Беттестіру--- жауап алудың ерекше бір түрі және оның психологиялық ерекшеліктері


Мазмұны

Кіріспе . . . 2-3

1. Бөлім . Криминалистикалық әдістегі жауап алу тактикасының түрлері

олардың ұғымы мен мәні.

  1. Жауап алудың түсінігі және оның маңызы4-11

1. 2 Жауаптың қалыптасу кезеңдері . . . 12-25

1. 3. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары . . . 26-36

2 Бөлім. Беттестіру тактикасының психологиялық ерекшеліктері

  1. Беттестіру тактикасы - ерекше қарым-қатынас түрі . . . 37-41
  2. Беттестіру тактикасын өткізудегі кеңістік - уақыттық дәйектілік . . . 42-57
  3. Беттестіру тактикасында тактикалық және психологиялық

әсер ету мүмкіндіктері . . . 58- 61

  1. Беттестіру тактикасы кезінде психиологиялық әсер ету механизмдегі әдістер . . . 62-66

Қорытынды . . . 67-68

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 69-73

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғандықтан, оның ең қымбатты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пен жан- жақты тәуелділіктен кейін қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы маңызды заң қабылданғаны белгілі. Осыған сәйкес қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігінде орын алатын негізгі қағидалар бекітіп берді. Мәселен, кінәлі азаматтар мен айып тартылған қылмыскердің құқықтарын қорғау басты мәселе болып табылады. Көрсетілген конституциялық құқықтар мемлекеттің барлық салаларына маңызы зор. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзектілігін түсіне отырып, қылмыстық сот ісін жүргізу өрісінде маңыздылығы арта түскенін білеміз.

Жасалған қылмыс үшін тұлғаны айыпты деп тану, тек сот құзыретінде болса да, істің сотта әділетті шешілуі, алдын ала тергеудің жан-жақты дұрыс өтуіне байланысты. Қазіргі таңда, істі тергеуде, тергеушілерге идеологиялық ғана емес, сонымен қатар, саяси және әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының қылмыс жағдайы едәуір өсуде. Тіркелген қылмыстар саны алты пайызға дейін көтерілді. Әсіресе, қасақана қылмыстар, қарақшылық, пәтерлік тонау және басқа да ауыр қылмыстар көтерілуде. Нашарқорлыққа байланысты қылмыс үш есе өсуде.

Алдын ала тергеу жұмыстарының сапалы өтуі қарастырылған мәселелердің өзектілігі болып табылады. Прокурорлық қадағалау кезінде, прокурордың істі қайта қарастыруға жіберу мәселесі, тергеу органдарының квалификациялық жағдайын айқын көрсетеді. Тергеуде істің мән - жайларының дұрыс ашылуы, сот отырысында істің әділетті түрде шешілуін қамтамассыз етеді.

Осы мәселелерді шешу үшін, құқық қорғау органдарының алдын ала тергеу жұмыстарының күнделікті теориялық және практикалық өтілдерін квалификациялауда жаңа әдістер қолдану қажет.

Алдын ала тергеу барысында маңызды рөлді жауап алудың ерекше бір түрі - беттестіру атқарады. Іс жүргізудің тактикалық және психологиялық қатынасында беттестіру тергеу әрекеттерінің ең қиыны болып табылады.

Беттестіру, қарастырылып жатқан істің ашылуына елеулі, кейде шешуші рөл атқарады. Беттестіру жауап алуда бірнеше айтылған ойлардың дұрысын табуға көмегін тигізеді. Жалпы айтқанда, істің ақиқат туындысын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы, осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдаудың негізі болып табылады. Жазылған дипломдық жұмыста қозғалған мәселелрдің маңыздылығы сөзсіз. Оның теориялық дайындық деңгейі, практикалық жұмыстың қорытындысына байланысты болғандықтан, оның теориялық және практикалық мәнін түсіндіреді.

1 Бөлім . Криминалистикалық әдістегі жауап алу тактикасының турлері

олардың ұғымы мен мәні.

  1. Жауап алудың түсінігі және оның маңызы.

Бүгінгі кұні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер куәләрдің, жәбірленушінің берген жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жаупа алу сияқты тергеу әрекеттеріне мұқият назар аудару қерек.

Жауап алудың тарихы ертеден бастау алған. Әрине ол замандарда жауап алудың тәртібі заңмен реттелдмеген, бірақ адамзат тарихының дамуы барысында барлық қоғамдық қатынастар, сонымен қатар жауап алу да заңмен реттелуді қажет еткен.

Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жұргізу кодексінде жауап алудың процессуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын көрсетілген.

Жауап алу тергеу әрекеті дәлелдемелерді жинаудың ең көп таралған тәсілі және жауап алу күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады: оны жұргізу тергеушіден жалпы және кәсіби мәдениеттілікті, адамдардың психологиясын білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін жоғары деңгейде меңгеруін талап етеді.

Жауап алу арқылы жасалынған қылмыстың мән жайлары жөнінде қажетті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты шау мақсатында пайдалынады. Іс жұргізу мақсатына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудын саналуан айла тәсілдері бар, бірақ жауап алу қатаң түрде заңда көрсетілген тәсіл бойынша жұргізілуі тиіс. Қылмыстық іс бойынша мұмкіндігінше неғүрлып әрі барынша көп, әрі маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру ұшін жауап алағанда барынша тиімді, ыңғайлы тактикалық тәсілдер қолданылып жұргізіледі. Дегенмен ол қаншалықты тиімді болғанымен заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі тиіс.

Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК 115-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып заңды жолмен алынған фактілік деректер саналады, оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін қажетті басқа да мән-жайларды анықтайды.

Істі дұрыс шешу үшін қажетті фактілік мәліметтер жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне берілген түсініктеме (комментарий) дәлелдеме - адамнан шығатын мәліметтер ретінде және зерттелетін жағдайды көрсететін, материалдық заттардағы із түріндегі өзгерістер қарастырылған. Мұнда дәлелдеменің фактілік мәліметтер екендігі нақты айтылып отыр және қандай да бір формада өмір сүретіні қуатталып тұр. Яғни, заң шығарушы дәлелдемені фактілер мен мәліметтердің қайнар көздерінің біртұтас жиынтығымен түсіндіріп отыр.

Олай болса, дәлелдеме дегеніміз - қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті фактілік мәліметтер.

Жауап алудың мақсаты толық және болған жай туралы шындықты көрсететін мәліметтерді алуға бағытталады. Бұл мәліметтер айғақтардың қайнар көзі, ал соның ішіндегі нақты мағлұматтар, қылмыстың дәлелдері болып табылады. Ал сезікті мен айыпкер үшін өздерінің көрсетулері, тағылған кінәдан немесе өздеріне қарсы қойылған күдіктен қорғану құралы болып табылады.

Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

Жауап алу - жауап берушінің, тергеу жүріп жатқан жай немесе соған қатысты мән-жайлар мен тұлғалар туралы тергеушіге мәліметтер беру.

Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін, тергеуші жауап берушіден мәліметтерді қалай және қандай құралдарды қолдану арқылы алу керектігін жақсы білуі керек. Тергеушінің жауап алу арқылы анықтамақ болған мән-жайлардың шеңбері жауап алу мәселесі деп аталады. Бұған жататындар:

- қылмыс қалай жасалды;

- қай жерде;

- қай уақытта;

- қылмысқа бару себебі;

- қылмысты кімдер жасады;

- қылмыс жасауға не нәрсе итермеледі;

- қылмыс жасауға қандай жағдай мүмкіншілік берді.

Жауап алудың нәтижесі ең алдымен жауап алушының ұсынған бағытына байланысты болады - ол шындықты айтқысы келеме, әлде мән-жайды жасырып, жалған айтып отыр ма. Осы көрсетілгендер бойынша қылмысты ашуға байланысты керекті мәліметтер алуға болады.

Тергеуші мен анықтауға жататын мәліметтер жауап алу пәні деп аталады, яғни тергеуші қылмыс бойынша жәбірленушіден, айыпкерден, куәдан өзіне тиісті керек мәліметтерді алады.

Жауап алудың негізгі міндеті жауап берушіден деректерді алу жолында елеулі табыстарға қол жеткізу, бұл үшін тергеуші қандай мәліметтерді алу керектігін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін алдын-ала болжай білуі керек.

Е. Р. Россинская жауап алу дегеніміз “бұл тергеліп жатқан іс бойынша маңызы бар мәліметтерді оны білетін тұлғадан алу және бұл ең қиын тергеу әрекеттерінің бірі деп көрсеткен”. 1

И. Ф. Пантелеев жауап алу - бұл көп тараған және қиын тактикалық қатыстағы адамдардан тергеліп жатқан іске қатысы бар мәліметтерді алу деп көрсетеді. 2

Жоғарыда келтірілген бұл ұғымдар криминалистикадағы жауап алу тактикасының орнын анықтауға сәйкес келеді. Себебі бұл ұғымдардың мақсаты бір, яғни алынған жауаптарды толық және шынайы түрде алып, оны тергеліп жатқан қылмысты істің ашылуына өз ықпалын тигізу болып табылады.

Жауап алудың жалпы мақсаты ол жауап алынып отырған адамнан толық және шанайы түрдегі мәліметтер алу болып табылады. Бұл мәселені анықтау біраз қиыншылықтарға байланысты. Кейбір тұлға жауап алу барысында қасақана жалған жауап береді немесе оған қарсы айыпталушы тарапынан қысым көрсетуге себеп болуы мүмкін. Осы аталған себептер қылмысты ашуға байланысты кедергілер тудырып, тергеушіні жаңылыстыруға әкеледі.

Сонымен қатар жауап алуда орын алатын тағы бір мәселе қатарына, кейбір жағдайларда жауап алынып отырған тұлға өзінің көрген, естіген мәліметтерін ұмытып қалуына байланысты. Мұндай жағдайда тергеуші жауап алып отырған адамнан толық мәліметтерді есіне түсіруіне жағдай жасап, барлық заңда көрсетілген әрекеттерді қолдануы тиіс.

Жауап алудың негізгі міндеті жауап берушілерден деректерді алу жолында елеулі табыстарға қол жеткізу. Бұл үшін тергеуші қандай мәліметтерді алу керектігін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін алдын-ала болжай білуі керек.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға байланысты мынадай деректер анықталады:

  • Қылмыс жасау үшін қандай амал-әдіс қолданылды;
  • Қылмыс жасауға қанша адам қатысты;
  • Істелген қылмыс қандай зардап шектіргені;
  • Істелген қылмыстың сипаты мен мөлшері;
  • Қылмыстың басқа да мән-жайлары.

Бұл жағдайлар заңда көрсетілгендей міндетті түрде анықталуы тиіс, сол себептен бұлар қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы бар деректер. Сондай-ақ жауап алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға себебі тиетін аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қайда жүргенін, оның мекен-жайын, немесе қайда жасырынып жүргенін анықтап білу үшін, қылмыскердің ең жақын адамдарынан жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмыс ісіне тікелей қатысы болмағанмен, қылмыс ісін тез ашуда, қылмыскерді көп ұзамай ұстауда, болған оқиғаның мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

Жауап алудың жалпы тәсіліне келетін болсақ, оған белсенділікті, мақсаттылықты, объективтілікті және толықтылықты, жауап берушінің жеке басының қасиетін ескеру қажеттілігін жатқызуға болады.

Жауап алу белсенділігі, заң талабына сәйкес жасалған тактикалық әдістерді шебер қолдану арқылы жауап алу тізгінін тергеуші өз қолында ұстау болып табылады.

Жауап алуды жүргізу алдында тергеуші жауап берушіден қандай деректерді алғысы келетіндігін нақты білуі керек. Міне, жауап алудың мақсаттылығы осында жатыр.

Жауап алу сипаты тергеушіден жауап беруші тұлғаның психологиясын дұрыс түсініп және соның шеңберінде оған белсенді түрде әсер етуді талап етеді. Жауап алудың нәтижелі болуы міне осыған байланысты. Сол себептен жауап берушінің жеке басының ерекшелігін білу тергеушіге өте қажет.

Жауап алуды жүргізу тәртібіне байланысты, шартты түрде төрт түрге бөлуге болады:

  • жауап алуға дайындық;
  • жауап берушімен психологиялық қарым-қатынас орнату;
  • жауап алуды жүргізу;
  • жауап алу жолын және нәтижесін бекіту.

Жауап алудың ең маңыздысы, қылмыстық іске байланысты деректер толық және сенімді болуын қамтамасыз ету. Жауап беруші көп жағдайда мәліметтерді дұрыс, ештеме жасырып қалмай мазмұндап беруге тырысады, бірақ барлық жағдайда берілген мәліметтер, жасалған қылмыс ісіне сәйкес келе бермейді, себебі куә немесе жәбірленуші әр түрлі жағдайларға байланысты болған оқиға жайының жасалу жолын жаңылысып, немесе мәнін дұрыс түсінбей, өзінің түсінігі бойынша айтуы мүмкін, ал енді бір жағдайларда жауап беруші берілген сұрақтарға жауап беруден бас тартып немесе жалған бұлтартпа мәліметтер беруге тырысады. Міне, осындай жағдайларда тергеуші өзінің шеберлігімен жауап берушіні дұрыс жолға бағыттауы керек. Ол өзінің білгірлігі мен шеберлігі арқылы, жауап алу жұмысында кездесетін әр түрлі кедергілерге байланысты, жауап алу әдістерін қолданып, жауап берушілердің мәліметтерін оқиғаға қажетті жолға салып, нақты және сенімді дәлелдер алуы керек.

Тәсіл - дәлелдерді анықтап, жинап және тексеру үшін жүргізілетін тергеу жұмысының ең үнемді және тиімді ұйымдастыру әрекеттері болып табылады.

Жауап алу кезінде тергеуші кездесетін әрбір жағдайларға байланысты өзіне тән әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, куә мен жәбірленушінің ойлау қабілетіне, көңіл-күйі мен жігеріне өзіндік әсерін тигізеді. Жауап алу тәсілдері әсерлі болуы үшін сөз шеберлігін, дәлелдік заттарды көрсету немесе қылмыс болған жерде жауап алуды қолдануға болады.

Жауап берушілер тергеу құпиясын сақтауға міндетті. Алдын-ала тергеу кезінде алынған мәліметтерді жария ету, құқық қорғау ісіне өзінің зиянын тигізуі мүмкін.

Жауап алу барысында заң тергеушінің құқығы мен міндетін анықтай отырып, оның жауап берушіні қорқыту арқылы немесе басқадай заңсыз әрекеттер арқылы мәліметтер беруге мәжбүр етуі қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны заңда көрсетілген.

Қылмыстық іс жұргізу сатыларында жауап алудың бірнеше түрлері кездеседі.

Жауап берушінің процессуалдық жағдайына байланысты жауап алудың мына түрлері бар:

  • куәдән жауап алу
  • жәбірленушіден жауап алу;
  • сезіктіден жауап алу;
  • айыпталушыдан жауап алу;

Жаупа алудың кезектігіне байланысты келесі түрлері бар:

  • алғашқы жауап алу;
  • қайталап жауап алу;

Жауап алудың көлеміне байланысты:

  • негізгі жауап алу;
  • қосымша жауап алу;

Жоғары айтылғанды қорыта келе жауап алу дегеніміз толық әрі шынайы мәліметтер алу мақсатымен жауап алушы мен жауап берушінің арасындағы күрделі психологиялық үрдіске негізделген тергеу әрекеті. Жауап алудың басты мақсаты қылмыстық іс бойынша шын мәнінде болған оқиғаны анықтап, сот әділдігін дұрыс шешілуін қамтамасыз ету.

1. 2. Жауаптың қалыптасу кезеңдері.

Жауап берушілердің көрсетулерінің объективтілігі мен толықтығы, осы көрсетулердің қалыптасу жолына байланысты. Көрсетулердің қалыптасуының психологиялық жолын білу, әртүрлі тергеу әрекеттерін нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан көрсетулердің қалыптасу жолын криминалист ғалымдардың үздіксіз зерттеуі бекер емес деуге болады.

Профессор Р. С. Белкин былай деп жазған: “. . жауап берушіге мәлімет, заттарды немесе басқа да құбылыстарды қабылдау кезінде түседі, содан ол оның есінде сақталады да, кейін жауап алу кезінде есіне түсіріп, оны тергеушіге жеткізеді”3

Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.

Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең - оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

Мәліметтердің сақталуына және есте сақтаудың тұрақтылығына мынадай объективті себеп - уақыт ықпал етеді. Уақыт өткен сайын болған жайлардың анықтығы бұлынғырлана береді, одан әрі қарай ұмытылады. Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығылтаяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.

Мысалы азамат К. жұмыстан шығып үйге келе жатқанда, арт жағынан белгісіз біреу басынан қатты затпен ұрып есінен тандырып кетеді. Қылмыскер оны тогнамаған және тонауға да ниеті жоқ екенін көрсеткен. Жәбірленуші есін жиған кезде, ол үйге қарай тез жүгіріп бара жатқан адамды көріп қалады. Ол оны өзінің көршісі И. екенін таныйды да, оны дауыстап шақырады. Бірақ көршісі қайрылмай үйге кіріп кетеді. Содан күдік И-ға түседі, себебі аз күн бұрын екеуі ренжіскен. И. өзінің көрсетуінде болған оқиғаға қатысы жоқ екенін айтады және сол күні кешкісін ешкіммен кездеспегенін, ешкімді көрмегенін, оны ешкім айқайлап шақырмағанын айтып, қойылған кінәні мойнына алмайды.

Қылмыстық істі тексеру кезінде тергеуші сол күні кешке қарай қатты нөсер болып, найзағай ойнап, күннің күркірегенін анықтайды, соған байланысты қараңғылық тез түскені белгілі болады.

Әрі қарай жүргізілген тергеу сараптамасы мен басқа да алынған мәліметтер арқылы мынадай жағдай белгілі болады, шын мәнінде қараңғы тез түсуіне байланысты И-дің ешкімді көрмегені және күн күркіреп қатты нөсер болып тұрғандықтан, өзін шақырған дауысты ести алмағандығы анықталады.

Мәліметтердің сақталуына сонымен қатар мынадай субъективті себептер ықпалын тигізеді, ол жауап берушілердің жеке тұлғасы, жасы, ақыл-өрісі, мамандығы, көңіл аудару қабілеттілігі және т. с. с.

Субъективті жағдайларға келетін болсақ. Ол азаматтың сезім мүшелерінің дұрыс не бұрыс қызметіне байланысты болады, осыған байланысты ол заттарды немесе құбылыстарды толық және нақты қабылдайды немесе керісінше. Бір сезім мүшесінің жетіспеушілігі немесе кемтарлығы мәліметтің бұрмаланып айтылуына әкеп соғады. Осындай ақаулықтардың бар екендігін жауап берушілер көп жағдайда тергеушіге айтпайды, сол себептен кейбір маңызды деректер дер кезінде дұрыс анықталмайды. Осының бәрі тергеу ісінің теріс жолға түсіп кеті қаупін туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Жәбірленушіден және куәдан жауап алу
Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері
Жауаптың қалыптасу кезеңдері
Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы
Жауап алу жəне беттестіру
Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz