Қазақ халқының дара тұлға перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының дара тұлға перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғасыр адамы, академик - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 90 жасқа толу күнін, Егеменді еліміздің он жылжық мере» тойы қарсаңында салттанатты түрде аталып өтілді. Сондқтан Дінмұхамед Ахметұлының өскен ортасын, балалық шағын, жеке басының қоғамға, бүкіл халыққа сіңірген еңбегін, көрсеткен үлгі - өнегесін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпақтың отанға деген ынтасын, белсенділігін арттыру біздің мақсатымыз.

Д. А. Қонаев 81 жасқа 1993 жылы 22 тамызда дүниеден (өтті) қайтты, бірақ ол кісінің адал қызметі өнегелі сөзі, бізге қалдырған ізгі мәнгілік. Қонай ата осы Алматы өзенінің баурайында өмір сүрген. Баласы Жұмабай жас кезінен діни білім алған, қажылыққа барған, салауатты кісі.

Осы Жұмабайдан 1986 жылы Мәңліахмет деген бала дүниеге келеді. Ол зәуре Байрықызына үйленеді. Мәңліахметтен - Дінмұхамет 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келеді. Ал дінмұхамед әке - шешесінен 9 ағайынды, оның 2 ұл, 7 қыз бала. Әкесі - Меңліахмет Жабайұлы 1976 жылы 90 жасында дүние салады. Анасы - Зәуре Байырқызы 86 жасында 1973 жылы дүниеден кетеді. Дінмұхамед Алматы қаласындағы № 19, 14 мектеп қабырғаларында білім алып, ойдағыдай бітірді.

1931 жылы Қазақстан өлкелік камсамол комитетінің жолдауымен Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтына түседі. 1936 жылы аталған институтты қызыл диплом мен бітірген соң, Қоңырат - Балхаш құрылысына жлдама алады. Қоңырат - Балхаш құрылысы аяқталып Д. А. Қонаев 1936-1937 жылдары Балхаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде алғашында машинист содан соң аға мастер болып жұмыс атқарады. Ал 1937-1939 жылдары бұрғылау цехының бастығы, содан соң Қоңырат руднигінің бас инженері қызметінде істейді.

1939-1940 жылдары Д. А. Қонаев Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер кенішіне директор қызметің атқарады.

1940 жылы Риддер полиметалл комбинатын қайта құру аяқталып, кең басқармасы ұйымдастырылды. Түсті металл халық комисарының 1940 жылғы 29 - желтоқсандағы бұйрығымен Д. А. Қонаевты кең басқармасының директорлығына тағайындады.

Д. А. Қонаев 1946-1951 жылдары қазақ ССР министірлер кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызметін атқарады.

1949 жылы ақпан айында Д. А. Қонаев ІІ съезде Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.

Д. А. Қонаев 1948 жылдан техника ғылымының кондидаты, ал 1963 жылдан техника ғылымының докторы.

1951-1955 жылдары Д. А. Қонаев Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті қызметінде жұмыс істейді.

Д. А. Қонаевтің Ғылым академиясындағы қызметі күрмеуі мол, күрделі уақытпен тұспа-тұс келеді. Ғылым академиясының жалпы жиналысында: «1952 жылғы жұмыстың қорытындысы және партияның XIX съезінің шешімдеріне сәйкес 1953 жылғы міндеттер туралы» баяндама жасадым. Онда республика ғылыми мекемелерінің қызметі сарапқа салынды.

Академия - бұл өмірлік атақ.

Сол жылдың 25-26 желтоқсанында Қазақ КСР Ғылым академиясы жалпы жиналысы өтті. Ол сессияда Д. А. Қонаев «КОКП Орталық комитетінің қыркүйектегі пленумының шешімдеріне сәйкес Қазақ КСР Ғылым академиясының кезектегі міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасады. Сол сессияның қорытындысы бойынша ауыл - шаруашылығы өндірісін өркендеуге байланысты нақты шаралар белгіленген. Мәселен: 1955 жылдан бастап егістік жердің көлемін 4-5 жыл ішінде 2, 5 миллион гектарға дейін ұлғайту көзделген. Ал 30 қарашада Қазақ КСР Ғылым академиясы жалпы жиналысының сессиясын өткізді. Онда жалпы жиналыс 13 толық, 17 корреспондент мүшесінен сайланды.

1952 жылғы апрельде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қазақ ССР Ғылым академиясының ауадемигі және президенті болып сайланды. Кең ісі саласындағы ғалым, талантты ұйымдастырушы ретінде ол Республика Ғылым Академиясын дамыту үшін көп жұмыс істеді. Оның басшылығымен институттардың өндіріспен байланысын күшейту, аса маңызды ғылыми күштер мен материалдық қорларды Қазақстанның өндіргіш күштерін және қазақ халқының мәдениетін дамытудың күрделі проблемаларын шешуге шоғырландыру жөнінде маңызды шаралар жүзеге асырылды.

Техника ғылымының докторы Д. А. Қонаевтың ғылыми еңбектері кең орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының маңызды мәселелеріне арналған. Ол карьерлерде кең қопарудың тиімді әдістерін зерттеумен және оларды өндіріске енгізумен шұғылданды. Оның «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау - жару жұмыстары» деген монографиясы осы мәселені талдайды.

Д. А. Қонаев зерттеулері Қазақстанның кең қазу өнеркәсібінде өндіріс тиімділігін елеулі түрде арттыруға жәрдемдесті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz