Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

І. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдаланудың педагогикалық негіздері.

1. 1. Этнопедагогиканың шығуы мен дамуы . . .

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері ….

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдары.

  1. Бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика материалдарын пайдалануда ана тілінің ролі мен маңызы . . .
  2. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына қосылу жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай интелектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті түр. Осыған орай білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын үлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң жас үрпаққа үлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті іс екендігі белгілі. Кез келген адам баласының өмірі, тіршілік әрекеті оның туған - туысқандарымен, ата-анасымен, жора-жолдасымен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортасымен, ғасыр уақытымен байланысты болады.

Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өз талғам-танымына лайық дәстүрі, салты болады. Дегенмен қаншама уақыт өтсе де ата тегі дәстүрді сақтап қалған жөн. Өйткені сол арқылы ғана біз өз тарихымызды біле аламыз. Ғасырдан-ғасырға, үрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға, анадан қызға ауысатын тарихи-элеуметтік, қоғамдық тәжірибелік дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттың алға жылжу өрісі де болмас.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани қүндылықтарды елеп-екшеп және рухани қүндылықтардың қорына өлшеусіз үлес косатын мүраларын зерделеп зерттеу бүгінгі үрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда

Қазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін қүрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің қүндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.

Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздерді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - адамгершілік, азаматтық сияқты қасиеттер сынға түсуде. Біздің қоғамның жаңаруы үшін, адамдардың мінез - құлқы жаңаруы керек. Экономикалық және әлеуметтік табыстардың түп тамыры моральдық және мәдениеттілік шарттарында жатыр. Қоғамымызға адал, арлы адамдар қажет.

Қазіргі тандагы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықты қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - жас өспірімдерінің тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ ұрпағымызды заманның талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.

Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері жас баласын тәрбиелеуде, оның адамгершілік мінез - қулқын қалыптастыруда үлкен мәңге ие.

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлардың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Қазір елімізде орын алып отырған имунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жастар ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы. Осы проблемаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы, мектептерде бастауыш сыныптардан бастап ұлттық тәрбиені негізге алып, ата-бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, азаматық пен елжандылыққа, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. [1-2]

Егер шетел педагогикасының тарихында ұлттық тәрбиенің ғылыми негізін қалағандар белгілі ағартушы- педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, П. Ф. Каптерев, С. И. Гессен, А. П. Ярош болса, [3-8], ал шығыс педагогикасының тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов т. б. болған. [9-15]

Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған және қазақ халқының педагогика тарихына байланысты жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде балаларға білім беру, тәрбие мәселесі оқу орындарының деңгейінде сөз болған Т. Т. Тәжібаев, А. С. Сыдықов, А. И. Сембаев, Г. М. Храпченков, т. б. жұмыстары бар. Бұл еңбектерде қазақ балаларының адамгершілік тәрбие беру мәселесі айтылған. Сонымен қатар Республикамызда білім беру, тәрбиелеу жөнінде К. Қ. Құнантаева, Ш. Беркімбаеваның еңбектері мен мақалалары, Ж, Т. Сарыбекованың, А. Е. Дайрабаеваның, ЛС. Сырымбетованың, А. Қ. Қисымованың, Б. Қ. Өтешованың еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүріне бағышталған, елдік тәлімі туралы А. Х. Мрсамбаева, Қ. Б. Жарықбаевтың, баланың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін халықтық педагогика элементтерін нысаналы пайдалануда Б. А. Тойлыбаевтың ғылыми-педагогикалық жұмыстары қазақ педагогика тарихында ерекше орны бар еңбектер.

Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие дәстүрлері, оның даму тарихы, эстетикалық мәні жөнінде С. А. Үзақбаева, А. А. Қалыбекованың, СҚалиевтің болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындауда Қ. Бөлеевтің, халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне ендіруде Т. Қоңыратбаеваның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда Л. А. Бөлееваның еңбектерін атап өтуге болады.

Ал қазақ этнопедагогикасының тарихы бойынша К. Б. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Кунантаева, А. Ильясова, І. Халитова, А. С. Сыдықов, М. Тәнекеев, С. А. Ұзақбаева, К. Камаливеа, Е. Садуақасов, У. С. Иманкулов, К. Шаймерденова, М. Б. Көккөзова, Т. Әлсатов, Ш. Жалғасова, К. Ж. Ибраева, Б. М. Досқараев т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.

Сонымен қатар шетелдерде этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін Г. Н. Волков (Шувашия), Ю. А. Рудь (Ресей), Я. Ф. Хинтибидзе (Грузия), А. Ш. Гашимов (Әзірбайжан), С. М. Саипбаев (Қырғызстан), Г. С. Попова (Якутия), А. Б. Григорян (Ханты-манси) т. б. өз зерттеулерінде жасаған.

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мәселесі жылдар бойы қарастырылып келеді, алайда ғылыми тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайдалану мәселесі жоқтығын көрсетеді. Аталған мәселенің өзектілігі мен ғылыми теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын : Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде) деп атауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Ана тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдарын теориялық практикалық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағын қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарының теориялық негіздерін анықтау;

2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін оқыту үдерісінде этнопедагогика материалдарының педагогикалық шарттарын айқындау;

3. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдары арқылы жүзеге асырып, олардың нәтижелерін тексеру;

4. Ана тілін оқыту үдерісінде оқушылардың тілін дамыту қабілеттерін арттырудың тиімділігін тәжірибелік жүзінде дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік үсыныстар, нүсқаулар беру

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасында қабылданған ресми қүжаттар (Қазақстан Республикасының конституциясы, Білім беру туралы заң), түжырымдамалар, жарғылар, нүсқаулар, бағдарламалар, т. б. зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым аппараттары, бастауыш сынып мүғалімдерінің озат тәжірибелері, педагогикалық инавация және технологиялар.

Зерттеу әдістері: зерттеу мэселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық эдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озат педагогикалық іс-тэжірибелермен танысу, пікір алысу, сауалнама бақылау, әнгіме, тест эдісі және оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдау.

І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі-болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогиканың ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас процесі мен нәтижесі.

Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.

Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел-жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстамдық-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педегогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда.

Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материялдық мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшкліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын анық байқауға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыда қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.

Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырады.

Халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілгері бастауы, халықтық рухани мұрасы.

Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді [4] .

Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.

“Этнос” гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, “халық” сөзінің “бір топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан “этнос” терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді. Оған әлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға болады. Шындығында, әрбір адам, бір жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді [5] .

Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.

Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.

Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.

Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.

Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын арттырады.

Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше [6] .

Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т. б. ) оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы, профессор Г. Н. Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды [7] . Ал Қазақстанда «этнопедагогика» терминін тұңғыш енгізген профессор Қ. Жарықбаев өзінің «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік ұсынысында берген еді [8] . Сондай-ақ ол 90-жылдары «Халықтық педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы» ал «Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы» деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттеу мәселелерін анықтап берді [9] .

Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған этнопедагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.

Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті, ал-жданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz