Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі: п. ғ. д., проф. Қ. А. Аймағамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Орындаған: 4 курс

студенті: Байбусынова Индира

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Ә. С. Әмірова

Алматы, 2008

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

I. Білім беру жүйесінде оқыту технологиясын енгізудің педагогикалық - психологиялық негіздері . . . 6-26

1. 1 Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні . . . 6- 18

1. 2 Педагогикалық технологиялардың классификациялық сипаттамасы . . . 18-26

ІІ . Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесіне ендіру . . . 27-44

2. 1 Жаңа педагогикалық технологияларды жүзеге асыру талаптары . . . 27-31

2. 2 Сабақта жаңа технологияларды пайдалану тәжірибесі . . . 32-44

Қорытынды . . . 45-46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47-50

Кіріспе

Елімізде оқытудың нәтижелілігі мәселесін шешуде педагогика, психология ғылымының соны жетістіктерін пайдалана отырып, әлем тәжірибесін игерумен байланыстыра шешуді көздеп отыр. Оқыту мен тәрбиелеуді ізгілендіруде басты мақсат бастауыш сынып оқушыларына жалпыадамзаттық, гумандық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, оны білім жүйелерінің жұмыс сапаларының өлшемі ретінде қарастырылады.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі қайта құрулар (өзгерістер), қазіргі заманда адамдардың ынта-ықыласын және шығармашылық әрекетін ескеріп, білімге және өмірге жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кезде адамның жаңа жағдайды бағдарлауы, түсінуі және оны өзгертуге атсалысуы басты мәселе болып отыр.

Осыған байланысты оқытудағы инновация көкейкесті мәселе болып отыр. Оқытудағы инновация қазір жаһандану үрдісімен әлеуметтік болмыс формалары және білімді кіріктірумен тығыз байланысты.

Бастауыш сыныптарда оқу-танымдық әрекетті әр оқушының мүмкіндігіне қарай тұлғалық-бағдарлы, нәтижелі-шығармашылық әрекетке құру қажеттігі, сонымен қатар, оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білгенде ғана мүмкін болатыны белгілі.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Біз жеткіншек ұрпағымызды бос белбеу тіршілікке емес, басқалармен бірдей бағын сынайтын нар тәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз лазым»-деген сөзін басшылыққа ала отырып, негізгі мақсат: білім жүйесін дамыту, ұлттық шаруашылықты басқара алатын жастарымызды тәрбиелеу, білім беруді нарық талаптарына сай өркендету. Осы айтылған мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды, қоғамның белсенді өкілі, жетекші тұлға-мұғалім. Елбасымыз мұғалімдерге халқымыздың ең қымбатты, қадірлі келешегі - жастарымызды баянды біліммен қаруландыруды, мінез-құлқын қалыптастыруды үлкен сеніммен тапсырып отыр.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде күнделікті іс-тәжірибелер, орта және жоғары мектептердегі оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өмірдің қойып отырған талаптарына сай келе бермейтіндігі кім-кімге де белгілі.

Мектепте енгізіліп жатқан әртүрлі жаңа әдістер мен эксперименттер ойдағыдай нәтиже бермеуде. Атап айтқанда оқыту жүйесіндегі дәріс беру және семинар өткізу әдісіне көңіл аударарлық балама табылмай отыр. Бұған оқу процесінің компьютерлік техникамен жеткілікті түрде жабдықталмауы және бұл салада оқытушылардың сауатының жеткіліксіздігі, сондай-ақ, оқу процесін мүмкіндігінше шынайы ғылымға жақындата алмауы да себеп болып отырған сияқты. Сол себепті өндірістің таяу уақыттарға бағытталған талаптарына сәйкес бағдарламалар, оқытудың жалпыға бірдей және арнайы курстарын қайта қарап, білімнің ғылыми-педагогикалық тұжырымдамасын құру қажет.

Оқушылардың оқу іс-әрекеттері мұғалімдердің дидактикалық жаңа амал-әдістерді қолдану жағдайындағы оқыту тиімділігін арттыру мен оқу процесін өз мәнінде ұйымдастырмау нәтижесінде оқушылардың оқу және мұғалімдердің оқыту уақытын тектен-текке жоғалтумен тиімді күрес жүргізу алдымызға қойылған келелі мақсаттардың бірі. Осы уақытқа дейінгі мектептерде білім беру жұмыстары жастарды жан-жақты дамытудан гөрі, олардың тек ғана білім алуы мен қабілетін арттыруға бағытталып келеді. Бұл жұмыстар оқушыларды білім мазмұнының байырғы дайын мәліметтерімен таныстырып түсіндіру әдісіне бағытталған.

Мектептерде ғылымның басқа тарауларынан берілетін білім мазмұнының педагогикалық теориясы технологиялық процесті іс жүзінде «теориялық биік деңгейде» жоғарыдан құрып беру мүмкін емес. Білім беру мазмұнының педагогикалық теориясын оқу процесі барысында, мұғалімнің күнделікті сабақ беруге дайындығы кезінде, оқытуға қажетті тақырыптың мазмұнын анықтап құруда технологиялық процеспен ұштастыру табиғи қажеттілік болып табылады.

Бұл аталған міндет, мәселелерді рет-ретімен әр түрлі деңгейлерде шешу, оқушыларды оқытуға бөлінген уақытты үнемдеу, олардың гигиеналық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне тікелей байланысты.

Оқыту процесіндегі жаңа технологияларды қолдану мәселесінде оқыту және тәрбиелік функцияларын орындап қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың күрделі, кешенді ғылыми-өндірістік, әлеуметтік-психологиялық білімдері мен дағдыларын керек ететін мүмкіндіктерін қайта құруға көмегі бар сапалық қасиеттерін қалыптастыратындай оқу процесінің жүйелі деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға қоғам талабына сай білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру мәселесі көптеген озық ойлы педагогтар мен психологтардың еңбектерінде көрініс тапқан. Өздерінің еңбектерінде олар әр түрлі педагогикалық технологияларды ұсынды. Олардың педагогикалық технологиялары өз заманындағы озық технологиялар қатарына жатқаны сөзсіз. Мысалы Я. А. Коменскийдің сынып-сабақ жүйесі, И. Г. Пестолоцийдің тәрбиелеу отырып оқыту техгнологиясы XX ғасырдың І жартысында С. Т. Шацкийдің, Н. И. Попованың, Сорокин-Росинский технологиялары, Л. В. Занков, Б. Эльконин, В. В. Давыдов технологиялары т. б.

Қазақстанда бұл мәселемен Қараев Ж. Бахишева С. Махамедова В. Әбдікәрімов Б. Ежетова К т. б. зерттеуде.

Дегенмен, өзіміздің зертеу тақырыбымызға байланысты бақылаған сабақтардың және оқытушылармен жүргізген сауалнама нәтижелері бұл мәселенің әлі де болса тәжірибеде толық өз шешімін таба қоймағанын байқатады.

Осы жағдайлар біздің зерттеу жұмысысыздың өзектілігін дәлелдей түседі.

Зерттеу объектісі: сабаққа жаңа технологияларды ендіру процесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда оқыту процесіне жаңа технологияларды ендірудің тиімділігі.

Зерттеу жұмысының мақсаты : педагогикалық технологияларға теориялық тұрғыда талдау жасап, оларды жүзеге асырудың әдістемесін көрсету.

Зертеу болжамы: жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесіне ендіру тиімді болады, егер:

  • мұғалімнің педагогикалық, әсіресе жаңа технологиялар туралы білімі болса,
  • сабақтың мазмұнына сәйкес жаңа технологияларды орынды пайдалана білсе;

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Педагогикалық технологиялар ұғымының мәнін ашу.

2. Жаңа педагогикалық технологияның классификациялық сипаттамасын көрсету.

3. Жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге ендірудің тиімділігіне көз жеткізу.

Зертеу әдістері: зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеп, талдау жасау, тәжірибеде қалай іске асып отырғанын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау жасау. .

Біздің зерттеу жұмысымыз кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысымыздың базасы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы М. Дулатов атындағы № 136 және М. Әуезов атындағы №128 орта мектептері.

I Білім беру жүйесіне оқыту технологиясын енгізудің педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 1 Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Бұрынғы кеңестік дәуірде туып-өскен адамдардың түсіне де кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп, өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген, іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға атсалысады. Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында білім сатысының орны ерекше екені айтпасақ та белгілі.

Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан процестерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білімі таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығар қорытынды: мектепке оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» да айқын көрсетілген. Онда « . . . Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау . . . Педагогтардың жұмыстарының нәтижесін ары қарай жетілдіру, ұлттық білім беру прцестерін оқу әдістемелерімен қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей бағыттарды ұсынады:

1. Базистік оқу жоспарының өзгерістерін ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету.

2. Жаңа буын оқулықтарын ендірудің нәтижелерін оқып-үйрену, оларды дидактикалық және ғылыми әдістемесімен қамтамасыз етуді жақсарту.

3. Білім беру мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру.

4. Білім берудің сапасын жақсарту, қазақ тілінде оқытылатын мектептерді жетілдіру және дамыту.

5. Білім берудің аймақтық стандартының дәрежесін көтеру және тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау.

6. Білім беру ұйымдарының аймақтық кешенді тәрбие бағдарламасын құру.

7. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету.

8. Білім және кәсіби мектептердің жасөспірім мекемелерін ұйымдастыруға бағытталған ғылымға негізделген жүйесін жасау.

9. Қызметтің мектептен тыс түрі мен әртүрлі сабақтан тыс түрлерін, қосымша білім беру мүмкіндіктерін зерттеу.

10. Білім беру мекемелерінде оқушыларды тәрбиелеуде әскери-спорттық және әскери-отаншылдық тәрбиесінің жақсы дәстүрлерін жандандыруына, дамуына бағытталып өткізілетін жұмыстарды ғылыми-әдістермен қамтамасыз ету.

11. Дарынды балалармен ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмыстарын, білім мекемелерін тұжырымдамалық, ғылыми-әдістемелік негіздермен қамтамасыз ету.

12. Білім беру жүйесін, аймақтық бағдарламаны тарату туралы хабардар ету.

13. Балалар мен жасөспірімдер, жеткіншектердің дұрыс өмір сүрулерін қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемеге негізделген жұмыс қажет».

Әлем елдерінің біразы бұдан қырық бес-елу бес жыл игерген әдіс-тәсілдер мен озық технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Мұғалімдер съезінде елбасы Н. А. Назарбаев «Қазақстанның болашағы -бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деген еді.

Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа педагогикалық технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі бұрын қалыптасып, бірақ көпшілігі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, зерттеліп, жинақталып, жетілдірілді.

Педагогикалық технология сөзіне түсінік беретін болсақ, «техно» - латын тілінен аударғанда «шеберлік», «іскерлік әдіс» -деген мағынаны білдіріп, оқыту шеберлігі деген сөзге ие болады. Ресейде педагогикалық технологияны толық зерттеп, әдебиеттерге енгізген академик В. Г. Беспалько болды.

Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В. П. Беспалько: «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдасқан, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

В. В. Воронов «Педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» - деп есептейді.

В. М. Шепель «Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, әдістердің жиынтығы, жағдайлардың өзгеруі»-, десе, М. Чашанов «Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деп анықтамасын береді.

В. М. Монахов «Педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту процестерін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деп түсіндіреді. Ал педагогикалық технологиялар дамуына ретроспективті тұрғыда көз жүгіртсек алғаш Ф. А. Фрадкина, Л. И. Богамолова, Е. Ю. Рогачева, С. И. Мезенцева, Н. Г. Осухова, М. Г. Плохова, Л. А. Кирсанова сияқты ғалымдардың зерттеу пәні болғанын байқаймыз.

Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірімен онша алшақтамайды, бірақ олар педагогикалық технологияның біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалануда, тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған оқытудың жаңа технологиясын мемлекеттік стандартқа, білімділік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технологияның негізгі даму кезеңдері ағылшын тілді елдерде 1960 жылдардан, Ресейде 1990 жылдардан, Қазақстанда 1993 жылдардан басталды.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның туу және қызмет ету процестерін зерделеп талдау және олардың маңызды құрылымдық элементтерін айқындау, ой елегінен екшеу құнды педагогикалық біліммен қаруландыруға мүмкіндік береді. Әрі педагогикалық технологияның мәнді сипаттарын, даму заңдылықтарын саналы ұғынуда маңызы зор әрекет. Сондай-ақ, ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін дәйекті талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойы ғылыми пікір таластардың басты нысаны болғанын айғақтайды. Бұл мәселе туралы қозғаған бірде-бір көрнекті ғалым кездеспейді екен. Сонау XVII ғасырдың өзінде-ақ Я. А. Коменский «Әрбір мұғалімдерді инструментарийді қолдана білуге үйретуге тиіспіз»- деген болатын. Қазіргі кезеңде дәстүрлі классикалық оқыту деп аталатын оның сыныптық-сабақтық оқыту технологиясы да өз кезеңі үшін зор жаңалық еді.

И. Г. Песталоццийдің де өз заманында педагогикадағы маңызды мәселенің бірі «Әрбір арнайы даярланған мұғалім кез-келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет»- деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Педагогикадағы «Шығармашылық педагогика» бағытының өкілдері Гансберг, Линде, Шаррельмандар болса, алдын-ала анықталған технологиялар мен балалардың қайталанбас тұлғасына ықпал ету керек деген көзқарастарға үзілді-кесілді қарсы болды. Олар қанша тұлға болса, сонша тәрбиелеу құралы мен әдісі болуы тиіс деп есептеді. Еркін тәрбиені насихаттаушылар да (Ж. Ж. Руссо, Л. Н. Толстой, И. И. Горбунов, және т. б. ) өз кезеңінде педагогикалық процесті технологияландыруға қарсылық білдіріп бақты.

Демек сол кездің өзінде-ақ оқытуды технологияландыруда бірыңғай көзқарастар болғаны анық аңғарылады. Сондай-ақ XX ғасырдың 1 жартысында С. Т. Шацкийдің, Н. И. Попованың, Сорокин-Росинский технологиялары кеңестік дәуірдегі соңғы құбылыстар деуге тұрарлық. Әр түрлі тұжырымдамалық негіздерге құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алады. Олар әр бала өмірін және еркіндігін құрметеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әр жақты дамыған тұлға қалыптсатыру принциптері.

Сондай-ақ педагогикалық технология XX ғасырдың 20 жылдары жедел қарқынмен дами бастаған педология ғылымы тұрғысынан қарастырылады. Оның төмендегідей ерекшеліктері айқындалған: (Ф. А. Фрадкин бойынша)

1) Бала дамуына әсер етуші ортаның тұрмыстық, табиғи, әлеуметтік факторларын жан-жақты зерттеу. Балалардың тектік, физиологиялық, психикалық, әлеуметтік ерекшеліктерін жеке-жеке зерттеу. Зерттеудің басты мақсаты - оқушы өмірінің, оның тәрбиесі мен әлеуметтенуінің әр жақты қырын бейнелеу;

2) Баланы табиғат әлеміне, еңбектік және қоғамдық қарым-қатынастарға қатыстыра отырып оның дүниетанымын байыту және дамыту;

3) Өмірді өзгерту. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу барысында мектепте алған біліміне, білігіне сәйкес микроортаны өзгерте отырып, оқушы әрекетінің әлеуметтік мәнді түрлерін игереді.

Педагогикалық технологияның педология ғылымы шегінде қалыптасқан осындай матрицасы сол кезеңде оқу-тәрбие жұмыстарды кеңінен қолдау тапты. Ал XX ғасырларда 30 жылдарды мәдени-тарихи тұжырымдама шегінде (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев және т. б. ) алдыңғыдан ерекше идея қалыптасып, педагогикалық технологияның жаңа матрицасын өмірге әкелді. С. Л. Выготский идеясы іс-әрекеттің психологиялық теорияларына (П. Я. Гальперин, А. Н. Леонтьев) негіздеген. Олар бала дамуы оқыту мен тәрбие әсерінен және тек солардың арқасында ғана жүзеге асады деген тың көзқарас еді.

Дамыта оқыту дегеніміз - бұл оқу процесінде оқушының ықтимал мүмкіндіктерінің толық іске асуына бағдарланған оқыту. Дамыта оқыту теориясы сонау Песталоцций, Дистерверг, Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негіздеген Выготский болса, кейінірек бұл теория Л. В. Занков, Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинская және т. б. ғалымдардың эскперименттерінде бүгінгі күнге дейін әрі қарай өзектік жалғасын тауып келеді. Мысалы, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов технологиясы - танымдық қызығушылыққа; Г. К. Селевко технологиясы - өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне; И. Г. Волков, Б. М. Неменский - шығармашылық қажеттілікке негізделген. [17 ]

Бұл технологиялардың бәрі де оқушылардың білімді меңгеруін ғана емес, оқу ақпаратын және білімді өңдеу амалын игеруін, олардың танымдық күштері мен шығармашылық қабілетін дамытуда маңызды деп есептейді. Алайда Ресей білім министрі 1986 жылы Л. В. Занков, Б. Эльконин, В. В. Давыдов технологиясын ресми түрде озық деп жариялады да, жоғары мәртебеге ие болды. Жалпы дамыта оқыту терминінің дүниеге келуі В. В. Давыдов идеяларынан басталады. Енді ғалым көрсеткен дамыта оқытудың бәріне ортақ 6 белгісін атап өтейік:

1. Дамыта оқыту педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты. Тұлға ұғымы - диагностикалық ұғым, өмірде өзгеріске ұшырап отырады. Мұнда ілгерінді даму анықталады. Ол дегеніміз - жеке бастың уақытқа орай дене және психикалық өзгеру процесі, онда тұлғаның кез-келген қасиеті ілгерінді түрде өсіп, толығады.

Тұлғаның қалыптасуы:

Тұлғаның ішкі дүниесінің өзгеру процесі, яғни даму ретінде; 2. «тәрбие», «әлеуметтендіру» ұғымдарының, яғни сыртқы факторлар әсерінен болатын өзгерістердің синонимі ретінде қолданады. Сондай-ақ тұлға дамуы жалпы диалектикалық заңдарға сәйкес болады. Бұл процестердің өзіндік ерекше қасиеттері бар. Олар: иманенттілік - латынның әр нәрсенің табиғатына тән қасиеті дегенді білдіреді; дамуға қабілеттілік - тұлғаның ажырамас сапасы, яғни адамдарға тән табиғи қасиеті; биотектілік - тірі ағзамен бірге жаралған тұлғаның психикалық дамуының негізі деп тұқым қуалаушылықтың биологиялық тетігімен анықталады; адам өзін-өзі реттеуші және басқарушы жүйе деп қарастырылып, даму процесінің осыларға тәуелділігі есепке алынады.

Жеке бастық: тұлғаның өзінше феномен ретінде қарастырылуы; кезеңділік; тұлға дамуының циклдік жалпы заңдылыққа бағынуы, яғни туу, өсу кульминациялық шекке жету, салу, өсу кезеңдерінен өтуі; қалыпсыздық және тұрақсыздық; жеке бастың қайталанбас ерекше болуы; әрбір тұлғаның өз ырғағымен жетілуі және өсу қайшылығына ұшырауы; тұлғаның жасы, оның дамуының сандық және сапалық мүмкіндіктерін анықтайды.

2. Дамыта оқытудың барлық заңдарын ескереді және жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшеліктеріне икемделіп сәйкестендіріледі. Оқыту дегеніміз - бұл адамдардың психикалық даму формалары және дамудың ең қажетті элементі. Кез-келген оқыту оқушы білімін байытады және дамытады. Сондықтан оқытуды дамудан бөліп қарауға болмайтын тұтас процесс. Дамыта оқытудың мақсаты аз, қысқа уақыт ішінде дамудың жоғары нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктерін, алғы шарттарды жоғарғы дәрежеде пайдалана отырып, дамудың алдында жүруі тиіс. Бұл тек дамыта оқытудың нәтижесінде ғана болмақ.

3. Дамыта оқытудағы педагогикалық ықпал тұлғаның тұқым қуалаушылық қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді және тездетеді. Дамыта оқытуда балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

4. Дамыта оқыту бала іс-әрекетінің толыққанды субъектісі болып табылады.

5. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас, яғни әр жақты дамытуға негізделген.

Ендеше дамыта оқытуды қысқаша мынадай формула түрінде беруге болады: ДО=ББД+АӘА+ТӨТ+ЭАС+ПӘС

Мұндағы ББД - білім, білік, дағды; АӘА - ақыл-ой әрекеті амалы; ТӨТ - тұлғаның өзін-өзі басқару тетігі; ЭАС - эмоционалды-адамгершілік сферасы; ПӘС - практикалық әрекет сферасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz