ХІХғ. 2-жартысындағы пайда болған лингвистикалық мектептер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Грамматикалық категория

Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдарымен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі:

1) грамматикалық мағына грамматикалық категориялардан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категориялардың құрамында өмір сүреді.

2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Қандай да бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы: бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы туралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері, т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы І жақтан басқа ІІ жақ, ІІІ жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осыны айту қажет. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады.

Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы грамматикалық мағыналар өзара шарттас, бір-бірімен байланысты болады. Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өзара шарттас, ыңғайлас, біртектес грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-бірінен айырмашылықтары да болады.

Грамматикалық категория бір ғана грамматикалық тәсілмен беріле ме, әр түрлі грамматикалық тәсілмен беріле ме - мұның грамматикалық категорияның табиғатына, мазмұнына тигізетін әсері болмайды.

Грамматикалық форма сөз таптары ішінде қаралады. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да беріледі.

Тіл білімінің тарихы

Тіл білімінің тарихы ерте замандардағы лингвистикалық көзқарастардан бастап қазіргі жеке тіл білімдерінің қалыптасуын, яғни көрнекті лингвистер еңбектеріндегі көзқарастар, түрлі лингвистикалық мектептер мен бағыттар,

ХІХғ. 2-жартысындағы пайда болған лингвистикалық мектептер.

ХІХғ. 2-жартысындағы тіл білімінің басқа ғылымдар жетістіктерімен байланысы (А. Шлейхердің натуралистік бағыты. А. Шлейхер концепциясының жетістіктері мен қателіктері. Г. Штейнталь концепциясы. )

Тіл білімі бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі - тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар ХІХғ. 2-жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады.

Натуралистік (биологиялық) бағыт

Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың негізін салушы - А. Шлейхер (1821-1868) . Зерттеушілер А. Шлейхердің биологиялық бағытта болуының 2 түрлі себебін атап көрсетеді: 1) лингвистикамен қатар ботаника және философиямен айналысуы; 2) сол дәуірде тіл мен ойлауға деген субъективті идеалистік көзқарастардың белең алуы. Сонымен қатар А. Шлейхерге Гегель философиясы мен Ч. Дарвин ілімінің қатты әсері болды.

Ботаник ретінде Ч. Дарвин іліміне бой ұрған А. Шлейхер тілдің қоғамдық-тарихи ролін ескерместен, тілдің дамуы тірі организм мен өсімдіктер дүниесінің өсіп-өнуімен салыстырады.

Философ ретінде Гегельдің «Тарих философиясы» еңбегіндегі өмірдің

2 кезеңі туралы «Феноменология духа» еңбегіндегі дамудың себебі абсолюттік идея мен абсолюттік рухтың табиғатта болуы дамуға негіз, кепіл болды, ол жоғалғанда даму тоқтады деген ойды тілдің даму заңдылығына әкеп таңды. Сөйтіп тілдің дамуының классикалық дәуірі тарихқа дейінгі 1-дәуір, 2-шісі құлдырау, құру дәуірі, яғни тарихтан кейінгі деп бөлді.

Гегельдің философиялық триадасы - тезис, антитезис және синтез деген үштік қатарын да тілдік құбылыстарға әкеп таңды. Мәселен, 1) тілдердегі морфологиялық (инкорпоративті) типті жоққа шығарып, тілдерді түбір, жалғамалы, қопармалы деп бөлді; 2) сөз үш құрамдас бөліктен (фонема, форма, функция) тұрады; 3) үндігерман (үндіевропа дегеннің орнына) тілдердің ата тілінде 3-ақ дауысты дыбыс (а, и, у) болған деп есептеді.

Ч. Дарвиннің тіршілік үшін күрес, тіршілікке бейімделгіштік және күшті түрлердің әлсіз түрлерді жойып өмір сүретіндігі туралы идеясын тілдердің дамуы мен жоғалуына әкеліп салды. Үндігерман тілдерінің басқа тілдерді ығыстыруын мысалға келтірді. А. Шлейхер тіл білімінде шовинистік идеяның да ұрығын септі. Мысалы, үндігерман тілдері басқа тілдерді ығыстыруда деп көтеріңкі леппен баяндап, В. Гумбольдт секілді, аморфты тілдер төменгі, агглютинативті тілдер ортаңғы, флективті тілдер жоғары сатыда дамыған деп есептеді.

А. Шлейхер - үндіевропа тілдері семьясының туыстық, генетикалық классификациясын жасауды ұсынған алғашқы лингвист. Бұл концепциясында да кемшіліктер болғанмен, кейінгі дәуір лингвистері басшылыққа алған принциптер баршылық.

Тіл біліміндегі психологиялық бағыт

ХІХғ. 2-жартысындағы лингвистикадағы ықпалды бағыттардың бірі - психологиялық немесе лингвистикадағы психологизм, тілге, сөйлеуге қатысты процестерді психологиялық тұрғыда талдау.

Тілге деген психологиялық концепция 2 бағытта дамыды: индивидуалдық (жеке адамдық) психологизм және әлеуметтік (коллективтік, халықтық, ұлттық) психологизм.

Психологизм бағытының ірі өкілдері - Гейман Штейнталь (1823-1898), Мориц Лацарус(1824-1903), Вильгельм Вундт(1832-1920), Александр Афанасьевич Потебнялар(1835-1891) .

Гейман Штейнталь - Берлин университетінің профессоры, жалпы тіл білімі бойынша В. Гумбольдттың, психология бойынша Гербартың ізбасары.

Мориц Лацарус екеуі 1860 жылы «тіл білімі және халықтар психологиясы» журналын ұйымдастырып, өздерінің психология мен тіл туралы идеяларын осы арқылы жария етті. Өз еңбектерінде логикалық грамматика мен шлейхерлік биологизмге қарсы шығып, өздерінің халық психологиясын зерттеуде жеке адам психологиясы, қоғам мен адам қоғамы деген мәселелерді қойды. Халық психологиясын ашу үшін адам рухын, адам рухының қоғамға, табиғатқа және тарихқа қатынасын қарастыру керек деді.

Штейнталь сонымен қатар тілдің шығуы, тілдерді классификациялау туралы және тіл білімінің тарихы, тіл философиясы жөнінде еңбектер қалдырды («Тілдерді классификациялау- тіл туралы идеялардың дамуы», «Логикаға негізделген грек және римдіктерден басталған тіл білімінің тарихы», «Тіл философиясы») .

Тіл философиясындағы психологиялық бағыттың дамуында ерекше із қалдырған- көрнекті неміс философы және психологы Вильгельм Вундт(1832-1920) . Вильгельм Вундттың Гейман Штейнталь мен Мориц Лацарустан ерекшелігі - тілді әлеуметтік психология тұрғысынан қарастыруы. Вундт лингвистикамен арнайы айналысқан ғалым емес, тіл мәселелерін психологияға арналған еңбектерінде сөз етеді. 1888 жылы (Халық психологиясының мақсаттары мен жолдары туралы» деген 10 томдық еңбегін бастайды. Оның алғашқы екі томында тіл мәселелері, яғни тіл дыбыстары, олардың өзгеруі, сөз тіркесі, сөз формалары, сөйлем, мағынаның өзгеруі, тілдің пайда болуы деген мәселелер қарастырылған

ХІХ ғ. тіл біліміндегі бағыттар
Негізін салушылар, өкілдері
Ұстанған принциптері
ХІХ ғ. тіл біліміндегі бағыттар:
Негізін салушылар, өкілдері:
Ұстанған принциптері:
ХІХ ғ. тіл біліміндегі бағыттар:
Негізін салушылар, өкілдері:
Ұстанған принциптері:
ХІХ ғ. тіл біліміндегі бағыттар:
Негізін салушылар, өкілдері:
Ұстанған принциптері:

Тест сұрақтары

  1. Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның бірден-бір міндеті деп жариялағандар

а) натуралистер

б) индивидуалистер

в) әлеуметтік психологизм өкілдері

г) жас грамматистер

д) структуралистер

  1. Ақиқат бар нәрсе - индивидиумдар тілі ғана дейтін қағидалар иесі

а) натуралистер

б) индивидуалистер

в) социолингвистер

г) сөздер мен заттар мектебі өкілдері

д) структуралистер

  1. Халық тілі, біртұтас ұлт тілі дегенді жалған сөз деп, тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығарушы лингвистикалық бағыт өкілдері

а) жас грамматистер

б) натуралистер

в) әлеуметтік психологизм өкілдері

г) глоссематиктер

д) индивидуалистер

  1. Әлеуметтік психологизм теориясының негізін қалауцшы

а) А. Шлейхер

б) Л. Блумфилд

в) В. Гумбольдт

г) Г. Пауль

д) Г. Штейнталь

  1. Индивидуалистік психологизм бағытындағы ең көрнекті өкіл

а) Ф. Де Соссюр

б) М. Лацарус

в) Ш. Балли

г) Г. Пауль

д) Г. Штейнталь

  1. Ежелгі дәуір лингвистикасындағы күрделі проблеманың бірі

а) таңбаларды дұрыс сипаттау проблемасы

б) тілдің жүйесін қарастыру проблемасы

в) тіл және сөйлеу проблемасы

г) тіл философиясы проблемасы

д) ат қою проблемасы

  1. Ат қою теориясын қалыптастырған ғалым /Қытайда/

а) Ф. Де Соссюр

б) Конфуций

в) Сепир

г) Панини

д) Яски

  1. Тіл білімі тарихындағы бізге жеткен тұңғыш сипаттамалы грамматикалық еңбек

а) Аштадхьяи

б) Веда

в) Эрья

г) Илиада

д) Кратил

  1. Лингвистика тарихында әр түрлі тілдер фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек

а) Хомус

б) Веда

в) Түркі тілдерінің сөздігі

г) Араб тілі грамматикасы

д) Грек тілі қазынасы

  1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың бірі

а) Гримм

б) Лейбниц

в) Бопп

г) Шлегель

д) Постеллус

Жас грамматистер бағыты

ХІХғ. 2-жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы (Тілді басқа ғылымдар жетістігімен байланыстыра зерттеу - ХІХғ. 2-жартысындағы тіл білімі дамуының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Жас грамматикалық мектеп және оның тілді зерттеу принциптері)

ХІХғ. 60-жылдарында компаративистика тығырыққа тірелді. Ф. Боптың салыстырмалы-тарихи әдіспен, В. Гумбольдттың тілдің глоттогоникалық құрылысын «тірілте» алмауы, А. Шлейхердің ата тілді идеализациялауы, жалпы айтқанда, тіл теориясын абстракциялау мен философиялау лингвистиканың практикалық міндеттерін шеше алмайтын болды. Барлық ғылым салаларында зерттеудің нақты әдістерін қолдану белең алды. Бұл проблемалар лингвистика тарихында нақты тіл немесе тілдер тарихындағы эмпирикалық(практикалық) сауалдармен, яғни материалдық, дыбыстық, формалық деректермен айналысуды талап етті. Сондықтан да фонетиканы және сөйлеу процесін экспериментальдық аспектіде зерттеуге деген бетбұрыс тіл білімінің акустика, физиология және психологиямен байланыста қарастырылу қажеттілігін тудырды.

Жас грамматистер өздеріне дейінгі аға лингвистерге бірден қарсы шығып, қатты сынға алды. Олар Лейпциг университетінің оқытушылары болғандықтан, «Лейпциг тіл білімі мектебі» деп те атайды. Олар өздеріне дейінгілерді- «сасық қапаста ата тілді мүсіндеушілерді»- тастап, жаңа жол іздейміз деген албырттықтарын неміс лингвисі Царнке әжуалап «жас грамматистер» деп атады. «Жас» деуінің бір себебі бұл ғалымдар алғашқы еңбектері жарық көргенде отызға жетер-жетпес жастағы жігіттер болатын.

Жас грамматистер мектебінің негізін салушылар: Карл Бругман(1849-1919), Герман Остхоф(1847-1909), Герман Пауль(1846-1921), Бертольд Дельбрюк(1842-1922), Август Лескин(1840-1916) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас грамматикалық бағыт
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарының қалыптасуы
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақ тілі
ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Ежелгі дәуір тіл білімі
Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Қазан лингвистикалық мектебі
XІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz