Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы


Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін тендестірген, яғни баланстандырған дұрыс. Баланс - бұл тепетеңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің акшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профищитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрайды мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының есіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жауғта пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл каражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен кайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып тусуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп еддің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- қоғамдық өндіріс шығыңдарының өсуі;
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектентысшығару;
- бюджетгің шығыстарыңда экономиканың даму деңгейінесәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
- "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:
а) мемлекеттік қарыздар;
ә) салық салуды көбейту;б) ақша эмиссиясы.
Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясатың мақсаты деп есептедді. Алай-да бюджеттің мұңдай жай-күйі фискалдық саясаттың түрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тендестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.
Бюджетті теңдестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматгы түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджетгің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.
- Циклдік негізде теңдестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдыңбарысында тендестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшінмемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуікезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсыфискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетгі теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттіңциклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсізбуыны болып табылады.
- Қаржының функционалдық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіруболып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары менмемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсатетіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесібюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, алмикроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырадыдеп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен ісжүзінде шексіз айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функционалдық қаржы түжырымдамасында теңдестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.
Бюджеттік рәсім
Бюджеттік рәсім - мемлекетік органдар мен лауазымды адамдардың бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджетгің атқарылуы туралы есепті бекіту жөніндегі заңнамалық актімен регламештелген қызметі. Бюджетгік рәсімнің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасыңда бюджетгік рәсім "Бюджет жүйесі туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы", жыл сайынғы "Республикалық бюджет туралы" заңға және Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді калыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттерді жасау, атқару, бюджеттердің атқарылуы туралы есепті жасау өкіметтің атқарушы органдарының функциясы, қарау жөне бекіту Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың - маслихаттардың функциясы болып табылады; бюджеттердің атқарылуын бақылауды өкіметгің екі тармағы орындайды.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Бюджет комиссиясын құрады, ол Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет жобасының негізгі болжамды көрсеткіштерін және оған жалғас ұсыныстарды қарайды, оларды мақұлдайды.
Бюджетгік рәсімде Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға маңызды рөл беріледі. Ол Қазақстон Республикасы Президентінің холыққа жолдауын ескере отырып, әлеуметгік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарының параметрлері, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметгік бағдарламалары негізінде алдағы үш жылдық кезеңге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін әзірлейді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттік багдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қорытындылайды, Бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеп, Үкіметке табыс етеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне келісілген көрсеткіштерді: олардың бюджетгеріне түсетін түсімдерді, борыш лимиттерін, жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету шығыстарының көлемін жеткізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Үкімет белгілеген мерзімдерде бюджеттік өтінімдерді, ал облыстардың, Астана және Аяматы қалаларының әкімдері олардың бюджеттерінің жоғарыда аталынған келісілген көрсеткіштерді Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
Республикалық бюджет туралы заң мыналарды: кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеудің, шы-ғыстардың, кредит берудің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;
мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекетгік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесін;
айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерлерін;
Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін; Қазақстан Республикасының мемлекетгік кепілдіктері бойынша міндетгемелерді орындау сомасын; үкіметтік борыштың лимитін;
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті қаржы жылының бсрышының лимитін;
Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру лимитін;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілер бойынша және бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесін;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті "бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге - түзетуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджетгік бағдарламалардың тізбесін;
өткен қаржы жылдарының қорытандылары бойынша пайда болған республикалық бюджеттің кредиторлық берешегінің өтем сомасын қамтуы тиіс. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жылдың алдындағы қыркүйектің 15-нен кешіктірмей Парламентке табыс етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгідде Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді.
Республикалық бюджеггі бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта дәйекті қаралғаннан соң палаталардың бірлескен отырысында жасалады. Республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың желтоқсанының 15-інен кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бекітіледі. Егер Парламент осы мерзімде республикалық бюджет туралы занды қабылдамаған жағдайда Президент "Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы" жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетгі Парламент қабылдағанға дейін қолданылады.
Республикалық бюджетті нақтылау оны атқару барысында Үкіметтің ұсыныстары немесе басқа заң шығарушылық бастамалар негізінде заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетгің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекемелер бағдарлама әкімшісі бекіткен смета шегінде Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсат негізінде шығыстар жасайды. Қаржы министрлігі бөлінген қаражат қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсатгарға пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды кері қайтарып алуға, тоқтата тұруға құқылы.
Бюджет қаражатын кері қайтарып алу бағдарлама әкімшілігінің қазынашылық рұқсатындағы шығыстардың тиісті ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржыландыруды бөлінген қаражатты қазынашылық рұқсатгарда көзделмеген мақсатгарға пайдалану сомасына азайпу арқылы жүргізіледі.
Бюджеттің атқарылуы жөіндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджеттік ақшаны Үкімет белгілеген тәртіппен Бюджетгің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың шоттарынан Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруға құқылы.
Үкіметтің бюджеттің атқарылуы барысында бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардьщ шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен міндеттерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты өзгерістер енгізуте және республикалық бюджеттің тапшылығын жабу көздерін өзгертуге құқығы бар.
Бюджет шығыстарын өзгертудің тәртібі белгіленген, оның мәні мынада: бюджет тапшылығының белгіленген деңгейі асып кеткен не оны атқару барысыңда кіріс көздерінен алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда бюджет шығыстарын және кредит беруді, бірақ бекітілген соманың 10 пайызынан аспайтын секвестрлеу туралы шешімді Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 пайыздан жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.
Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда және шешімдерде анықтайды,
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жьлдық есепті Үкімет есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламенті мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің кіші бағдарламалар деңгейінде атқарылуы туралы айлық есепті табыс етеді.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыс сметаларының дұрыс жасалуымен бекітілуін, сондай ақ бюджет қаражаттарының қазынашылық рұқсатгарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттермен қатар Қазақстан аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қажет болған жағдайда мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын елдің төтенше бюджеті енгізілуі мүмкін және ол қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлык деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің қодданылуы тоқтатылады. Президенттің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар табиғи және техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджетті енгізуге негіз болып табылады.
Мемлекет кірістерінің мәні
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезівде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қоржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекетің кірістері ұғымыңда, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесіңде мемлекетің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мүнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағатгандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажетгіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өңдірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметгерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т. т. ) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекетгік кәсіпорыңдардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың карамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылғн қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен корланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттілікгерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне біркатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттық жағы мемлекетте, шаруашьшық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекетгік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекетгің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталыктандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ак халыктың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражатгарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнін иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т. с. с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары ретіндегі табысы;
- мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғынүй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу менжекешелендіруден түсетін қаражаттар) ;
- мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін акылы қызметтерден шығатын табыстар (тіркеу алымары, өлшемдер менөлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбатметалдан жасалынған бұйымдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы) ;
- бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқадарды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірістері" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" үғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары - уақыттың бір мезетіңдегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі акша қорларының жиынтығы.
Қаржы ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан мемлекеттің кірістері" ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен баска қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланьшуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектін сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген мүрагерлік қққық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар - қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылық ресурстар да мемлекетгің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекетгің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады.
... жалғасыМемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады.
"Мемлекетің кірістері" және "мемлекетгік бюджетгің кірістері" ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғүрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т. т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz