер
шығармасы. Живописьтің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын
материалдарға (бояу) байланысты живопись техникасының түрлері мынадай
болады: майлы бояу живописі, акварель, темпера, фреска, мозайка.
Майлы бояуды пайдалану Х ғасырдан, ал дәстүрге айналуы XV ғасырдан
басталды. Оны алғаш дәстүрге енгізушілер ағалы - інілі Нидерланд
суретшілері Ван Эйктер деседі. Олар қолданғандай, жеміс майына (жаңғақ,
зығыр) езілген ұнтақ бояулар тез кебеді, әрі ерекше ажарлы болып көрінеді.
“ А к в а р е л ь” - суда жеңіл езілетін, балға немесе желімге
араластырған бояумен салынған живопись түрі. Ол латынның “agua” - “су”
деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынған
шығармаларды білдіреді.
Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварельмен
салынған шығарманың ең басты қасиеті болып табылады.
“Т е м п е р а” сөзі бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да
бірдей білдіреді. Темпера бояуы жұмыртқаның сары уызына немесе басқа
желімдегіш материалға ұнтақталып дайындалады, бояу суда езіледі, бірақ
кепкеннен кейін жуылмайды.
“Ф р е с к а “ - бұл кеппеген дымқыл сылаққа сулы бояумен салынған
живопись шығармасы. Ол итальян тілінде “fresco” - “шикі”, “жаңа, жас” деген
сөзден шыққан. Фрескамен негізінен ғимараттың ішкі қабырғаларын, төбесін
әшекейлейді.
“М о з а й к а “ - табиғи түрлі-түсті тастардан немесе жылтырамайтын әр
түсті асыл шыны - смальта сынықтарынан тығыз құрастырылып, цементке не
арнаулы мастикаға бекітілген бейненің түрі.
Живопись жанрына жататындар: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық
картиналар. “Жанр” атауы “Qenre” - француз сөзі. Ол “түр”, “тек” деген
мағынаны білдіреді.
Живопись қолданылатын орындарына қарай: монументті (сұңғақ), станокты,
сәндік (декорациялы), театр, миниатюралы (нәзік сурет) топтарға бөлінеді.
2. “Графика” - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш, көмір,
қылқалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл
сөз гректің “grapho” “жазамын”, “сурет саламын” деген сөзінен шыққан.
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер, гравюралар, кітап
иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтері,
түрлі жарнамалар, маркалар жатады. Қағаз бетіне салынған литографиялар,
түсті графюралар, түрлі түсті қарындаш және бормен салынған суреттер де
графикаға жатады.
Г р а в ю р а (қырма) - таңдап алынған тақта бетіне (ағаш,
қатырмақағаз, линолеум, плексиглас, т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап
сурет салу өнері. Сурет ойылған тақтаны да, одан көшірілген басылым суретті
де осы атаумен атайды. “Гравюра” сөзі француздың “qrawer” - “ою”,
“нақыштау” деген сөзінен алынған.
К с и л о г р а ф и я - ағашқа салынған гравюра.
Л и т о г р а ф и я - тегіс гравюра. Суретші ойлаған суретін арнайы
тегістелген әк (известь) тасқа майлы тұшпен не қарындашпен салады. Сонан
соң сурет салынған тасты азот қышқылы ерітіндісімен өңдейді. Тастағы майлы
қарындаштың, тушьтың ізі қышқылды қабылдамайды. Керісінше литография бояуы
сурет салған іздерге жұғады. Міне осы әдіспен сурет қағазға басылады.
Иллюстрация - шығарманың мазмұнын баяндайтын сурет, ол - кітап
графикасының негізі.

Перспектива (тасадағыны көру)
Кез келген сурет сызық пен рең (тон) арқылы орындалады. Нәрсенің дұрыс
бейнеленуі - перспектива мен жарық немесе көлеңке заңдылықтарын жетік
білудің нәтижесінде болады.
Перспектива заңдылықтарын білу және қолдану, шынайы бейнелеудің маңызды
шарты. Сонымен перспектива дегеніміз, нәрсе әлемін көріп қабылдау мен
сәйкес бейнелеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол латынның “perspіcere”
“тасадағыны көре білу” деген сөзінен шыққан.
Перспективаның кейбір ережелері бұдан 2000 жыл бұрын болған екен. Оған
Везувий жанартауының атқылауынан қираған ежелгі Помпей қаласындағы тұрғын
үйлердің қабырғаларындағы салынған суреттер куә.
Тәжірибемен анықталған ережелер жиынтығын бақылау перспективасы деп
атайды. Ал, геометрияға негізделген перспективаның ғылыми даму жолы қайта
өрлеу дәуірінен басталады. Ол сызықтың перспектива деген атау алды.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі - қайта өрлеу дәуірінің
атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунелески. Бірақ алғаш
перспектива туралы шығарма жазып, осы ғылымның негізін қалаған итальян
суретшісі Пьеро Делла Франческа екені бізге мәлім. Оны зерттеу мен Паола
Учелло, Леон - Баттиста Альбертилер және осы дәуірдегі өмір сңрген басқа да
итальян суретшілері шұғылданған. Аты әйгілі Леонардо да Винчи да өз
еңбектерінде перспектива заңдылықтарын ашуға маңызды орын берген.
Перспективаның негізгі заңдылықтарына жататындар:
1. Сызықтық перспективаның заңдылықтары.
2. Ауа перспективаның заңдылықтары.
3. Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.
1. Сызықтық перспективаның заңдылықтары.
- Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель
емес сызықтар бір нүктеде түйіседі, бұл нүктелер әр уақытта көкжиек
сызығында жатады.
- Бақылаушы адамның көз деңгейінде жатқан көлбеу сызық әрдайым көкжиек
сызығы болып есептеледі.
- Көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтар төменнен жоғары қарай бір
нүктеге бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар -
жоғарыдан төмен қарай бір нүктеге бағытталады.
2. Ауа перспективаның заңдылықтары.
- Бақылаушыға жақын орналасқан нәрсенің түстері ашық, айқын, ал
алыстағы нәрсенің түстері солғын және жиынтық түс түрінде қабылданады.
- Жақындағы барлық заттың түстері қаз-қалпында қабылданса, алыстағы
түстердің ішіндегі біреуі басым түрде, қалғандары соған жақындау болып
көрінеді.
- Алыста тұрған өңі ашық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал
алыстағы өңі қараңғы заттардың түстері жақындағыға қарағанда ашықтау болып
көрінеді.
- Жалпы алыстағы дүние ортадағы тығыз ауа қабатының әсерінен көгілдір
тартып мұнартады.
3. Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.
- Жарық көзі мен бақылаушының арасында тұрған нәрсе өз түсінен қараңғы
болып көрінеді.
- Егер бақылаушы бақыланатын зат пен жарық көзінің ортасында болса,
онда заттың түсі өз түсінен жарығырақ болып көрінеді.

Ою-өрнек түрлері және олардың мазмұны.
1. Ою-өрнек.
2. Ою-өрнектің дамуына әсер етуші факторлар.
3. Ою-өрнектердің топтамасы (классификациясы).
Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз
қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі - ол қолданбалы өрнек
өнері.
Қолданбалы өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің
жеке түрі болып келеді. Үй-ішін, үй тұрмысына қажетті заттарын, ұлттық
киімдерді, тері бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-
өрнек салу.
Ою-өрнек салумен қатар ұлттық өнерде оларға бояу түстерін қолданудың да
өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы, ақ түс - әділдіктің, шындықтың,
тазалықтың; қара түс - жердің, берекенің; жасыл түс - көктемнің, жастықтың;
қызыл түс - күннің, оттың; сары түс - даналықтың, білімділіктің; көк түс -
судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.
Халықтың арасында әр түрлі қиыстыруларда кездесетін айқын стильге
келтірілген зооморфты (аң пішіндес), фигуралар бейнесін белгілі бір тәсілге
(стильге) келтіру арқылы алынған түрлі түсті өрнекпен қандай да бір заттың
әшекейленуі. Өрнек атауы латынның “ornamentum” - “әшекей” деген сөзінен
шыққан.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200-
дей түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз
тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз.
Қазақ ұлттық ою-өрнегі - өнер туындысы. Оның шығу тегі ежелгі тас
дәуіріне саяды. Тарихи деректерге берген талдау оның оның қалыптасып, дамып
отыруына бірнеше факторлар әсер еткенін байқатады:
1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, соның ішінде: мал,
егіншаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі, сауда - саттық т.б.
(Қошқар мүйіз, Мүйіз оюы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Композиция ұғымы
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
Бейнелеу өнерінің маңызы
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі
Станоктық кескіндемедегі композиция
Натюрморт
Оқушыларға рельефті композиция үйрету тәсілдері «жібек жолы» өлшемі 100х80, кескіндеме, кенеп, майлы бояу
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер