Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Кіріспе
I тарау Грамматикалық категория.
1.1. Грамматикалық категория туралы түсінік.
1.2. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы.
1.3. Грамматикалық категориялардың түрлері.
II тарау Септік, жақ, шақ, рай категориялары мен етіс категориясы.
2.1.Септік категория.
2.3.Жақ категориясы.
2.4.Шақ категориясы.
2.5.Рай категориясы.
2.6.Етіс категориясы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Грамматикалық категория түралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма түралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз байланысты болады. Бұндай дейтініміз мынадан:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, кайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді;
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Қандай бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы түралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері және т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы түралы I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы түралы да осыны айту қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине, мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мек формаларының жиынтығынан құралады.

Мазмұны
Кіріспе
I тарау Грамматикалық категория.
1. Грамматикалық категория туралы түсінік.
2. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы.
3. Грамматикалық категориялардың түрлері.
II тарау Септік, жақ, шақ, рай категориялары мен етіс категориясы.
2.1.Септік категория.
2.3.Жақ категориясы.
2.4.Шақ категориясы.
2.5.Рай категориясы.
2.6.Етіс категориясы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I тарау. Грамматикалық категория.
1.1. Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматикалық категория түралы ұғым грамматикалық мағына мен
грамматикалық форма түралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз
байланысты болады. Бұндай дейтініміз мынадан:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған
байланыссыз өмір сүрмейді, кайта оның элементі ретінде грамматикалық
категорияның құрамында өмір сүреді;
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық
мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-
бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы
немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын
да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік
категориясы түралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа
барыс, шығыс септіктері және т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана
септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық
жақ категориясы түралы I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана
әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы түралы да осыны айту
қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен
формасынан құралуы, әрине, мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның
мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың
мағыналары мек формаларының жиынтығынан құралады.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, оның жалпылаушы сипаты
болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды
білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Ал біртектес
грамматикалық мағыналар дегеннен әр басқа емес, өз ара шарттас, ыңғайлас,
бір сипаттағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық
шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер шақ түрінде көрмегенмен, шақтың
аталған түрлерінің мағыналары - әр тектес, әр сипаттағы мағыналар емес,
біртектес мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттағы
шақтық мағыналар әр түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы
грамматикалық шақ категориясы ретінде ұғынылады. Демек, дара грамматикалық
мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық
мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, өз ара ыңғайлас
грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығы
грамматикалық категория деп танылады.
Өз ара шарттас, ыңғайлас, бір сипаттағы формалардың әр қайсысын және,
осыған орай, олардың бірртектес мағыналарының әрқайсысын грамматикалық
категория деп есептеу грамматикалық мағына деген ұғым мен грамматикалық
категория деген ұғымның жігін жойып, бұларды бір-бірімен араластырып
жіберуге соқтырады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде біртектес
грамматикалық мағыналардың әрқайсысын грамматикалық категория деп есептеу,
осыдан келіп, ілік септік категориясы, барыс септік категориясы,
салыстырмалы шырай категориясы, күшейтпелі шырай категориясы, 1 жақ
категориясы, III жақ категориясы деп атау, сөйтіп, грамматикалық мағына
мен грамматикалық категорияны бір-бірімен араластырып жіберуі жиі
ұшырасады. Бұл жайында проф. А. И. Смирпішкіш былай деп жазды: ...атау
септік, ілік септік және т. б. көшпе, бірінші жақ, екінші жақ және т. т.
осылар тәрізді единицалар үшін категория деген терминді қолданбау
керек. Бұлай етсек, кагегория деген термин өзіндік сипатын, өзіне өте-
мәте тән, дәлме-дәл мағынасын жоғалтады. Өкінішке қарай, бұл термнин
осылайша қолдану өте-мөте етек алға кеткен
1.2. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Шақ категориясы, септік категориясы және т. б. грамматикалық
категориялар бар, бірақ I жақ категориясы, III жақ категориясы немесе
ілік септік категориясы, табыс септік категориясы дегендер болмайды.
Бұлар - дербес грамматикалық категориялар емес, грамматикалық категорияның
мазмұнына енетін грамматикалық мағына бар. Ілік септіктің немесе табыс
септіктің әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен формасы бар, бірақ бұлардың
бірде-бірі өздігінен грамматикалық категорияны, атап айтқанда, септік
категориясын жасай да алмайды, дербес грамматикалық категория ретінде
таныла да алмайды. Септік категориясы бір септіктің емес, күллі
септіктердің мағыналары мен формаларының жиынтығынан, қалыптасқан жүйесінен
құралады. Демек, жалпы септік категориясы дегенмен жеке нақтылы септік
дегендер бір емес, септік категориясы - жалпы құбылыста, жеке-нақтылы
септік - жалқы құбылыс. Жеке, нақтылы септікті, мысалы, барыс септігін
барыс септік категориясы деп атау жалқыны жалпыдан ажырата алмауға әкеп
соқтырады. Жалпы мен жалқы бірін-бірі жокқа шығармайды, жалқы бар жерде
ғана жалпы түралы сөз ете аламыз. Жалпының жалқы құбылыстардың бойында және
сол жалқы құбылыстар арқылы өмір сүретіні, жалқы құбылыстар арқылы
танылатыны сияқты, жалпы септік категориясы, жеке, нақтылы септіктер.
Мысалы, кемінде екі септік болған жағдайда ғана, грамматикалық категория
ретінде өмір сүреді, нақтылы септіктер арқылы танылады. Анығырақ айтқанда,
грамматикалық категория жалпы құбылыс болып саналады да, жалпының жеке
(жалқы) құбылыстарда өмір сүретіні және солар арқылы көрінетіні, танылатыны
сияқты, ол да (грамматикалық категория да) грамматикалық мағыналар мен
формалардан көрінеді, солар арқылы өмір сүреді. Керісінше грамматикалық
мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) құбылыс тар ретінде, қалай да болсын,
жалпыға, яғни грамматикалық категорияға ұласады. Бұл - бір. Екіншіден,
мұның өзі грамматикалық категория мен грамматикалық мағына бір-бірімен
тығыз байланысты болады деген тұжырымның дұрыстығын тағы да дәлелдей
түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалық құбылыс ретінде қаралатын септік
категориясы жалқылық сипаты бар жеке нақтылы септіктердің болуын аңғартады,
жеқе, нақтылы септіктер болған жағдайда ғана, грамматикалық категория
ретінде танылады.
Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы
грамматикалық мағыналар өз ара шарттас, бір-бірімен байланысты болады
Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өз ара шарттас, ыңғайлас,
біртектес грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-
бірінен айырмашылықтары да болады. Осыдан келіп, белгілі бір грамматикалық
категорияға енетін грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтары жайында
да, айырым жақтары жайында да сөз ете аламыз. Мысалы, грамматикалық жақ
категориясына енетін I жақ, II жақ, III жақты бір-бірімен байланыстыратын,
олардың басын қосатын жалпылама ортақ мағына - жақтық мағына. Бұлай
болмағанда, олар бір ғана ортақ атаумен (жақ деген атаумен) аталмаған болар
еді, жалпы жақ категориясы болмас еді. Сын есімнің шырай категориясының
мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырайдың басын
қосып біріктіретін, солардың бәріне бірдей ортақ жағы да, олар ды бір-
бірінен ажырататын айырым жақтары да бар. Жай шырай, салыстырмалы шырай
және күшейтпелі шырайдың бәріне бірдей ортақ белгі - сындық, сапалық
дәрежені білдіру болса, оларды бір-бірінен ажырататын белгі - сындық,
сапалық дәреженің біркелкі емес, әр түрлі болуы. Септік категориясының
құрамына енетін жеке септіктер есім сөздердің есімдерге немесе
етістіктерге қатысын білдіру жағынан ұқсасады, біртектес, бір ыңғайлас
болып келеді. Бұл - олардың басын қосатын, біріктіретін ортақ жағы. Ал
септіктердің әрқайсысы бір сөздің басқа сөзге әр түрлі қатысын, мысалы,
барыс септігі бағыттың қатынасын, табыс септігі" түра объектінің қатысын
білдіреді. Бұл — септіктердің бір-бірінен айырым жақтары. Жеке, нактылы
септіктердін бір-бірінен айырмашылықтары олардың біртектестігін,
ыңғайластығын, ортақ жағын жоққа шығара алмайды. Септіктер бір сөздің
екінші сөзге қатынасын білдіру жағынан біртек" тес, ыңғайлас келіп,
жалпылық сипаты бар грамматикалық категория — септік категориясына үласады.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, септік категориясы, жак категориясы, шақ
категориясы, рай категориясы, шырай категориясы грамматикалық категориялар
ретінде қаралады. Ал септіктердің әркайсысы, жак пен шақтын әрқайсысы,
шырайдың әр түрі — белгілі бір грам-матикалық категорияға енетін, сопы
құрайтын грамматикалық яағыналар. Біртектес грамматикалық мағыналардан бір-
бірімен байланысты қатарлар (связанные ряды) құралады да, өздерінің
формаларымен бірге грамматикалық категорияға ұласады.
Сөздің белгілі бір формасында бірден бірнеше грамматикалық
категориянық элементі ұштасып бас қосуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде
жазғыз деген бір сөздің формасының бойында төрт түрлі грамматикалық
категорияның элементі (бұйрық рай, екінші жақ, жекеше, өзгелік етіс) бар.
Бұған керісінше, бір грамматикалық категория әр түрлі формамен айтылуы
мүмкін. Мысалы, оқушыға, оқушыма, оқушысына деген зат есімдердің барыс
септік формалары тұлғасы әр түрлі аффикс арқылы айтылранмен, олардың
грамматикалық мағынасы әр басқа емес. Бұлардың бәрі де (-ға, -а, -на) бір
ғана аффикс — барыс септіктің әр түрлі тұлғалары. Түркі тілдерінде
күшейтпелі шырай синтетикалық тәсіл арқылы да (қып-қызыл), аналитикалық
тәсіл арқылы деп (өте қызыл) берілгенмен, ол әр басқа категория емес, бір
ғана категория (шырай) ретінде танылады. Демек, грамматикалық категория бір
ғана грамматикалық тәсілмен беріле ме, немесе әр түрлі грамматикалық
тәсілмен беріле ме, — мұның грамматикалық категорияның табиғатына, мазмұна
тигізетін әсері болмайды.
Грамматикалық категорияларда универсальды грамматиканың жалпы
категориялары емес, туыстас тілдердің тобынын немесе жеке тілдердін
грамматикалық құрылығынын басты ерекшеліктері көрінеді. Осы себептен
белгілі бір тілде немесе тілдердің тобында бар грамматикалық
категориялардың барлығынын бірдей баска бір тілде немесе тілдердің тобында
болуы шарт емес. Мысалы, славян тілдеріне тән грамматикалық вид категориясы
роман тілдері мен герман тілдерінде, мысалы, француз тілі мен неміс тілінде
кездеспейді. Түркі тілдерінде дербес грамматикалық категория ретінде
танылатын тәуелдеу категориясы славян тілдерінде жоқ. Грамматикалық род
(тек) категориясы орыс, неміс, француз тілдерінде және т. б. тілдерде
дербес грамматикалық категория ретінде ұшыраспайды. Роман, герман
тілдеріңде белгілі бір артикльдер арқылы айтылатын белгілік пен белгісіздік
категориясы (категория определенности и неопределенности) бірсыпыра
тілдерде дербес грамматикалық категория ретінде кездеспейді. Славян
тілдеріндегі грамматикалық вид категориясы роман, герман тілдеріне, мысалы,
француз тілі мен неміс тіліне тән емес: Индоевропа тілдері мен түркі
тілдерінде монғол тілдері мен фин-угор тілдерінде және т. б. тілдерде
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш.
Ал кейбір кавказ тілдерінде, бастауыш пен баяндауышпен бірге
толықтауыш та сөйлемнің түрлаулы мүшесі бола алады.
Бірсыпыра тілдерге тән белгілі бір грамматикалық категорияның өзі әр
басқа тілдерде әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін. Мысалы,
септік категориясы грамматикалық категория ретінде көптеген тілдерге тән,
бірақ оның грамматикалық-табиғаты да, сан-мөлшері де әр түрлі тілдерде
түрліше: араб тілінде үш септік болса, орыс тілінде — алты, қазақ тілін-де
— жеті, эстон тілінде — он бес септік бар. Грамматикалық етіс
категориясы көптеген тілдерде бар, бірақ онын өзгелік етіс (кауз-атяй) деп
аталатын түрі түркі тілдері мен грузин, латын, француз тілдеріне тән де,
славян тілдерінде кездеспейді. Орыс тілінде грамматикалық тек
категориясының (категория рода) үш түрі болса, француз тілінде онын. екі-
ақ түрі бар, онда тек категориясының аралық тек (средний род) деп
аталатын түрі жок.
Әр түрлі тілдердің бәріне бірдей тән, бәріне бірдей ортақ болып
келетін грамматикалық категориялардың түрлі тілдерде, жоғарыда аталып
өткеніндей, әр түрлі сипатта көрінуі грамматикалық категориялардың туыстас
тілдер тобының немесе жеке тілдердің әрқайсысының грамматикалык құрылысының
өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігін дәлелдей туседі. Демек,
әрбір тілдің немесе туыстас тілдер тобының грамматикалық категориялары тіл
біткеннің бәріне бірдей ортақ принципке емес, әрбір тілдің (немесе белгілі
бір туыстас тілдер тобының) грамматикалық ерскшелігіне, нақтылы тілдік
материалдарға негізделіп, соған сай белгіленіп айқындалуы қажет. Белгілі
бір тілдегі сөздердің өзгеруі м.ен сөздердің сөйлемде тіркесуінің жалпылық
жақтары сол тілдің грамматикалық категорияларының негіз болып табылады да,
ол жалпылық жақтар сөз таптары мен олардың грамматикалық
категорияларында, әр түрлі сөйлем мүшелерінде, сөйлемдер мен сөз
тіркестерінің алуан түрлі типтерінде түрліше байқалып отырады.
Мұнымен бірге, грамматикалық категориялардың ішінде көптеген тілдерге
бірдей тән грамматикалык категориялар да бар.Әрине, олардың (грамматикалық
категориялардың) түрлі тілдердегі көріністері түрліше болуы мумкін.
Дегенмен грамматикалык сан-мөлшер категориясының (категория числа),
септік категориясының, жақ категориясының, шақ пен рай категориясының, етіс
категориясының және т. б. кейбір грамматикалық категориялардың көптеген
тілдерге тән екендігін жокка шығаруға болмайды. Енді осы аталған
грамматикалык "категорияларға тоқталайық.
1.3. Грамматикалық категориялардың түрлері
Грамматикалық категориялар сөздердің белгілі бір лексика грамматикалық
топтарына телініп, солармен қатарласа өмір сүреді. Әрбір тілдің
грамматикалық құрылысында сөз таптары мен оларға тән грамматикалық
категориялардың арасында берік байланыс, заңдылықты сипаты бар арақатынас
қалыптасады. Сөздердің лексика-грамматикалық топтары ретінде саналатын сөз
таптары бір-бірімен топтасып біріккенде, өздеріне бір-дей тән, бірдей
ортақ, грамматикалық, категориялар бойынша топтасады, бірігеді. Мысалы,
орыс тілінде есімдер деп аталатын сөз таптарын бір топқа ендіріп,
біріктіруші қызмет атқаратын грамматикалық категориялардың қатарына тек
категориясы, септік категориясы және сан-мөлшер категориясы
(категория числа) жатады. Орыс тілінде зат есімдер үшін лексика-
грамматикалық категория болып саналатын тек (род) категориясы зат
есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде, септелетін есім-шелерде,
реттік сан есімдерде және етістіктің өткен шақ формаларында таза
грамматикалық мағынаға ие болады. Зат есімдер мен жіктеу есімдеріне катысы
жағынан лексика-грамматикалық категория болып табылатын сан-мөлшер
категориясы да зат есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде және т.
б. сөз таптарында таза грамматикалык. мағынаға ие болып, грамматикалық
категория ретінде танылады. Грамматикалык жақ, шақ, рай, етіс
категориялары; етістіктің кесемше, есіміне формаларынын және т. б.
түрлерінін басын қосады.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясының және т. б. грамматикалық
категориялардың тіл-тілде ұксас, жалпылама ортақ жақтары болумен бірге,
олардың (грамматикалық категориялардың) әрбір тілдегі немесе тілдердің
әрбір тобындағы нақтылы көрінісінде де, грамматикалық табиғатында да,
қолданылу өрісі мен шеңберінде де айырмашылықтар мен ерекшеліктер болады.
Бұл жерде мына бір мәселелерді алдын ала айкындап алу қажет: жоғарыда
аталып еткендей, бір тілде немесе тілдердің бір тобында бар белгілі бір
грамматикалык категорияның-басқа бір тілдерде немесе тілдердің басқа бір
топтарының бәрінде бірдей бола беруі шарт емес. Мұнымен бірге, тілдердің
көпшілігінде бар, соларға жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бар
екендігін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Көптеген тілдерде бар, солардың
бәріне бірдей жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың қатарына
грамматикалық сан-мөлшер категориясы, септік категориясы, жак категориясы,
шақ категориясы, рай категориясы, етіс категориясы енеді. Бұл категориялар
грамматикалық категория ретінде тілдердің бәріне немесе көпшілігінс тән
жалпылама ортақ белгісін сақтай отырып жеке, нақтылы тілдерде немесе
тілдердің топтарында әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде көрінеді. Мұнымен
бірге, жоғарыда аталған грамматикалық категориялар тіл-тілде әр түрлі сөз
таптарына икемделіп, теяінеді, солардың әрқайсысын сипаттайтын категориялар
ретінде танылады.
Грамматикалық категория атты ұғымнын табиғатын ашып
айқындай түсу үшін және грамматикалық категориялардың сөз
таптарымен ара-қатысын баяндау үшін, тілдердің көпшілігіне
тән, жоғарыда аталған жалпылама ортақ грамматикалың категориялардың
әрқайсысына тоқталу қажет.
Сан-мөлшер категориясы (категория числа). Тілдердің барлығына дерлік
тән, жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бірі — грамматикалық сан-
мөлшер категориясы. Қандай бір тілде сөйлейтін адамдар болсын, олардың
ертеден-ақ бір заттан көп затты ажырата білгендігі белгілі.; Даралық ұғым
мен кептік ұғымды бір-бірінен ажырату тілде өзінің көрінісін тауып, осыған
орай, тіл-тілде грамматикалық санмөлшер категориясы (категория числа) пайда
болған. Даралық (жекелік) ұғымы мен көптік ұғымы, әдетте, заттармен тікелей
байланысты болады да, осыған сәйкес, грамматикалық сан-мөлшер категориясы
әр түрлі тілдерде сөз таптарының ішінде зат есімдерге өте-мөте тән
категория ретінде ұғынылады. Мұнымен бірге, жекелік пен көптік тіл-тілде
есімдіктерге, онық ішінде әсіресе жіктеу есімдіктеріне тән. Грамматикадык
сан-мөлшер категориясы етістіктерге тікелей катысты болмай, оның қатысы
есімдіктер немесе зат есімдер арқылы ғана іске асады. Атап айтқанда,
етістіктер есімдіктермен (көбінесе жіктеу есімдіктерімен) немесе зат
есімдермен тіркесіп баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш кызметіндегі
есімдіктің немесе зат есімнін жекелік немесе көптік мағынада жұмсалу
ыңғайына бағынып, осыған орай, жекелік немесе көптік мағынаға ие болады.
Грамматикалык, сан-мөлшер категориясының әр түрлі тілдер үшін ұқсас,
жалпы ортақ жақтары мен белгілері, негізінен алғанда, жоғарыда
аталғандармен шектеледі де, мұнан әрі грамматика-лық сан-мөлшер
категориясының әр түрлі тілдердің иемесе тіл-дердіңәр түрлі топтарының
грамматикалық құрылысынын. ерекшеліктеріне тікелей байланысты айырым
жактары, өзіндік белгілері көрінеді. Мысалы, грамматикалық сан-мөлшер
категориясы көптеген тілдерде жекелік және кептік мағынасында көріне алса,
оның екілік (двойственное число) деп аталатын түрі бірді-екілі тілдерде,
атап айтканда, көне грек тілі, ежелгі орыс тілі, ежелгі индиялык санскрит
және казіргі араб тілінде кездеседі. Орыс тілінде тек жекеше түрінде
немесе тек квпше түрінде қолданылатын зат есімдер кездесе беретін болса,
орыс тіліне қарағанда түркі тілдерінде мұндай ерекшелік сирек ұшырайды.
Мысалы, орас тілінде студенчество, крестьянство, учительство, аспирантүра,
беднота, нефть, бензин, золото, серебро тәрізді зат есдер тек жекеше
түрінде қолданылса, очки, брюки, ножницы, весы, сливки; сутки, именины,
шахматы, сумерки тәрізді зат есімдер тек көпше түрінде қолданылады.
Әр түрлі тілдердегі грамматикалық сан-мөлшер категориясынын
морфологиясының табиғатында да ерекшеліктер бар. Славян тілдерінде, сонын
ішінде орыс тілінде, грамматикалық сан-мөлшер категориясының колданылу
өрісі түркі тілдерімен салыстырғанда, анагұрлым кең. Мысалы, орыс тілінде
зат есімдер гана жекеше, көпше түрде қолданылып коймай, олармен тіркесе
жұмсалатын сын есімдер де жекеше, көпше түрде қолданылады. Орыс тілінде сын
есім мен зат есім сөздердің тіркесінен құралған сөз тіркесінің зат есім
сыңары (аныкталғыш сөз) көпше түрде қолданылса, оның сын есім сыңары да
(анықтауыш сөз) көпше түрде жұмсалады (мына мысалдарды салыстырыңыз:
высокая гора — высокие горы). Сөйтіп, орыс тілінде зат есімдердің тобына
катысы жағынан, жоғарыда аталып өткеніндей лексика-грамматикалық категория
ретінде танылатын сан-мөлшер категориясы зат есімдермен тіркесе айтылатын
сын есімдерге кел-генде, таза грамматикалық магынаға ие болады. Ал түркі
тілдерінде мұндай тіркестердің кұрамындағы зат есімнен болган сыңарлар
(анықталғыштар) мейлі көпше түрде, мейлі жекеиіе тұрде қолданылсын, бұған
қарамастан, сын есімпен болған сыңарлар (анықтауыштар) әрдайым жекеше түрде
жұмсалады (мысалы: биік тау — биік таулар).
Орыс тілінде сын есімдердін жекеше, көпше болып ажыратылуының тек
формальды сипаты бар. Сын есімнің жекеше, көпше түрлері жекелік немесе
көптік мағынаны білдірудің емес, қиысудың формалары болып саналады. Мысалы,
орыс тілінде жекеше формадағы книга сөзі жекелік мағынаны (бір ғана
кітап) білдіріп, көпше формадағы книги сөзі көптік мағынаны (бірнеше
немесе көп кітап) білдірсе, сын есімнің толстый (толстая), толстые деген
жекеше, көпше формалары сапа-белгінің санын (аз немесе көптігін)
білдірмейді зат есіммен қиысудың формалары ретінде қызмет атқарады. Жалпы
алғанда, сандық ұғым — сапа, белгіге тән емес, затка, құбылысқа тән белгі.
Осылай болғандықтан бірсыпыра тілдерде. әсіресе сын есім мен зат есім
сөздердің байланысы олардың қатар тұрып қабыса байланысуы арқылы іске
асатын тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, сын есімдер көптік формасындағы
зат есімдермен, әдетте, көптік жалғауынсыз байланысады.
Кейде сан есімдердің де көптік формада қолданылатындары әр, бірақ
грамматикалық сан-мөлшер категориясы сөз табы ретінде қаралатын сан
есімдерге тән категория емес. Сырт қарағанда, мұның өзі қарама-қайшылық
болып көрінуі мүмкін. Ал егер сөз таптары мен грамматикалық категориялардың
арасың. дағы айырмашылықтарға үніле қарасак, мұндай қайшылықтың
тумайтындығын көреміз. Сан-мөлшер категориясы грамматикалық категория
ретінде ұғынылады да, грамматикалық форма, лармен берілетін сандық ұғым
нақтылы емес, өте-мөте жалпыда-ма түрде білінеді. Мысалы, көптік формасы
нақтылы санды емес, жалпы көп деген ұғымды білдіреді, оның қанша екенін
нақты түрде көрсетпейді. Ал әрбір сан есім белгілі бір, нақты санды
білдіреді. Мысалы, бес, он, жиырма, жүз, екі жүз және т. б. Осы тұрғыдан
келгенде, бір мен бестің арасындағы сандық айырмашылық кітап пен кітаптар
дегеннін, арасындағы айырмащылық тән мүлдем басқа екені байқалады.
Алдыңғысы — нақты айырмашылық та, соңғысы — нақты емес, дерексіз, жалпылама
айырмашылық.
Грамматикалық сан-мөлшер категориясының сан есімдерге тән категория
емес екендігі сан есімдерге, сонын ішінде есептік сандарға, көптік жалғауы
жалғанғанымен, көптік мағынаны емес, мүлдем басқа мағына — болжалды
мағынаны (мысалы: жасы алпыстарда; сағат алтыларда) білдіретіндігінен де
көрінеді. Егер жинақтық сан есім көпше формада колданылса, ол форма көптік
мағынаны білдіретін форма емес, қиысудың формасы ретінде танылады (мына
мысалдарды салыстырыңыз: үшеуіқ келдің — үшеулерің келдіқдер). Ал, егер сын
есімдер түркі тілдерінде көптік формада қолданылса, олар міндетті түрде
субстантивтенеді. Сын есімнің көптік формада қолданылғанда, міндетті түрде
субстантивтенуі грамматикалық сан-мөлшер категориясының өте-мөте зат
есімдерге тән категория екенін дәлелдей түседі.
Грамматикалық сан-мөлшер категориясы сөз таптарынык бі-рі есімдіктерге
де тән категория болып саналады. Жекелік және көптік мағынаға ие болатындар
— көбінесе жіктеу есімдіктері. Жіктеу есімдіктерінің ішінен түркі
тілдерінде I жақтык жіктеу есімдігінің (мен), орыс тілінде I және II жақтық
жіктеу есімдіктерінік (я, ты) жекеше түрі көптік формаға өздігінен ие бола
алмайды. Қазақ тіліндегі жіктеу есімдігінін, біз деген көпше формасы жіктеу
есімдігінің мен деген жекеше формасымен грамматикалық жақтан үйлес келетін
форма емес. Орыс тіліндегі мы, вы деген көпше формалар мен я, ты түріндегі
жекеше формалар грамматикалық жақтан өз ара шарттас, үйлес форма-лар бола
алмайды деген пікір бар. Егер мен деген жіктеу есімдігі I жақты білдірсе,
біз деген жіктеу есімдігі Менін көптігім-дЬ емес, мен жәнё тағы басқа
(басқалар) дегенді білдіреді Сонымен, біз деген есімдік мен деген
есімдіктен санның абстракциясы жағынан ғана емес, белгіленушінің айрықша
сипаты жағынан да ажыратылады. Алайда, көптіктің кез келген формасынын бір
ғана заттың көп рет қайталануын емес, біртектес заттардың көптігін
көрсететіндігін байқау қиын емес. Столы деген форманың белгіленушіге қатысы
жағынан мы деген формадан айырмашылығы жоқ
Есімдіктердің басқа түрлеріне сан-мөлшер категориясының сатысы жайында
мынаны айтуға болады: есімдіктер кай сөз табынын, орнына жүрсе, сол сөз
табына тән формалармен түрленеді. Осыған орай, зат есімдердің орнына
жүретін есімдіктер (жіктеу есімдіктері, өздік есімдігі, сұрау есімдіктері
мен белгісіздік есімдіктерінің кейбіреулері) жекеше түрінде де, көпше
түрінде де қолданыла алады.
Жекелік пен көптіктің магыналары етістік сөздерде өз алдына дербес
аффикстермен емес, көбінесе жақтық мағыналарды білдіретін жіктік
жалғауларымен беріледі. Етістік баяндауыштар бастауышпен жіктік жалғаулары
аркылы қиысады да, жіктік жалғаулары бастауыштық ыңғайына қарай әрі жактық
мағынаны, әрі сан-мөлшер мағынасын (жекелік не көптік мағынасын) қоса
білдіреді. Бұл айтылғандардын бірінші жаққа тікелей қатысы бар (мысалы; мен
бардым — біз бардық мен барамын — біз барамыз), ал екінші жақта жіктік
жалғауынан кейін көптік мағынаны білдіру үшін көптік жалкауы жалғанады
(мысалы: сен бардың (сіз бардықыз)— сендер бардықдар (сіздер барды-қыздар),
сен барасың (сіз барасыз)— сендер барасыңдар (сіздер барасыздар) және т.
б).
Грамматикалық сан-мөлшер категорпясы әр түрлі тілдерде түрлі-түрлі
тәсілдер арқылы беріледі. Кейбір тілдерде, мысалы, араб тілінде,
грамматикалық сан категориясының көпше түрі ішкі флексия арқылы берілсе,
африка тілдерінін бірі — хаус тілінде сөздердің қосарлануы арқылы, тибет
тілінде санды біл-діретін арнаулы сөздер аркылы беріледі. Грамматикалык сан-
мөлшер категориясы кытай тілінде көмекші сездер аркылы айтылса, түркі
тілдерінде және т. б. тілдерде арнаулы аффикстер арқылы айтылады.
Түркі тілдерінде басқа да көптеген тілдердегі сияқты, грамматикалық
сан-мөлшер категориясынын жекеше және көпше түрі бар. Түркі тілдерінде
сөздердін жекеше түрінің арнаулы Көрсеткіші жоқ, ал оның көпше түрі арнаулы
аффикс — көптік жалғауы (-лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер) арқылы
беріледі. Түркі тілдерінде көптік жалғауының морфологиялық варианттары жоқ,
фонетикалық варианттзры бар. Кейбір тілдерде белгіленетін заттардың жанды
(одушевленные) және жансыз (неодушевленные) болуына қарай, кетік жалғауының
формасы да әр түрлі болады. Мысалы, иран тілдерінің бірі — пушту тілінде
жанды заттарды белгілейтін зат есімдерге (мужской родтары жалеанатын
көптік жалғауының формасы (дауыссыз дыбысқа біткен сөздерден кейін) -ан
болса (У — туйе, ушан— түйелер, срй — қоян, сойан — қояндар),
жансыз заттарды белгілейтін зат есімдерге жалғанатын көптік жалғауының
формасы —уна (қор—уй, коруна — уйлер, буй — иіс, буйа на — иістер,
дэай — орын, дзайуна — орындар т. б.)
Түркі тілдеріндегі көптіктің көрсеткіші —лар аффиксінін шығу тегі әлі
айқындалмаған. Бұл аффикс ушінші жақтық жік„ теу (немесе сілтеу)
есімдігінің көпше түрінен (олар алар) пайда болған деген болжам бар.
Басқа да бірсыпыра тілдердегі тәрізді, түркі тілдерінде де көптіктің
қосарланған көпше (двойное множественное число) деп аталатын түрі
кездеседі. Қосарланған көпшенің бірінші элементі сөздің түбірімен бірге
басқа тілден енеді де, соңғысы түркі тілдерінің өзінің төл аффиксі болып
саналады. Мысалы, түрік тілінде пахырлар, кедейлер деген мағынаны
білдіретін fukarlar деген сөз — шығу тегі жағынан араб тілінін кепше
түріндегі fukar (жекеше түрі — fukar бишара, пахыр, кедей) деген сөзі.
Араб тілінде habib деген сөз дос деген мағынаны білдіреді. Мұның араб
тіліндегі көпше (ahbab) түркі тіліне енігі, оған қосымша тағы да
көптік жалғауы жалғанып (ahbarlar доcтар) қолданылады. Фарсы тілінде
vuslim (мусылман) —зат есімнін жекеше түрі де, müslüma — көпше түрі.
Фарсы тілінің көпше түріндегі осы сөзін түркі тілдерінде көпше түрінде
қолдану қажет болғанда, оған көптік жалғауы жалғанып, мұсылмандар түрінде
қолданылады. Көптіктің мұндай косарланған түрі тіл-тілде кездесе береді.
Мысалы, орыс тіліндегі рельс ағылшын тілінен енген. Ағылшын тіліндегі бұл
сөздің соңындағы -5 — көптік жалғауының формасы. Осылай бола тұрса да,
бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz