Жүгері дақылы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1. Жүгері дақылын өсіру технологиясы

1. 2. Жүгері дақылына зиян келтіретін зиянкестер

1. 3. Жүгері дақылына зиян келтіретін зиянкестерге қарсы күрес шаралары

Қорытынды

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т. б. жатады.

Мен өзімнің семестрлік жұмысымда Алматы облысы, Қарасай ауданы жағдайында жүгері дақылына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданылатын кешенді қорғау шаралар жүйесін қарастырамын.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км 2 -ге жуық.

Алматы облысы, Қарасай ауданының климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ьгстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм.

Бұл өңірде жүгерілерді негізінен зақымдап зиян келтіретін зиянкестерге көп қоректі қатты қанаттылар, қара денелілер және көп қоректі қабыршақ қанаттылар жатады. Олар дақылдардың себілген тұқымдарын және көктерін жеп зиян келтіреді. Жүгері мен күнбағыс егінін қатты зақымдайды.


1. 1. Жүгері дақылын өсіру технологиясы

Жүгері - мәдени, жан-жақты пайдаланылатын дақыл. Азық-түліктік мақсаттар үшін бүкіл әлем бойынша астықтың жалпы түсімі 20-25% пайдаланылады. Қазіргі уақытта ол ұн, жарма, жүгері, соның ішінде 500-ден астам түрлі негізгі және жанама өнімдер бастап жүзеге асырылады. Жүгері ұны нан-тоқаш және кондитерлік өнеркәсібінде пайдаланылады. Сонымен қатар, астық жүгері - тамаша шикізат крахмал материалдық, сыра қайнату және консервілеу өнеркәсібінде пайдаланылады. Жүгері, бір жерді жыртатын дақыл ретінде жақсы прекурсорлардың бірі болып табылады, маңызы зор. Астық жүгері - жемшөп өндіру үшін таптырмас компонент, азық-түлік, медициналық, микробиологиялық, химиялық және басқа да өнеркәсіп салалары үшін бағалы шикізат. Жүгері вегетация барысында қоректік заттардың көп мөлшерін тұтынады. Оған саздақты және гумусқа бай құмды топырақ ең қолайлы. Ол жайылма жерлерде жақсы өнім береді, бірақ жер асты суларына жақын батпақты бағыттарына төзбейді.

Жүгерінің отаны - Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтары (Перу, Чили, Мексика) . Ол 3000 жыл бұрын белгілі болған, осы аймақтардағы халықтардың ежелгі дақылы. Инкалар, ацектер, маялар жүгеріні киелі санаған, егілетін күндері осыған арнап гимн айтқан. Жүгері оларда негізгі тағамдық дақыл болған. Оның латынша тектік аты «Зеа», осыны грек тілінен аударғанда «Өмір» деген сөз. Х. Колумб Американы ашқаннан кейін белгілі болған. XV ғасырдың соңында Еуропаға жеткізілген. Бастапқы кезеңде сирек кездесетін сәндік өсімдік ретінде өсірілген. Көп кешікпей-ақ Францияда, Италияда, Португалияда жүгерінің тағамдық, бағалық құндылығынан кейін көкөністік, малдың азықтық дақылы болып танылған. XVI ғасырдан бастап қоңыржай ауа райында жақсы өсетіндігінен солтүстік Африкада, Үндістанда, Қытайда кеңінен таралып, өсіріле бастаған. XVII ғасырда Ресейде жүгері белгілі болған.

Қазірігі кезде жүгері жоғары мәдениетті өсімдік болып табылады. Жүгері қазіргі кезеңде үш топқа бөлінеді: көкөністік тәтті жүгері, астық дақылды және мал азықтық т. б. бөлінеді.

Жүгерінің алтындай құбылған дәндерінде адам ағзасына өте құнды бағалы заттардың молдығы анықталды: 9-12% ақуыз, 65-70% көміртегілер, 4-8% май осымен қатар ұрығында 40% май барлығы белгілі, дәрумендерден С, В1, В12, РР, микроэлементтерден магний бар, алтын тәрізді сары дәнді сорттарында каротиннің көптігі анықталған. Тәтті жүгері ақуызында адам ағзасына аса қажетті аминқышқылдарына, әсіресе лизин мен триптофонға бай. Дәндерінен глютамин қышқылының тұзын алады, ал бұл ас тұзымен бәсекелесе алады, өйткені тағамды тұздаумен қатар дәмділігінде жақсартады. Глютамин қышқылы - қан құрамын жасайтын витаминдердің фолий қышқылының құрамды бөлігі. Жүгерінің аналығының талшықтарында стериндер-систерол мен стигмастерол, май, сапониндер, ащы глюкозид тәрізді заттармен қатар С, К дәрумендері, т. б. заттар барлығы анықталған.

Тәтті жүгері - жалбыз тұқымдас, біржаздық өсімдік, сабақтары тік, биіктігі 60 см-ден 3 м-ге дейін. Жапырақтары ірі, ұзын қандауыр тәрізді, шеттері бүтін, беттері тегіс, түкті сабақтарының буындарында жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Ерте пісетін сорттарында 13-24-ке дейін жапырақтары өсіп жетіледі. Осы жапырақ қолтықтарында гүл шоғырының аналығы - собық қалыптасады, аналықтары үш-төртеуден аспайды, аталық сіпсебесі өсімдіктің ең ұшар басында орналасқан, тозаңдануы айқас, жел арқылы жүреді. Тозаңдануына қолайлы жағдай жылудың жоғарылығы және ауа-райының ылғалдылығы. Жеңіл желдің болғандығы да жақсы әсер етеді. Көктемгі салқында өсуі тежеуілденеді, жапырақтары зақымдалады.

Жүгері дақылының жоғарғы жылу, ылғалды ауа райының жеткіліктігінде өсімділігі әлдеқайда айтарлықтай арта береді.

Жүгері ылғалдылықта жақсы өсетін дақыл болғандықтан, шашақ бастары мен собықтары қалыптаса бастағаннан бір апта бұрын суаруды қажет етеді. Жүгерінің жақсы өсуі үшін топырақтың ылғалдылығы 75-80%-дан кем болмауға тиісті. Жүгері күн сәулесі жақсы түгел түсетін танапта жақсы өсіп жетіледі.

Жүгеріге негізінен зиян келтіретін зиянкестерге көп қоректі қатты қанаттылар, қара денелілер және көп қоректі қабыршақ қанаттылар зиянкестері жатады.

1. 2. Жүгері дақылына зиян келтіретін зиянкестер және олармен күресу шаралары

Жүгеріні негізінен зақымдап зиян келтіретін зиянкестерге көп қоректі қатты қанаттылар, қара денелілер және көп қоректі қабыршақ қанаттылар жатады.

Көп қоректі қатты қанаттылардың ішінде жалпақ шыртылдақ, қара шыртылдақ, оңтүстік егістік шыртылдақ көп зиян келтіреді.

Жалпақ шыртылдақ - Selatosomus latus F.

Солтүстік, Шығыс, Сібір және Орта Азияның оңтүстігінен басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазақстанда Орал, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында таралған.

Денесі жалпақтау келген, ұзындығы 9-13 мм, мұртшалары қысқа, көк-жасыл реңді қара қоңыз. Дернәсілдерінің де денесі жалпақ, ұзындығы 22 мм дейін, қоңырқай сары түсті, құрсағының 10 - бунағының ұшында тереңдеу шұңқыр болады.

Бұл түрдің ересек қоңыздары солтүстік аудандарда мамырдың басынан маусымның ортасына дейін, Семей облысында сәуірдің екінші жартысынан бастап кездеседі. Олардың дернәсілдерінің даму 2-4 жылға созылады. Қуыршақтануы сәуірдің аяғы мен мамырдың басында өтеді. Жаңа ұрпақтың қоңыздары қуыршақтан күзде шығады, бірақ олар жер бетіне көтерілмей топырақ арасында қыстайды.

Негізінен өсімдігі сирек жеңіл саз топырақты немесе құм топырақты жерлерді мекендейді. Әр түрлі өсімдіктреді, жүгеріні зақымдайды.

Қара шыртылдақ - Agriotes obscurus L.

Қазақстанның солтүстік және шығыс жақтарында кең таралған. Оның ең көп зиян келтіретін аймақтары Семей облысының далалық аудандары және осы облыс пен Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігіндегі таулы аудандары.

Қоңыздың ұзындығы 7 -10, 5 мм, түсі қара. Шыртылдақтардың басқа түрлерінен негізгі айырмашылығы денесінің алдыңғы арқа бөлімі өте жалпақ және дөңестеу.

Қара шыртылдақ биологиясы жағынан егістік шыртылдаққа өте ұқсас. Көбінесе құрғақ топырақты жерлерді мекендейді. Дернәсілдері барлық дақылдарды, әсіресе дәнді дақылдарды, жүгеріні зақымдайды.

Оңтүстік егістік шыртылдақ - Agriotes meticulosis C.

Қазақстанның оңтүстігінде тегіс жерде, ал солтүстігінде далалық аймақтың оңтүстік шекарасына жақын жерлерде таралған. Жазықта да, таулы жерлерде де кездеседі. Әсіресе Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарының тауға таяу жазықтары мен тау етектеріндегі аудандарында егіске қатты зиян келтіреді.

Қоңыздың ұзындығы 15 мм жетеді. Үстіңгі қанаттарының ұзындығы енінен 2, 5-2, 7 есе ұзын. Денесін сарғылт немесе сарғылттау сұр түсті түк басқан. Дернәсілдерінің ұзындығы 32 мм жетеді. Ересек қоңыздарды егіс далаларында сәуір айынан бастап шілдеге дейін кездестіруге болады. Генерациясы үш жылдық. Көбінесе сұр топырақты аймақтарды мекендейді. Қоңырқай шыртылдақ сияқты бұл түрде республиканың оңтүстігінде кездесетін шыртылдақ қоңыздардыңішіндегі ең зияндыларының бірі. Бидай, арпа, сұлы, жүгері т. б. зиян келтіреді.

Қара денелілерден жүгеріге зиян келтіретін жүгері қоңызы болып табылады.

Жүгері қоңызы - Redinus femoralis L.

Қоңыздың ұзындығы 7, 5-9 мм, денесінің үстіңгі жағы дөңес, түсі күңгірт қара. Дернәсілдерінің ұзындығы 20 мм жетеді, түсі сарғылт.

Қоңыздар топырақтың ең үстіңгі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, ал олардың дернәсілдері 15-40 см тереңдікте топырақ арасында қыстайды.

Сәуір айының орта кезінен бастап қоңыздар жер бетіне шығады да, мамырдың бас кезінде жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқалау кезеңі ұзаққа созылады. Осыған байланысты бір мезгілде барлық жастағы дернәсілдерді және оған қоса қуыршақ фазасында кездестіруге болады. Әрбір ұрғашы қоңыз 700-1500 жұмыртқа салады. Қоңыздар қуыршақ бесігінен шыққаннан кейін бір айдан соң жұмыртқалауға қабілетті болады.

Қоңыздар мен дернәсілдер әр түрлі дақылдардың себілген тұқымдарын және көктерін жеп зиян келтіреді. Жүгері мен күнбағыс егінін қатты зақымдайды. Зиянкес әсіресе құрғақшылық жылы қауіпті.

Ал тақта мұрттылардан тапал кравчигі қауіпті болып келеді.

Тапал кравчигі - Boll.

Қазақстанда Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстарында таралған. Көгілдір жарқылы бар қара қоңыз. Басқа кравчиктерге қарағанда жотасы дөңес, қысқа денелі, ұзындығы 10-16 мм. Ересек қоңыз фазасында ғана егіске зиян келтіреді. Көктемде қоңыздар егіннің жаңа шыққан көктерін қырқып, солармен қоректенеді. Әсіресе бидай, арпа және жүгеріні ұнатады.

Қоңыздар мамырдың аяғы мен сәуірдің бас кезінде шығады. Одан соң еркек қоңыз бен ұрғашы қоңыз бірігіп бір ортақ ін қазады. Іннің түбіне олар бірнеше дернәсілдік камералар жасап, сонда жұмыртқаларын салады да, оларды қырқып әкелген өсімдіктермен толтыррады. Дернәсілдер осы өсімдіктермен қоректеніп, жаздың орта кезінде сол камераларда қуыршақтанады. Жаңа ұрпақтың қоңыздары күзде шығады, бірақ олар жер бетіне көтерілмей сонда қыстайды.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын бұлардан басқа нағыз кравчиктер (Lethrus) және Ceratodirus туыстарына жататын бірнеше түрлер де зақымдайды.

Көп қоректі қабыршаққанаттылардан сабақ немесе жүгері көбелегі көп зиян келтіреді.

Сабақ немесе жүгері көбелегі - Ostrinia (Pyrausta) nubiealis Hb.

Бұл да қан көбелегі(Pyralidae) тұқымдасына жатады. Өте көп қоректілігімен көзге түседі. Дақылдардан көбінесе жүгеріні, құлмақты және тарыны зақымдайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында таралған, әсіресе Қызылорда облысында жүгеріге және басқа дақылдарға зиян келтіреді.

Көбелектердің жыныс диформизмі айқын білінеді. Ұрғашы көбелектің қанаттарының негізгі түсі ақшыл-сарыдан қоңырға дейін өзгеріп тұрады және алдыңғы қанаттарына қарағанда артқылары ақшылдау, алдыңғы қанаттарында қара түсті екі ирек сызық, ал артқы қанаттарының ортасында аспа бау тәрізді ақ жолақ болады. Еркек көбелек ұрғашысына қарағанда мүсінді келеді. Алдыңғы қанаттарының ақшыл-сары жолақтары және жиектерінде шашақтары бар, қоңыр түсті болады. Көбелектің қанаттарының өрісі 24-32 мм, ұрғашылары еркектеріне қарағанда ірі келеді.

Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 25 мм жетеді, арқасында қара жолағы бар, сарғылт-сұр немесе сарғылт-қызыл түсті, құрсағында ілмек тәрізді 4 тікенек болады.

Көбелектің бұл түрі Алматы және Талдықорған облыстарында жылына бір, ал оңтүстікте 2-3 генерация береді. Ол жетілген жұлдызқұрт күйінде қоректенген өсімдігінің сабағы ішінде қыстайды. Көбелектер маусым айында ұшып шығады. Олар кешке және түнде ұшып, күндіз әр түрлі заттардың астын паналап жатады. Жұмыртқаларын жапырақтың астыңғы бетіне, ал жүгеріде оның шашақ гүлі мен сабағына да топтап (70 дейін) салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар бір сағатқа жетер жетпес уақыт қана сыртта болады. Олардың одан кейін дамуы өсімдік сабағының (жүгері сабағының) ішінде өтеді.

Жұлдызқұрттар қорек іздеп бір өсімдіктен екінші өсімдікке көшіп отырады. Сөйтіп, бұл жұлдызқұрт бірнеше сабақты зақымдауы мүмкін. Олар сабақтың немесе собықтың ішін үңгілеп жеп, қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің сабақтары мен собықтарының түбі сынып қалады. Жауын-шашынды жылдары, әсіресе суармалы жерлерде жүгері көбелегінің ауруына шалдығады.

Өнімді жинау кезінде жұлдызқұрттар көбінесе өсімдіктің төменгі бөлігінде тіршілік етеді. Сондықтан олардың көпшілігі өнімді жинап алғаннан кейін жүгерінің, тарының және басқа дақылдардың аңызында болады. Күзгі суық басталысымен олар қоректенуін тоқтатып, сабақтың түбірі ішінде (шабылғаннан кейін жиналмай қалған) қысқы ұйқыға кетеді.

1. 3. Жүгері дақылына зиян келтіретін зиянкестерге қарсы күрес шаралары

Алдын алудың ең жақсысы агротехникалық шараларды қоладну. Егістің айналасында өсетін ірі сабақты арамшөптерді жою керек. Өнімді жинау кезінде дақылдарды түбіне таяу орып (8-10 см шамасынан жоғары емес), қалдықтарын өртеп жіберген жөн. Жүгері егілген алқаптан өнімді жинап алғаннан кейін өсімдік қалдықтарынан тазартылған аңызды жыртып, одан соң терең етіп сүдігер жырту жақсы нәтиже береді.

Сонымен қатар төменде берілген препараттармен де өңдеу керек

Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма
Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т)
Дақыл өңдеу нысаны
Зиянды нысан
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма: 12. 2019 ж.
Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 0. 2
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Жүгері көбелегі
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: - « -
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 30(1)
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма:

КАЙЗО, с. т.

(лямбда-цигалотрин, 50 г/кг)

Нуфарм, Австрия

П-1

12. 2018 ж

Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 0. 2
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Жүгерінің сабақ көбелегі
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: - « -
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 30(1)
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма:

КАРАТЭ 050, к. э.

(лямбда-цигалотрин, 50 г/л)

Сингента Кроп Протекшн АГ, Швейцария

П-1

12. 2022 ж.

Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 0. 2
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Жүгері көбелегі
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: - « -
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 30(1)
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма:

ЛЯТРИН, к. э.

(лямбда-цигалотрин, 50 г/л, Ко., ЛТД, Китай)

Астана-Нан ЖСШ, Қазақстан

П-1

12. 2021ж.

Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 0. 2
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Жүгері көбедегі
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: Өсiп-өну кезеңiнде бүрку
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 20(1)
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма:

ТАГРЕЛ, к. э.

(хлорпирифос, 500 г/л +циперметрин, 50 г/л, Тагрос, Индия)

Тагрос, Индия

П-1

12. 2016 ж.

Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 1. 3-1. 5
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Күздік көбелек
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: Өсiп-өну кезеңiнде бүрку
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 30(1)
Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма:

ШАРПЕЙ, м. э.

(циперметрин, 250 г/л, Юнайтед Фосфорус Лимитед, Ұлыбритания)

Август фирмасы ЖАҚ, Ресей

П-1

12. 2022 ж.

Препарат қолдану мөлшері(л/га, кг/га, л/т, кг/т): 0. 15
Дақыл өңдеу нысаны: Жүгері
Зиянды нысан: Жүгері көбелегі
Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі: - « -
Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бүрку мерзімі, бүрку еселігінің максималдығы: 20(2)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс
Жүгері дақылының өнімділігі
Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
Шайынды сулардың топыраққа, дақылдардың өніміне әсері
Күздік бидай және қара бидай
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Жүгері - дақылдарын өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz