Бастауыш сыныптарда математика пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдістемелік және ұйымдастырушылық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 4

I. Бастауыш сыныптарда дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу

  1. Дарынды балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне оларды бастауыш сыныптарда есепке алу . . . 8
  2. Бастауыш мектеп мұғалімінің дарынды балалармен жұмыс жүргізуде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруының өзіндік ерекшеліктері . . . 32

II. Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

  1. Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту әдістері мен тәсілдері . . . 42
  2. Математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары…… . . . 49Эксперименттік-тәжірибие зерттеуінің нәтижесі . . . 65

Қорытынды . . . 67

Пайдаланған әдебиеттер . . . 69

Қосымша

Кіріспе.

Диплом жұмысының көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалар ішінен шығады.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан -жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

«Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз туге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі». Осы процесте арынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетті жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделеді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілетін зерттеу тәжірибесі дарынды баларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.

Қазақстан республикасы президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемелекеттік қолдау» нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998 жылы 24 наурызда республикалық ғылыми-практикалық «дарын» орталығы құрылды. Осыған орай «Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы» нормативті-құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, «Дарын» орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады. Дарынды балаларды таңдау және олардың және олардың бойындағы ерекшелік қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу-басты парызымыз.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер жиналған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғылымдарының және алдыңғы қатарлы әр елден озық ойлы педагогтардың еңбектерінде кездеседі.

Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ олар бұл ерекшелікті құдіретті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеді. Платон пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлігі мен біліміне емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.

Ерте кезде, XIV ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептелген. Грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретімен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық мәселесімен испандық Хуан Чарте айналысты. Оның пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ бұнда жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.

Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезм Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б) адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөлді.

Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөнінідегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. (Д. Хебб, Г. Айзенк, Ф. Гальтон, Котс)

Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологы Френсис Гальтон (XIX ғ) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің «таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі, еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп тұқым қуалаушылық негізгі шарт» деген қорытындыға келді.

ХІХ-ХХ ғасырда дарындылық мәселесін зерттеу теориялық тұрғыда жалғастырылып (Э. Мейман, В. Штерн) оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсері қарастырылды.

Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілет дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, Америка ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.

Дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындаған шақта психологтар (А. Бэн, В. Вунет, Д. Милль, Т. Спенсер, Т. Циген) .

Дарындылық теориясының негізі орыс психологтарының (Л. Выготский, Б. Ананев, В. Крутецкий, Н. Лейтес, В. Теплов) еңбектерінде көрініс тапқан.

Адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы (А. А. Леонтьев О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гипперней, К. А. Гельвеций ) ғылыми еңбектер жариялады.

XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты
ауқаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере
бастады. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин «табиғи ақыл өзін
қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегендіде
танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін
озық білім»-дейді.

Шоқан Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші ролі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай:

«Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ойы жүйріктелмеген таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш. Уалиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.

Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта- табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген тамаша сыйы- оның қабілеті дейді. Ақыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті негізінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады.

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстан педагогикалық теория
негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Мұмабаев) мұраларында
білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін
қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ол баланың мойындатуға біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда математика пәні бойынша дарынды оқушылармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстың ерекшеліктері
Математика сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері мен мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныптағы математика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері мен мұғалімнің рөлі
Математика пәніндегі дарынды оқушылармен бастауыш сынып мұғалімінің жұмысының ерекшеліктері
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыстың ерекшеліктері және мұғалімнің рөлі
Математика сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыс істеудің теориясы мен әдістемесі
Математика сабақтарында дарынды бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс: ерекшеліктері мен мұғалім рөлі
Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру: анықтау, диагностика және әдістемелік тәсілдер
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz